Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:10, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Сонау ерте заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай баласының бірі мақал-мәтелдер. Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Дүниенің қай халқы болса да, өз мақал-мәтелдерін жоғары бағалаған, керекті жерінде заң орнына қолданып отырған.
І. Кіріспе ...............................................................................................................2-4
ІІ. Негізгі бөлім ............................................................................................5-22
2.1. Мақал-мәтелдердің тарихына қысқаша шолу ...............................5-7
2.2. Мақал-мәтелдердің тілдегі қолданысы мен мағынасы ...................7-12
2.3. Адамдық, махаббат және достық мәселесіне байланысты қазақ
және ағылшын мақал-мәтелдері ........................................................12-14
2.4. Еңбек, ғылым және білімге байланысты қазақ және ағылшын
мақал-мәтелдері....................................................................................14-15
2.5. Өмір және өлімге, денсаулыққа байланысты қазақ және
aғылшын мақал-мәтелдер.....................................................................15-16
2.6. Табиғат құбылысының компоненттері қосылған қазақ және
ағылшын мақал мәтелдеріндегі ұқсастық пен айырмашылық .........16-17
2.6.1. «Жаңбыр», «кемпірқосақ» және «қар» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ......................................................................................17-21
2.6.2. «Жел», «дауыл» және «боран» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ..................................................................................... 21-22
ІІІ. Қорытынды ..............................................................................................23
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе ..............................
ІІ. Негізгі бөлім ..............................
2.1. Мақал-мәтелдердің тарихына
қысқаша шолу ..............................
2.2. Мақал-мәтелдердің тілдегі қолданысы мен мағынасы ...................7-12
2.3. Адамдық, махаббат және достық мәселесіне байланысты қазақ
және
ағылшын мақал-мәтелдері ..............................
2.4. Еңбек, ғылым және білімге байланысты қазақ және ағылшын
мақал-мәтелдері...............
2.5. Өмір және өлімге, денсаулыққа байланысты қазақ және
aғылшын
мақал-мәтелдер................
2.6. Табиғат құбылысының компоненттері қосылған қазақ және
ағылшын мақал мәтелдеріндегі ұқсастық пен айырмашылық .........16-17
2.6.1. «Жаңбыр», «кемпірқосақ» және «қар» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ..............................
2.6.2. «Жел», «дауыл» және «боран» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ....................
ІІІ. Қорытынды ..............................
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ..............................
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Сонау ерте заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай баласының бірі мақал-мәтелдер. Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Дүниенің қай халқы болса да, өз мақал-мәтелдерін жоғары бағалаған, керекті жерінде заң орнына қолданып отырған. Оның басты себебі – халық мақал-мәтелдерді рухани ақылғойі деп түсінген, реті келгенде “екі ауыз сөз” ердің құнын да шешіп кеткен. Мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесінің, мінез-бітімінің, тыныс-тірлігінің айнасы; сол халықтың сөздік қорының байлығын жанытып қана қоймай, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенін де сездiрер белгісі. Өйткені, мақал-мәтелдердің айтары-өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік. Міне, соған байланысты шет тiлiн үйретуде және аударма жұмысында аса бiр қиындық тұғызатын тiлдiк бiрлiктер – осы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебiн тiлдiң фразеологаялық, паремиологиялық жүйесiндегi тұрақты тiркестердiң ұлттық сипатының, ұлттық нақтылығының ерекшелiгiмен түсiндiруге болады. Тiлдiк бiрлiктердiң тұтас мағынасын жете түсiнбей, тiркес құрамындағы сыңарлар мәнiн негiзге ала отырып аудару әртүрлi келеңсiз жағдайларға, "сәтсiздiктерrе" ұшыратуы әбден мүмкiн. Сондықган, мақал-мәтелдердiң тiларалық семантикасын салғастыра зерттей отырып, ондағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықгық мәндiлiктер мен зандылықтарды және этностық ерекшелiктердi, сондай-ақ ұлт,тiл, мәдениет және өркениеттiң өзара сабақтастығын айқындау да аса өзектi мәселелер қатарына жатады.
Мақал-мәтелдердiң тiл
Дегенмен, халықтық ұғым-түсiнiктер мен рухани, мәдени кұндылықтардан мол мағлұмат беретiн қазақ және ағылшын тiлдерiндегi аталмыш бейнелi тiзбектер халықаралық, экономикалық, салааралық байланыстар кең өрiс алған осы кезеңге дейiн салғастырыла зерттелмей (бiрдi-екiлi мақалаларды есепке алмағанда) келдi.
"Ұлт пен тiл бiртұтас" деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерiн тек тiлдiк емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бiрлiк астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзектi мәселе қатарына жатады.
Сондай-ақ, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларының жалпы тiл бiлiмiнде дербес пән болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердi тiлдiң "таза" iшкi жүйесi (имманенттi жүйе) тұрғысынан қарағаннан гөрi, оларды тiлi мен мәдениетi алшақ жатқан басқа халықтардың (ұлттардың) тiлдiк бiрлiктерiмен салғастыра зерттеу арқылы олардың семантикалық құрылымындағы ерекшелiктерi мен ұлттық сипатты айқындау аса маңызды болып отыр.
Зерттеудің нысаны. Тілдік әрі тарихи-мәдени деректерге сүйене отырып, қазақ және ағылшын мақал – мәтелдерінің өзара ұқсастық, ерекшелік жақтарын этнолингвистикалық және этномәдени тұрғыда қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, ұлттық сипатын ашу, олардың өмір сүру салаларында қаншалықты жиі қолданылатынын пайымдау, әсіресе табиғат құбылыстарына байланысты мақал мәтелдердің қасиетін ашу қазақ және ағылшын тілінде.
