Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 19:10, реферат

Описание работы

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: "оларды бұзу олардың сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады"1. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптердің соттар туралы заңдардың қалыптасуында, адам және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
1.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................5
1.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................10


Қорытынды..............................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................16

Файлы: 1 файл

111.docx

— 36.67 Кб (Скачать файл)


Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

1.1. Кінәсіздік презумпциясы  ұғымы мен мәні......................................................5

1.2. Кінәсіздік презумпциясы  принципінің ерекшелігі.........................................10

 

 

Қорытынды..............................................................................................................13

Қолданылған әдебиеттер........................................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қылмыстық процесс  принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.

Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыстық  сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: "оларды бұзу олардың  сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша  болған іс жүргізуді жарамсыз деп  тануға, мұндай іс жүргізудің барысында  шығарылған шешімдерді бұзуға не осы  тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады"1. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптердің соттар туралы заңдардың қалыптасуында, адам және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Кінәсіздік презумпциясы (презумпция - лат. "ргаеsumptіо" сөзінен  алынған 1. ықтималдыққа негізделген жорамал; 2. кері дәлел келтіргенге дейін фактіні заң тұрғысынан шек келтірмейтін деп тану) адамның кінәлі екені сот арқылы анықталғанға дейін оның кінәсіз деп саналатынын білдіреді.

Ю. И. Стецовский мен А. М. Лариннің дәлелдеуінше, кінәсіздік преумпциясы - қылмыстық сот ісін жүргізудің принципі ғана емес, ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне қатысты жалпы құқықтық принцип.

Кінәсіздік презумпциясы өте ерте заманнан бері қолданылып келеді. Ол

Ежелгі Грекия, Ежелгі Франк, Рим мемлекеттерінің  қүқықтық заңдарында кездеседі. Бірақ, олардың жүзеге асырылу нысаны қазіргі  кезге қарағанда өзгеше. Мысалы, ертедегі кезде адвокаттар болмаған. Сот қызметкерлері немес айыпталушы шығьш сөйлейтін, сондай-ақ, олардың туыстары да сөйлей алатын. Сотта сөйлейтін сөздерін оларға заңгерлер жазып береді. Жазылған сөзді жаттап альш, жылдам әрі дұрыс айту шарт еді. Яғни, айыпталушы өзінің кінәсіз екенін сот алдында өзі дәлелдеуге тиіс. Бұл Ежелгі Грекияда жүзеге асырылатын. Ертедегі адамдар өз кінәсін белгілі бір сынаудан өту арқылы дәлелдейтін болған. Мысалы, сумен сынап көру. Ежелгі Франк мемлекетінде айыпталған адамның аяқ-қолын байлап, оны судан шығарып, кінәсіз деп соттан босататын. Су кінәлі адамды өзіне алмайды деген бұрынғыдан келе жатқан ұғым болған. Ертедегі адам құқығының жүзеге асырылуының тағы бір ерекшелігі, ол кездерде тергеу, анықтау органдары болмаған. Сондықтан да айыпталушы өзін ақтап шығап, соттың үкімімен босатылатын және оны ешкім де кінәлі деп тануға құқығы болмады.

Қоғамдық-саяси идея ретінде  ол ХVІІІ ғ. Ұлы Француз революциясы пайда болып, қылмыстық процеске саясатан келді. Кінәсіздік презумцияның алғаш көрінісі

XIX ғасырда құқық саласының дамуы өз өрісін кеңейтті. Жаңа заңдар, нормативтік актілер қабылданды. әсіресе Қылмыстық Кодексте кінәсіздік презумпциясына байланысты баптар енгізілді. Мысалы, Францияның 1810 жылғы Қылмыстық Кодексінің 4-ші бабында "Жасалғаны заңмен анықталғанға дейін бірде- бір тәртіп бұзушылық, бірде-бір жаза болу, бірде-бір қылмыс жазаланбайды».

Франция Республикасының  Конституциясында (1795 жылы 22 тамыз «Адам және азаматтардың құқығы мен міндеттерінің декларациясы») «заңдардың қағидалары тыңдалмағанға дейін ешкім де сотталмайды»1 делінген. Осылайша адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғам дамыған сайын тереңдей түсті.

 

              Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.

1.1. Кінәсіздік  презумпциясы ұғымы мен мәні.

Демократияның аса  маңызды сипатты белгісі мынада, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары  жарияланып қана қоймай, оларға әртүрлі  кепілдіктер де беріледі. Олар экономиккалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық кепілдіктер болып бөлінеді. Осылардың  ішінен құқықтық кепілдігіне тоқталып өтейік. Ол дегеніміз құқық пен  бостандықтарды іс жүзіне асыру тәртібін, олардың қорғау шараларын, бұзылған кезіндегі жауапкершілігін тағайындайтын құқық нормалары, нормативтік актілер. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың қызметі елеулі орын алады. Азаматтардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау өкілеттілігі де маңызды. Қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық кепілдіктерді өзінің " Адам және Азамат " деп аталатын екінші бөлімінде нақтылай түскен.

Жалпы кепілдік дегеніміз қамтамасыз ету деген  мағынаны білдіреді. Ал заң кепілдігі  дегеніміз - қолданылып жүрген заңдар арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу құқықтары, тағы басқа.

Осы құқықтарға кінәсіздік презумпциясын қосу керек: заңыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңдық күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңды үқсастығына қарай қолдануға жол берілмейтіндігі, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жазаға тартуға тыйым салу тағы басқа. Өкінішке орай, кезінде қолында билігі бар құрылымдар мен лауазымды адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді теріс орындауының кесірінен жазасын өтеп қайтқан ешбір кінәсіз адамдарды қылмыскер деп танудың куәгері біздін тарихымыз. Ұзақ уақыт бойы заңгерлер мен ғалымдар кінәсіздік презумпциясының өзіне күдік туғызды. Ал белгілі бір кезеңдерде ол өзінің мәнін мүлдем жойды. Тіпті заңда тікелей кінәсіздік презумпциясы жөнінде түсінік жоқ. Осыған қарамастан қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясында аталған терминдердің мағынасы"

Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, "- деп көрсетілген (77-бап, 3-тармақ, 1-ші тармақшасы).

  • айыпталушы өзінің кінәсәздігін дәлелдеуге міндетті емес;
  • адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының 
    пайдасына қарастырылады;

 

  • заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды;
  • ешкім де өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; 
    Осыған байланысты айтатын бір жәйт - ешкім өзіне-өзі, өз жұбайына

(зайыбына) және заңмен  белгіленген шектегі жақын туыстарына  қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.

Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы сот әділдігін жүзеге асырудың конституциялық принципінің бірін сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиіс. "Өзіне заңмен көзделген соттылығың оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды".

Іс жүргізу  заңымен әртүрлі санаттағы істердің соттылығын анықтағанда өзіндік  ерекшелігі, күрделілігі, істің қоғамдық мәні, оны тез және тиімді шешудің  қажеттілігі ескеріледі. Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің немесе азаматтық іс жүргізу кодесінің нормаларында көрсетілгендей, Конституцияньвд 77-бабының 3-тармағы 3-тармақшасының негізінде іс бойынша тараптардың келісімінсіз істің соттылығын өзгертуге болмайды.

Бұл Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатын конституциялық нормалар мен заңдардың және басқа да нормативті құқықтық актілердің нормалардан үстемдігін белгілейтін 4- баптың 2- тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.

Кінәсіздік презумпциясының  құқықтық негізі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы, онда былай делінген: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі ". Бұл тұжырым Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-шы бабында өрбітіліп, былайша берілген:

  • әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі Кодексте көзделген 
    тәртіппен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп саналады;
  • айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына 
    түсіндіріледі;

 

  • қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын қолдану кезінде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешілуге тиіс;
  • айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол дәлелдердің 
    жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.

Презумпциянын құқықтық негізіне жасалған талдау оның мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Осы презумпцияның мәнін құрайтын мына тұжырымдар:

а) айыпталушының қылмыс жасауға кінәлі екені алдын ала тергеу жүргізген және сотта қаралған кезде дәлелденуге тиіс;

ә) айыпталушыны сотқа беру оның кінәлі екені туралы мәселені алдын ала шешіп қою үшін негіз  болып табылмайды;

б) айыптау үкімі жорамалдарға негізделе алмайды және сотталушының 
кінәлі екені іс сотта қаралған кезде дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.

Қаралып отырған  принциптің мәнін сипаттай келіп, И. Д. Перлов былай деп жазды: "Осы  тұжырымдардың бәрі бір қатарда тұр және бір-бірімен ажырамас бірлікте. Олар, кінәсәздік презумпциясы идеясын, оның мазмұнын толық білдіреді".

Кінәсіздік презумпциясы әлі де дәлелденбеген нәрсені  анықталды деп ешқашан санауға болмайтындығы туралы идеяға негізделген. Принциптің терең ізгілік, адамгершілік мәні міне, осында.

Стецовский Ю. И. мен  Ларин  А.М.дәлелдеуінше, кінәсіздік презумпциясы – қылмыстық сот ісін жүргізудің принципі ғана емес, ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне қатысты жалпы  құқықтық принцип2.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде  кінәсіздік презумпциясы ықпалының  шептері мынадай құқық формаларымен айқындалады:

а) адамның кінәлі екені заңды түрде анықталғанға дейін оны кінәлі деп санамау жөніндегі талапты қылмыстық сот ісін жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен өкілетті адамдардың бәрі басшылыққа алуға тиіс;

ә) кінәсіздік презумпциясының  принципі Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қатысты;

б) кінәсіздік презумпциясының  принципі істі жүргізу кезіне және іске нақты қатысушы адамдарға қарамастан жалпы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынасына ықпал етеді;

в) айыпталушының  еңбек қатынастары тек айыптау  үкімі еңбек қатынастарын одан әрі жалғыастыруға мүмкіндік бермейтіндей заңды күшіне енгенде ғана тоқтатылады;

г) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды оқу орнынан шығаруға болмайды;

д) адам тергеуде және сотта  болған кезде оны тұрғын үйге деген құқығынан айыруға болмайды (адамның келісімінсіз тұрғын үйді айырбастауға, жалға беруге, жаңа тұрғындар қоныстандыруға болмайды, қамауға алынған адам жаңа тұрғын үй алу ордеріне жазылуға тиіс).

Кінәсіздік презумпциясының  негізінің мазмұны бойынша ол дегеніміз әлі ештеңе дәлелденбеген. Кінәсіздік презумпциясы –демокративті, гумманизмді және Қазақстан Республикасының  құқықтық іс жүргізудің заңдылығында көрніс табатын принцип.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Кінәсіздік  презумпциясы принципінің ерекшелігі.

1995 жылғы Қазақстан  Республикасының Конституциясы  тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптерінің соттар туралы заңдарының қалыптасуында, адам және азаматтардың қүқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз : "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп танылады".

Кінәсіздік презумпциясының  негізгі ерекшеліктері - оның кылмыстық  сот ісін жүргізу принциптері жүйесіндегі орны мен маңызын айқындайды. Кінәсіздік презумпциясын өзге ережелер қатарынан бөліп көрсететін ерекшеліктер мыналар:

  1. адамды мемлекет атынан айыпаты деп тану - соттың ерекше құқығы;

2. адамды алдын ала тергеу барысында айыпталушы ретінде тарту оның кінәлі немесе кінәсіз екені туралы соттың шешім қабылдауына бөгет болмайды;

3. айыпталушының кінәләмен ұқсас еместігі;

  1. адамды кінәлі деп тек соттың заңға сәйкес шығарған үкімі бойынша ғана 
    тануға болады;
  1. айыптау үкімін қылмыс жасалуына сотталушының кінәлі екені сотта қарау барысында дәлелденген жағдайда ғана шығаруға болады;

6.қадағалау ретінде соттың істі тоқтату туралы қаулысьша, неғүрлым ауыр 
қылмыс туралы заң қолдану қажеттілігінің дәлелдері бойынша айыптау үкіміне, жазаның жүмсақтығына немесе сотталушының жағдайын нашарлататын өзге де негіздер бойынша, сондай-ақ соттың ақтау үкіміне, яки

істі тоқтату  туралы қаулысына шағым жасау, наразылық  білдіру мүмкіндігі.

Кінәсіздік презумпциясының  маңызы мынада:

а) оны дұрыс түсіну мен дүрыс қолдану, қате пікірге, сыңаржақтылыққа, айыптау бейіміне жол бермеу;

ә) материалдық және іс жүргізу  қүқығы нормаларының қалай болса  солай қолданылуына жол бермеуі;

б) қылмыстық  жазаның тек кінәлі адамға қолданылуына себептеседі .

Кінәсіздік презумпциясы - зандылық қағидат. Бұл қағида бойынша сот арқылы кінәсі белгіленіп дәлелдейінбейінше, адам қылмыскер деп саналмайды. Сондықтан да, судья заңды қолданған кезде төмендегі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:

Информация о работе Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні