Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2015 в 14:00, курсовая работа

Описание работы

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату – сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.

Файлы: 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.doc

— 277.50 Кб (Скачать файл)
  1. зиян келтурші, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзінің кінәсімен келтірмегендігін дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.
  2. Заңды іс-әрекеттерінң келтірілген зиян осы Кодексте және өзгеде заң актілерінде көзделген жағдыайларды өтелуге тиіс

Зиян келтірудің алдын алу мәселесі Қазақстан Республикасы Азаматтық

Кодексінің 918-бабында көрсетілген:

1. Болашақта зиян келтіру  қаупі мұндай қауіпті тудыратын  іс-әректтерге тыйым салу туралы  талап қоюға негіз  болады.

       2. Егер келтірілген зиян оны келтіруді жалғастыратын немесе жаңаданзиян келтіру қаупін туғңызатын, кәсіпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де өндірістік қызметтің салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиісті қызметін тоқтатуды міндеттеуге құқылы.

Егер тиісті қызметтің тоқталуы қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, сот оны тоқтату туралы талаптан бас тарта алады. Мұндай қызметті тоқтатудан бас тарту жәбірленушілерді осы қызметтен келтірілген зиянды өтеттіру құқығынана айырмайды.

  Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 923-бабында айтылған, яғни:

    1. Заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау

шарасы ретінде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, еңбекпен түзеу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтірілген зиянды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, заң актілерінде белгіленген тәртіпте толық көлемде мемлекет өтейді.

    1. Анықтау, алдан ала тергеу прокуратура органдарының өзге де

заңсыз іс-әрекеттерініңсалдарынан азаматқы немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян осы Кодекстің 922-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша өтеледі.

    1. Судьялардың және басқа сот қызметкерлерінің заңсыз іс

әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) сот төрелігін жүзеге асыру кезінде келтірілген зиян, осы баптың 1-тармағындакөзделгеннен басқа ретте, осы Кодекс 922-бабының 3- тармағында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша өтеледі.

Өзінің жауаптылығын сақтандырған тұлғаның зиянды өтеуі мәселесі

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 924-бабында қарастырылғандай, ерікті немесе міндетті түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауатылығын сақтандырған заңды тұлға немесе азамат, келтірілген зиянда толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен заладың мөлшерінің арасындағы айырманы өтейді.

          14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 924-бабындабелгіленген негіздер мен тәртіп бойынша қарастырылады. Олар:

  1. Жасы 14 ке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас

балалар)келтірген зиян үшін, егер зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның ата-анасы (асырап алушылары), қорғаншылар жауап береді.

  1. Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу

мекемесінде, халықты әлекуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса,егер зиян өзінің кінәсімен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті. 

  1. Егер жас бала оқу орнының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды

жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің, сондай-ақ шарттың негізінде қадағалауды жүзеге асыруға міндеті адамның бақылауында болған уақытта зиян келтірсе, зиян олардың қадағалауды жүзеге асыраудағы кінәсінен  болмағанын дәлелдемесе, келтірілген зиян үшін осы мекемелер мен адамдар жауап береді.

  1. Ата-аналардың (асырап алушылардың), қорғаншылардың, оқу

орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де мекемелердің зиянды өтеу жөніндегі міндеті жас баланың кәмелетке толуымен немесе оның зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлік алуымен тоқтатылмайды.

       Егер ата-аналары (асырап алушылары), қорғаншылары  қайтыс болса немесе олардың  сондай-ақ осы баптың 3-тармағында  аталған басқа да азаматтардың  жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына  келтірілген зиянды өтеу үшін  жеткілікті қаражат болмаса, ал  толық әрекет қабілеттілігі болған зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сондай-ақ басқа да мән жайларды ескере отырып, зиянды зиян келтірушінің өзінің мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Қазақстан Респіубликасы  Азаматтық Кодекстің 926-бабында он  төрт жастан он сегіз жасқа  дейінгі кәмелетке толмағандар  келтірген зиян үшін жауапкершілік  мәселесі анықталған:

  1. он төрт жастан ое сегіз жасқа дейінгі кәмелетке томағандар өздері

келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді.

  1. он төрт жастан он сегіз жасқа дейін кәмелетке толмағандардың зиянды

өтеу жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері балмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс.

          Егер  он төрт жастан он сегіз  жасқа дейінгі қамқоршылыққа  мұқтаж кәмелетке толмаған адам  тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде  болса, зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетіспей тұрған бөлігін сол мекемелер өтеуге міндетті.                   

  1. Ата –аналардың (асырап алушылардың), қамқоршының және тиісті

мекеменің зиянды өтеу жөніндегі міндеті зиян келтірушінің кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейінгі зиянды өтеуге жеткілікті мүлік немесе кіріс көздері пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейін әрекет қабілеттілігіне ие болса тоқтатылады (осы Кодекстің 17-бабының 2- тармағы).

Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар

келтірген зиян үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 927-бабында көрсетілгендей ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға, егер баланың зиян келтіруге әкеп соқтарған мінез құлқы ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс жүзеге асырмауының  салдары болып табылады деп анықталса, сот ата-ана құқықтарынан айырылғаннан кейін үш жыл бойы оның кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін жауаптылқ жүктеуі мүмкін.

       Өкіметке қабілетсіз  деп танылған азамат келтірілген  зиян үшін жауапкершілік Қазақстан  Республикасы Кодексінің 928-бабы  қарастырады:

  1. Әрекетке қабілетсіз деп танылаған азамат келтірген зиянды (осы

Кодекстің 26-бабы), егер олар зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асырауға міндетті ұйым өтейді.

  1. Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабілетсіз деп

танылғаназамат келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның әрекетке қабілеттілігі қалпына келген жағдайда да тоқтатылмайды.

  1. Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшін жеткілікті

қаражаты болмаса, ал зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жадайын, сондай-ақ басқа да мән жайларды,  атап айтқанда, зиян келтірушінің әрекетке қабілеттілігінің қалпына келтірілуін ескере отырып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды сол зиян келтірушіні мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

        Әрекетке қабілеттілігі  шектеулі деп танылған азамат  келтірген зиян үшін жауапкершілік  тәртібі Қазақстан Республикасы  Азаматтық Кодекстің 929-бабында көрсетілгендей, әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылағн азаматтың спиртті ішімдіктерді немесе есірткі заттарды жөнсіз пайдалануы салдарынан келтірілген зиянды (осы Кодекстің 27-бабы) зиян келтірушінің өзі жалпы негіздерде өтейді.

         Қазақстан  Республикасы Азаматтық Кокекстің 930-бабында қарастырылғандай, өз іс-әрекетінің мәнін түсінуге қабілетсіз азамат келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі мына тәртіп бойынша анықталады:

    1. Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне-өзі ие бола

алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат, сондай-ақ 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді.

Егер жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірсе, сот

жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, сондай-ақ басқа да мән жайларды ескере отырып, зиянды өтеу жөніндегі міндетті зиян келтірушіге толық немесе ішінара жүктей алады.

    1. Егер спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарды пайдаланып немесе өзге

әдіспен өзін осындай жағдайға келтірсе, зиян келтіруші жауаптылықтан босатылмайды.

    1. Егер зиянды жүйке ауруы және ақыл-ойының кемістігі салдарынан өз

іс-әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзіне-өзі ие бола алмайтын адам келтірсе, сот зиянды өтеу міндетін осы адаммен тұратын еңбекке қабілеттілерге; зиян келтірушінің осындай жағдайын білген, бірақ оны әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қорғаншылық жасау туралы мәселе қоймаған жұбайына, ата-анасына, кәмелетке толған балаларына жүктеуі мүмкін.

         Айналасындағыларға  жоғары қауіп туғызатын қызмет (жоғары қауіптілік көздері) арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 931- бабында толық көрсетілген:

          1. Қызметі  айналасындағылар үшін жоғары  қауіптілікпен байланысты заңды  тұлғалар мен азматтар (көлік  ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, көлік құралдарының иелері және т.б.),  егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіптілік көздерікелтірген зиянды өтеуге міндетті.

         Зиянды  өтеу міндеті меншік құқығымен, шаруашылық жүргізу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негізбен (мүліктік жлдау шарты, көлік құралын басқару құқығына берілген сенімхат, көздері беру туралы құзіретті органның өкімі арқылы және т.б.) жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледі.

       2. Жоғары қауіптілік  көздерінің иелері қауіптілік  көздерінің өзара іс-қимылының (көлік  құралдарының соқтығысуы жәнет.б.) салдарынан келтірілген тұлғаларға  келтірілген зиян үшін осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша ортақ жауапты болады.

         Жоғарыда  қауіптілік көздерінің өзара  іс-қимылы салдарынан олардың  иелеріне келтірілген зиян жалпы  негіздерде өтеледі. Бұл орайда:

  1. бір тараптың кінәсінен келтірілген зиянды осы тарап толық көлемінде өтейді;
  2. екі немесе бірнеше тараптың кінәсінен келтірілген зиян олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне сай өтеледі.

        Тарптардың  әрқайсысының кінәсінің дәрежесін  белгілеу мүмкін болмаған кезде  жауаптылық олардың арасында тең бөлінеді.

         Зиян келтіруде  тараптардың кінәсі болмаған  кезде олардың бірде-біреуінің  зиянды өтеуге талап етуге  құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы  мұндай жағдайда өзі шеккен  шығындар тәуекелін көтереді.

        3. Жоғары қауіптілік  көзінің иесі, егер қауіптілік көзі басқа тұлағалардың заңға қарсы әрекеттері салдарынан иеленушінің иелегенен шыққанын дәлелдесе, осы көз келтірген зиян үшін жауап бермейді. Мұндай жағдайларда жоғары қауіптілік көзі келтірілген зиян үшін ондай көзді заңға қайшы иеленушілер жауап береді. Жоғары қауіптілік көзін оның иелігінен заңға қайшы алуда иеленушінің кінәсі болған жағдайда жауаптылық иеленушіге де, жоғары қауіптілік көзін иеленген тұлғалар да жүктелуі мүмкін.

        Қазақстан  Республикасы Азаматтық Кодексінің 932-бабында бірлесіп келтірілген зиян үшін жауапкершілік анықталған:

        Бірлесіп зиян  келтірген тұлғалар жәбірленушінің  алдында ортақтасып жауап береді.

         Сот жәбірленушінің  арызы бойынша және оның мүдделері  үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы.

        4.  Заттар  – азаматтық құқық қатынастарынаң  обьектілері. Азаматтық құқық қатынастарының  обьектілері деп заттарды (мүлік  және мүліктік құқық), жұмыс пен  қызметті, ақпаратты, материалдық деп  есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интелектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы обьектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл обьектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. әдетте, азаматтық құқық обьектілерінің шеңбері айнымалы келеді. Мысалы, күні кешеге дейін ақпарат оның аясына кірмеді. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарынаң обьектілерінің негізгі бөлігін заттар құрайды . Зат деп материалдық әлемнің кез келген обьектісін айтамыз. Заттардың заңдық тағдырына оның сапасы мен құқылық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан да азаматтық құқықтарда заттарды саралаудың (классификациялау) алуан түрі кездеседі.

       Заттар азаматтық  айналымдағы қатынасына орай  шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқашан   шектеусіз қолдан қолға өте береді. Былайша айтқанда, мұндай заттар азаматтық айналымға емін еркін қатысады. Айналым қабілеттілігі шектелген заттар азаматтық айналымға қатысушылардыңбелгіл бір бөлігіне қатысты, немесе айналымы ерекше тәртіппен жүзеге асады. Осы обьектілердің шеңбері заңмен айқындалады. Оған у, қару-жарақ, оқ-дәрі, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер, тағы басқалар жатады.

Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері