Сапалы өнім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2011 в 00:08, реферат

Описание работы

Сапалы өнім – әрбір тұтынушының арман-мұраты. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында экономикамыздың барлық салаларын халықаралық сапа стандартына сәйкестендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлуінің астарында тұтынушыларымыздың сапалы өнім сатып алуын, кәсіпкерлеріміздің әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті өнім шығарып, мол табыс табуын қамтамасыз ету мүддесі жатқандығы анық.

Файлы: 1 файл

Сис.статья.doc

— 54.50 Кб (Скачать файл)

     Сапалы өнім – әрбір тұтынушының арман-мұраты. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында экономикамыздың барлық салаларын халықаралық сапа стандартына сәйкестендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлуінің астарында тұтынушыларымыздың сапалы өнім сатып алуын, кәсіпкерлеріміздің әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті өнім шығарып, мол табыс табуын қамтамасыз ету мүддесі жатқандығы анық. Яғни, мұның өзі мемлекеттік зор маңызы бар келелі мәселе болып табылады. Өкінішке қарай, қарапайым тұтынушылар мен кәсіпкерлеріміздің көбі халықаралық сапа стандарты, техникалық регламент деген терминдердің мән-мағынасын жете түсіне қоймайтыны рас. Сондықтан да бұл статьямды отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың алғышарты – отандық стандарттарға халықаралық стандарттарды кірістіру, үйлестіру екендігін ұғындыратын мәліметтерге негіздедім.

      Елбасы  биылғы халыққа Жолдауында дағдарыс салдарын еңсеру және экономикалык өсуге  әзірленуде ел алдында үлкен міндеттер  түрғанын, дағдарыстан кейінгі елдің  дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғыртудын жаңа жоспарын жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті.

      Осы бағытта атқарылуы тиіс, кезек  күттірмейтін шаралардың бірі өнім, жұмыс, қызмет сапасын үздіксіз арттыру, ол үшін стандарттау, сапаны басқару мәселесін  халықаралық деңгейге жеткізе отырып бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында жұмыла еңбек ету болып табылады.

Қазіргі кезеңде стандарттау өндірістік-техникалық, сауда-экономикалық, әлеуметтік және баска  салалардағы өнім өндіру, қызмет көрсету, сапаны басқару үрдістерін реттеудің тиімді кұралы ретінде халықаралық деңгейде мойындалып отыр. Стандарттаудың осы заманға озық жетістіктерін пайдалану арқылы өнім, жұмыс, қызмет сапасын жақсарту, өндірістік, экологиялық және тұтыну саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпорындардың ішкі және сыртқы экономикалық бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады. Бүгінде стандарттау, сапаны басқарудағы әлемдік тәжірибелерді елімізде өнім өндіру, қызмет көрсету, білім беру т.б. салаларына кеңінен қолдану мақсаты күн тәртібіне қойылып отыр. Сондықтан да Қазақстан халықаралык стандарттау ұйымына мүше бола отырып, отандық стандарттарымызды халықаралық стандарттармен үйлестіру, ИСО стандарттарын елімізде кеңінен қолданысқа енгізу жұмыстары қарқынды түрде қолға алына бастады. Қазақстанда мемлекет көлемінде осы жұмыстарды басқару, ұйымдастыру шараларын Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асыруда.

       Осы комитеттің тікелей бастамасы бойынша, Премьер-Министрдің 2004 жылғы 6 ақпандағы және 2006 жылғы 27 маусымдағы бұйрықтарымен берілген Қазақстан кәсіпорындарына халықаралық стандарттарды енгізуді жеделдету жөніндегі нұсқауының нәтижесінде елімізде сапа менеджменті саласы бойынша халықаралық стандарттарды еңгізуге қажетті инфрақұрылыммен қатар нормативтік және әдістемелік база қалыптасты.

