Жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 19:03, реферат

Описание работы

Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің, жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады.

Файлы: 1 файл

Жүйке жүйесі.doc

— 4.72 Мб (Скачать файл)

Сезімтал ядролар. Жұлынның артқы мүйізінің ядроларындағы нейрондарына ұқсас шоғырлы нейроциттерден тұрады.

1). Жұлын ганглиінің жалған униполярлы нейрондарының аксондары (сына тәрізді және нәзік шоғырлар құрамында).

2). Бастың сезімтал түйіндерінің нейрондарының аксоны (жарты айшық, тасты, т.б.) сезімтал ядролардың нейрондарына келіп аяқталады:

Ассоциативті ядролар. Жұлыннан және сабаудан келген импульстерді бас миының қыртысына, және қыртыстан сабаудың; жұлынның меншікті аппараттарына өткізуді қамтамасыз етеді. Бұлардың құрамына көру төмпешігінің ядролары, тісті ядро, зәйтүн ядросы, қызыл ядро т.б. жатады.

Сопақша мидың сұр заты қимылдатқыш, сезімтал және ассоциативті ядролардан құралған. Қимылдатқыш ядролар көбінесе медиальды, сезімтал-латеральды аймақтарда орналасқан. Олардың арасында вегетативті ядролар болады. Олар тілжұтқыншақтық, кезбе, қосымша және тіласты бассүйек-ми жүйкелерінің ядролары. Ассоциативті ядролар төменгі бөлімдерді мишықпен, көру төмпешігімен байланыстырып тұрады.

Сопақша мидың ақ заты вентро-латералды орналасып, пирамидалық жолдармен, кейде жұлын-мишық жолдарымен берілген.

Сопақша мидың орталық аймағында әртүрлі бағытта өтетін талшықтардан құралған тор түрінде көрінетін ретикулярлық түзіліс орналасқан. Тордың арасында жеке немесе топ құраған жасушалар болады. Ретикулярлық түзіліс бұлшық еттің тонусын, стереотипті қимылды, интеграциялық орталықты реттейтін, вегетативті жүйке жүйесінің сегмент үсті орталығы болып табылады. Ол көптеген рефлекстерді іске асыруға қатысады, өйткені жүйке жүйесінің жоғары орталығына белсендіру, ал төменгі орталыққа тежеу ықпалын тигізеді.

Көпірдің сұр заты V-VII жұп басми жүйкелерінің ядроларынан ретикулярлық түзілістен, қара субстанция және ми аяқшасынан тұрады. Ядролар мультиполярлы нейрондардан құралған. Ақ заты сопақша мидың өткізу жолдарынан және пирамидалық жолдардың талшықтарынан түзеледі.

Орталық мидың сұр заты ядролардан тұрады, оның ішінде ең ірісі қызыл ядролар. Бұл ядролардың құрамында тамырлар жақсы дамыған, олар ядроларға қызыл түс беріп тұрады. Олардың үлкенжасушалы бөлігі ақырғы мидың базальдық ганглийлерінен импульсті жұлынға және ретикулярлық түзіліске жеткізеді. Ұсақжасушалы бөлігі мультиполярлы нейрондардан тұрады, олар мишықты ретикулярлық түзіліспен байланыстырады. Орталық мидың құрамында Якубовичтің вегетативті ядросы бар. Қара субстанция құрамында пигменті бар нейрондардан тұрады, олардың медиаторы дофамин. Қара субстанцияның нейрондары басқаларға тежеу ықпалын тигізеді.

Аралық ми көру төмпешігінен, гипоталамустан, субталамустан және төмпешік асты аймағынан тұрады. Аралық мидың ішінде ақ затпен бір-бірінен бөлінген көптеген ядролар бар. Ядролар бір-бірімен ассоциативті талшықтар арқылы байланысқан. Жоғары өрлейтін жолдар вентральдық ядролардың нейрондарында аяқталады, олардың импульстері мидың үлкен жарты шарларының қыртысына жеткізіледі. Таламусқа импульс қосымша экстрапирамидалық жолдар арқылы келеді.

Гипоталамус сегментүсті вегетативтік орталық болып табылады. Ол көптеген вегетативті реакцияларды реттейді. Сабаудың ретикулярлық түзілісін лимблийлік жүйемен байланыстырады, вегетативті және соматикалық жүйке жүйелерін біріктіреді, ретикулярлық белсендіруші жүйенің құрамына кіреді. Гипоталамустың біраз бөлігі ерекше нейросекреторлық нейрондардан тұрады. Олар ішкі секреторлық бездерді құрап реттеушілік қызмет атқаратын гормондарды өндіреді. Сондықтан эндокриндік жүйенің құрамында қарастырылады.

 

ҮЛКЕН МИ ЖАРТЫ ШАРЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

 

Үлкен ми жарты шарлары ақ және сұр заттардан тұрады. Сұр заттың қалыңдығы 1,3 мм-ден 4,5 мм-ге дейін болады. Бас миының қыртысының аймақтарын немесе алаңдарын ажыратады, бұл алаңдарда қыртыстың қабаттарының қалыңдығы, құрамына кіретін элементтерінің сипаты әрқилы болып келеді. Бас миының әр түрлі бөліктерінде орналасқан қыртыстың да қалыңдығы мен жасушалық құрамының ерекшеліктері болады. Мысалы, маңдай бөлігінің қыртысы ең қалыңы болады, оның қалыңдығы 2,5 миллиметрден 4,5 миллиметрге дейін жетеді. Шеке бөлігінің қыртысы 2,5-1,5 миллиметр, самай бөлігінің қыртысы 2,5 миллиметр. Шүйде аймағындағы қыртыс басқаларға қарағанда жұқа, оның қалыңдығы 1,5-2,5 миллиметр.

Қызметі. Үлкен жарты шарлар мидың филогенездегі ең жас, бірақ ең күрделі бөлігі, ол экрандық типті жүйке орталығы болып табылады. Онда бүкіл сенсорлық мәлімет өңделеді, оған жауап қалыптастырылып, қимыл бұйрықтары және бүкіл құлық пішіндерінің интеграциясы жүреді. Үлкен жарты шарлар жоғары жүйкелік әрекетке жауапты (сана, ойлау, есте сақтау, эвристика тағы басқалар).

Қыртыстың жалпы ауданы 2200 см2, жалпы көлемі 300 см3; 30 %-йірімдердің үсті, 70 %-олардың бүйірлік беттері. Осы жерде 109-1010 санды нейрондар, олардан 10 есе көп глиалды жасушалар орналасады.

Қыртыстың нейрондарының бәрі мультиполярлы, пішініне байланысты екі топқа бөлінеді: пирамидалық және пирамидалық емес. Кейінгілерге жұлдыз тәрізді, ұршық тәрізді тағы басқа нейрондар жатады.

1. Пирамидалық нейрондар бүкіл нейрондардың 90 % құрайды. Көлемдері 10 мкм-ден 150 мкм-ге дейін. Бұл жасушалар тігінен орналасады, пішіндері үшбұрышты болып келеді. Денесінен жоғары қарай ұзын апикалды дендрит шығып, молекулярлық қабатта Т-тәрізді тармақталады. Жасушаның бүйірлік аймақтарынан жиырмаға дейін дендриттер шығады, олар нейрон орналасқан қабатта тармақталады. Апикалдық және бүйірлік дендриттерде басқа нейрондардың өсінділерімен синапстар түзейтін тікенектер анықталады. Жасушаның негізінен төмен қарай бағытталған аксон шығады, ол төмен кететін жолдардың құрамында қыртыстан шығады немесе қыртыстың басқа аймағына барады. Аксоннан коллатералдар бөлініп, жасушаның денесі орналасқан қабатқа кері оралып, басқа пирамидалық нейрондармен синапстар түзейді.

2. Жұлдыз тәрізді жасушалар барлық қабаттарда кездеседі. Олардың көлемдері кішірек, пішіндері әр түрлі. Дендиттері мен аксондары қысқа, көп тармақталған, қыртыс ішінде байланыстар құрайды.

Дендриттердің тікенектері нәресте туардың алдында пайда болады. Кейінгі кезде бұл жасушалардың көбі тежегіш қызмет атқарады деп есептеледі. Олардың аксондары аксон төмпешігінде, аксонның бастапқы сегментінде орналасады. Бұл жерлерде импульстің күшеюі немесе генерациясы жүргізілетін болғандықтан азғана тежегіш синапстар физиологиялық үрдісті өзгерте алады. Жұлдыз сияқты нейроциттердің екінші бөлігі эфферентті пирамидалық жасушаларға қоздырушы ықпал жасайды.

3. Ұршық тәрізді нейрондар. Ұзын аксондары бар, олар бойлай немесе тігінен бағытталуы мүмкін.

Бас миының цитоархитектоникасы. Жоғарыда аталған нейрондар қыртыста қалыптасқан тәртіптен орналасқан, олар бойлай орналасқан (горизонталды) алты қабатты түзейді (7сурет).

 

 

7 сурет. Бас миы қыртысының цитоархитектоникасы

 

1. молекулярлық  қабат

2. сыртқы  түйіршікті қабат

3. пирамидалық  қабат

4. ішкі түйіршікті қабат

5. ганглионарлық  қабат

6. полиморфты  жасушалар қабаты

 

I. Молекулярлық қабат- қыртыстың ең сыртқы қабаты. Қыртыстың үстіңгі бетіне параллельді қалың тангенциалды жүйкелік талшықтардың өрімі бар. Бұл талшықтардың негізін астыңғы қабаттардың пирамидалық нейрондарының тармақталған апикалды дендриттері құрайды. Таламустың ядроларының афферентті таламокортикалдық талшықтары да осында келіп, қыртыс нейрондарының қозу денгейін реттейді. Молекулярлық қабатта негізінен ұршық тәрізді ендірме нейрондар (Рамон және Кахаль жасушалары) анықталады. Олардың да аксондары тангенциалды өрімнің құрамына кіреді де, төменгі қабаттың нейрондарына қозуды жеткізеді. Қабатта нейрондардан басқа глиалдық жасушалар болады.

II. Сыртқы түйіршікті қабат көптеген жұлдыз тәрізді жасушалардан құралады, ал төменгі бөлігінде кіші пирамидалық нейрондар пайда болады. Бұл қабаттың нейрондарының апикалдық дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріліп таламокартикалдық жүйкелік талшықтармен синапстар түзейді. Бүйірлік дендриттер осы қабаттың өзінде көрші нейрондармен байланыс құрайды. Аксондары үшінші, бесінші, алтыншы қабаттарға барып синапстар түзейді, олардан шыққан коллатералдар кері қайтып, молекулярлық қабатқа барады. Қабат көбінесе ассоциативтік қызмет атқарып, қыртыстың сенсорлық және ассоциативтік аймақтарында жақсы дамып жетіледі.

III. Пирамидалық қабат орташа көлемді пирамидалық нейрондардан тұрады. Олардың көлемі қабаттың тереңіне қарай ұлғая түседі. Нейрондардың ден-дриттері екінші қабаттағыдай бағытталған. Аксондары ассоциативті жүй-келік талшықтарды құрайды. Олар не төменгі қабаттардың нейрондарымен байланысады, немесе ақ зат арқылы қыртыстың көрші аймақтарына барып, осы қабаттың өзінің нейрондарымен синапс түзейді.

IV. Ішкі түйіршікті қабатта көптеген жұлдыз тәрізді нейрондар және ұсақ пирамидалық жасушалар анықталады. Бұл жерде орналасқан нейрондар қыз-меті бойынша сенсорлық болып келеді. Олар басқа типті нейрондармен көп-теген ассоциативті байланыстарды түзейді. Бұл жерде талаомокортикалды жүйкелік талшықтардың көбі аяқталады. Бұл талшықтар тығыз қабат құрап, сыртқы Белларже жолағы деп аталады. Қабат көру, есту аймақтарында өте жақсы дамып жетілген, ал моторлық аймақтарда жоққа тән.

V. Ганглионарлық қабат ірі пирамидалық нейрондармен немесе Бец жасушаларымен берілген. Бұлар ірі нейрондар, көбінесе қыртыстың моторлық аймағында кездеседі. Олардың апикалдық дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріліп көп тармақталады. Бүйірлік дендриттер көрші Бец жасушасымен байланыс құрайды. Аксондары ақ затқа өтіп кортикоспиналды (пирамидалық) және кортикобульбарлық өткізу жолдарын құрайды. Аксондары басқа Бец жасушаларына коллатералдар бере алады.

VI. Полиморфты жасушалар қабаты немесе ұршықша пішінді жасушалар қабаты. Бұл жерде, сондай-ақ, пирамидалық, жұлдызшалы нейрондар болады. Махтиготти жасушасы және тағы басқа жасушалар бар. Бұл қабаттың нейрондарының дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріледі және қыртыстан келетін эфферентті (кортикоталамикалық) жолды құрайды. Мартиготти жасушасы басқалармен салыстырғанда кері бағытталған. Олардың аксоны молекулярлық қабатқа көтеріліп, қабаттың басқа нейрондарымен синапстар құрайды, ал дендриттері өз қабатының нейрондарының аксондарымен байланысады. Жасушалар тежегіш нейрондар болып табылады.

Бұндай алты қабаттық құрылым қыртыстың барлық жеріне тән. Бірақ олардың даму деңгейі әртүрлі аймақтарда әрқилы. Осы ерекшелегіне және гистологиялық белгілеріне, мысалы, нейрондардың орналасу жиілігіне және пішініне қарап, К.Брондман елу архитектониялық алаңдарды ажыратқан. Кейінірек, қыртыстың қызметтік және нейрохимиялық ерекшеліктеріне орай бөлінген алаңдардың осы цитоархитектоникалық жіктеуге сәйкестігі анықталды. Мысалы, сенсорлық және моторлық аймақтарды салыстырғанда сезімтал аймақта сыртқы пирамидалық қабаттың нашар дамығаны, ал түйіршікті қабаттары жақсы дамығаны байқалды. Қыртыстың бұл түрі гранулярлық немесе түйіршікті деп аталды. Қимылдатқыш аймақтарда, керісінше, түйіршікті қабаттар нашар жетілген, ал пирамидалық үшінші, бесінші, алтыншы қабаттар өте жақсы дамыған. Ми қыртысының бұл түрі агранулярлық немесе түйіршіксіз деп аталады.

Қыртыстың нейрондары пішінімен, орналасу аймағымен және медиа-торларымен ажыратылады. Медиаторларына қарап қыртыста оннан астам не-йрондардың түрін айыруға болады. Оларда нейромедиатор қызметін ацетил-холин, серотонин, норадреналин, вазоинтестинальды полипептид,соматоста-тин, холецистокинин, глутамин қышқылы сияқты көптеген заттар атқарады.

Қыртыстың миелоархитектоникасы дегеніміз ондағы жүйке талшықтардың орналасу сипаты.Қыртыстың жүйкелік талшықтары келесі топтарға бөлінеді:

  1. проекциондық (эфференті және афференті) - қыртысты мидың төмен жатқан бөліктерімен байланыстырады
  2. ассоциативті - бір жартышардың әртүрлі аймақтарын байланыстырады
  3. комиссуралды - бір деңгейдегі екі жартышарларды бір-бірімен байланыстырады.

Олар қыртыста негізгі үш өрімді түзейді.

  1. Тангенциалды өрім молекулярлық қабатта орналасады. Ол төменгі қабаттардың нейрондарының дендриттерінен және таламокортикалды жүйкелік талшықтарынан құралған.
  2. Сыртқы Белларже жолағы негізінен таламокортикалды жүйкелік талшықтардан тұрып, ішкі түйіршікті қабаттың деңгейінде анықталады.
  3. Ішкі Белларже жолағы - бесінші қабаттың аксондарының коллатералдарынан және проекциондық жүйкелік талшықтардан құралады. Жолақ бесінші морфологиялық қабаттың деңгейінде орналасқан.

Аталғандардан басқа кейде төртінші өрімді – Кез-Бехтерев жолағын ажыратады. Ол екінші қабаттың деңгейінде орналасып, ассоциативті және комиссуралді жүйкелік талшықтардан тұрады.

 

МИШЫҚ

 

Мишық тепе-теңдік сақтау орталығының, күрделі және автоматиялық қимылдарды қадағалау қызметін орындайды. Бұлшық ет тонусын ұстап тұруға көмектеседі. Артикуляцияны реттейді. Вегетативті сегмент үсті жүйкелік орталықтың құрамына кіреді де көптеген үрдістердің өтуіне қатысады: шаштың көтерілуі, қарашық рефлекстері, терінің қоректенуі, ішкі мүшелердің жұмысы. Мишық әрбір қимылды, оның параметрлерін қадағалайды. Жұлыннан, вестибулярлық ядролардан, ретикулярлық түзілістен және қыртыстан келетін барлық мәліметті біріктіреді. Тірек-қимыл аппаратынан мишыққа мәліметтер әр түрлі жолдармен келеді: жұлынмишықтық (жүйкелік-бұлшық еттің және жүйкелік-сіңірлік ұршықшалардан), зәйтүн-мишықтық (бұлшық ет рецепторларынан).

Мишық екі жартышарлардан және орталық бөлігінен тұрады, үш жұп аяқшасы арқылы ол бас миының басқа бөліктерімен байланыста болады. Мишықтың ақ және сұр заттарын ажыратады. Сұр заты – мишықтың қыртысынан және үш жұп ақ затта орналасқан ядролардан құралған.

1. Фастигинальды немесе шатыр ядросы. Оның нейрондары вестибулярлық ядромен және ретикулярлық түзіліспен байланысты.

2. Аралық (ендірме) ядро, фастигинальды ядродан шеттеу орналасқан. Ол екі бөліктен тұрады: шар тәрізді және пробка пішінді ядролардан. Ендірме ядродан аксондар орталық мидағы қызыл ядроға барады.

Информация о работе Жүйке жүйесі