Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 19:10, реферат

Описание работы

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: "оларды бұзу олардың сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады"1. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптердің соттар туралы заңдардың қалыптасуында, адам және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
1.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................5
1.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................10


Қорытынды..............................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................16

Файлы: 1 файл

111.docx

— 36.67 Кб (Скачать файл)

1. Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі Қылмыстытық іс 
жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дәлелденбегенге дейін кінәсіз деп 
саналады;

  1. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тиіс емес;
  2. Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына 
    түсіндіріледі. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңын қолданған кезінде 
    пайда болған күмәндер де айыпталушьшың пайдасына шешілуі тиіс.
  3. Айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол ақиқат 
    дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.

Осындай түжырымдардың  мазмүны Конституцияның басқа да баптарында айқындала түседі.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының "Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 1999 жылы 9 шілдеде қабылданған Қаулысы жеке басқа тікелей қол сұғушылыққа байланысты органдардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі азаматтардың құқығын анықтады. Оларға мыналар жатқызылды:

  • бұлтартпау шараларын немесе заңда көзделген өзге де іс жүргізу 
    мәжбүрлеу шараларын қолдану;
  • қылмыс жасады деген сезік бойынша немесе қылмыс жасауға әрекет 
    етті деген сезік бойынша немесе қылмыс жасауға әрекет етті деген сезік 
    бойынша ұсталған адамды немесе бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу 
    белгіленген адамды оның өмірі мен денсаулығына қаіпті жағдайларда ұстау;
  • бұл жөнінде соттың шешімі болмаған жағдайларда сот -психиатриялық

немесе сот - медициналық  сараптама жүргізу үшін күзетке  алынбаған адамды медицина мекемесіне мәжбүрлеп орналастыру;

  • зорлық - зомбылық көрсету;
  • қатыгез немесе адамдардың ар-намысын кемсітетін қарым-қатынас жасау;
  • іс жүргізу әрекеттерін оларға қатысатын адамдардың өміріне немесе 
    денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда жүргізу;

- қылмыстық процеске қатысатын адамдардың ар-намысын кемітетін 
немесе қадір-қасиетін қорлайтын шешім қабылдау немесе іс-әрекеттер жасау;

- адамдардың жеке өмірі туралы, сондай-ақ кұпия сақтағысы келген жеке 
сипаттағы өзге де мәліметтерді Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде 
көзделмеген мақсаттарда пайдалану және тарату.

 Конституциямен баянды етілген адамдардың және азаматтардың қүқықтры мен өзге де нормативтік қүқықтық актілерді қолдануға қақысы жоқ.

Дегенмен заңдар мен өзге де нормативтік қүқықтық актілерде бекітілген қүқықтарды әлдекімнің бүзған оқиғалары, әсіресе мүндай әрекеттер  өкілетті органдар тарапынан кездесетін оқиғалар болып жатады. Мысалы, жазықсыз сотталғандарды жаупқа тарту және тағы басқа да оқиғалар болып жатады. Бүл жазықсыз адамдарды жауапқа тарту мен басқа да оқиғаларды жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының  Конситуциясы 12-бабының 2 тармағьшда: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен қзге де қүқықтық актілердің мазмүны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп жазылған. Осы себептер болар, халықаралық құқық қауіпсіздікті адамның басты өзіндік қаруы етіп көрсетеді. Мәселен, 1948жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясында»: « әрбір адамның өз өмірі мен бостандығына қол сүғуға болмайтындығы» (3 -б), «ой-пікір, ар мен дін бостандығы» және тағы басқа ауадай қажетті қасиеттері атап көрсетілген .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Кеңестік іс жүргізу  ғылымы да кінәсіздік презумпциясына түрліше көзқараста болды. Онда мына бағыттар барынша айқын байқалды:

1. Кінәсіздік презумпциясы принципінің теориялық-қүқықтык мәніне берілген, идеяның өзін «Жел болмаса, шқптің басы қимылдамайды» деген схемаға саятын тым қарабайыр баға - қылмыстық іс қорғауға және оны тергеуге себеп болған заңды негіздер бар болса адамдарды кінәлі деп іс жүргізуде тануға болады. Бұл түсіндірмеде бастапқы идеяның бүрмаланған соншалық, ол өзіне кереғар үғымға айналған: егер адам кылмыстық жауапқа тартылған болса, ол, сөз жоқ, кінәлі. Түбірінен қате осы көзқарасты қорғай отырып, К.А.Мокичев былай деп жазды: «... дәл осы нақты факті бойынша дәл осы нақты адамдардың кінәсіз тергеуге де, сотта қарауға да болмайды».

