Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2015 в 14:00, курсовая работа

Описание работы

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату – сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.

Файлы: 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.doc

— 277.50 Кб (Скачать файл)

       Міндетті заттай  орындауға ұйғарым шығару. Жәбірленушінің көбіне көп өз құқығын қалпына келтіруде көңілі көншімейтін сондақтан да ол құқығын бұзушыдан келген залалды сол күйінде қалпына келтіруді талап етеді. Егер сіздің сатып алған теледидарыңыз кепілдік мерзім ішінде істен шығып қалса, онда оны алған жерден ауыстырып беруді талап етесіз, сөйтіп міндетті заттай сол қалпына келтіруге мәжбүр етуге құқығыңыз бар.

     Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің жаңа нұсқасы  бұрынғы кеңес үкіметінің заңында  мүлдем болмаған бұзылған құқықтарды  қорғаудың бірнеше тәсілдерін қарастырады. Айталық, оған мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа енмесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлінісі өтеуге тиіс. Азаматтық құқықты қорғауда мұндай тәсілдерді соттар жиі қолданады.

        Азаматтық  кодекс материалдық емес игілікті, мүліктік емес құқықты қорғаудың  екі тәсілін қарастырады.

        Моральдық  залалды өтеу. Моральдық залал  деп азаматтардың материалдық  игілігі болып саналмайтын және  мүліктік емес құқығын бұзу  арқылы оған дене немесе рухани  залал келтіруді айтады. Оған  мысал ретінде отбасындағы құпияны  азаматтың еркінен тыс жария етуді немесе оның атын жамылып жарамсыз қылықтар жасауды және т.с.с. келтіруге болады. Азаматтың талабы бойынша сот құқық бұзушыға келтірген моральдық залалды ақшалай өтеуді міндеттей алады. Мұндай өтемнің көлемін сот қана анықтайды. Бұл бір жағынан алғанда оңай шаруа да емес, өйткені залалдың көлемін анықтауда белгілі бір қойылған шек жоқ. Ол үнемі ақшамен есептеуге келе бермейді.

        Ар-намысты, қадір  қасиетті және іскерлік беделді  қорғау.   Азамат пен ұйым  өзінің ар-анмысына, қадір қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару үшін сотқа жүгінеді. Сотқа жүгіну ондай мағлұматтарды таратушы адам әлгі таратқан мағлұматтардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаған жағдайда жүзеге асады. Егер мұндай мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, онда сол бұқаралық ақпарат құралдарына берілген мағлұмат тегін түрде теріске шығарылуға тиіс. Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамдарға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері алынуға тиіс. Сонымен тұлға таратылған жалған мағлұматтар арқылы өзіне келген залалды (моральдық зиянды) өтеуді талап етуге хақысы бар.

      Егер мұндай мағлұматтарды кім таратқаны белгісіз болған күннің өзінде жәбірленуші оның шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеу жөнінде сотқа шағына алады.моральдық залал жәбірленушіге оны келтірушінің кінәснің дәрежесіне қарамастан өтеледі.

        Енді тағы  бір тәсіл-өзін өзі қорғауға кетелік. Осы сөз тіркесінің өзінен көрініп тұрғандай, азамат пен ұйым өзінің құқығын өзі қорғайды. Бұл орайда өзін өзі қорғау тек құқық бұзушыға және оның әрекеттерін жоюға ғана бағытталуы тиіс. Тәжірбиеде өзін-өзі қорғау жиі кездеседі. Мысалы, телефон станциясы абоненті көрсетілген қызметке төлемді үнемі уақтылы төлемегені үшін байланыс жүесінен айырып тастайды. Мұндай өзін-өзі қорғау құқығы кепіл, мүлікті қорғау шарасы, қажетті қорғану және т.б. түрлерінде кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАРАУ 3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

 

   Азаматтық құқық бұзушылық  құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік  қолдануға қажетті жағдайлардың  жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге  сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің  қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы басқа элементтерін толығымен қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:

  1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)
  2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
  3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
  4. құқық бұзушының кінәсі.

  Нақты тұлғаға азаматтық  –құқықтық жауапкершіліктің жүктеу  үшін жалпы ереже бойынша қажетті  келтірілген негіздер жиынтығы –азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта-кейбір жағдайларда азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен сенеспайды; мысалы: жоғары қаутілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АК –тің 931 бабы). Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.

      Құқыққа қарсы  мінез.

      Құқыққа қарсылық  құқық бұзушының өзінің іс-әрекетінің  құқыққа қарсы екендігін білген  немесе білмегеніне  қарамастан  құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық  айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.

     Азаматтық заңдылық  нормаларымен азаматтық айналымға  қатысушыларға әртүрлі талаптар  белгіленген. Азаматтық заңдылық  негіздерде сәйкес тараптық құқыққақарсы  мінез ретінде жеке тұлғаға  немесе азаматтық мүлкіне  немесе  заңды тұлғаға келтіректін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқққа қарсы мінез болып табылады.

      Азаматтық заңдылыққа  сәйкес міндеттемені орындауға  байланысты талаптар тек қана  заңмен шектелмейді, сонымен бірге  іскерлік айналымдағы бақа нормативтік  актілерден немесе міндеттеменің  пайда болуымен туындайтын негіздерде  құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.

       Құқыққа қарсы  мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмікн. Егер заңмен немесе нормативті құқықты актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа құқықтық нормативтік акиіге  шартқа бір жақты мәмле немесе міндеттеме талабының негізінде қайшы келетін борышқордың іс-әркекті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273 бабы осының дәлелі . заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

       Азаматтық заңдылық  негізіне сәйекс бір тараптың  басқа бір тараптың есебінен  мүлкін негізсіз сақтауға тікелей  тиым салынады. Алайда осы ережеде  негізсіз сақтау құқыққа қарсы  болып табылады. Шартпен белгіленген  сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.

        Егер тиісті  жағдайларда тарапқа юридистикалық  міндеттеме жүктеліп, бірақ ол  орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа  қарсы деп танылады.шартпен белгіленген  тауарды мерзімінде жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққа қарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындауы мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағады демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188 бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: “Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне біріп, иелігінен шығарып, өзі меншік иесі болып қала отырыап, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге  беруге және оған билік етуге құқылы”. Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.

        Себепті байланыс.

         Азаматтық  кодекс талаптарында көзделгендей  өтелуге тек қана борышқордың  құқыққа қарсы мінезімен келтірілген  шығындар жатады. Бұл борышқардың  құқыққа қарсы мінезі және  несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен медбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан  ол толығымен көру қабілетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике қателесіп кетіп басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.

       Осындай жағдайларда  себепті байланыстың дамыған  ғылыми теорияларын басшылыққа  алуымыз керек. Теорияда және  практикада себепті байланыс  тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік құбылыс арқылы обьективті байланысты көрсетеді және ол біздің санымыздан тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын ала сезе білу субьективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтамайды, ал тек қана құқық бұзушының кінәсі туралы сұрақты анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады және біз оны материалдық өмірдің қарым қатынас тізбегімен байланыстырамыз. Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен    іселген медбике әрекеті  салдар  туғызады  және сонымен  қатар  нәресетенің  көрі қабілетін  жоғалтуға себеп  болады.  Егер  қаралып  жатқан  іске  тереңірек  үңілсек,  онда дәрігердің себепті әрекеті  бөлім басқарушысының  бұйрығынан туындайды. Сондықтан  жауапкершілік туралы шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.

        Тараптың құқыққа  қарсы  мінезі  зиянның  себебі  болып  тек  қана  ол  осы  зиянмен  тікелей  байланысқан  болса  ғана  пайда болады.  Тараптың  құқыққа  қарсы  мінезі  мен зиянының арасындағы  жанама  себепті  байланыс  болып,  ол нақты оқиғаның  шегінен  ауытқып  және  юридистикалық  себеп  байланыстың  маңызына  ие  бола  алмайды.  Сонымен  қатар іс-әрекеттің  жасалуына  басқа  факторлардың  әсері  тиюі  мүмкін.

       Алайда  бұл  факторлардың қайсысы болсын  юридистикалық  жауапкершілік  мағынасына  ие  бола  алмайды  және  сондықтан  тараптың  құқыққа қарсы  мінезінің  және зиянының  арасындағы  байланыс  жанама  болып  табылмайды.  Ал  басқалары  -юридистикалық  жауапкершілікке  әсер  етеді  сондықтан  тараптың  құқыққа қарсы  мінезімен  және  болған  нәтиженің  арасындағы  байланысты  көрсетеді.  Жасөспірімдердің  келтірген зияны үшін  оларды  ата –аналары  жауап  береді,  себебі  заң  оларға  юридистикалық  маңыз  бермейді  және  әрекет  қабілеттсіз  деп  таниды.    Ал  ата-аналар құқыққа  сыйымсыз мінезі  үшін  жауап  береді. (тиісті  қадағалау жасамағаны  немесе  тәрбиелемегені) және  болған  зиянның  арасында  юридистикалық жауапкершілікке тартуға  жеткілікті  тікелей  себепті  байланыс  пайда  болады. Керісінше  балық аулаумен  шұғылданатын  колхоз  мүшесінің броконьерлерге  ауды  сатуды  және  броконьерлер  заңсыз балық  аулау  арқылы  балық  ресурстарына зиян  келтірсе, броконьерлердің  құқыққа  қарсы  іс-әрекетін  көрсетеді және бұл  жерде тек  қана  жанама  себепті  байланыс  бар.

       Сондықтан  тараптың  құқыққа  қарсы  мінезімен  және  зиян  арасында  азаматтық-құқықтық жауапкершілік маңызы бар  жағдайлар  болмаса  тікелей  себепті байланыс  орын  алады.  Егер  құқыққа  қарсы  мінез  және  зиян  арасында  жауапкершілік  туралы  сұрақты  шешуде  азаматтық  заңды  маңызы  жағдайлар  болса,  онда  жанама  себепті  байланысты  көрсетеді.  Жоғарыдағы  мысоаға  сәйкес  жасөспірімнің  әрекет қабілеттігінің  жоқ  болуымен  байланысты  13  жасар  жасөспірімді  азаматтық  құқықтық  жауапкершілікке  тартудың  маңызы  жоқ.  Сондықтан  бұл  мысалдар  шофердің  құқыққа  қарсы мінезі  мен  жол  ережесінің  бұзылуы  тікелей  себепті  байланысты  көрсетеді.  Күнделікті  өмірде  бірнеше  тараптық  іс-әрекеті (әректсіздігі) зиянның  пайда  болуы  жиі  кездеседі.  Бұндай  жағдайларда  тікелей  нәтижемен  байланысқан  барлық құқыққа  қарсы  әрекеттері  егер  оларға  құқыққа қарсы  әрекеттері  құқыққа  қарсы  нәтижеден  көрініс  тапқан  болса  оларджы  жеке  ерекшеліктеріне  байланысты  себеп  ретінде  қарастыру  керек.  Тікелей  және  себепті  байланысты  шектеу  қажеттігі  тек  қана  теориялық  шарттардан  шығып  қана  қоймай,  сонымен  бірге тәжірбиенің  өзімен  тұжырымдалады.  Бұл  теория  тәжірбиеде  оңай  қолданылады.  Ол  сот  тәжірбиесімен  кездейсоқ  туындаған  жоқ.

         Әдебиеттерде  сонымен  қатар себепті  байланысты  басқа  да теориялары  кеңінен  таралады.   Қажетті  шартта  теориясына  қатысты  құқыққа  қарсы  нәтиженің  себебі  ретінде  нәтиже  болмауы  мүмкін  кез-келген  жағдайлар  болуы  мүмкін.  Бұл  теорияның  өкілдері  субьективті   белгілердің  көмегімен  себеп  салдар  байланысының тізбегін  шектеуге  тырысады.  Қарастырып  жатқан  теорияның  себебінің  байланысындағы юридистикалық маңызы кінәға құқыққа  қарсылыққа  тәуелді. Егер  қылмыстық  құқықта  қылмыстық  жауапкершілікке тарту өзінің  тәжірбиесінде бұл  теория  көпшілігінде теоретикалық  маңызға  ие.

Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері