Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:10, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Сонау ерте заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай баласының бірі мақал-мәтелдер. Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Дүниенің қай халқы болса да, өз мақал-мәтелдерін жоғары бағалаған, керекті жерінде заң орнына қолданып отырған.
І. Кіріспе ...............................................................................................................2-4
ІІ. Негізгі бөлім ............................................................................................5-22
2.1. Мақал-мәтелдердің тарихына қысқаша шолу ...............................5-7
2.2. Мақал-мәтелдердің тілдегі қолданысы мен мағынасы ...................7-12
2.3. Адамдық, махаббат және достық мәселесіне байланысты қазақ
және ағылшын мақал-мәтелдері ........................................................12-14
2.4. Еңбек, ғылым және білімге байланысты қазақ және ағылшын
мақал-мәтелдері....................................................................................14-15
2.5. Өмір және өлімге, денсаулыққа байланысты қазақ және
aғылшын мақал-мәтелдер.....................................................................15-16
2.6. Табиғат құбылысының компоненттері қосылған қазақ және
ағылшын мақал мәтелдеріндегі ұқсастық пен айырмашылық .........16-17
2.6.1. «Жаңбыр», «кемпірқосақ» және «қар» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ......................................................................................17-21
2.6.2. «Жел», «дауыл» және «боран» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ..................................................................................... 21-22
ІІІ. Қорытынды ..............................................................................................23
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................
Артына өшпес тарихи
iз қалдырған ғалымдардың бiрi
Джон
Хеуд өзiнiң алғашқы «А Diаlоguе Соntаining thе
Numbеr in
Еffесt
оf аll thе Рrоvеrbs iп thе Еnglish Тоnguе» атты еңбегiн
1546
жылы, кейiнгiлерiн 1550, 1555, 1560 жылдapы бастырып
шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында
бiрқатар
мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда,
1612 жылы
ағылшын шiркеу қызметшiсi Тhоmаs Drахе «Вibliоthеса
Sсhоlаstiса Insthсtissimа оr, а Тrеаsuriе оf Аnсiеnt
Аdаgiеs, аnd
Sеntеntiоsh Рrоvеrbеs», 1639 жылы пастор Дж. Кларктың
(Jоhn Сlаrkе) «Раrоеmiоlоgiа Аnglо-Lаtinа»,
1640 жылы Дж.
Хербэрттiң «Оutlаndish Рrоvеrbs», 1659 жылы Дж.Хауэльдiң
«Рrоvеrbs», 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдiң «Еnglish
Рrоvеrbs» атты еңбектерi жарық көрдi. Дж.
Хауэлдiң еңбегiнде ағылшын тiлiне басқа
тiлдерден енген мақал-мәтелдер де қамтылса, соңғы
жинақта тiлдiк орамдарға арнайы түсiнiктемелер
берiлген.
Сан ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ата-бабаларымыздың мәдениеті, рухани байлығы мен дүниетанымы, ділі бүгінгі ұрпаққа тіл арқылы ғана жетті. Тілдің бұл құдыреті жөнінде ғұлама ғалым Ә. Қайдар өз пікірін төмендегіше өрбітеді: Этностың шынайы бейнесі, болмысы оның тілінде ғана, тілі арқылы ұрпақ жадында сақталады екен. Этнос тілінде тек оның өзі туралы ғана емес, өзі жасап келе жатқан табиғи ортасымен қоғамдағы қарым-қатынастары туралы да, жан дүниесі, жүрек сыры, қуануы мен сүйініуі, ренжуі мен күлуі, түс көруі, ұққаны мен түйгені, тануы мен талғамы, барлықтағы құбылысты өзінше бағалап бағамдауы бәрі-бәрі, біле білсек, өз тілінде өрнегін тауып, өзіне-өзін көрсететін айна іспеттес, - деп этнос пен тіл байланысының нәзік тамырын дәл басып көрсеткен [1;28].
Тіл арқылы адамзат өзінің сан ғасырлар бойы басынан кешкенін нақтылап айтсақ, ұлттың белгілі бір кездегі дүниетанымын, айналадағы құбылыстарды түйсініп-қабылдауын, адамзат өмірінде болатын нақты бір жайттарға оң немесе теріс баға беруін және т.б. көрсетеді. Осындай айшықты сөз тіркестері қатарына тілдегі фразеологизмдер, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер жатады.
Мақал-мәтелдер – қай тілде болмасын, халық даналығының қайнар көзі, ақылман ойшылдар, ділмәр-шешендер, айтқыш даналар сөзінің мәйегі, ұйтқысы болып саналады [3]. Мақал-мәтелдер бізге сан ғасырлар бойы халықтың қоғамдық даму үрдісінде қалыптасқан ұстанымдары, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, оның тарихы, рухани мәдениетінің қайнар көздері жайында мол ақпарат беретін тілдік қор болып табылады.
“Мақал-мәтел – сөз мәйегі”, “Мақал – сөздің мұнарасы”, - деп, қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса құнды баға берген.
Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан алғанда. Ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлардың бірі – мақал-мәтелдер баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.
Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз [6, б. 102]. Мәтел – тұжырымды. Бейнелі әрі ықшам нақыл сөз [6, б. 168].