К.А.Мокичевтің және оның ізбасарлары, М.А.Челыдовтың, Е.Г.Мартынчиктің көзқарасы  П.И.Кудряцев және басқа да ғалымдар орынды түрде қатты сынады.

2. Екінші бағыт  қылмыстық жауаптылыққа тартылған  адам күні бүрын кінәлі деп  саналады, сондықтан дәлелдеу салмағы  соған салынуы тиіс деген көзқарасты  жақтады. Проблеманың осылайша  түсінілуін жақтаушы В.С.Тадевосян  былай деп жазды: «... қоғам мен мемлекет айыпталушьшың кінәлі екенін қалай дәлелдесе, ол өзінің кінәсіз екенін солай дәлелдеуге тиіс». Дәлелдеу салмағын айыпталушыға салудың теориялық та, практикалық та негіздемесе жалпы қылмыстық іс жүргізу қүқығының мән-мақсатында жок, бұл Я.О.Мотовиловкердің, М.С.Строговичтің және басқалардың еңібектерінде жеткілікті дәрежеде айқын көрсетілген.

3. Қылмыстық іс жүргізу  құқығы принциптің жүйесін ұғынудың үшінші бағыты - қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар жөніндегі қандай да болсын жаман ойдан бас тарту. Осы көзқарасты жақтаушы С.А.Голунский «... айыпталушы кеңестік процесте кінәлі деп те, кінәсіз деп те жорамалданбайтынын» негізге алған. Оның пікірінше, айьшталушы жөнінде соттың мүлдем бейтарап болуы - іс бойынша шешім шығару куәгерге әділдіктің кепілі, бүған қоса соттың әділ болуға міндетті екені заңда тікелей атап көрсетілген. Бұл түсініктің қате екені мынада: кінәсіздік презумпциясы принциптерінен туындайтын қүқықтық нүсқамалардың мазмүны мен бағыты; ақтау үкімін шығару шарттары мен негіздері, сейілмеген күдіктің айыпталушы пайдасына түсіндірілуі және т.т еленбеген.

Сонымен бірге, кінәсіздік презумпциясы принципін қабылдау құқық демократизмі мен адамгершілігінің көрінісі болып табылады. Қазіргі кезде кінәсіздік презумпциясы заңгерлердің көпшілігі арасында танылып отыр. Айтыс оншалықты маңызды емес мәселелер төңірегінде жүргізілуде. Мәселен, В.М.Савицкий заңға " Кінәсіздік презумпциясы" деген бап енгізуді ұсынады, ал С.А.Голунский болса, принцип керек, бірақ мамандардың шағын табына ғана түсінікті "презумпция" сөзін қолданбаса да болады деп санайды. Осы және басқа айтыстар проблеманың мәніне әсер етпейді .

Біздің ойымызша, бұл тақырып төңірегіндегі қарастырылып отырған мәселе бұрынғы кезде де, қазір, келешекте де ғалымдар тарапынан дами түсуін жалғастырады. Бірақ біз, құқықтық мемлекет ретінде өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғап, заң алдында тиісті адамдардың жауап беруін қадағалаймыз деп сенеміз. Сондықтан да, В.М.Савицкийдің айтқанымен келісіп, «кінәсіздік презумпциясы» ұғымын демократиялық мемлекеттердің заңдарының баптарына енгізу дұрыс деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер :

 

      1. Нормативтік актілер.

1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы Қазақстан баспасы., 1995.

1. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексі.-Алматы: Жетіжарғы, 1998.-3846.

 

3. Ағыбаев А. Қылмыстық  құқықтың принциптері // Тураби, 201-01. №5. -25-4.Қылмыстық іс жүргізу құқығы. (Жалпы бөлім) Төлеубекова Б.К. Алматы «Жеті жарғы» 2000ж.

2 бб.

 

 


Информация о работе Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні