Жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 19:03, реферат

Описание работы

Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің, жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады.

Файлы: 1 файл

Жүйке жүйесі.doc

— 4.72 Мб (Скачать файл)

1. сурет. Қарапайым рефлекторлық доға

1. терідегі рецептор

2. дендрит

3. сезімтал нейронның денесі

4. сезімтал нейронның аксоны

5. ендірме нейрон

6. қимылдатқыш нейронның денесі

7. қимылдатқыш нейронның аксоны

8. бұлшық еттегі қимылдатқыш  жүйкелік аяқтама қыртысында да кездеседі. Ассоциативті нейрондардың дендриттері әдетте қысқа болып келеді, сондықтан нейронның денесі орналасқан орталық жүйке жүйесінің сұр затының аймағында жатады. Ассоциативті жүйке жасушасының аксоны көбінесе алдыңғы мүйіздің эффекторлық нейрондарына тура барады немесе көрші аймаққа дейін созылады, кейде басқа ассоциативті нейрондарға жалғасады. Кейінгі жағдайда бас миына дейін баруы мүмкін.

Эффекторлық нейрондар сомалық жүйке жүйесінде қимылдатқыш немесе моторлық (мотонейрондар) деп аталады. Олар қаңқалық бұлшық еттерді жүйкелендіруге қатысып, қозғалысты қамтамасыз етеді. Бұл нейрондардың дендриттері ассоциативті жасушалардың дендриттеріне ұқсас қысқа болады. Ассоциативті нейрондардан келетін жүйкелік импульс мотонейрондардың денесіне көбінесе аксосомалық синапстар арқылы жеткізіледі, ал дендриттер арқылы импульстің аз бөлігі ғана жетеді. Мотонейрондардың денелері жұлынның алдыңғы мүйіздерінде және бас миы бағанының бассүйек-ми жүйкелерінің ядроларында орналасады.

Бірінші жағдайда аксондар жұлыннан оның алдыңғы түбіршегінің құрамында шығады, сосын аралас жүйкемен бірге жүріп, қаңқалық бұлшық етте моторлық табақшаны (түйіншекті) түзеуге қатысады. 

Осының нәтижесінде жұлынның немесе бас миы бағанының деңгейінде үшнейронды рефлекторлық доғаның көмегімен шартты емес қимыл рефлексі іске асырылады. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдерінің төмен және жоғары өрлейтін байланыстарының арқасында қабылданған тітіркенуді талдап, оған саналы қозғалу түрінде жауап береді.

 

 

 

 

 

ВЕГЕТАТИВТІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ДОҒАЛАРЫ

 

Вегетативті жүйке жүйесінің құрылымының ерекшеліктері болады:

Ассоциативті нейрондар вегетативті рефлекторлық доғалардың ассоциативті (орталық) бөлімдерін түзейді, олар жұлынның және бас миы бағанының белгілі аймақтарында ғана орналасады.

Эффекторлық нейрондар орталық жүйке жүйесінен тыс орналасқан, олар вегетативті жүйке ганглийлерінің құрамында болады.

Аталған түйіндерде вегетативті жүйке талшықтарының екі түрін ажыратады:

I. Ганглийге келетін преганглионарлық талшықтар ассоциативті нейрондардың аксондарынан құралады, құрылысы бойынша миелинді болып келеді.

II. Ганглийден шығатын постганглинарлық талшықтар эффекторлық нейрондардың аксондарынан тұрады, құрылысы жағынан көбінесе миелинсіз болады.

Вегетативті ганглийлерде (симпатикалық және парасимпатикалық) медиаторлық қызметті ацетилхолин атқарады. Медиатордың көмегімен қозу преганглионарлық талшықтан эффекторлық нейронға жеткізіледі. Постганглионарлық талшықтардың аяқтамаларында медиаторлар әртүрлі болады: парасимпатикалық жүйеде ацетилхолин, ал симпатикалық жүйеде — норадреналин бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

СИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ДОҒАЛАРЫ

Симпатикалық жүйке жүйесінің рефлекторлық доғаларының ерекшеліктеріне тоқталсақ:

Рецепторлық нейрондардың сезімтал аяқтамалары ішкі мүшелерде және тамырлардың қабырғасында орналасады (2сурет). Бұл нейрондардың қалған бөлімдерінің орналасуы әдеттегідей болады: дендриттері аралас жүйкелердің құрамында жүреді, ал нейрондардың денесі жұлын түйіндерінде немесе бас-ми жүйкетерінің ганглийлерінде орнығады.

 

 

2 сурет. Симпатикалық рефлекторлық  доға [В. Г. Елисеев., Ю.И. Афанасьев, Е.Ф. Котовский бойынша]

 

1А – жүйкеленетін  мүшедегі сезімтал нейронның  ұштары

1 – аралас жүйке құрамындағы  сезімтал нейронның дендриттері 

2 – сезімтал нейронның  денесі

3- сезімтал нейронның дендриті

4 – жұлынның бүйірлік  мүйізі

4А – симпатикалық  жүйке жүйесінің ассоциативтік  нейронының денесі

5 – ассоциативтік нейрондардың  аксондары

6 – жұлынның алдыңғы  түбіршігі

7 – жұп симпатикалық  бағандар түйіні

8 – симпатикалық өрімдер  түйіні

9 – мүшеішілік немесе  интрамуральды түйін

10 – постганглионарлық  талшықтар (симпатикалық жүйке)

11 – жүйкеленетін мүше

Ассоциативті (орталық) нейрондардың денесі жұлынның бүйірлік мүйіздерінде – барлық кеуделік (ТI -ТХ11)  және жоғарғы үш белдік (LI – LIII) сегменттер деңгейінде орналасады. Осы жерден олар барлық қызметтердің атқарылуын басқарады. Ассоциативті нейрондардың аксондары преганглионарлық миелинді талшықтарды түзейді де, басында жұлынның алдыңғы түбіршегінің құрамында болады, біраздан кейін оның құрамынан ақ байланыстырушы бұтақтармен бірге шығып симпатикалық бағанның түйіндеріне барып аяқталады, кейде олардан өтіп басқа симпатикалық ганглийлерге жетеді.

Эффекторлық нейрондардың денесі келесі симпатикалық түйіндерде: жұп симпатикалық бағанның, симпатикалық өрімнің түйіндерінде, кейде мүшеішілік (интрамуральды) түйіндерде орналасады. Аталған түйіндерден шығатын эффекторлық нейрондардың аксондары постганглионарлық миелинсіз талшықтардың құрамында болады. Олардың көп бөлігі ішкі мүшелерге барып мүшелерде симпатикалық жүйкелерді түзейді. Сонымен қатар симпатикалық сабаудың постганглионарлық талшықтарының біраз бөлігі сұр байланыстырушы бұтақтардың құрамында сомалық жүйкелерге қайта оралады да, тамырларға, бездерге және жазық бұлшық еттерге барады.

 

 

 

ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ДОҒАЛАРЫ

 

Парасимпатикалық жүйеде рецепторлық нейрондардың денесі жұлын түйіндерінде немесе бас-ми жүйкелерімен байланысты ганглийлерде орналасады.

Ассоциативті (орталық) нейрондардың денелері бас миы бағанының бірнеше ядроларында және жұлынның сегізкөз бен құйымшақтық сегменттерінің кейбіреулерінің (SІІ - СоІІІ). аралық аймағында ғана орналасады. Бұл нейрондардың аксондары преганглионарлық миелинді талшықтарды құрайды. Ми сабауынан бұл талшықтар бассүйек-ми жүйкелерінің құрамында шығып, ішкі мүшелер мен тамырлардың көп бөлігін жүйкелендіруге қатысады. Жұлынның төменгі сегменттерінен парасимпатикалық талшықтар сегізкөз өрімі арқылы өтіп кіші жамбас қуысында орналасқан мүшелерді жүйкелендіруге қатысады.

Эффекторлық парасимпатикалық нейрондардың денесі мүшеішілік (интрамуральды) түйіндерде орналасады немесе мүше қасында түйін түзейді (сәйкес өрімдердің құрамында). Жасушалардың аксондары мен дендриттері басқа нейрондарға қарағанда қысқарақ болып келеді. Ассоциативті нейрондардың аксондары осы жерде аяқталады.

Аталған рефлекторлық доғалар орталық жүйке жүйесі арқылы тұйықталады, сондықтан орталық доғалар деп аталады. Вегетативті жүйке жүйесінің құрамында шеткері (жергілікті) рефлекторлық доғалар ажыратылады. Олар тек интрамуральды түйіндер арқылы тұйықталады.

 

 

 

 

 

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮЗІЛУІ

 

Нейрон тізбектерінің қызмет атқару ерекшелігіне орай үш түрін ажыратады:

  1. Иерархиялық - оларда бағынышты, төмен орналасқан нейрондар жоғарыда орналасқан - бағындырушылармен байланысады
  2. Локальді - белгілі бір мүшенің шегінде түзелетін нейрондық байланыстар
  3. Дивергентті-конвергентті -  немесе жүйкелік орталықтар.

Жүйкелік орталықтарда нейроциттер бір-бірімен синапстар түзей отырып байланысады, ол жерде мәліметтің талдануы, синтезі өтіп, оған жауап қалыптастырылады. Жүйкелік орталықтарда келесі бөліктерді ажыратады:

  1. афферентті кіріс
  2. эфферентті шығыс
  3. мәліметті өңдеу аймағы.

Жүйке орталықтары нейроциттердің, нейроглияның, тамырлардың, әсіресе микроайналым арнасының тұрақты комплексімен сипатталады.

Құрылымдық- қызметтік құрылымына орай жүйке орталықтарының үш түрін ажыратады:

1. Ядролық типті жүйке орталықтары. Нейрондар мен олардың арасындағы синапстардың тығыз орналасуымен сипатталады. Бұл жерде конвергентті және дивергентті синапстар болады.

Қозу конвергенциясы - бір нейронда көптеген нейроциттер синапстар құрайды. Конвергентті синапстар афферентті нейронға қозудың түйісуін және алынған мәліметтің өнделуін қамтамасыз етеді. Қозу дивергенциясы - бір нейронның қозуының көптеген нейрондарға таралуы. Ядролық типті жүйке орталығының мысалы ретінде бас миы мен жұлын ядроларын атауға болады.

2. Торлы немесе ретикулярлы типті орталықтар. Оған, мысалы, ретикулярлық түзіліс (формация) жатады. Бұл орталықтарда жүйкелік талшықтар әртүрлі бағытта орналасып, үшөлшемді торды құрайды. Тордың арасында ядроларды түзейтін кіші, орташа, үлкен көлемді нейрондар орналасады. Ретикулярлық түзілістің нейрондары сезімтал құрылымдардан келетін көптеген афферентті кірістері және кең эфферентті проекциялары бар. Кейбір авторлар бұл құрылымды ядролық типті жүйке орталығына жатқызады.

3. Экрандық немесе қыртыстық жүйке орталықтары. Олар нейрондарының геометриалық дұрыс қабаттар құрай орналасуымен және бір жазықтықтық синаптикалық аймағымен сипатталады.

Бұл орталықтар қызметі жағынан бірдей көптеген нейрондарға түскен қозудың күшті дивергенциясын қамтамасыз етеді де айқын талдау жүргізуге көмектеседі. Экрандық жүйкелік орталықтарға үлкен жарты шарлардың қыртысы, мишықтың қыртысы, көздің торлы қабықшасы жатады.

Жүйкелік ансамбльдердің жұмысында кері байланыстың болуы маңызды фактор болып табылады. Ол ассоциативті нейрондармен байланыс құратын аксондардың коллатералдерімен қамтамасыз етіледі. Орталық жүйке жүйесін үш қабатқа (этажға) бөлуге болады. Бірінші деңгей жұлыннан тұрады. Онда рефлекторлық қимыл орталықтары орналасады. Екінші және үшінші деңгейлер бас миында болады. Екінші қабатқа бас миының сабауы, қыртыс асты құрылымдары жатады. Ол күрделі кимыл-қозғалысты реттейді, мысалы жүруді. Бұл жерде қимылдың мағыналы болуы реттеледі, вегетативті қызметтермен сәйкестендіріледі. Үшінші қабатты үлкен жарты шарлардың қыртысы құрайды.

 

 

 

 

ЖҮЙКЕ ТҮЙІНДЕРІ (ЖҮЙКЕЛІК ГАНГЛИЙЛЕР)

 

Жүйкелік түйіндердің (ганглийлердің) үш түрін ажыратуға болады: сезімтал, симпатикалық және парасимпатикалық (интрамуральдық).

