Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 19:03, реферат
Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің, жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады.
3. Барлық ядролардан көрі шеттеу тісті ядро орналасады. Одан шыққан талшықтар таламусқа, ал одан кейін екінші реттік аксондар бас миының моторлық аймақтарына бағытталады.
Мишықтың қыртысы қатпарлар түзейді. Қыртыс ақ заттың сыртынан орналасып, үш қабаттан тұрады (8 сурет).
1. Молекулярлық қабатта түйіршікті қабаттың жасушаларының аксондарының Т-тәрізді тармақтары, басқа қабаттардың аксондары мен дендриттерінің тармақтарынан құралған параллельді жүйкелік талшықтар орналасқан. Себет тәрізді нейрондар молекулярлық қабаттың төменгі 1/3 бөлігінде орныққан. Жасушалардың аксондары ұзын, ганглионарлық қабаттың алмұрт тәрізді нейрондарының денесіне жетіп, сол жерде себет түріндегі синапстар түзейді. Бір себет тәрізді жасуша коллатералдарының есебінен екі жүз қырықтан астам алмұрт тәрізді нейрондармен байланыса алады. Себет тәрізді жасушалардан жоғарырақ екі түрлі нейрондар орналасады: қысқа аксонды жұлдыз тәрізді нейрондар алмұрт тәрізді жасушалардың дендриттерімен синапстар құрайды, ал ұзын аксонды жұлдыз тәрізді жасушалар алмұрт тәрізді нейрондардың дендриттерімен ғана емес, олардың денесіне де аксондарының тармақтары арқылы келіп, себеттерді қалыптастыруға қатысады. Себет тәрізді және жұлдыз тәрізді жасушалар түйіршікті жасушалардың аксондарымен де синапстар құрайды. Бұл жасушалар интернейрондардың ролін атқарады.
2. Ганглионарлық қабат бір қатар болып орналасқан Пуркиньенің алмұрт тәрізді нейрондарынан тұрады. Бұл жасушаларының перикарионының көлемі 60х35 микрометр болады. Жасушаның негізінен мишықтың ядроларына және вестибулярлық ядроларға баратын аксон шығады.
8 сурет. Мишықтың құрылысы
Мишықтың қабаттары
А. молекулярлық
Б. ганглионарлық
В. түйіршікті
Мишықтың жасушалары
1. жұлдыз тәрізді нейрондар
2. себет тәрізді нейрондар
3. алмұрт тәрізді нейрондар (Пуркинье жасушалары)
4. түйіршік жасушалар
Алмұрт тәрізді жасушалардың аксоны – мишықтың қыртысынан шығатын жалғыз жол. Олар көрші алмұрт тәрізді жасушаларда аяқталатын коллатералдар береді. Әрбір Пуркинье жасушасының ұшынан екі-үш дендрит шығып, бірінші, екінші, үшінші реттік тармақтарға бөлінеді. Дендриттерде молекулярлық және түйіршікті қабаттардың жасушаларының көптеген тікенек түріндегі синапстары анықталады. Пуркинье жасушасының перикарион аймағында басқа жүйкелік жасушалардың аксондарының өрімі «себет» құрайды.
«Себетті» құрауға келесі жасушалар қатысады: себет тәрізді жасушалардың аксоны; ұзын аксонды жұлдыз тәрізді жасушалар; шырмауық тәрізді талшықтар.
3. Түйіршікті қабат. Қабатты құрайтын жасушалардың басты түрі түйіршік жасушалар болып табылады. Олар мишық қыртысының ең көп жасушаларына жатады, (жалпы саны шамамен 1010-1011). Жасушаның үштен алтыға дейін дендриттері бар, олар құсаяғына ұқсай тармақталады, аксоны молекулярлық қабатқа көтеріліп, Т-тәрізді таралады. Бұл тармақтар қатпардың бетіне параллелді жүріп, 200-500 Пуркинье жасушасының дендриттерімен және молекулярлық қабаттың себет тәрізді, жұлдыз тәрізді жасушаларының дендриттерімен байланысады. Түйіршік-жасушалардың дендриттеріне афферентті мүк тәрізді жүйкелік талшықтар келіп мишықтың шумақтары түрінде синапстар түзейді. Бұл жасушалар Пуркинье жасушаларына белсендіру ықпалын тигізеді.
Түйіршік жасушадан басқа түйіршікті қабатта Гольджи жасушасының үш түрін ажыратады:
1). қысқа өсінділі Гольджидің жұлдыз тәрізді жасушасы. Олардың дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріліп түйіршік жасушалардың аксондарымен синапстар құрайды. Аксондары түйіршік жасушалардың дендриттерімен синапс арқылы байланысады. Олар мүк тәрізді талшықтар арқылы келген импульсті тежей алады.
2). ұзын өсінділі Гольджидің жұлдыз тәрізді жасушалары. Олардың қызметі мишықтың әр түрлі аймақтарын байланыстыру. Бұл жасушалардың дендриттері түйіршікті қабаттың жасушаларымен синапс құрайды, ал аксондары ақ затқа өтіп, кейін қыртысқа кері қайтады.
3). Гольджидің горизонтальды нейрондары. Олардың дендриттері ганглионарлық және түйіршікті қабаттарда орналасқан, ал аксондары жолшыбай коллатералдар бере отырып, ақ затқа өтеді. Барлық Гольджи жасушалары тежегіштерге жатқызылады.
Афференті талшықтар немесе мишық «кірісі». Мишыққа мәлімет үш талшықтар арқылы келуі мүмкін (9сурет).
1). Мүк тәрізді талшықтар зәйтүнмишықтық және көпірмишықтық жолдардың құрамында мишыққа кіріп, түйіршік жасушалардың дендриттерінде синапс түрінде аяқталады.
2). Шырмауық тәрізді талшықтар мишыққа жұлынмишықтық және вестибуломишықтық жолдардың құрамында кіреді де алмұрт тәрізді нейрондардың денесі мен дендриттерінде синапстар түзейді.
3). Адренергиялық талшықтар орталық мидағы көгілдір дақтан келеді. Мишықтың нейрондарының қоздырғыштығын реттейді.
Пуркинье жасушалары тежегіш болып табылады, олар мишық ядроларының нейрондарының қызметін басады. Оның нәтижесінде қимылдату үрдістері реттеледі. Қимыл-қозғалыстың мағыналы да дәлме-дәл болуы қамтамасыз етіледі. Пуркинье жасушаларының қозуы мишық ядроларының нейрондарының тежелуіне әкеледі. Ал Пуркинье жасушалары, өз кезегінде, мүк тәрізді және шырмауық тәрізді талшықтардан келген импульстің ықпалының нәтижесінде қозуға кірісе алады. Егер қозу импульсі мүк тәрізді талшық арқылы өтетін болса, қозу жолын келесі тізбек түрінде анықтаймыз: мүк тәрізді талшық – түйіршік-жасуша – оның аксоны – молекулярлық қабатта Пуркинье жасушасының дендриттерімен байланыс – Пуркинье жасушасының денесі – мишық ядросы. Егер импульс шырмауық тәрізді талшық арқылы жүретін болса
9 сурет. Мишықтың қыртысы. [В. Г. Елисеев, Ю. И. Афанасьев, Е. Ф. Котовский бойынша]
Мишыққа кіретін афферентті талшықтар:
1 – шырмауық тәрізді талшықтар
2 – мүк тәрізді талшықтар
Мишықтың жасушалары:
І - ганглионарлық қабат
3 – алмұрт тәрізді жасушалар
3А – алмұрт
тәрізді нейрондардың
3Б – алмұрт тәрізді нейрондардың аксондары
ІІ - Түйіршікті қабат
4 – түйіршік жасушалар
5 – Гольджи жасушалары
ІІІ - Молекулярлық қабат
6 – себет тәрізді жасушалар
7 – жұлдыз тәрізді жасушалар
бұл тізбек қысқарақ болады да, келесідей болып қалыптасады: шырмауық тәрізді талшық – Пуркинье жасушасының дендриті немесе денесі – оның аксоны – мишық ядросы. Қозу жолдарынан басқа мишықта тежегіш жолдар да бар. Олар жұлдыз тәрізді және себет тәрізді жасушалардың қатысуымен жүреді. Байланыстардың жолы келесідей: мүк тәрізді талшық – түйіршік-жасуша – оның аксоны – жұлдыз және себет тәрізді