         Өндіріске ИСО халықаралық стандарттарын енгізу БСҰ-ға ену карсаңыңдағы негізгі мақсат және отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай еліміздің өнеркәсіптік тараптағы экономикасының басты  нысаны болып табылатын агроөнеркәсіп кешені саласындағы кәсіпорындарға ИСО-9000 және ИСО-14000 халықаралық стандарттарының сапа менеджменті жүйесін енгізу және осы тараптағы өндірілген өнім, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызмет сапасын жақсарту жұмыстары облыс әкімдері бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп келеді. Аталмыш облыстық іс-шара, әлбетте, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының ИСО-9000 және ИСО-14000 халықаралық стандарттарына жеделдетіп шешуінің 2004-2006 жылдарға арналған жұмыс жоспарына" сәйкес, талданып жасалған. Қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешені саласының басты мақсаты — еліміздегі және Орталық Азия рыноктарынан көрнекті орын алуды жүзеге асыру, осы мақсатта етімді өнім өндіру болып табылады. Осы мақсатта өндістерді қайта құруды, оны дамытуға инвестициялар тартуды, республикадан белінген бюджеттік каржыларды пайдалануды ойластырып, жүзеге асыру қажет.

      Қазіргі кезде мемлекеттік техникалық  реттеу тізіліміне сапа менеджменті  жүйесінің сәйкестігін растау  бойынша 43 ұйым тіркелген. Сондай-ак  республика бойынша оннан астам  шетелдік сертификаттау жөніндегі  үйымдар, 20-дан астам консалтингтік  мекемелер, 130 сарапшы аудиторлар жүмыс істейді. Сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар саны 1300-ден асады. 2009 жылы олардың саны 1500-ге жетеді деп күтілуде. Бұл үрдіске барлық мемлекеттік ұйымдар мен облыстык әкімдіктер, жоғары оку орындары тартылуда. Бүгінгі таңда әкімдердің іс қызметін рейтингілік бағалау көрсеткіштерінің бірі ретінде сапа менеджменті жүйесін енгізген және сертификатталған кәсіпорындардың үлестік салмағы алынады. Қазіргі кезде Қазақстан кәсіпорындарының 20 пайызы ИСО 9001 халыкаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда, еліміз бойынша  халықаралық стандарттар мен  әдістемелер негізінде 45 мемлекеттік  стандарт және 15 әдістемелік ұсыныстар  қабылданды. Жалпы қабылданған халықаралық  стандарттар: ИСО 9000 (сапа менеджмент жүйесі), ИСО 22000 (өнімдердің қауіпсіздік менеджменті), ОХSAS 18001 (кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарты), SA 8000 әлеуметтік жауапкершілік стандарты нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасының ұлттық (мемлекеттік) стандарттары ретінде қабылданды. Халықаралық ИСО 9000 сапа менеджменті жүйесін өндіріске енгізу 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, қазіргі уақытта 2681 кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізсе, 230 кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде жұмыстарын жүргізуде.

      Өнім  сапасын басқару, соның ішінде ауылшаруашылық, тамақ онімдерінің қауіпсіздігін  қамтамасыз етуде экологиялық менеджмент жүйесін енгізудің маңызы зор. Қазірде  экологиялық менеджмент жүйесін  енгізген кәсіпорындардың үлестік  салмағы небәрі 1,5 пайыз ғана. Осы заманда қоршаған ортаның металлургия, жылу энергетикасы, мұнай-газ кешені, көлік, тау-кен және химия өнеркәсіптерінің қалдыктарынан ластануы аса жоғары деңгейге жетіп отыр. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстан аумағында 20 млрд. тонна өндіріс және тұтыну қалдықтары жинақталған. Соның ішінде 6,7 миллиард тоннасы зиянды қалдықтар болып табылады. Тұрмыстық қалдықтардың тек 5 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі немесе жойылады.

