Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2015 в 21:20, контрольная работа

Описание работы

Мақсаты – оқыту барысында және алдындағы практикалардан өту барысында алынған білімдерін бекіту және тәжірибелік икемділіктерін меңгеру.
Практиканы өту кезінде алға қойылған міндеттер:
- Баянауыл ұлттық паркімен танысу;
- Баянауыл ұлттық паркінің туризм жағдайымен танысу;
- Баянауыл ұлттық паркінің көрікті орындарына шолу жасау;
-көрікті жерлері жайлы ақпарат алу;
-өз білімінді кеңейту мақсатында тәжірибе жинау.

Файлы: 1 файл

otchet_bayan.doc

— 871.50 Кб (Скачать файл)

 Рыбный ключ (Шорманның сазы) бұлағы Сабындыкөл көлінің негізгі сукөзі болып табылады. Бұлақ алабы Сабындыкөл су жиналымының 60 % құрайды. Көлдің салалармен санағанда жалпы ұзындығы 31,3 км, су жиналым ауданы 65,3 км2, өзеннің жалпы құламасы 137 м, орташа құламасы 11,4 %. Рыбный ключ бұлағы бастауын Жалаңбас тауынан екі атауы жоқ құраушысы арқылы алады. Алаптағы су ағынның жалпы ұзындығы 40,9 км, өзен торабының шоғырлығы 0,63 км2. Сужиналым шегінде, әсіресе таулы бөлігінде шашыраңқы және жинақы бұлақтар мен бөлек түрдегі сынықтық су көздері бар. Сужиналымының жазықтық бөлігіне келгенде бұлақ суының бір бөлігін жол бойы қалдырып, Сабындыкөл көліне толық жеткізбейді. Аңғары жоғары ағысында үздікті сызықтармен жабылған (ені 8-15 м). Құяр жерінде аңғарының ені 100-150 м дейін жетеді. Барлық өзен бойы 2-2,5 м құрайтын тар арна таралған. Су тасу кезеңінің ұзақтығы 10-28 күн. Деңгейінің ауытқу амплитудасы жоғары ағыстарында 0,4-0,8 м, орта ағысында 0,3-0,5 м, құяр сағасында 0,2-0,3 м. Су тасу кезеңінің ұзақтығы 5-10 күн, орта есеппен шілденің ортасына дейін сақталады. Су шығыны 13 км, бастауынан жылдың сулылығына байланысты өзгереді. Бұлақ суы тұщы. Құрамы гидрокарбонатты кальцийлі. 

 

 

Сурет 1 − Ең ірі Сабындыкөл көлі

 

Өсімдіктер әлемі. Паркте өсімдіктің төрт түрі бар: тоғай, орманды дала, орман мен шабындық.

Парктегі өсімдік әлемінің әртүрлілігі Баянауыл қарағайы мен қара қандағашты қоса алғанда 460 түрге жуық өсімдікті құрайды. Баянауыл қарағайы тас пен өсімдіктің ғажайып үйлесімділігін жасай отырып, тастарда өседі. Парктегі өсімдіктердің әртүрлілігі оның өсімдігі тапшы шөлейт дала ортасында орналасқанын ескере отырып, ерекше таң қалдырады. Ақ қайыңмен, қарағаймен, қандағашпен және көктерекпен қоса паркте көптеген бұталар, соның ішінде жидек беретін бұталар – таңқурай, ит мұрын, қарақат, долана өседі. Шабындықтарда құлпынай жиі кездеседі. Орманда саңырауқұлақтар өседі. Паркте көнезамандық өсімдіктердің 50 түріне жуығы, көнезамандық қара қандағаш пен көнезамандық тас қарақат кездеседі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі.

 

 

Сурет 2 − Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жабысқақ қандыағаш

 

Жануарлар әлемі. Баянауылда 50 түрге жуық құс пен 40 түрге жуық жануар өмір сүреді, олардың ішінде құндылығы жоғары жабайы орман құстары тобын, сондай-ақ архарларды, еліктерді, борсықтарды, тиіндерді бөліп атауға болады. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып келе жатқан түрі ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғалуға жататын архар парктің ерекше мақтанышы болып табылады.

Құстардан паркте тырнаны, аққуды, құтанды, дуадақты, жыртқыш құстардан – бүркітті, күйкентай мен кезқұйрықты кездестіруге болады. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар.

 

 

Сурет 3 − Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген арқар

 

Климаты. Баянауыл таулары Азиаттық материктің ортасында орналасқан, сондықтан климаты континенттік сипатта. Орта жылдық температурасы 3,2 °С құрайды. Қаңтардағы орташа температурасы − 13,7 °С, ең төменгісі − 17,8 °С.

Шілдедегі орташа температурасы 14,6 °С, ең жоғарғысы 32,6 °С дейін жетеді. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 140 күнді құрайды. Шөгінділердің жылдық саны жеке жылдардағы 190-нан 494 мм-ге дейінгі өзгерістермен 340 мм құрайды. Баянауылдағы желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 2,9 м құрайды.

Жергілікті жер үшін қатты континенттік климат тиесілі, Баянауылда Павлодар облысының далалық аудандарында болатын қатты желдер мен құмды борандар соқпайды.

 

1.3 Туризм жағдайы

 

Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы аумағында 35 демалыс орындары бар, оның ішінде Жасыбай көлінде – 28, Сабындыкөл көлінде – 5, Торыайғыр көлінде – 2 үйлер және жату орнын, қайық, қатамаран, экскурсияға арналған автобустар, жазғы кезеңдегі мәдени шаралары бар 2 балалар лагері бар. Қазіргі кезде ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіштер, табиғи ескерткіштер және көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықта 11 туристтік бағыттар мен 1 ботаникалық соқпақ әзірленген.

Баянауыл елдімекені – курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды. Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі: Баянауыл таулары батыстан шығысқа қарай 40-50 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырым. Ең биік нүктесі – Ақбет тауы, ол 1026 м биіктікте. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшелігі – жартастар (Кемпіртас, көгершін, Булка (Найзатас), аттың басы, тас жастықтар және т.б.), Сабындыкөл (ауданы 7,4 шаршы шақырым) және Жасыбай (ауданы 4 шаршы шақырым) көлдері, үңгірлер (Әулиетас 22 м) және Драверта үңгірі (тастағы жазулар), Құмыра (сарқырамасы бар 3 м), тас шатқалдары және т.б. көрікті жерлердің болуы.

 

Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдері жыл сайын мыңдаған туристерді қарсы алады, бұл үшін көл жағалауларында демалыс үйлері мен пансионаттар көптеп орналасқан.

 

 

Сурет − 4 Кемпіртас тауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Баянауыл ұлттық паркінің мемлекеттік ғылыми−өндірістік мекемесінің құрылымы

 

 

2.1 Парктегі құрылым әкімшілігінің бөлімдері

  

Парк құрылым әкімшілігі төрт бөлімге бөлінеді. Ғылыми бөлімнің мамандарымен парк аумағында 4 ғылыми жұмыс жүргізіледі:

- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парктің табиғат жылнамасы;

- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түгендеу;

- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өртке шалынған территориясындағы орман алқаптарының экологиялық жүйесін қалпына келтірүдің ғылыми негізін әзірлеу;

- Жануар дүниесінің экологиялық мониторингі.

Туризм бөлімі. Туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөлімінің басты бағыттары:

- басқа құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен ұлттық парк территориясында реттелмелі туризм мен демалыс бойынша жұмыстарды жоспарлайды және ұйымдастырады;

- жүйеге келтіруді, сақтауды, ұлттық парктегі туристік нысандар, олардың мінезі, қолдану келешегі жайлы ақпараттардың анализін қамтамасыз етеді;

- жалға беру бойынша келісім шарт жағдайын бақылайды;

- тұрақты даму туризмінің  аймақтық бағдарламалардың құрастырылуына  және жүзеге асырылуына қатысады;

- ұлттық парк және оның жеке туристік маршруттары бойынша жолнұсқа дайындауда қатысады;

- парктің қаржылық-экономикалық қызметтерімен бірге ұлттық паркте келушілерге ұсынатын ақылы қызметтердің есебін жүзеге асырады;

- туризм және демалыстың  дамуына жауапты мемлекеттік органдармен, аймақта туристік қызметті жүзеге асыратын заңды және физикалық тұлғалармен қызмет етеді;

- парктің территориясында туристік инфрақұрылымның дамуы туралы жыл сайынғы жоспарлар және бағдарламаларды дайындайды;

- қабылдау және келушілерге  қызмет көрсету ережелері бойынша  ұлттық парктің қызметкерлерімен  техникалық оқытуды жүргізеді;

- ұлттық парк территориясындағы туризм мен демалысты ұйымдастыру және дамыту бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;

- ұлттық парк базасында  тұрғындардың экологиялық ағарту  бойынша жұмыстарды өткізеді, балалар экологиялық ағарту бойынша методикалық жұмыстардың құрастырылу жоспарына ат салысады, онымен қоса, оны өткізеді;

- экологиялық соқпақтар, экскурсиялық маршруттар, көріністік алаңдар, ақпараттық пункттерді құрастыру және орналастыру бойынша ұсыныс жасайды, мұражай міндеттемесімен байланысты жұмыстарды атқарады;

- экологиялық тематика бойынша ұйымдарда дәрістер, кеңестер өткізуге, орындауға қатысады, сонымен қатар басқа да экологиялық-ағарту іс-шараларына қатысады;

- экологиялық экскурсияларды ұйымдастыру және өткізумен, танымдық туризм дамуымен байланысты жұмыстарды атқарады, қоғамдық  табиғатты қорғайтын ұйымдармен өзара әрекет жасайды;

- ұлттық парк мамандарының, басқа да ұйым мамандарының жүйелік қатысу дайындығына, буклеттерді, фотобасылымдарды әзірлеу, шығару, дайындау, слайд, кино және видеофильмдерді, анықтамалық және картографиялық материалдарды және басқа да ақпаратттық-басылымдарды, белгілер, кәдесыйлар, бейнелемелер жасауға қатысады.

Ғылыми жұмыстар С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетпен бірлесіп қосымша тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізеді. Туризм мамандарымен 11 туристік маршруттар үйымдастырылған. 2007 жылы парктін 13 қызметкері гид-экскурсовод маманын оқып игеріп бітірді. Үш туристік фирмалармен келісім шарт жасалып, сол келісім шарт бойынша туристік маршрутарға қызмет көрсетуде. 2007 жылы туристік маршрутта халық саны 8101 жетті. Оның ішінде жаяу маршруттарда 3550 және көлікті маршрутда 4551. Ғылыми, экологиялық ағарту және туризм бөлім мамандары «Екпінді саябақ», сенбіліктер сияқты экологиялық акциялар өткізеді,. Мектеп орманшылықтарымен, оқушылармен демалушы туристермен және балалармен жергілікті турғындармен кездесу өткізіп, ұгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді жене де парк аумағында туристік маршруттарды тазалау, көркемдендіру жұмыстарымен жүргізіп ерекше қорғалатың табиғи аумағында рекреациялық тежеуді анықтайды.

Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі. Жануарлармен, өсімдіктердін әлемін қорғау жұмысымен айналысады. Қазіргі кезде паркте өсімдіктердін 485 және жануарлардын 566 түрі мекендейді. Оның ішінде Қызыл кітапқа енгендер 5 өсімдік, 11 жануарлардын түрі енген. Өртке қарсы шаралар және биотехникалық жұмыстарын жүргізеді. Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімі.

Орманды қорғау мен және өртенді жерлерді қалпына келтіру, тұқым бағында тұқым егу, өсіру жұмыстарымен айналысады.

Қаржы және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі. Жылдық бюджеттің қаржылық жоспарын әзірлейді, еңбек пен еңбек төлеу, есептеу, талдау және пайдалану жөнінде бағдарламаны дайындау. Еңбек пен еңбек төлеу, есептеу, талдау және қадағалау, іс қағаздарын жүргізіп ұйымдастырып және оған қадағалау жасау.

Мемлекеттік инспекторлар – парктің аумағында қорғау жұмыстарын жүргізеді және жануарлар мен өсімдіктер әлемін бақылайды Қазіргі кезде ұлттық парктың 16 мемлекеттік инспекторы Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінде орман шебері мамандығы бойынша оқиды.

 


 


 

 


 

 

 

 

 

 

Сурет 5 – Туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөлімінің құрылымы

 

2.2 Туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөліміндегі экскурсоводтың міндеттері

Экскурсоводтың міндеттеріне жатады:

- экскурсияның мәтінін дайындау әдістемелік мәліметтерді және экскурсоводтың потрфелін дайындау керек;

- экскурсияларды жүргізу және экскурсияда жол ақпараттарды беру және экскурсияларды ғылыми және әдеби тілде жүргізу керек;

- экскурсияның мәтіндерін экскурсовод өз уақытында жаңарту керек;

- экскурсия мәселесіне байланысты конференцияларға және көрмелерге қатысу керек;

- туристтердің назарына байланысты экскурсияларды дайындау керек.

- жаңа экскурсияны дайындағанда туристтердің талаптарын ескеру керек;

- сөйлеу мәдениетіне ие болу керек және сөйлеу шеберлігін жетілдіру;

- экскурсияны жүргізуге қажетті құжаттарды дайындау, музейлермен, көлік фирмаларымен келісім шарттарды бекіту керек;

- туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған іс-шараларды қолдану;

- экскурсовод бөлім бастығының экскурсия мәселесіне байланысты бұйрықтарымен таныстыру керек;

- экскурсовод экономиканы және нарық негіздерін білуі керек;

- экскурсовод экскурсияның мақсатын және тақырыбын білуі тиісті;

- экскурсовод экскурсияның маршрутын және әдістемелерін білуі тиісті;

- экскурсанттарға қызмет көрсетуді білуі керек;

- экскурсовод қауіпсіздік техникаларын және өртке қарсы сақтықты білуі керек.

 

 

3 Қоғамдық-мәдени  сервис пен туризмдегі анимациялық қызметтің теориялық негіздері

 

 

3.1 Анимация мәдени-бос уақытты қызметтің түрі ретінде

 

Анимация (латын тілінен аnima, animus – рух, жан, және animates – тірі, ағылшын тілінен animation – «жігерлілік, шапшаңдылық») – басты бағыты, демалыс уақытында адамдардың көңіл–күйін көтеруге бағытталған іс–әрекет болып табылады. Анимация – туризмдегі жаңа бағыт болып саналады. Анимация – бұл демалыстың жандануы және іс–шараларға жеке қатысудағы алған әсерлері. Анимация – бос уақытты өткізуге, ойын–сауық түрлерін ұйымдастыру мен спорттық досугты өткізуге арналған арнайы бағдарламаларды ұсынатын және өңдейтін оперейтинг кешені. Анимация –ойындық, театрланған шоу-бағдарламаларда, спорттық және мәдени іс-шараларда демалушылардың көрермендік, жеке қатысуын жорамалдайтын туристік және курорттық қызметтегі жаңа бағыт болып табылады.

Информация о работе Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы жалпы мәлімет