 

 

 

 

 

 

3 сурет. Жұлын түйіні (ганглиі)

 

1. жалған униполярлы нейрондар

2. жұлынның артқы түбіршігі

3. жұлынның алдыңғы түбіршігі

4. аралас жүйке

 

 СИМПАТИКАЛЫҚ ТҮЙІНДЕР

Симпатикалық түйіндер жұп симпатикалық бағанда және құрсақ қуы-сындағы симпатикалық өрімдерде болады. Түйіннің сыртынан дәнекер тін-нен тұратын капсула қаптап тұрады. Капсуладан түйіннің ішіне кірген дәне-кер тін қабаттары мүшенің стромасын түзейді. Строманың ішінде нейрон-дардың денесі әр түрлі орналасады, бұл жерде жұлын түйініндегідей белгілі бір тәртіппен орнығу байқалмайды. Ганглийдің құрамында нейрондардың екі түрі ажыратылады. Негізгі түрі симпатикалық жүйке жүйесінің эффекторлық нейроны, қосымша нейрон кіші белсенді флуорестенуші (КБФ)  жасушалар. Эффекторлық нейрондар құрылысы бойынша мультиполярлы, олардың аксоны ұзын, ал дендриттері қысқа болып келеді.

Түйінге жұлынның симпатикалық түйіндерінен шығатын преганглионарлық (миелинді) талшықтар келіп эффекторлық нейрондардың денелерімен немесе дендриттерімен холинергиялық синапстар құрайды. Әдетте бір нейронға бірнеше преганглионарлық талшықтар келіп түйіседі. Эффекторлық нейрондардың аксондары түйіннен шығып мүшеге келеді де адренергиялық синапстар түзейді. Әрбір нейронның денесін сателлит жасушалар, базальды мембрана, жұқа дәнекер тін қабаттары қошап жатады.

Кіші белсенді флуорестенуші жасушалар преганглионарлық талшықтардан эффекторлық нейрондарға келген импульсты тежеу арқылы симпатикалық реакцияны шектейді деп есептеледі.

 

 

ШЕТКЕРІ НЕРВ (ЖҮЙКЕ)

 

Шеткері нервтер миелинді және миелінсіз талшықтардан, дәнекер тіннен тұрады. Қызметтік жағынан сезімтал, қимылдатқыш, және аралас болып бөлінеді. Нервтің құрамында эндоневрий, периневрий, эпиневрий

ажыратылады (4сурет). Эндоневрий борпылдақ дәнекер тінінің жұқа қабатшасынан тұрады. Ол оксифильді болып келеді, құрамында аздаған фибробластылар кездеседі. Периневрий жүйке талшықтарының шоғырларын қоршай орналасқан дәнекер тіннен түзелген. Оның құрамында бес-алты қабат фибробластылар, коллаген жіпшелері, қан тамырлары, май жасушалары болады. Периневрийде тіндік сұйықтықпен толтырылған әрі екі қатарлы бірқабатты жазық эпителиймен қапталған периневралды қеңістік болады. Бұл кеңістік арқылы инфекцияның, токсиннің жайылуы мүмкін. Эпиневрий жүйкені сыртынан қаптап тұратын дәнекер тіндік қабықша. Оның құрамында қан тамырлары және май жасушаларының жиынтығы болады.

Нервтің қалпына келуі оның құрамына кіретін жүйкелік талшықтардың, строманың қалпына келу қабілетімен және олардың арақатынасымен анықталады.

Жүйкенің құрамына кіретін жүйкелік талшықтар миелинді және миелинсіз болуы мүмкін. Миелинді жүйке талшығының ортасында осьтік цилиндр, оның сыртында миелин қабықшасы ажыратылады. Аралас жүйкенің құрамындағы осьтік цилиндр келесі құрылымдардан тұруы мүмкін:

    • сезімтал нейронның дендриті
    • сомалық жүйке жүйесінің эффекторлық нейронының аксоны
    • вегетативті жүйке жүйесінің ассоциативті нейронының аксоны
    • симпатикалық жүйке жүйесінің эффекторлық нейронының аксоны.

Алғашқы үшеуінде жүйке талшығы миелинді болады. Ал ақырғысы миелин-сіз талшыққа жатады, сондықтан ол жерде осьтік цилиндрдің бірнеше болуы мүмкін.

 

 

 

4 сурет. Шеткері нервтің (жүйкенің) көлденең кесіндісі

1. периневрий

Информация о работе Жүйке жүйесі