Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2016 в 13:09, реферат
Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
КІРІСПЕ
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері
Басқару есебі мен қаржылық есептің салыстырмалы сипаты.
ШЫҒЫНДАР–БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ БІР ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Шығындар түсінігі және түрлері
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
1.Аяқталмаған өндірісті бағалау
Өңдеудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім қабылдап алмаған өнім, тапсырыс беруші қабылдап алмаған, аяқталмаған жұмыстар аяқталмаған өндіріске жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындарды құрайды.
Аяқталмаған өндірістегі қалдықтар былай бағаланады:
— шығындары толығымен дайын өнімге жатқызылатын “Өндірісті әзірлеу мен игеруге жұмсалған шығыстар”, ақаудан болған шығындар, өндірістен тыс шығындар деген баптардан басқа калькуляцияның барлық баптары бойынша іс жүзіндегі өзіндік құн бойынша;
— дайындық дәрежесін ескере отырып тікелей шығындардың барлық баптары бойынша шығыс нормаларын негізге ала отырып, қосымша және жалпы әкімшілік шығындар процент бойынша қабылданған базасына таратады.
Тоқыма өнеркәсібінде аяқталмаған өндіріс қалдықтарын шикізат пен материалдар шығындарының құны бойынша бағалайды.
Жеке-дара өндірісте аяқталмаған өндіріс әрбір аяқталмаған тапсырыс бойынша шығындарды есептеп шығару арқылы анықталады.
2. Аяқталмаған өндірісті есептеу
Аяқталмаған өндіріс қозғалысының сандық жедел есебін жоспарлау – диспетчерлік қызмет, ал ақша салымын – кәсіпорын бухгалтериясы жүргізеді.
Өндіріске жұмсалған жартылай фабрикаттар шығындарын және олардан жасалған өнімді есепке алуда не жартылай фабрикатты, не жартылай фабрикатсыз нұсқасын пайдаланады.
Жартылай фабрикатсыз нұсқа негізінен машина жасау кәсіпорындарында қолданылады. Оның ерекшелігі: бір операциядан екінші операцияға, 1 цехтан 2, цехаралық қоймаға берілген жартылай фабрикаттар бухгалтерлік есепте көрсетілмейді, оларды оперативті түрде есепке алады. Бұл нұсқа кезінде дайын өнімнің өзіндік құны дайын өнімге жатқызылған, осы өнімді өндіруге қатысқан барлық цехтар бойынша есепке алынған шығындар сомасынан тұрады.
Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алудың жартылай фабрикаттық нұсқасы кезінде дайын өнімнің өзіндік құнын ғана есептеп қоймайды, сонымен бірге өңделудің түрлі сатыларындағы жартылай фабрикаттардың өзіндік құны да есептеледі. Жартылай фабрикаттардың цехтан цехқа немесе қоймаға берілуі бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Жартылай фабрикатсыз нұсқадан айырмашылығы сол, мұнда шығындар басы артық заттар мен жартылай фабрикаттар тұрған орын бойынша есепке алынады.
Жартылай фабрикатты нұсқа кезінде есепке алуды ұйымдастыру біршама күрделі болғанымен, алайда мұндай жағдайда Жартылай фабрикаттардың сақталуына бақылау жасауды күшейтеді.
1 |
Ай басындағы бітпеген өндірістің шығындары негізгі өндірістің шығындарына кіргізіледі |
8010“Негізгі өндіріс” |
1340”Аяқтал-маған өндіріс” |
22 |
Ай соңындағы бітпеген өндірістің шығындары негізгі өндіріс шығындарынан шығарылады |
1340“Аяқтал-маған өндіріс” |
8010“Негізгі өндіріс” |
33 |
Ай басындағы бітпеген өндірістің шығындары қосымша өндірістің шығындарына кіргізіледі |
8030“Қосал-қы өндіріс” |
1340“Аяқтал-маған өндіріс” |
44 |
Ай соңындағы бітпеген өндірістің шығындары қосымша өндіріс шығындарынан шығарылады |
1340“Аяқтал-маған өндіріс” |
8030“Қосалқы өндіріс” |
Әдебиеттер:1,2,3,4,6.
Информация о работе Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні