Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2017 в 20:33, курсовая работа
Құрылыста жоғары бағаланатын жаңа технология мен материалдарды қолдану жиілей бастады. Қазіргі таңда жоғарғы ғылыми-техникалық прогресс пен технология ғасыры деп, құрылыс индустриясына шетелдік инвестиция тартылып, республикада мемлекеттік қана емес, дүниежүзілік стандартты қанағаттандыратын жаңа құрылыс материалдарын ойластыру қажет. Осындай құрылыс материалдары құрылып жатқан ғимараттардың сәулеттік бейнелері мең түрлерін жақсартады және құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Құрама темірбетон конструкцияларын олардың салмағын көбейтпей-ақ жүзеге асырып ірілету монтажды бірліктер санын азайтуға, ғимараттар мен үймереттерді құрудағы жапсарлар мен жіктер санын азайтуға, яғни монтажды жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Жобаға берілетін тапсырма. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І.Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ.Өндіріс туралы жалпы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ.Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1 Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2 Өндірістің технологиялық схемасын әдісін таңдау . . . . . . . . . . . . . .
3.3 Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4 Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.5 Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу .
3.6 Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІV.Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қауіпсіздік техника шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
V. Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VІ.Пайланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VІІ.Графикалық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Технологиялық схема.
Мазмұны
Жобаға берілетін тапсырма. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І.Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ.Өндіріс туралы жалпы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ.Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1 Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2 Өндірістің технологиялық схемасын әдісін таңдау . . . . . . . . . . . . . .
3.3 Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4 Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.5 Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу .
3.6 Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІV.Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қауіпсіздік техника шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
V. Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VІ.Пайланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VІІ.Графикалық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Технологиялық схема.
Кіріспе
Қазіргі кезеңде еліміздегі құрылыс материалдар саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мынадай:
• жергілікті шикізаттардан жаңа тиімді құрылыс материалдарын ойластыру;
• кәсіпорындар қуаттылығын сұранысқа сай келтіру;
• кешенді қасиеттері бар бұйымдар мен конструкциялардың түрлерін
ұлғайту;
• пайдалану қасиеттері жақсартылған конструкциялардың массасын азайту;
• материалдардың агрессивті ортадағы шыдамдылығын арттыру;
• энергия үнемдейтін технологияны қолдау;
• инновациялық технология мен материалдарды ендіру.
Бетон және темірбетон – біздің еліміздегі негізгі құрылыс материалдары болып табылады. Олардың өндірісі жылдам өсуде. 1976 жылы құрылыста шамамен 230 млн м3 бетон және темірбетон, соның ішінде 117 млн құрама темірбетон қолданылған.
Құрылыста құрама темірбетонның кең таралуына мыналар әсер етеді:
1) дайындаудың жоғарғы қарқындылығы;
2) темірбетон бұйымдары қасиеттерінің әмбебаптылығы; технологиялық әдістер мен материалдарды қолдану арқылы, беріктігі, жылуөткізгіштігі, қышқылға төзімділігі, химиялық беріктігі, ядролық сәулеленуге қарсы тұруы бойынша физико-химиялық қасиеттері бар әртүрлі бұйымдарды алуға болады;
3)басқа конструктивті материалдармен салыстырғанда темірбетонның жоғарғы ұзаққа жарамдылығы, әсіресе металл мен ағашпен салыстырғанда;
4) сонымен қатар құрама темірбетонды қолдану, сирек кездесетін материалдарды – болат пен ағаш, үнемдеуге мүмкіндік береді.
Құрама темірбетон құрылыс өндірісінің дамуына әсер ететін бірден-бір тиімді материал болып табылады.
Құрылыстың үлкен масштабы мен жоғарғы қарқыны құрама темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын үлкен көлемде қолданудың арқасында мүмкін бола бастады.
Қазірде құрылыстың технико-экономикалық нәтижесінің арқасында құрама темірбетон элементтерін ғимараттар мен үймереттерге қолдану айқын анықталды:
1) Өнеркәсіптік ғимараттарда
– бұл итарқалық
2) Арнайы үймереттерде
– биіктігі 13м дейінгі эстакат
бағаналары, жүк көтергіштігі 30т
дейінгі көпірлі крандармен
3) Тасымалдаушы құрылыста
– көпірлер мен су өткізуші
құбырлардың, метрополитен мен тоннелдер
сызығының, өзен мен бұлақ порттарының,
автомобиль жолы мен
4) Энергетикалық құрылыста – жылудың, атомды және гидроэлектростанцияның конструкциялары.
5) Тұрғын және азаматтық
құрылыста – ірі панелді
Өндірісте темірбетон конструкцияларының даму қарқыны олардың маркасының жоғары болуына байланысты. Мысалы, М300 және 400, М600....800 қарағанда бетон қалдықтарын 30....50% қысқартады.
Қабырға материалдарын қазіргі құрылыстағы ғылыми-техникалық дамуының рөлі мен маңызы.
Құрылыста жоғары бағаланатын жаңа технология мен материалдарды қолдану жиілей бастады. Қазіргі таңда жоғарғы ғылыми-техникалық прогресс пен технология ғасыры деп, құрылыс индустриясына шетелдік инвестиция тартылып, республикада мемлекеттік қана емес, дүниежүзілік стандартты қанағаттандыратын жаңа құрылыс материалдарын ойластыру қажет. Осындай құрылыс материалдары құрылып жатқан ғимараттардың сәулеттік бейнелері мең түрлерін жақсартады және құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Құрама темірбетон конструкцияларын олардың салмағын көбейтпей-ақ жүзеге асырып ірілету монтажды бірліктер санын азайтуға, ғимараттар мен үймереттерді құрудағы жапсарлар мен жіктер санын азайтуға, яғни монтажды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Зауыттың дайындық деңгейін жоғарылату, бұйымның монтажға ғимараттардың толық дайын элементтер түрінде қойылуын қарастырады (мысалға, қосымша өңдеуді қажет етпейтін ішкі және сыртқы беткі бөліктері бар терезе және есік блоктары қойылған қабырғалық панельдер және т.б.) және ол құрылыс алаңындағы көп еңбекті өңдеу жұмыстары көлемін маңызды қысқартуға, құрылыстың жалпы мерзімі мен бағасын біршама азайтуға мүмкіндік береді.
Ғимараттар мен үймереттердің құрама конструкцияларын ірі өлшемді бұйымдар мен элементтер дайындау үшін бетонның әртүрлі – ауыр, жеңіл және дәнді бетон түрлері көбіне арнайы тағайындалған (жылуизоляциялық, дыбысизоляциялық, гидроизоляциялық және т.б) материалдармен қиылысады және құрама конструкциялары мен мәңгіліктің эксплуатациялық қасиеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндіктері береді.
Бұл құрама темірбетон саласының өндірістік процестерді автоматтандыру мен ресурс сақтағыш озық технологиялар мен технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып, толық зауыттық дайындығы бар жаңа тиімді конструкциялар өндіруді ұйымдастыруға ықпал етеді. Бұл бәсекеге қабілетті, арзан өнім шығарылымын және байланыстырғыштар, арматура, жылулық және энергетикалық шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді. Және бір мезгілде қайта ашылып және қайта құрылып жатқан өнеркәсіптер нарық талабына сәйкес басқа өнімдер жинағын шығаруға тез қайта құрылуға мүмкіндіктері болуы керек. Иілімдерге тап болған құрылыс элементтері үшін темірбетон қолданған орынды болып табылады. Мұндай элементтермен жұмыс жасағанда кернеудің созылымды және қысатын екі түрі пайда болады. Бұл ретте болат – бірінші, ал бетон – екінші кернеуді қабалдайды. Және темірбетон элементі толықтай иілгіш жүктемелерге ойдағыдай қарсы тұрады.
ІІ. Өндіріс туралы жалпы мағлұмат
Газды бетондар қолданылатын орнына және орташа тығыздығына байланысты 3 топқа бөлінеді: жылу өткізбейтін, тығыздығы 500кг/м3; конструктивты жылу өткізбейтын, тыныздығы 500-900 кг/м3 және конструктивтік, тығыздығы 900-1200 кг/м3 аралығында болып. Бұл бетондар тығыздығы бойынша ерекше жеңіл бетондар тобына кіреді.
Кремнеземді компонент ретінде ұнталған кварцті құм, отын күлдері, ұнталған домна шлактары қолданылады. Бұлар байланыстырғыш заттардың шығынын азайтады, бетонның отырғыштығын (көлемінің қысқаруын) кемітеді, яғни онын сапасын арттырады. Кварцті құмды ылғалды әдіспен 1700... 1800 см2/г дейін ұнтайды да құм шламы түрінде пайдаланады. Бұл компонент ретінде табиғатта кездесетін майда, түйіршіктері 0,01... 0,08 мм маршалит деп аталатын құмды пайдаланған тиімді.
Газды бетондар әртүрлі ғимараттардың конструкцияларын қоршауда тиімді материалдар қатарына жатады. Олар жоғарғы, төменгі және орташа беріктілік пен аязға төзімділік қасиеттеріне ие. Сыртқы қабырғаларды ұялы бетонмен қаптаған жағдайда, оның салмағы керамикалық кірпішпен қапталған қабырғаға қарағанда 2,5-3,5 есе жеңіл. Ал жылуды қорғау талаптарына сәйкес ұялы бетоннан қапталған қабырғаның қалыңдығы керамзитбетон және силикатты кірпішке қарағанда 1,5-2,5 есе кіші және жылуды қорғау қабілеті осы бұйымдарға қарағанда едәуір жақсы.
Газды бетондардың қасиеттері. Ұялы бетондар тығыздығы (кг/м3) бойынша Д300 – Д1200 маркалар аралығында, ал жылу өткізгіштігі (Вт/(м×°С) бойынша 0,05-0,45 аралығында болады. Беріктігі бойынша а) маркалары (кгс/см2, үлгілердін ылғалдылығы 10 ± 2% кезінде) М5-М200, б) кластары (МПа) В0,35 - В20 аралығында болады. Тұрғын үйлердің, т.б. ғимараттардың сыртқы қабырғалық панельдері үшін қоршаған ауаның ылғалдылығына және температурасына байланысты аязға төзімділігі ГІ5; Г25 маркаларымен сипатталынатын ұялы бетондар қолданылады.
Әлемдік тәжірибедегі ұялы бетонды өндірудің қазіргі жағдайы мен дамуы.
Газды бетон – бұл кремнеземді компонентті, байланыстырғыш, су және түрлі қоспалардан алынған араласпаны қатыру нәтижесінде алынған жасанды қуысты тас материал. Бетонның бұл түрінің кіші тарихи дамуы бар, бірақ бұдан жасалған бұйымдар әлемнің көптеген мемлекеттеріндегі құрылыс саласында кең ауқымды қолданыста. Газды бетонның ерекшелік сипаты оның қуыстылығы болып табылады.
Араласпаға қажетті қоспаларды қосу арқылы жоғары қуысты бетонды алу әдістері үшін 1890 жылы ұсыныс жасалып, патенттелді. Газды бетонды тәжірибеде қолдануда 1923 жылдан бері Данияда көбік түзуші су ерітіндісіне цемент қамырын қосып, оны жылдам араластыру нәтижесінде ауаға толы көпіршіктер түзу арқылы немесе цемент қамырын алдын-ала дайындалған көпірткіш ерітінділерімен араластыру нәтижесінде газды бетонды алу процессін Е.С. Байер сипаттады.
Ал Швецарияда Д.А. Эриксон өз патенттерінде газ түзгіш заттардың көмегімен цемент қамырындағы ұялы структураның пайда болу процессін сипаттады. Бұл аналогиялық әдістер бұдан беріде ұсынылған, бірақ тек Эриксонның ұсынысынан кейін ғана 1924 жылы екі Шведтік фирмамен қабылданып күшке енді. Осы өтпелі кезеңді газды бетон өндірісінің даму сатысының алғашқы қадамы деуге болады.
Соңғы кездері газды бетонды өндіру шетелдік тәжірибелерде айтарлықтай өсті, әсіресе: Швеция, Чехословакия, ГДР, Англия, ФРГ, Голландия және әлемнің басқа да мемлекеттерінде.