жасушалардың дендриттерімен байланыс және олардың қозуы – жұлдыз және себет тәрізді жасушалардың аксондарының Пуркинье жасушаларының дендриттерімен немесе денелерімен синапстар – алмұрт тәрізді жасушаның тежелуі. Осының нәтижесінде мишық ядроларының белсенділігі артады. Қоздырушы синапстарда медиаторлар глутамат және аспартат, ал тежеуіштерде γ-аминомай қышқылы болып табылады. Мишықтың құрамында көптеген пептидергиялық нейрондар кездеседі.
Мишықтың патологиясы қимылдың дәлме-дәлділігінің және нақтылығының бұзылуымен белгіленеді:
Мишық глиясының құрамында келесі жасушалар болады: 1). ақ затта – талшықты, сұр затта – плазмалық астроциттер. 2). мантиялық олигодендроглиоциттер және леммоциттер. 3). микроглия. 4). Бергманның жасуша-талшықтары немесе Гольджидің эпителиалдық жасушалары. Олар Пуркинье жасушасының денелерінің арасында орналасады. Гольджидің эпителиальдық жасушаларының денелерінен шыққан өсінділер қыртыстың ішімен өтіп, шекаралық глиальдық мембраналар түзейді.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ АДАМНЫҢ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Ерте постнатальды кезеңдегі жүйке жүйесінің өзгерістері оның жетілуімен байланысты өтеді. Нәрестенің ми қыртысында орналасқан нейрондарының ядро мен цитоплазмасының арақатынасы өте жоғары болады. Бала өскен сайын бұл көрсеткіш төмендей бастайды, өйткені жасушаларда цитоплазманың үлесі артады (10 сурет). Өзгерістер бірінші болып қыртыстың екінші және төртінші қабаттарында орныққан пирамидалық нейрондарда байқалады. Түйіршік-жасушаларда, кіші пирамидалық нейрондарда аталған өзгерістер баяу дамиды. Уақыт алға озған сайын синаптикалық байланыстардың саны да өседі.
Нәрестеде бас миы қыртысының кейбір алаңдарында, мысалы маңдай және самай йірімдері аймағында, аксондардың миелинді қабаттары болмай-ды. Олар бала туғаннан кейін біраз уақыттан соң пайда болады. Жүйкелік талшықтар мен глияның мөлшері балаларда бірте-бірте арта бастайды.
Үлкен мидың қыртысының дамуы барысында ересек адамдарда, нәрестемен салыстырғанда, нейрондар сиректеу орналасады, бірақ жасушалардың жалпы саны өзгермейді. Адамның өмірі ұзарған сайын нейрондардың саны біртіндеп азая бастайды. Жүйкелік жасушалардың санының азаюы егде тарқан және қартайған адамдарда қарқынды жүреді. Бас миының қыртысында зиянды әсерлердің салдарынан тез зақымдалатын жасушаларға үлкен көлемді пирамида тәрізді, ал мишықта алмұрт тәрізді нейрондар жатады. Дифференциялану барысында жүйке жасушалары көбею қабілетінен айырылады. Сыртқы ортаның залалды әсерлері, әртүрлі ішкі ауытқулар жасушалардың зақымдалуына әкеледі. Мысалы, миға келетін қанның мөлшерінің азаюы, уытты заттардың ықпалы, әртүрлі стресстер, шамадан тыс мөлшерде жинақталған зиянды қалдық заттар (мысалы, липофусцин пигменті) нейрондарда қалпына келмейтін өзгерістердің қалыптасуына жауапты. Ал бұл жағдай апоптоз жолымен жойылу бағдарламасының басталуына себеп болады. Басқалардан көрі тезірек зақымдалатын нейроциттер қатарында сезімтал жасушалар көбірек анықталады. Қалған жасушаларда зат алмасу деңгейі қалыпта жағдаймен салыстырғанда көп төмендейді.
