Жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 19:03, реферат

Описание работы

Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің, жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады.

Файлы: 1 файл

Жүйке жүйесі.doc

— 4.72 Мб (Скачать файл)

Жүйке жүйесі

 

КІРІСПЕ

 

Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің,  жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады. Осындай күрделі қызметтерді мүмкін ететін жүйке жүйесінің құрылысын, жасушалық құрамын, олардың ерекшеліктерін, қалыптасатын ауытқуларын түсінудің медицина саласында оқып жүрген студенттер үшін маңызы зор. «Гистология» пәнінен қазақ тілінде дайындалып шығарылған оқулықтар әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан студенттерге, әсіресе Қазақстан Республикасының 2006 жылы қабылданған бағдарламасына сәйкес оқытылатын студенттерге «гистология 2» жаңа пәні бойынша оқу құралы ретінде ұсынылады.

Төменде осы аттас модуль бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың тақырыптарының үлгісі берілген. Оқу құралында бұл тақырыптарға қажетті материалды табуға болады.

Дәрістер тақырыбы

Шеткері жүйке жүйесі. Жұлын. 1 сағат

Бас миы сабауының гистологиясы. Мишық. 1 сағат

Үлкен мидың жарты шарларының қыртысының жасушалық және модульдік құрылымы..1 сағат

Тәжірибелік сабақтар тақырыбы

Жұлын. Жұлын түйіні, шеткері нерв 3 сағат

Орталық жүйке жүйесі.  Мишық. Бас миының қыртысы.. 3сағат

Студенттің өзіндік жұмысы

Балалардың жүйке жүйесінің морфофункциональдық сипаттамасы.

 

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Жүйке жүйесі келесі қызметтерді атқарады:

  • ағзаны ішкі және сыртқы ортамен байланыстыруды қамтамасыз етіп, сыртқы әлемді немесе мүшелердің жағдайын бейнелеу
  • ағзадағы барлық ерекше үрдістерді реттеу және басқару
  • маманданған мүшелердің қызмет атқаруы барысында арақатынасын қамтамасыз ету, мүшелерді жүйеге біріктіру
  • мүшелер жүйесін тұтас ағзаға біріктіру
  • жоғары жүйке қызметін атқару, яғни түйсіну, болжау, жаңалық ашу сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету

 

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЛОГЕНЕЗДЕГІ ДАМУЫ

 

Эволюция барысында жүйке жүйесінің күрделенуі жүрді. Жүйке жүйесінің филогенетикалық дамуында негізгі үш сатыны ажыратуға болады. Дамудың бұл сатылары қазір өмір сүріп жатқан омыртқалылардың жүйке жүйесінің құрылысында өз көрінісін тапқан.

1 саты — диффузды жүйке жүйесімен анықталады. Жүйенің бұл құрылысын ішекқуыстыларда көруге болады. Жасушалар бір-бірімен тұтас тор құрай байланысқандықтан жүйке жүйесінің бұл құралуын торлы жүйке жүйесі деп атайды. Жоғары омыртқалыларда аталған жүйенің элементтерін жүйке өрімдерінде байқауға болады.

2 саты — ганглионарлық немесе түйінді жүйке жүйесінің түзелуі. Жүйке жүйесінің бұл түрі жазық құрттарда анықталады. Жүйке жасушаларының бір жерге жиналуының нәтижесінде жүйке орталықтарының – ганглийлердің пайда болуымен сипатталады. Кейбір құрттарда түйіндердің жұп құрауы бұл жүйенің күрделі түрі болып табылады, оны жүйке жүйесінің сатылық (баспалдақтық) түріне жатқызады.

3 саты — хордалыларда анықталатын түтікшелі жүйке жүйесінің пайда болуы. Жүйкелік түтікшенің қалыптасуымен сипатталады. Омыртқалыларда түтікшенің алдыңғы бөлігі қарқынды өсіп бас миына айналады. Балықтарда жоғарғы біріктіруші орталық сопақша ми, ал қосмекенділерде жақсы дамыған қыртысы бар аралық ми болып табылады. Балықтар мен қосмекенділерде үлкен жарты шарларда тек йіс сезу ғана іске асырылады.

Құстар мен сүтқоректілерде мидың жарты шарлары жақсы дамыған, бірақ құстарда ми қыртысы аз жетілген. Ол үлкен жарты шарлардың жоғарғы бетінің жуандаған аймағы болып анықталады, үстінде жүлгелер болмайды, оның көп бөлігін жолақты дене құрайды. Бірақ құстардың орталық миының қыртысы өте жақсы жетілген, ол негізгі көру орталығы болып табылады. Сүтқоректілерде көру орталығы үлкен жарты шарлардың қыртысында орналасқан, ол аймақта қыртыс өте жақсы дамып жетілген. Жолақты денеден қыртыстың мөлшері көбірек болады, қыртыс екінші реттік немесе жаңа жамылғыны құрайды.

Жүйке жүйесі эволюциясының принциптеріне жатады:

1. Жүйке жүйесінің өзгеруі оның ежелгі құрамының тұтасынан қайта құралуының есебінен көрі, жаңа элементтердің бұрыннан бар құрылымдардың үстінен түзілуі және жаңадан пайда болған бөлігіне ежелден бар бөліктің бағынышты болып қалыптасуы арқылы жүреді.

2. Екінші жол жүйке жасушаларының, оның ішінде рефлекторлық доғалардың ендірме жасушалардың санының және олардың байланыстарының артуы арқылы жүзеге асыру. Бұл принципті интенсивті деп атайды, ол омыртқалылардың жүйке жүйесінің дамуында орын алған, ең оңтайлы болып табылады.

3. Үшінші - экстенсивті принцип жасушалардың жалпы саны өзгермей, олардың көлемі мен өсінділерінің тармақталуының өсуіне негізделген. Жүйке жүйесі дамуының төменгі сатыларында кездеседі, оңтайлылығы төмен болады.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОНТОГЕНЕЗДЕГІ ДАМУЫ

 

Жүйке жүйесінің даму негізі нейроэктодерма болып табылады. Ол 1) жүйкелік түтікшеге және 2) жүйкелік айдаршаға дифференцияланады. Жүйкелік айдарша екі ганглиоздық табақшаға бөлінеді. Жүйке жүйесінің морфогенезінің негізгі компоненттеріне жатады: 1).эмбрионалдық индукция; 2).радиалды глияның және хемотропизмге негізделе бағытталған аксондардың нақты орын ауыстыруы; 3).байланысушы жасушалардың фенотипін тұрақтандыру мақсатындағы нейрондардың арасындағы нейро-трофикалық арақатынас; 4).жасушалардың бағдарланған физиологиялық өлімі (апоптоз).

Жүйкелік түтікше бес қабаттан тұрады: ішкі шекаралық мембрана, эпендималық, мантиялық (плащтық) қабаттардан, шеткі пердеден және сыртқы шекаралық мембранадан. Эпендималық қабат қарқынды түрде митозбен бөлінетін вентрикулярлық жасушалардан құралған. Пролиферациясын аяқтаған жасушалар мантиялық қабатқа орын ауыстырады, бірақ олардың біраз бөлігі орнында қалып эпендималық глияға негіз болады. Мантиялық қабатқа орын ауыстырған жасушалардан детерминацияның нәтижесінде екі түрлі жасушалық дифферон түзеледі: нейрогендік және глиогендік (спонгиогендік). Нейрогенді негізден нейроциттер, ал глиогендіктен, эпиндималықтан басқа, бүкіл макроглия жасушалары туындайды. Шеткі перде алғашқы екі қабаттың жасушаларының өсінділерінен тұрады.

Орталық жүйке жүйесінің барлық жасушаларының пайда болу көзі митозбен бөліну қабілеті бар вентрикулярлық жасушалар болып табылады. Эпендималық қабаттың ішінде орын ауыстыру барысында олар пішіндерін өзгертеді. Бөлінуін аяқтаған нейробластылар, және бөлінуге қабілетті глиобластылар мантиялық қабатқа ауысады.

Вентрикулярлық жасушалардың біразы эпиндималық қабатта қалып, эпендималық глияға және оның бір түрі радиалды глияға айналады. Бұл глияның өсінділерінің бойыменен нейробластылар эпендималық қабаттан жүйкелік түтікшенің сыртқы қабаттарына ауысады. Бас миының үлкен жарты жарларының және мишықтың қыртысының түзелуі кезінде нейробластылар мантиялық қабатқа ғана емес, шеткі пердеге де орын ауыстырғандықтан сұр зат бұл мүшелерде шеттеп орнығады. Мишықта нейробластылар алмұрт тәрізді жасушалардан тұратын ганлионарлық қабатты түзейді. Біраздан кейін олардың бір бөлігі кері қайтып түйіршікті қабатты береді.

Нейробластылардың эмбриогенезде орын ауыстыруының бұзылуы агирияға - жарты жарлардың қатпарларының аз дамуына әкеледі.

Жұлынның дамуы кезінде нейробластылардың шеткі пердеге ауысуы жүрмейді, сондықтан сұр зат мантиялық қабаттан түзеліп, шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Жұлын жүйкелік түтікшенің кеуделік бөлігінен дамиды. Жүйкелік түтікшенің ішінде ликвор ерте пайда болады. Ликвордың кұрамында ақуыз ересек адамдардікінен көрі 20 есе көп. Ликвор дамып келе жатқан медуллобластылардың қоректенуін қамтамасыз етеді, әрі оның құрамында мүшенің дамуында керекті реттеуші факторлар болады. Көбейген медуллобластылар эпендималық қабаттан мантиялық қабатқа орын ауыстырады. Мантиялық қабаттан кейін сұр зат, ал шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Сұр заттың алдыңғы бағанында орналасқан нейробластылар қимылдатқыш нейрондарға айналып моторлық ядроларды түзейді. Олардың аксондары тез өсіп жұлыннан алдыңғы түбіршік түрінде шығады. Осымен қатар жұлын ганглиінің нейробластылары сезімтал нейроциттерге айналады, олардың аксондары жұлынның артқы түбіршігін құрай мантиялық қабатқа кіреді де мотонейрондармен немесе артқы бағанның интернейрондарымен синапс құрайды.

Бас миының дамуында бірнеше сатыны ажыратады.

1. Үш ми көпіршігінің сатысы. Бұл сатыда бас түтікшесінің алдыңғы бөлігі үш кеңейме түзейді (эмбриогенездің 4 аптасы) алдыңғы ми (прозенцефалон), ортаңғы ми (мезенцефалон) және ромб тәрізді ми (ромбэнцефалон).

2. Бес ми көпіршігінің сатысы. Эмбриогенездің 5 аптасында алдыңғы ми 2 бөлікке бөлінеді: ақырғы (телэнцефалон) және көз көпіршіктерімен аралық ми (диэнцефалон). Ромб тәрізді ми артқы миға және миелэнцефалонға бөлінеді. Ақырғы мидан көпір және мишық пайда болады. Миелэнцефалоннан сопақша ми түзеледі.

3. Орын ауыстыру сатысы. Эмбриогенездің 5-10 апталарында өтеді. Бұл мезгілде ақырғы мидың тез өсуі және дифференциялануы басталады, қыртыстық және қыртыс асты орталықтар түзеледі.

4. Ми құрылымдарының ішкі дифференцировка сатысы. Эмбриогенездің 10-20 апталарында жүреді. Бас миында жартышарлар оның ең үлкен бөлігіне айналады, негізгі бөлімдердің; йірімдер мен жалдардың түзелуі жүреді. Мишықтың құрылысы дефинитивті сипатқа енеді. Бас миының қарқынды миелинденуі, тікенекті аппараттың қалыптасуы өтеді. Олардың құрылысының қалыптасуы нәресте туғаннан кейін аяқталады. Бір пирамидалық нейронның үстінде 6000-ға дейін тікенектер пайда болады.

 

СОМАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕЛЕРІ

 

Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесінің екі бөлігін ажыратады:

  • орталық (ОЖЖ): бас миы және жұлын
  • шеткері (ШЖЖ): жүйке түйіндері, жүйке бағандары (жүйкелер немесе жүйкетер) және жүйкелік аяқтамалар

Қызметтік тұрғыдан жүйке жүйесінің екі бөлігін анықтайды.

  • сомалық (соматикалық)
  • вегетативтік (автономды)

Сомалық және вегетативтік жүйке жүйелерінің айырмашылығы қызметтік көрсеткіштерімен ғана шектелмейді. Олардың құрылысы, құрамына кіретін құрылымдық элементтері де, атап айтсақ жүйкелік ядролары, түйіндері, бағандары, әрқилы болып келеді. Осыған сәйкес бұл жүйенің құрамындағы рефлекторлық доғалар да өзгеше болады.

Сомалық жүйке жүйесі сомиттерден дамыған мүшелерді – теріні, қаңқалық бұлшық еттерді, байламдар мен сіңірлерді жүйкелендіруге қатысады. Бұл мүшелердің қызметін адам өз қалауынша өзгерте алады.