Тегiнде мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы; ол сол халықтың сөздiк қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенiн де сездiрер белгiсi. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа тiлдегi мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну – бұл тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi.
Мақал-мәтел (лат. – proverbium, adagium, франц - proverbe, неміс тілінде - Sprichwort, ағылшын тілінде - proverb) ауызша айтылған, ешбір әдеби немесе фольклорлы шығармамен байланысы жоқ, бірақ нәтиже, ақыл, дәлелдеме ретінде жаппай қолданылатын афоризмдер. Мақал - мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде « paroimia » мақал - мәтел деген мағынаны білдіреді.
Мақал-мәтелдер - халық тарихы, оның әлеуметтiк тiршiлiгi, ақыл-өнегесi, даналығы мол көрiнiс тапқан, ой дәлдiгiмен, ықшамдылығымен ерекшеленетiн тiлдiк бiрлiктер болып табылады.
Параллелизм құбылысының орын алуына байланысты мақалдардың денi егiз жолды, қос тармақты болып келедi, сондай-ақ үш тармақты, төрт тармақтылары да кездеседi. Мақалда айтылатын ой не тура, не астарлы түрде берiледi және көп жағдайда үлгi, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тiркесi, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрiнде келiп, көңiлдегi ойды емеурiн арқылы жеткiзедi және нақты тұжырым, қорытынды пiкiр жасалмайды.
Ағылшын тiл бiлiмiнде мақал мен мәтелдiң ара жiгi нақты ажыратылмай, бiртұтас тұрақты тiркес ретiнде қарастырылады.
Мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз т.б.) қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады.
Мақал-мәтелдердiң тұлғасының тұрақтылығы мен тiлде бұрыннан "дайын" материал ретiнде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкiндiк бередi.
Этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың жалпы тiл бiлiмiнде нақты сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердiң тiлдiк сипатын сараптап қана қою жеткiлiксiз, олардың ұлттық ерекшелiктерiн, этнолингвистикалық сипатын ашу — бүгiнri тандағы өзектi мәселелердiң бiрi.
Мақалдар тiлдеri қолданысы мен мағынасы жағынан екi топқа бөлiнедi: тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылатын тұрақты тiркестер.
Бiрқатар қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерiнiң құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестiктерi байқалды, абсолюттi эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлерi де кездеседi.
Ағылшын мақалдары көбiне бiр сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшiлiгi екi, не бiрнеше тармақты болып келедi. Қазақ мақал-мәтелдерiндегі айтылар ойдың басқа бiр жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткiзiлуiн тiлдiк ерекшелiктер санатына жатқызуға болады.
Қазақ мақалдарының белгiлi бiр ұйқасы дыбыс үндестiгi, тұлға сәйкестiгi және мағына үйлесiмдiлiгi тәрiздi шарттарға негiзделiп құрылуы қазақ халқының ертеден шешендiк өнерге, ақындыққа ерекше көңiл бөлуiмен байланысты.
Қазақ мақал-мәтелдерiнiң түпдерегi қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен, яғни Майқы, Төле, Әйтеке есiмдерiмен, Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б. шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгiлерiмен, қоғам қайраткерлерiнiң қанатты сөздерiмен, жұмбақтар және дiни мазмұндағы шығармалармен, тығыз байланысты.
Ағылшын мақал-мәтелдерiнiң ауқымды тобы қасиеттi кiтап Iнжiлден, В. Шекспир сынды ағылшын классикалық әдебиетiнiң ұлы тұлғаларының шығармаларынан, халықтық аңыз әңгiмелерден бастау алады. Сондай-ақ, испан, француз тәрiздi өзге мәдени қоғамдастықтардан ауысқан мақал-мәтелдер де паремиологиялық қордың толығуына септiгiн тигiзген.
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерiнiң қайнар көзiне байланысты негiзгi айырма мынада: қазақ мақал-мәтелдерiнiң басым көпшiлiгi ауызша сөз үлгiлерi негiзiнде қалыптасқан, ағылшын мақал-мәтелдерiнiң көлемдi бөлiгi қасиеттi кiтаптан тараған үлағатты сөздер болып табылады, ауызша таралған мақал-мәтелдер жетекшi орында емес. Сондай-ақ, Шекспир сынды классиктердiң қаламынан туындаған бейнелi тiлдiк бiрлiктер ерекше орын алады.
Ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдердiң құрамында елдi-мекендердiң, атаулары мен кiсi есiмдерi жиi кездеседi.
Туыс емес тiлдердегi бiрқатар мақал-мәтелдердiң өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмiр тәжiрибесiнiң, көзi жетiп, көкейiне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен, астастығымен байланысты.
Тiл-тiлдегi мақал-мәтелдер әрбiр халықтың тұрмыс-тiршiлiгi, дүниетанымы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрi жөнiнде ақпарат көзi, яғни дүниненiң тiлдiк бейнесi болып табылады.
Әртектес тiлдердiң мақал-
Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде бiз балаларды тек ағылшын және қазақ халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.
Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процесін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.
Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Информация о работе Ағылшын және қазақ мақал мәтелдері (табиғат құбылыстары компоненттері бойынша)