Зерттеу пәні. Туыстығы жоқ ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал – мәтелдерінің тіларалық ұқсастықтары мен ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кiрiспе, екi тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мақал-мәтелдердiң қазақ және ағылшын тiлдерiнде зерттелуiне тоқталмас бұрын отандық, әлемдiк тiл мамандары арасында пiкiрталас туғызған, белгiлi бiр салаға қатыстылығы жөнiнде мәселеге тоқтала кеткенiмiз жөн болар. Осы мәселе төңiрегiнде айтылған тұжырым-пайымдауларды зерделеу барысын да, үш түрлi ұстанымның қалыптасқандығы анықталды. Мысалы, фразеология саласынының қалыптасуына, дамуына өзiндiк үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, A.B. Кунин, И.В. Арнольд, I.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдердi осы саланың еншiсiне тиесiлi деп тауып, ғылыми негiздемелерiн ұсынды. Академик В.В. Виноградов «К области фразеологических единств относятся и многие фразовые штампы, клише, типичные для разных литературных стилей, и литературные цитаты, и крылатые выражения, и народные пословицы и поговорки», —деп фразеологияның зерттеу нысанын нақтыласа [4,133], келесi ғалым A.M. Ефимов зерттеу ауқымын одан әрi кеңейте түстi «К фразеологическим средствам языка относятся не только идиомы, но и поговорки, пословицы, афоризмы писателей, крылатые строки стихотворений, устойчивые формулы и обороты научно-терминологического характера, некоторые канцелярские штампы, производственно-технические выражения и т. Д» [5,182]
М.М.
Шанский «Фразеология современного русского
народа» деген еңбегiнде мақал-мәтелдердiң
фразеология
саласына қатыстылығын сөз ете келiп,
оларды «фразеологиялық
сөйлемшелер» (фразеологические выражения)
тобында [6,84], ал
АА. Булаховский фразеологиялық оралымдардың
(фразеологические обороты) құрамында
қарауды ұсынды [7,54].
Ағылшын тiлiнiң фразеологиясына қатысты кешендi зерттеулерiмен, дәйектi тұжырым, пайымдауларымен танымал А. В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады. Ол «С нашей точки зрения фразеологическими единицами могут быть как словосочетания, так и предложения, вклучая и пословицы»,- дейдi [8, 1259]. Алайда, ғалым аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оларды «коммуникативтiк фразеологиялық бiрлiктер» деп атап, жеке қарауды ұсынды. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетiн мақалдар тобын яғни, "аll is wеll, thаt еnds wеll" (сөзбе-сөз ауд.: сәттi аяқталған iстiң бәрi жақсы), "Арреаrаnсеs аrе dесерtivе" (сөзбе-сөз ауд.: сыртқы түр — алдамшы), "Веttеr lаtе thаn nеthеr" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрiздi оралымдарды фразеология аясынан тыс "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пiкiрдi ұстанушы белгiлi ғалымдар - Н.Н. Амосова, A.M. Бабкин, В.П. Жуков, М.Т.Тагиев, M.A. Филипповская, АН. Кожин т.б. Мақал-мәтелдердi фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшiлiгi оларды ауыз әдебиетiнiң зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемдi зерттеулерiмен танымал ғалым Н.Н. Амосова мақал-мәтелдердi фразеология қорына жатқызуға болмайтынын олардың мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметi тұрғысынан да фразеологиялық бiрлiктердiң белгiлерiне жауап бермейтiндiгiмен ұштастырады.
Мақал-мәтелдердi жинақтап, сұрыптап, белгiлi бiр жүйеге келтiруде, тiлдiк бiрлiктер табиғатының кейбiр қырларын айқындауда зор еңбек сiңiрген ғалым Г.Л. Пермяков : «Пословицы могут быть объектом исследования в одинаковой мере и лингвиста и литературоведа - с различных точек зpeния» [ll,8] дей келе, аталмыш тұрақты тұлғалардың тiлшi ғалымдар тарапынан да, әдебиетшi мамандар тарапынан да зерттелуi қажетгiгiн ескертедi.
Осы келтiрiлген ой-пiкiрлерге және өзiндiк зерттеу нәтижелерiне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердiң тұлға тұрақтылығы, тiркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрiздi сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкiндiк бередi.
Ағылшын тiлiндегi жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырдан қалыптасып, күнi бүгiнге дейiн дәстүрлi түрде жалғасып келедi. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, өте көне мақал-мәтелдер тiзбегiн қамтитын алғашқы «Вооk оf Рrоvеrbs in thе Оld Теstаmеnt» атты топтама V ғасырда жарық көрген. Бұл жинаққа өте көне ағылшын мақал-мәтелдерi енген. Кейiнгi жинақтар халық игiлiгiне айналған осы iске етене араласып, зор еңбек сiңiрген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есiмiмен тығыз байланысты. Ротердамда дүниеге келiп, өз заманының ең ұлы да оқымысты ғалымдарының бiрi атанған Дезидериус Эрасмус бүкiл Еуропаны түгелге жуық аралай жүрiп, ағылшын мақал-мәтелдерiнiң жинағын құрастырған. Оның 1500 жылы «Соllесtаpеа» [50], 1508 жылы Венецияда «Сhiliаdеs» деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.
Информация о работе Ағылшын және қазақ мақал мәтелдері (табиғат құбылыстары компоненттері бойынша)