      Менеджмент  жүйесін енгізу үрдісі нәтижелі болу үшін бұл үрдіске мемлекеттік атқару ұйымдары, менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі ұйымдар, консалтингтік мекемелер өз құзіреттіліктері бойынша қатысуы қажет. Сапа менеджменті жүйесін формальды түрде енгізген жайлар да байқалатыны жасырын емес. Бірақ мұндай жағдайлар мемлекеттік қадағалау жүргізу кезінде айқындалады. Әсіресе өнімнің сәйкессіздігі анықталған кезде өндірісті тексеру жұмысы, соның ішінде сапа менеджменті жүйесінің жағдайын тексеру жүзеге асырылады. Жүйенің формальды түрде енгізілген жағдайы анықталса тиісті шаралар қолданылады. Сапа жүйесін формальды түрде енгізу бәрінен бұрын кәсіпорынның өзін өзі алдауы болып табылады.

      Еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі  қарсаңында атқарылуға тиіс аса маңызды  жұмыстардың бірі стандарттаумен қоса мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін  әрі карай дамытып, жетілдіру  болып табылады. БСҰ-ның толык  мүшесі бола отырып, бұл ұйымның  артықшылық жақтарын ұтымды пайдалану үшін отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсекелестік қабілетін жоғарғы деңгейге көтеру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып саналады.

      Халықаралық тәжірибе бойынша экономиканы басқарудың тарифтік және тарифтік емес реттеу тәсілдері қолданылады. Тарифтік тәсілдерге кедендік тарифтер, әртүрлі салық тарифтері жатады. Алайда тарифтік тәсілдер қаржы қорын молайтуға жәрдем еткенімен экономикалық бәсекелестікті қамтамасыз ете алмайды.

      Өндірілген  өнімнің бәсекелестік қабілетін  арттыру техникалық (тарифтік емес) реттеу аркылы жүзеге асырылады. Техникалық реттеу — санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі кызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, үдерістерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықгық және нормативтік реттеу.

      Қазіргі кезде әлемде экономикалық дамудың  формальды өлшемі ретіңде бір жылда қабылданып, жүзеге асырылған жаңашылдық патенттер саны мен бекітілген стандарттар саны алынады. Мысалы, Жапонияда стандарттың жаңартылу мерзімі 3-4 жыл. Себебі осы уақыт аралығында технология жаңаруы тиіс деп есептеледі.

      Техникалық реттеу жалпы мемлекеттік тіпті дүниежүзілік көлемде маңызы бар мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін міндетті норма, талаптарды белгілеп қана қоймайды, сонымен катар экономиканың және тұтастай қоғамның дамуына оң ықпал ететін, ұсынымдық сипаттағы ережелерді де қамтиды. Зерттеулерге қарағанда, кейбір дамыған шетелдерде техникалық реттеуді жолға қою арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін тарифтік реттеумен салыстырғанда екі есеге дейін өсіру мүмкіндігіне қол жеткізген. Мысалы, Германияда техникалық реттеу ісшараларының нәтижесінде ІЖӨ-нің жылдық өсімі бір пайызға дейін яғни 16 миллиард еуро мөлшеріне көтеріледі екен. Басқаша айтқанда технологияны жаңарту, дамыту қарқыны жеделдеген сайын өндіріс тиімділігі артып, экономиқалық пайда жоғарылай түседі.

      Елімізде  нарықтық экономика жүйесі қалыптаса бастағаннан бері техникалық реттеу бәсекелестік қабілетті арттырудың негізгі тетігіне айналуда. Ал экономикалық ілгерілеудің негізгі қозғаушы күші — нарықтық экономика заңдылығына негізделген өнім өндірушілердің (қызмет көрсетушілердің) өзара бәсекелестігі болып отыр. Осы кезде Үкімет тарапынан ұстанатын басым бағыт, көзделетін негізгі нысана — адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаның қаұіпсіздігі болып табылады. Ал өнім өндіру мен қызмет көрсетудегі бәсекелестік, яғни сапаны жоғарылату нарық заңына негізделеді. Бұл жерде "бәсекелестік" сөзінің мәні мен мағынасы тек қана отандық шеңберді емес, әлемдік немесе халықаралық көлемді қамтиды. Сондықтан Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің іс-қимылы халықаралық техникалық, реттеу жүиесінің қызметімен толықтай үйлесуі қажет.

      Техникалық  реттеу жүйесінің іс-қимылы техникалық регламенттер арқылы жүзеге асырылатыны  белгілі. Техникалық регламент —  орындалуы міндетті болып саналатын  әкімшілік ережелерді қоса алғанда  өнім, жұмыс, қызметке қойылатын қауіпсіздік талаптарын немесе соларға байланысты өндірістік үдерістер мен әдістерді белгілейтін құжат. Техникалық регламенттің жалпы құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының тиісті заң талаптары және нормативтік қуқықтық актілердің құрылымы мен мазмұнына сәйкес болуы тиіс.

      Техникалық  регламенттерде белгіленетін техникалық талалтар өнімге қатысты қауіпті  факторлардың ең төменгі мөлшерімен шектелуі тиіс. Яғни өнімнің қәуіпсіздік  деңгейі адам омірі мен денсаулығы және қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсердің ең төменгі (үйғарымды) шегінде болуы қажет.

      Техникалық  регламенттер және олармен үйлестірілген  стандарттарда көрсетілген талаптар "Техникалық реттеу туралы" заңда  белгіленген мақсаттарға қол  жеткізуге бағытталуы тиіс. Сонымен  қатар еліміздің экономикалық, ғылыми-техникалык. даму деңгейі мен материалдық-техникалық базасына сәйкесуі, қәуіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық жұмыстардың, патенттік зерттеулердің нәтижелері мен отандық және шетелдік ғылым мен техника, технологияның осы заманғы жетістіктері туралы ресми ақпараттарға негізделуі тиіс.

      Халықаралық немесе өңірлік стандарттарды пайдалану  үшін ең әуелі шешілуі тиіс мәселелерді  дәлме-дәл анықтай отырып, сол  стандарттарды пайдаланудан түсуі  ықтимал пайдаға талдау жасап, регламенттердің баскадай барлык мүмкін нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана тиісті шешім қабылдануы керек. Мұндай тәсіл регламенттеуден жоғарғы көлемде пайда алуды қамтамасыз етіп, отандык және халықаралық рыноктағы бизнестік шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

      Егер  техникалық регламенттерде халыкаралық  немесе өңірлік стандарт талаптарынан өзгеше нұсқаулар көрсетілуі қажет  болса онда олар ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне, нақтылы статистикалық  мәліметтерге, халықаралық құзыретті ұйымдардың шынайы ақпараттарына негізделуі тиіс. Сондай-ақ әзірлену үстіндегі техникалық стандартты мемлекеттің халықаралық міндеттерімен және шетелдік аналогтармен үйлестіру қажет.

      Қолданыстағы  техникалық регламенттерді бір елден  екінші елге автоматты түрде көшірудің көптеген шығын әкелуі немесе көшіруші елге берер пайдасы аз болуы мүмкін. Сондықтан мұндай қадамға өте ойлана отырып барған жөн.

    Қазіргі таңда Қазақстанның алдында экономиканы  индустрияландыру мен отандық тауар  өндірушілерге ең жақсы жағдай жасау міндеті тұр. Алға қойылған міндетті шешу үшін техникалық реттеудің тұтқасы ретінде стандарттауды тиімді қолдану үлкен мәнге ие. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Жолдауында “Қазақстанның халықаралық экономикалық алаңда бәсекелестікке толыққанды қатысуы халықаралық техникалық стандарттарды орындауды қажет етеді” деп атап өткен болатын. Сіздерді, өнімді дайындаушы және тұтынушылар және барлық басқа да мүдделі талаптарды жұмысқа қосылуларыңызды және белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Стандарттау ықпалын күшейту, дәлірек айтқанда, үйлестірілген стандарттардың үлесін арттыруға ұмтылу – нақты қажеттілік болуға тиіс және рынокта, тең құқылы серіктестікке экономикалық пайда көруге, рынокта өнімнің өтуін кеңейту кілті болатынын атап өткім келеді. Сонымен қатар кез келген уақытта және кез келген рынокта бағаланатын бірден-бір экономикалық шама-өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы, қауіпсіздігі және құндылығы болатынын үнемі ескеру керек.

Информация о работе Сапалы өнім