10 сурет. Балалардың ми қыртысында нейрондардың дамуы
1 – нәрестеде
2 - 3 айлық балада
3 – 15 айлық балада
4 – 2 жастағы балада
Жүйке тінінің қалпына келу қабілеті өте төмен екені белгілі. Қалпына келу үрдістері орталық жүйке жүйесінде жүрмейді. Ол жерде микроглияның, басқадай жасушалардың көмегімен зақымданған аймақ тазартылады, астроциттердің есебінен глиалдық тыртық түзеледі.
Жүйкенің қалпына келуінде Шванн жасушалары (нейролеммоциттер) маңызды орын алады. Шеткері жүйкелердің құрамындағы миелинді талшықтарда қалпына келу аз мөлшерде жүреді. Бірақ оның өтуі үшін бірнеше жағдайдың болуы керек. Атап айтсақ:
Көбінесе біз нейроциттерде «жасушаішілік қалпына келу» үрдістерін байқаймыз. Жасушаларда ескірген, зақымданған органеллалардың қалпына келуі қарқынды түрде жүріп отырады. Нейроциттерде бұл үрдістерді қамтамасыз ететін түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, көптеген митохондриялар жақсы дамып жетілген.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И.. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов.-Алматы, 2006.- 416 с.
2. Ажаев С.А. Гистология. Оқу құралы. Төрт бөлімді. Кентау. Еркін и К –ХХI, 2004.
3. Афанасьев Ю.И., Кузнецова С.Л., Юрина Н.А. Гистология, учебник. М.. – Медицина, 1999. – 744 с.
4. Афанасьев Ю.И., Кузнецова С.Л., Юрина Н.А. Гистология. Учебник. М.: - Медицина, 2004. - 768 с.
5. Афанасьев Ю.И. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии. -М. - «Высшая школа», 2004. – 410 с.
6. Аяпова Ж.О. Гистология, цитология және эмбриология. Оқу құралы. –Алматы, 2007. -288 б.
7. Быков В.Л. Частная гистология. СПб., - СОТИС, 2000.- 300 с.
8. Данилов Р.К., Быков В.Л., Одинцов И.А. Руководство по гистологии, т.1 и 2, СПб., - СпецЛит, 2001.
9. Данилов Р.К., Клишев А.А., Боровая Т.Г. Гистология человека в мультимедиа. Учебник для студентов медицинских вузов. СПб., -ЭЛБИ-СПб, 2004.- 362 с.
10. Қазымбет П., Рысұлы М., Ахметов Ж.Б. Гистология, цитология және эмбриология атласы. Медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. -Астана, 2005. - 400б.
11. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология: уч.для мед.вузов. Мед.информативное агенство, 2007. – 600с.
12. Пуликов А.С. Возрастная гистология: уч.пособие. Ростов на Дону, Красноярск. Феникс, изд.проекты, 2006. – 173с.
13. Рысұлы М., Омаров К. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. ҚР БМ Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік унив.- Алматы, Ғылым, 1996. – 224 б.
14. Улумбеков Э.Г., Челышев Ю.А. Гистология, учебник. ГЭОТАР-М. 3-е изд. – М., 2007. – 480 с.-