Қабырғалы көбікті бетон блоктарын тұрғын үй құрылысына қолдану үшін құрылыс материалдарының ерекшіліктерін білу керек. Дұрыс қолданғанда, ол тұрғын үйдің эксплуатациялық сапасын жақсы қамтамасыз етеді. Көбікті бетоннан орындалған сыртқы қабырғалардың жоғарғы жылуоқшауалаушы қасиеті бар, дыбыстан жақсы қорғайды және іштегі жылуды жақсы ұстайды. Материал қарапайым құралдармен жақсы өңделеді. Сонымен қатар ол өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және экологиялық таза. Көбікті бетон блоктарының маркасының орташа тығыздықтарына байланысты: жылуоқшаулаушы және жылуоқшаулаушы - конструкциондық деп бөледі. Көбікті бетон блоктары ылғалдылығы 60% жоғары емес ғимараттардың ішкі, сыртқы, аралық қабырғаларын қалауға арналған. Егер ауа ылғалдылығы 60% жоғары болған жағдайда блоктардың ішкі беті буоқшаулаушы қаптамамен қапталған болу керек. Жылуоқшаулауыш көбікті бетон блоктарының 500-ге дейінгі маркасын кірпіш қалаудың ішкі бөлігінде қолданады және ол аралық жүкті қабылдамайды.
Қалыңдығы 640 мм жылуоқшаулаушы көбікті бетон блоктарымен қаланған қабырға, қалындығы осындай силикатты кірпішпен қаланған қабырғадан 2,3 есе жылы болады. Қалындығы 780 мм жылуоқшаулаушы көбікті бетон блоктары мен қалаған қабырғаға қарағанда, осындай қалындықтағы силикатты кірпішпен қаланған қабырғадан 2,6 есе жылы болады.
Конструкциялық – жылуоқшаулаушы көбікті бетон блоктарының маркалары 600-ден жоғары көтеріуші конструкцияларында орындалады.
Қалау үшін цементті-әк ертіндісінің маркасы 25 құрамынан төмен емес, көлемі жағынан 1:0,9:8 қолданады ( цемент М400-500, әк, құм). Көтеруші қабырғалардың минималдық қабырға енін есептеу бойынша анықтаймыз және 1030 мм-ден кем еместігі ұсынылады.
Терезе және есік ойықтарына темірбетондық перемычка қолданады. Көбікті бетон блоктарының қабырғаларының көтеруші перемычкаларының биіктігі 250 мм-ден кем емес, көтеруші емес перемычкалар 125 мм.
Перемычка қадаларының астында ұялылығы 70х70 мм стержін диаметрі 4Вр-1 арматуралық сетка орнатылады.
Сыртқы қабырғаларды көбікті бетон блоктарымен қалау ылғалға, суға төзімді немесе судыоқшаулайтын материалдармен орындалады. Сыртқы қабырғалардың цокол биіктігі отмосткадан 400мм кем болмауы керек. Темірбетон панел жабындарының сүйену тереңдігі 120мм кем емес. Қабырғаның көтеруші қабілеті 400мм, ұзындығы 1000мм, қабат биіктігі 3м, көбікті бетон блоктарымен орындалған ғиммараттың салмағы, цемент-әкті ерітіндісінің маркасы 50, темірбетон жабын плиталарына сүйену тереңдігі 120мм кем болмаған жағдайда 16000 кг.
Тығыз силикатты бұйымдар. Силикатты кірпіш, ірі блоктар және басқа да силикатты бұйымдар, жоғары теипература мен қысымда автоклавтарда ылғалды жылумен өңдеу арқылы шығарады.
Автоклав дегеніміз диаметрі, әдетте, 2-4 м және ұзындығы 17-20 м болатын цилиндр пішінді булы қазанық.
Силикатты бұйымдарды өндіруде сөндірілген және сөндірілмеген әктер негізіндегі тұтқыр, минералды толтырғыштар және басқа да компоненттер қолданылады. Түсті силикатты бұйымдарды дайындауда қоспа ретіндесілтіге төзімді пигменттер пайдаланылады. Силикатты плиталар мен кірпіштердің тығыз және әр түрлі пішіндегі қуыстары бар жеңіл түрлер шығарылады.
Силикатты бұйымдардың заводтық өндірісі бастапқы кезде ауа әгі (5-8%) мен кварцты құмды (92-95%) қолдануға негізделеді. Алматы құрылыс жоба ҒЗИ жобасы бойынша осы мақсатқа дала шпатты құмдарды қолданудың мүмкіндігі дәлелденген және Қазақстандағы біраз өндіріс орындары оныпайдаланып өнім шығаруда.
Егер құмның түйіршігі тайқыланбаған көп қырлы пішінде болса, онда бұйым беріктігі біршама өседі. Құмдардың орнына түйіршіктелген домналы және фосфорлы шлактарды, жылуэлектр станцияларының күлдерін пайдалануға болады.