Технологиялық бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2017 в 20:33, курсовая работа

Описание работы

Құрылыста жоғары бағаланатын жаңа технология мен материалдарды қолдану жиілей бастады. Қазіргі таңда жоғарғы ғылыми-техникалық прогресс пен технология ғасыры деп, құрылыс индустриясына шетелдік инвестиция тартылып, республикада мемлекеттік қана емес, дүниежүзілік стандартты қанағаттандыратын жаңа құрылыс материалдарын ойластыру қажет. Осындай құрылыс материалдары құрылып жатқан ғимараттардың сәулеттік бейнелері мең түрлерін жақсартады және құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Құрама темірбетон конструкцияларын олардың салмағын көбейтпей-ақ жүзеге асырып ірілету монтажды бірліктер санын азайтуға, ғимараттар мен үймереттерді құрудағы жапсарлар мен жіктер санын азайтуға, яғни монтажды жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Содержание работы

Жобаға берілетін тапсырма. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І.Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ.Өндіріс туралы жалпы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ.Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1 Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2 Өндірістің технологиялық схемасын әдісін таңдау . . . . . . . . . . . . . .
3.3 Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4 Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.5 Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу .
3.6 Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІV.Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қауіпсіздік техника шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
V. Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VІ.Пайланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VІІ.Графикалық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Технологиялық схема.

Файлы: 1 файл

Автоклавта қатаятын газды бетон сыртқы қабырғалық панельдерді өндіретін цех..doc

— 173.50 Кб (Скачать файл)

       Техникалық бақылау жүйесі сапаны бақылау және өндірілген материал  мен бұйымның нормативтік құжаттарға сай болуын қамтамассыз етеді, сонымен қатар бұйымды сертификаттайды. Техниалық бақылау бөлімі сапасыз бұйымды анықтап қана қоймай, осы типтес фактілерді ескертеді. Осы мақсатпен техникалық бақылау бөлімі  өндіріске түсетін материал сапасын  бақылайды, жарамсыздардың пайда болуы мен бұйымның сапасының төмендеу себебін анықтайды.

       Техникалық бақылау  бөлімі  заводтағы және цехтардағы  зертханалармен біріге  жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

IV. Қоршаған ортаны және  еңбекті қорғау.                 

       Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру аумағындағы анализ, бүгінгі күндегі негізгі зиянды өндіріс факторлары, атмосферадағы газ қалдықтары және батпақтар екенін көрсетеді.

Үнемі шаң болатын орындарда мысалы, диірмен алдында, шикізатты бір жерден екінші жерге тиеу, тасымалдау кезінде шаң болдырмау үшін бірнеше іс-шаралар жүргізіледі. Жобаланған зауытта ауадағы шаңды ұстау қондырғылары ілінген.

Қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып құмды кептіру және әктастарды ұнтақтау болып табылады.

Дәл осы сияқты зиянды өндіріс факторларына батпақтар жатады. Дірілден қорғану әдістері жеке және топты болады. Берілген өндірістегі дірілден жұмыс орындарын қорғау негізінен дірілден оқшаулауды қолданумен қамтылған, негізгі бағыт динамикалық дірілді өшіру.

Ұялы бетон  және машина астарында резеңкелі кілемшелер қондырылған.

Жұмыс процессі кезінде барлық  жұмысшылар келесі ережелерді сақтауы қажет. Жұмысты бастау алдында арнайы киім және арнайы аяқ-киім тексеріп шығуы керек. Қондырғыларда қызмет көрсететін жұмысшылардың арнайы киімдері үлкен болмауы керек. Бас киімдерді баспен тығыз тігу керек. Жұмыс істеп тұрған механизмдер қасында киімдерді киіп-шешу рұқсат етілмейді. Жұмыс ауданының және қондырғыларды жарықтандыру барлық қондырғыларды толық, айқын көрінуін қамтамасыз ету керек.

Жұмыс басталмас бұрын әр жұмысшы өз жұмыс орнын дайындауы қажет. Құрал-жабдықтарды, қажетті бұйымдарды дұрыс және ыңғайлы орналастырып, бұйымдарды сақтау қауіпсіздігін тексеріп тұру қажет.

Жарақаттану және жазатайым оқиғаларын болдырмау үшін жұмысқа жұмыс орнындағы нұсқауларды өткен адамдар ғана жіберіледі. Жеке цехтарда әсіресе қауіпті цехтарда жұмысшылар комиссия мүшелеріне қауіпсіздік техникасы бойынша емтихан тапсырулары қажет.  

Санитарлы-қорау аумағының шекарасын анықтау.

Санитарлы-қорау аумағының сыртқы шекарасы бастапқысынан тұрғын үйлер қыстақтарына дейін орналасады.

Lo = L( P / Po )                                                   

Мұндағы: Lo-шығу көзінен санитарлы-қорғау аумағының шекарасына дейінгі арақашықтық= (100),м.

P-қарастырылған жел бағытының  орташа жылдық қайтарылуы,%.

Po-берілген румбаның жел бағытынның қайталануы, жыл бойы және сегіз румбалық бағытта.                                    

                      Po= 100/8 = 12.5%                                   

Санитарлы -  қорғау аумағы 100м.

                              Қауіпсіздік техника шаралары

 

Құрғақ  құрылыс қоспаларын дайындау өндірістік жұмыстарда СНиП - те көрсетілген ережелерді сақтау қажет. Құрылыстағы техника қауіпсіздігі бойынша технологиялық процесстерді  ұйымдастыру санитарлы ережелер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас санитарлы-эпидемиологиялық басқаруымен мақұлданған.

Желдеткіш жұмысы кенет тоқтап қалған жағдайда, бөлме есігін ашық қалдырған бөлмені босату керек. Бөлмедегі ауалық орта жағдайын бақылауды систематикалық орындау қажет.

Жұмыс аймағындағы ауада зиянды заттардың құрамы консентрация рұқсат еткен шегінен аспауы керек, ол жоспарланған кәсіпорын санитарлы нормаларында көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V.Қорытынды

 

Бұл курстық жоба бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Курстық жоба тақырыбы:Автоклавта қатаятын газды бетон сыртқы қабырғалық панельдерді өндіретін цех.Жылдық өнімділігі 20000м³ .Осы технология бойынша өндірілетін панельдердің кең номенклатурасымен және оны өндіретін қондырғылардың түрлері және өнімділігі туралы, арматуралау тәсілдері туралы көптеген мағұлматтар алдым. Соны ішінде ұялы бетондардың қасиеттері мен тиімді және тиімсіз жақтарын қарастырып үлкен мағлұмаи алдым.  Сапаны бақылау, қоршаған ортаны және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника шараларымен таныстым.

Ұялы бетондар. Ұялы бетондар өте жеңіл материал, себебі олардың 90% дейінгі көлемін қуыстар алып жатыр. Тығыздығы 300-ден 1200 кг/м² дейінгі, ал жылуөткізгіштігі 0,07-ден 0,25 Вт/(м*К) дейінгі шекте алшақтайды.

Ұялы бетондар жақсы жылу доғарғыш материал болып табылады. Олардың жүйе құрылысында майда және орташа дөңгелек қуыстары болады. Бетонды химиялық және механикалық әдістермен дайындау кезеңінде қуыстар пайда болады. Ұялы бетонды химиялық әдіспен өндіруде тұтқыр затқа газ түзейтін қоспаны араластырады. Химиялық реакцияның нәтижесінде газ пайда бола бастайды және осының өзі қуыстардың туындауына әкеп соғады. Мұндай бетонды газды бетон деп атайды. Механикалық әдісте тұтқыр мен судан бөлек дайындаған тұрақты көбікпен тез араластырып жібереді. Қатайып болған соң жеңіл көбікті бетон деп аталатын бетонды тас пайда болады.

Ұялы бетондар табиғи жағдайда жеңіл автоклавтарда жылу ылғалды өңдеуде қатаяды.

Табиғи жағдайда қатаятын ұялы бетондарды дайындау барысында, тұтқыр зат есебінде, ең бастысы портландцементті пайдаланады. Цементсіз автоклавта қатаятын газды және көбікті бетондарды шығаруда, 1 және 2 сортты сөнбеген әк пен кремнеземді компоненттерден құрастырылған майда ұнтақты әкті – кремнеземді тұтқыр қолданылады. әктің құрамындағы магний тотығының мөлшері 3% аспауы керек, ал әктің сөну уақыты 10-нан 20 мин дейін болады. Майда ұнтақталған кремнеземді компонент ретінде құрамында көп мөлшердкремнийдің қос тотығы бар кварцты, дала шпаты құмдарды қолдануға болады. Сондықтан осы мақсатқа әктен, цементтен және кремнеземді қоспадан тұратын араласты тұтқырлардықолдануға рұқсат етіледі. Соңғы кездері өндіріс қалдықтарынан қолданып, ұялы бетон өндірісін дамыту бағыты қарқындауда (домналы, электротермофосфорлы шлактар, электр станцияларының күлдері).

 

 

 

VІ.Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Баженов Ю.М. Технология бетона: Учеб.пособие для вузов. – М.: Высш.школа, 1978.- 455с., ил.
  2. Борщевский  А. А.,  Ильин А. С. Механическое оборудование для производства материалов и изделий: Учеб. для вузов по спец. «Пр-во строит. изделий  и конструкций». – М.: Высш., школа., 1987.- 368 с.: ил.
  3. Бисенов К.А., Үдербаев С.С.,  Абиева Г.С. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2008. – 224 б.
  4. Сәулеттік материалтану. Жоғары оқу орындарындағы сәулеттік және құрылыс мамандықтары студенттеріне арналған оқулық / Авт. А.Кулибаев, У.Бишімбаев, Е.Қасымов, Қ.Бисенов. – Алматы: Издат Маркет, 2006.-504 бет.
  5. Үдербаев С.С С 19 Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж, - 208 бет.

6. Гершберг О.А. Технолгоя бетонных и железобетонных изделий.

     М: Стройиздат, 1971 – 359 б.

7. Борщевский А.А., Ильин А.С. Механическое оборудование для         производства строительных материалов и изделий. Учебник для вузов – М: «Высшая школа»., 1987 – 368 б.

8. Соловьев В.И., Есиркепов А.Б., Изжанов М.М., Сейкетов Б.Б. проектирование предприятий сборного железобетона. Учебное пособие. – Алма-Ата, 1987 – 70 б.

9.  Наврезов Ш.А.  Проектирование предприятий сборного железобетона Методическое указание к выполнению комплексного курсового проекта. – Алматы, 2008 – 26 б .

10. Орлов Г.Г. Охрана труда в строительстве. М: «Высшая школа»,  1984

11. Долин П.А. Справочник по технике безопасности.  М. 1985.

12. Коптев Д.В., Орлов Г.Г. и др. Безопасность труда в строительстве. Москва 2003.

 

 

 


Информация о работе Технологиялық бөлім