Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2016 в 13:09, реферат

Описание работы

Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.

Содержание работы

КІРІСПЕ
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері
Басқару есебі мен қаржылық есептің салыстырмалы сипаты.

ШЫҒЫНДАР–БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ БІР ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Шығындар түсінігі және түрлері
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

Файлы: 1 файл

басқару есебі бақылау.doc

— 196.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

  1. КІРІСПЕ
  2. БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
  1. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
  1. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері
  2. Басқару есебі мен қаржылық есептің салыстырмалы сипаты.

    

  1. ШЫҒЫНДАР–БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ БІР ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
  1. Шығындар түсінігі және түрлері
    1. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.

Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.

 

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың, баланста көрсетілген болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, “шығындар” ұғымы “өндіріске шыққан шығындар” дегеннен кең екені білінеді, өндіріске шыққан шығындар — өнімді өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Көбіне экономикалық әдебиетте  шығыстар мен шығындар түсінігі  ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.

Басқаша айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.

 

 

Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.

Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.

Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.

Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:

  • негізгі құралдар;
  • материалдық емес ресурстар – мерзімнен бұрын қаржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және т.б.);
  • материалдық ресурстар – еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өңдеуге арналған еңбек керек-жарақтары;
  • еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.

Бухгалтерлік басқару есебі – есеп процесі мен кісіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.

Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық (сегменттері) бухгалтерлік басқару есебінің ісі болып шығады.

Жауапкершілік орталығы – шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтың бөлімшесі үшін анықталады.

Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегменттері болуы мүмкін), алайда міндетті түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ зертханасы және т.б.).

Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:

  • шығын орталығы;
  • кіріс орталығы;
  • пайда орталығы;
  • инвестиция орталығы.

Шығын орталығы — өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.

Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:

— берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;

— берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.

Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті — жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді кесімді белгілеу.

Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресуостар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс- әрекетті бағалаудың белгісі – алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.

Инвестиция орталығы – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды.

Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кісіпорынның болашақ даму мәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау).

Ұйымды шауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.

Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежесіне байланысты кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырылғаннемесе орталықтандырылмаған болып сипатталуы мүмкін.

Орталықтандырылған ұйымдар функционалды принциптер бойынша (әкімшілік, қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с.) құрылған және олардың басқару есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын мәнінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.

Орталықтандырылмаған құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттірі бар, кәсіпорын әкімшілігінің алдын-ала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай алады.

Таңдалған ұйымдастырушылық құрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте, жоғары басшылықта болады.

  1. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері.

Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.

Басқару есебінің өрісі – есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.

Сегменттік есеп – ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.

Сегменттік есептің ақпараты фирмаішілік басқаруда, сегменттік есепті құрастыруда, басқарудың әр түрлі деңгейіндегі шығындар мен нәтижелері басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды бақылау үшін қолданылады.

Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау – құрылымдық бөлімшелер үшін смета әзірлеу қалыптасу негізі болып қызмет етеді. басқаша айтқанда сегменттік жоспарлау басқарушылық бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Басқа екі құрамдас бөлігі болып сегменттік есеп пенсегменттік есеп берушілік шығады.

Ақпаратпен қамтамасыз ету – жүйелі, уақытылы, сыйымды, нысаны мен қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.

Сегменттік жоспарлау, есептеу мен есеп беруді жүргізу бухгалтер-жолдаушының қызметтік міндеттеріне кіреді.

1-суреттен байқалатыны, сегменттік есептеу жүйесінде жиналған және жинақтап қорытылған ақпарат сегменттік есеп беру түрінде мүдделі пайдаланушыларға жеткізіледі, оны жүргізу тәртібін ұйымның өзі дербес белгілейді және көбіне кісіпорынның ұйымдық құрылымына байланысты болады.

Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілген әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебінің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады:

құжаттама;

түгендеу;

бақылаушы шоттар – сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар;

мөлшерлеу – ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі;

ынталандыру – кәсіпорынның мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы;

жоспарлау – кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайына сәйкестікке келтіруге бағытталған үздіксіз циклды процесс;

лимиттеу – қор мен шығындар мөлшері жүйесіне негізделген материалдық шығындарды бақылаудың бірінші дәрежесі;

талдау – басқару есебі тәсілінің бұл элементі арнайы ерекшеліктеріне қарай іс жүзінде оның барлық құрамдастарымен өзара әрекеттеседі. Талдауға барлық кәсіпорынның да, жеке бөлімшелердің де экономикалық көрсеткіштермен көрсетілген өндірістік қызметі тартылады;

бақылау – пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.;

бағалау – шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі.

3. Басқару  есебі мен қаржылық есептің  салыстырмалы сипаты.

Оны мына кестеден көруге болады:

Салыстыру белгілері

Қаржылық есеп

 Басқару есебі

Пайдаланушылар

Сыртқы

Ішкі

Есеп жүйесі

Екі жақты жазу

Кез келгені

Реттеу

Бухгалтерлік есеп стандарттары

Жоқ

Өлшеуіштер

Ақшалай

Кез келгені

Мерзімдік

Жыл

Қажеттілігіне қарай

Объект

Тұтастай кәсіпорын

Кейбір бөліктері

Объективтілік

Объективті

Субъективті

Қойылатын заңды талаптар

Есепті міндетті түрде жүргізу, ұсыну

Менеджер мен басшы шешім қабылдаған кезде пайдаланады

Ақпараттың дәлдік дәрежесі

Анық

Жуық

Есеп ауқымы

Ұйымды тұтастай қарайды

Есеп объектілері бөлек

Есептің принциптері

Стандартқа сай

Жалпы қабылданғаны жоқ,

ең бастысы — қарапайымдылық, қолайлық

Ақпараттың уақытша шегі

Ұйымның қызметінің барлық

іс-әрекетін үздіксіз есептеу

Ерікті түрде, есепті жүргізуді басшылық шешеді

Ақпаратты беру жиілігі

Қатаң айқын мезгілдер белгілеген

Жиі рәсімделеді

Ұсыну түрлері

Берілген нысан бойынша салық қызметіне ұсынылады

Ерікті түрде ұсынылады

Практикалық қызметте қолдану

Жасалғанын растайтын бастапқы құжаттар негізінде операциялар тіркеледі

Болған фактілерді талдау негізінде болашаққа арналған ұсыныстарды жасау

Информация о работе Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні