Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2016 в 14:20, контрольная работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жағдайларда экономиканы қайта құру үрдісі аймақтық деңгейде анағұрлым белсенділік танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі нарықтық экономиканың заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі
І Кіріспе
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Аймақтардың дамуының теориялық негіздері.
Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуының қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында).
Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқаруды жетілдіру жолдары.
ІІІ Қорытынды
Кесте-1. Қазақстан аймақтарын топтастыру *
Топтар |
Сипаттамалары |
Бірінші топ |
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бір бөлігі. Бұл аймақтар минералды ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы және әлемдік шаруашылыққа жылдам қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті қарқынды дамудағы ғылыми-өндірістік әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз құрылымы бар. Бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. |
Екінші топ |
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр индустрияның айқын көрінетін мамандандырылған салалары бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты өндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен өзін - өзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми өндірістік әлеуетімен сипатталады, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады. |
Үшінші топ |
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде танылған.Бұл аймақтарда шағын және орта бизнесті дамыту алға койылуы керек. |
Төртінші топ |
Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, яғни әлеуметтік - экономикалық және техника-технологиялық жағдаймен, экстремальды топырақты климаттық тоқыраулы аймақтардың экономикалық оңтайлығының қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын деңгейге жетті. |
*Ескерту: [2] әдебиет негізінде автормен құрастырылған |
Елді перспективалы аумақтың-кеңістікте дамытудың негізгі әдістеріне тоқталып өтейік.
Аумақтық шоғырландыру. Сирек қоныстанған және инфрақұрылымдық игерілуі нашар, ауқымды аумағы бар Қазақстан үшін өндіріс пен халықтың шоғырлануы үлкен мәнге ие болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңару тиімділігі халық тығыздығы шаршы км-ге шамамен 40-50 адамды құрағанда жоғары болады. Осыған байланысты, Қазақстанның аумақтық дамуы жергілікті даму аумақтарына шоғырландырылып, олар арқылы ел мен оның өңірлері жалпы әлемдік шаруашылық процестеріне біріктірілуі тиіс. Еліміздің алдында аумақтарды сан-салалы дамытуға және өңірлерде қолайлы болатын «халықтың экономикалық тығыздығына» бірте-бірте қол жеткізумен «шоғырландырылған экономикалық кеңістіктің» ареалдары мен нүктелерін орналастыруға көшу міндеті тұр. Өсу полюстері ретінде жаһандық және өңірлік нарықтармен ықпалдасқан және елдің басқа өңірлері үшін даму қозғаушысы ретінде әрекет ететін неғұрлым серпінді дамитын қалалар мен өңірлер алынады.Полярлық даму саясатының ұзақ мерзімді жоспардағы мақсатына қазіргі заманғы инновациялық-индустриялық технологияларға негізделген экономиканы әртараптандыру жатады.
Урбандалу және агломерацияларды қалыптастыру. Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуын базасы ірі қалаларда нақты даму алғышарттарына ие жаңа экономика болуы тиіс. Бұл ел экономикасының басым салаларында жоғары технологиялық өндірістерге бағдарланған кластерлерді қалыптастыруды және дамытуды, урбандалған өңірлерде шоғырландыра отырып көздейді. Агломерациялық даму қалалардың дамуын жандандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Аумақтардың басты ресурстары қаржылық, адами, инновациялық, табиғи-климаттық, мәдени ресурстар шоғырландырылатын агломерацияларды қолдау осыған ықпал етеді. Агломерациялардың дамуын тежеуші факторға - негізгі әлеуеті елдің оңтүстігінде шоғырландырылған адами ресурстардың шектеулі болуы жатады.
Инновациялық даму. 2020 жылға дейінгі негізгі мақсат инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы экономикалық, қаржылық, фискалдық, кадрлық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасау, елдегі инновациялық белсенділік деңгейін жоғарылату болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуының қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында).
Қазақстан үшін
экономикалық табыстар мен
«Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты»-деп Елбасы өзінің «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында атап көрсетті. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, болашақта өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Дәл қазіргі уақытта республикамызда 14 облыс және республикалық 2 маңызды қала бар. Әрбір аймақ өзінің географиялық орналасуына қарай экономикалық және әлеуметтік жағынан ерешеленеді. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік-шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып, көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық үдерістердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланылып, керекті басқарушылық шешімдерін қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды.
Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.
Мәселен, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде өнеркәсіптің электр қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.
Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына 88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнайхимия өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Қашар кен-байыту комбинаттары да қара металлургияның аса ірі ошақтары. Шығыс және Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға болады. Жоғарыдағы айтылған барлық өндірістердің, өндіріс әдісі бойынша өңірлердің жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2011 жылы 27 571 889,0 млн. теңге, 2012 жылы 30 346 958,2 млн. теңгені көрсетсе 2013 жыл 34 140 040,4 млн. тенгені құрады.
Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім- жалпы аймақтардағы даму деңгейін және экономикасының артта қалуын немесе ілгерілеуін көрсетеді. (сурет-2)
Сурет2. 2013жылғы жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім.
Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім бойынша Атырау және Маңғыстау облыстары көш бастап отыр. Жалпы, өнеркәсіп Атырау және Маңғыстау өңірлерінің экономикасының негізгі саласы болып табылады. Өңірлер өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі. Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазбалар мол. Облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ел экономикасының аршындап алға басуын қамтамасыз етіп отырған басым бағыттардың бірі - мұнай-газ өндірісі болып отырғандықтан бұл өңірлердің даму қарқынын бәсеңдетпей, бұл көрсеткіштенде жоғары етуге мемлекет тарапынан әлі де болса аса көп назар аударуы керек деп ойлаймыз. Маңғыстау және Атырау облыстарының Жалпы өңірлік өнімі бойынша алға шыққандығына байланысты донор-аймақтар қатарында.
Аймақтың экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геосаяси және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық жағдайларын жандандырады. Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып өткен жылғы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне назар саламыз.
2014 жылдың қорытындысы бойынша, аймақтардың экономикалық көрсеткіштері көрсетілген (кесте-2)
Кесте-2. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша 2014 жылғы экономикалық көрсеткіштер
Халық саны(мың адам) |
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық (мың адам) |
Жұмыспен қамтылған Халық (мың адам) |
Жұмыссыздар % |
Орташа жалақы (%) | |
Ақмола |
736,2 |
444,2 |
422,1 |
5,0 |
100 826 |
Ақтөбе |
821,6 |
434,4 |
413,0 |
4,9 |
135 787 |
Алматы |
2013,8 |
1089,8 |
1038,7 |
4,7 |
102 220 |
Атырау |
580,4 |
300,1 |
285,3 |
4,9 |
271 922 |
Батыс Қазақстан |
629,4 |
332,8 |
316,3 |
4,9 |
123 211 |
Жамбыл |
1097,4 |
565,6 |
537,8 |
4,9 |
94 778 |
Қарағанды |
1377,6 |
737,6 |
701,8 |
4,9 |
129 193 |
Қостанай |
881,5 |
529,5 |
503,3 |
5,0 |
111 871 |
Қызылорда |
752,2 |
362,1 |
343,9 |
5,0 |
118 994 |
Маңғыстау |
605,2 |
283,4 |
268,6 |
5,3 |
317 860 |
Оңтүстік Қазақстан |
2784,7 |
1260,4 |
1193,2 |
5,3 |
99 898 |
Павлодар |
755,4 |
443,2 |
422,1 |
4,8 |
136 436 |
Солтүстік Қазақстан |
572,0 |
347,0 |
330,1 |
4,9 |
90 905 |
Шығыс Қазақстан |
1395,1 |
743,6 |
707,7 |
4,8 |
126 215 |
Астана қ. |
850,4 |
452,8 |
429,2 |
5,2 |
265 335 |
Алматы қ. |
1544,3 |
810,2 |
765,7 |
5,5 |
202 060 |
Мәлімет көзі: ҚР Статистика агенттігі |
Өңірлер бойынша халық санының
көрсеткіші жағынан алғашқы
Республика ішіндегі аймақтардың шаруашылығының тәуелсіз экономикада қызмет етуін теңдестіру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы бұл мәселені кешенді шешу, қоғамның экономикалық және әлеуметтік ортасының деңгейін, яғни өмір сүру мен еңбек етуді, тұрғын үй, комуналдық және тұрмыстық жағдайларын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетін және т.б., қалыпты деңгейде жүргізуге, экономикалық қорлар потенциалын тиімді пайдалану және материалды – техникалық базаға байланысты болады.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет.
Аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында жарық көрді, мұндағы стратегиялық жоспарлау міндетінде, салалардың, аймақтардың, және мемлекеттің талабына сай өндіргіш күштерді орналастыру мәселелерін шешу.
Зерттеу объектісі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Облыс орталығы – Шымкент қаласы, республиканың ежелгі қалаларының бірі, оның жасы 800 жылдан астам. Облыс ауданы 117,3 мың шаршы шақырым немесе республика аймағының 4,3% құрайды.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы нарықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы даму жағдайын талдай отырып, өндіріс саласы әлеуетінің дамығанын, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарып келе жатқанын көре аламыз. Халық саны жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы ең ірі аймақ болып келеді, мұнда 2,6 млн.адам (республика халқының 15,7%-ы) тұрады. Бүкіл еліміз үшін облыс стратегиялық маңызға ие, біздің бірегей артықшылықтарымыз – бұл білікті еңбек әлеуеті, барит, көмір, темір және полиметалл кендері, уран, фосфор, бентонитті саз, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, гипс және кварц құмдарының қорлары мол болып табылады. Облыста 156 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметін жүзеге асырып келеді, оның ішінде 13-і уран, алтын, гранит, гипс және басқа да шикізаттарды өндіру саласы шетелдік кәсіпорындардың қатысуымен жұмыс атқарады.
Информация о работе Аймақтардың дамуының теориялық негіздері