Вегетативті (немесе автономды) жүйке жүйесі келесі мүшелерді жүйкелендіре отырып, ағзаның вегетативті қызметтерін қадағалайды: 1) тамырлардың тонусын және жүректің жұмысын; 2) бронхтардың тонусын; 3) жылуды өндіру мен сыртқа шығаруды (мысалы тер арқылы); 4) ас қорыту мүшелерінің моторикасын және сөл бөлуін, сонымен бірге зәр шығару жолдарының моторикасын; 5) көздің жазық бұлшық еттерінің тонусын. Бұл қызметтерді адам өз қалауынша өзгерте алмайды, сондықтан да оны автономды дейді.

Вегетативті жүйке жүйесі, өз кезегінде, екіге бөлінеді: симпатикалық және парасимпатикалық.

Әдетте мүшеге бұл екі жүйенің де эффекторлық талшықтары келіп, тітіркену кезінде бір - біріне қарама - қарсы ықпал көрсетеді.

Симпатикалық жүйке жүйесі ағзаны шұғыл өзгеріске бейімдеуге қатысады. Мысалы, терінің және ішкі мүшелердің тамырларының қысылуының, жүрек соғуының артуының әсерінен қанның қысымы көтеріледі; бронхтардың кеңеюіне байланысты тыныс алу белсенділігі жоғарылайды; энергия өндіру, онымен қатар дене қызуы және жылу бөлу артады; ас қорыту мүшелерінің моторикасы мен өнім өндіру қабілеті төмендейді, зәр шығару азаяды; көз қарашығы кеңейеді.

Парасимпатикалық жүйке жүйесі қалпына келу үрдістерін қамтамасыз етеді: тамырлардың тонусы мен жүректің жұмысы төмендейді; бронхтардың кішіреюіне байланысты тыныс алу әлсірейді; энергияны өндіру баяулайды (тер бөлуге парасимпатикалық жүйке жүйесі ықпал жасамайды); ас қорыту жүйесі мүшелерінің қызметі артады, зәр бөлу белсенді түрде жүреді; көз қарашығы кішірейіп, цилиарлық бұлшық еттер жиырылады.

Орталық және шеткері жүйке жүйелерінің морфологиялық құрылымының негізінде нейрондардың өздерінің қызметін атқару үшін ансамбльдерге бірігуі немесе интеграциясы жатады. Нейрондардың интеграциясы нәтижесінде рефлекторлық доғалар түзеледі.

Рефлекторлық доға дегеніміз ағзаның белгілі сыртқы немесе ішкі тітіркендіруге жауап беруін қамтамасыз ететін сезімтал, ассоциативті (ендірме) және қимылдатқыш нейрондардың тізбегі. Сомалық жүйеге тән рефлекторлық доға (1сурет) келесі нейрондардан құралады.

Сезімтал нейрондардың денесі үнемі жүйке түйіндерінде, яғни жүйке жүйесінің шеткері бөлігінде орналасады. Мысалы, жұлынның артқы түбіршектерінің бойында орналасқан жұлын түйіндері, немесе бассүйек-ми жүйкелерінің бойында орналасқан бастың сезімтал түйіндері (жұлын түйіндерінің аналогтары). Ганглийлердің екеуінде де анықталатын нейрондар жалған униполярлы, өйткені олардың денесінен шығатын дендрит және аксон бір-біріне өте жақын орналасқан.

Рецепторлық нейрондардың сезімтал аяқтамалары сомалық мүшелерде орналасады. Ал дендриттері аяқтамалардан аралас жүйкелерінің құрамында шығып, жұлынның артқы түбіршектерімен бірге нейронның денесіне барады.

Сезімтал нейрондардың аксоны жұлынға кіреді. Кейбір жағдайда олар жұлынның сол аймағында ассоциативті нейрондарда аяқталады, кейде сезімтал нейронның аксоны жұлынның артқы бағандарының құрамында сопақша мидың ядроларына дейін көтеріледі.

Ассоциативті жасушалардың денелері сомалық рефлекторлық доғаларда орталық жүйке жүйесінің сұр затында анықталады. Бірінші ассоциативті нейронның денесі жұлынның алдыңғы немесе артқы мүйіздерінің бірінде немесе сопақша мидың ядроларында орналасады. Доғаның құрамына кіретін келесі ассоциативті нейрондардың денелері орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерінде болуы мүмкін. Оның ішінде бас миының қыртыс асты ядроларында және мидың үлкен жартышарларының

Информация о работе Жүйке жүйесі