Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2017 в 19:43, реферат
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды
Кіріспе 3
1. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі 4
1.1. Қор биржасының міндеттері 7
1.2 Қор биржасының мүшелері 8
2. Қор биржасының мәні 10
2.1. Қор биржасының қатысушылары 12
3. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы 13
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер 20
Қор биржасы Ұлттық комиссияның келісімімен бағалы қағаздар бойынша оларды саудаға — листингке босату, сонымен қатар саудадан шығару — делистинг тәртібін бекітеді.
Қор биржасының негізгі қызметтері:
1) бағалы қағаздардың нарыққа дейінгі тұрақтылықтарын анықтау үшін экспертизасы,
2) бағалы қағаздармен әрекеттер концентрациясы, сұраным мен ұсынымды салыстыру арқылы нарықтық бағаларын анықтау (котировка),
3) бағалы қағаздармен мәмілелер, эмитенттер бойынша ақпараттар,
4) капиталды тиімді салаларға
орналастыру жолымен нарықтық
конъюнктураны реттеу, ол экономиканың
тұрақтылығы мен динамикалық
тепе-теңдігін қамтамасыз
Қор биржасы – бағалы қағаздарын бірқалыпты айналысы, олардың нарықты бағаларын анықтау және олар туралы ақпараттар тарату үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым.
Қазақстандағы құнды қағаздар рыногы бес жылға жуық уақыт ішінде классикалық цикл заңдары бойынша: жоғары белсенділік танытудан белсенділіктің күрт төмендеуіне әкеліп соққан заң бойынша дамыды.
Осы процесті мемлекеттік қолдаумен бірге, белгілі бір субъективтік факторлардың арқасында биржалық сауданы дамытудың объективтілік қажеттілігі 1991—1993 жылдар арасында бірнеше ондаған тауар, тауар-шикізат және қор биржаларының құрылуына жағдай жасады. Бұл кезең ішінде өткізілген сауда-саттық жасалған келісімдер, биржаның сауда айналымдары санының тұрақты түрде өсу динамикасымен ерекшеленеді. Алайда, 1993 жылдың өзінде-ақ бұл процесс кері сипатқа ие бола бастады: Биржалар мен брокерлік кеңселердің саны қысқара бастады, келісімдер саны азайып, биржаның сауда айналысы күрт төмендеп кетті. Осы саладағы қалыптасқан дағдарыс құбылыстары, басы артық және тиімсіз жүмыс істейтін биржалардың қысқаруына әкеліп соқты.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногында екі биржа: Қазақстан Банкаралық Валюта - қор биржасы (ҚБВҚБ) және Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істейді. Екі биржаның да сауда көлемі әзірге болымсыз мөлшерде. Құрылғаннан бері жұмыс істеу кезеңі ішінде жалпы келісімдердің саны 85, келісімдердің жалпы сомасы 794 млн. 167 мың 772 теңгені ғана құрады.
Қазақстан Банкаралық Валюта - қор биржасын Қазақстан Республикасыньң Қаржы министрлігі 1995 жылғы 30 маусымда Жарғылық қоры 40 млн. 920 мың теңге мөлшерінде, құрылтайшылар саны 16 банкіден тұратын жабық үлгідегі акционерлік қоғам ретінде тіркеген болатын. Соның ішінде жарғылық қордағы қаржының 32 процентіне ие Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі де бар. Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен ҚБВҚБ-ға құнды қағаздар рыногында биржалық қызмет жүргізу құқығы, сондай-ақ Ұлттық комиссия бекіткен ережеге сәйкес Мемлекеттік Қазына вексельдерімен (МҚВ) биржалық сауда жасау құқығы берілді. Мемлекеттік қазына вексельдерімен тұңғыш сауда 14 қарашада өтті және оның көлемі 6 мың данадан тұратын 583 мың 900 теңге сомасына бағаланады. 1996 жылғы бірінші ақпанға дейін барлығы 5 млн, 496 мың 810 теңгеге 60 мың вексель сатылды. Қазыналық міндеттемелермен операциялар 1995 жылдың 15 қарашасынан бастап жүргізіліп келеді және 1996 жылдың ақпанына дейін жалпы көлемі 42 млн. 198 мың 750 теңгеге тұратын 45 мың дананы құрайды. Мемлекеттік құнды қағаздар бойынша барлық сауда айналымы 47 млн. 636 мың теңгені құрайды. Сауда көлемі көрсеткіштерінің мұншалықты төмен болуына әсер ететін екі факторды атап көрсетуге болады:
1) мемлекеттік құнды қағаздар бойынша есеп айырысу жүйесінің жеткілікті жасалмауы;
2) Банктердің қайталама
рынокта операциялар жүргізуге
аз. мүдделі болуына әкеліп
Құнды қағаздар бойынша негізгі операциялар көлемі 1995 жылы ОАҚБ-да жүзеге асырылды. Бұл биржа өркениетті рынокты дамыту үшін тиісті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының іскер топтарының бастамасымен 1994 жылғы желтоқсанда құрылған болатын. ОАҚБ-ның мемлекеттік және корпоративтік құнды қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге Қазақстан Республикасының құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының лицензиясы бар. Биржа әрқайсысының номиналдық құны 20 мың теңге тұратын, 200 акциядан құрылатын төрт млн, теңгелік Жарғылық қаржысы бар жабық үлгідегі акционерлік қоғам болып табылады. Оның акционерлері - 120 заңды тұлға, негізінен бұлар аса ірі банктер, компаниялар және фирмалар. ОАКБ-ның Қарағандыда, Шымкентте, Павлодарда, Ақмолада аймақты бөлімшелері бар.
Өткен кезең ішінде құнды қағаздар рыногының қызметіне қатысты бірнеше заңдар қабылданды.
Ал Қазақстан Республикасының Үкіметі Қор биржасы арқылы кәсіпорындар мен банктердің акциялардың мемлекеттік пакетін сату туралы бірнеше қаулы қабылдады. Бұл факторлар сауда ережелеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу қажеттілігін туғызды:
- сауда өткізу мерзімдері ұзартылды;
- лоттарды ұлғайтуға мүмкіндік жасалды;
- келісім шарттарды аяқтау процедурасына толықтырулар мен анықтамалар енгізілді;
- комиссиялық алымдардың мөлшері бекітілді
- құнды қағаздар листингі туралы ережелер өзгертілді
ОАҚБ жақын және алыс шетелдердің қор биржаларымен тұрақты түрде байланыс жасап отырады.
Биржада барлық қазіргі заманғы және халықаралық стандарттарды сақтау жөніндегі жұмыстар (листинг талаптары, сауда жүргізу ережелері, клирингтік операциялар және келісім шарттарды аяқтау талаптары) жүргізіледі.
Қор рыногын бұдан гөрі терең және бүге-шігесіне дейін зерттеу үшін биржа саудасының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалынады.
Қазіргі кезде ОАҚБ-да операциялар жасауға 35 брокерлік кеңсеге рұқсат берілген. Олардың ішінде 13-і банк құрылымдарының өкілдері. Шетелдік фирмалар атынан үш брокерлік кеңсе өкілдік етеді. Өткен жылы бірнеше компания брокерлік фирмалар тізімінен шығып кетті. Олардың орнына басқа компаниялар келді. Жалпы қарағанда брокерлік кеңселердің саны өскендігін байқаймыз.
Алайда брокерлік кеңселер мен қор биржаларына деген қызығушылықтың әлі де аз екендігін айтуға тиіспіз. Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының деректері бойынша, 1995 жылы 896 акционерлік қоғамның сомасы 30 мьң теңгеден астам акцияларының эмиссиясы тіркелген, әйтсе де, олардың көпшілігінің брокерлік кеңселермен және биржалармен ешқандай қатынасы жоқ.
Қорытынды
Қорыта келе жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе қазіргі таңда Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамымағандығынан қор биржаларының біздің елде дамымағандығын байқаймыз. Біз айтып өткен фьючерстік сауда бізде атымен жоқ. Ал тауарлар биржасы да осындай халде. Трейдерлер (дилер) ұғымын екінің бірі естімеген де. Яғни нарықтық экономикаға көшуде біздің реформалардың ішінде жіберілген қатесі осы қор биржаларының дәйекті дамымауы деп айту орынды. Бұл қорытындыға қарап қор биржаларын оқып үйренудің қажеті аз деген ұғым тумаса керек, қайта алдын ала қор биржаларынан хабардар болып олардың нарықтық экономикадағы рольдерінің үлкен екеніне назар аударуымыз керек. Алдымызда қор биржаларының өркениетті нарығы қалыптасатынына сенімдімін.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жүнісов Б. Мәмбетов Ұ. Нарықтық экономика негіздері, Алматы 1994.
2. Нұғметжанова А.М., Зоринова А.Н., Оразғалиева А.Қ., Қаржы пәні бойынша практикум (сынама басылым), Астана 2003.
3. Қарағұсова Г. Құнды қағаздар туралы не білесіз? Алматы, 1996ж.
4. Сеилова З.С. Құнды қағаздар нарығы, Қарағанды, 2000ж.
5. Ілиясов Қ.Қ. Қаржы. Алматы, 2003
6. www.kase.kz/*.htm Қазақстан қор биржасының ресми сайты.
Информация о работе Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы