Бағалы қағаздар және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 08:25, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты куәландыратын, дивидент және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат.
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты:
1) Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.

Файлы: 1 файл

Бағалы қағаз түрлері.docx

— 20.71 Кб (Скачать файл)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Бағалы қағаздар және олардың түрлері

Орындаған: Әбілқасым Әсет (Ққ-23)

 

 

Бағалы қағаздар және олардың түрлері

Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты куәландыратын, дивидент және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат.

Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты:

1)    Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оныакция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.

2)    Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет,  жергілікті  әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

1) Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп таралған түрлері қазыналық векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.

2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын  бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындары мен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.

4) Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар,  чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.

5) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары — олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал арасындағы қағаздар.

3)    Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал арасындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.         

 Акция — үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.

1) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның         жарғылық капиталын қалыптастырғанда;

2) бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;

3) жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.

Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып  бөлінеді

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден – бірі түрі. Акция компанияның акционерлер алдында қарыз міндеттемесі.

Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

1)  Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабының қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер болып есептеледі.

2)  Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітап ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануы олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушысы арналған акцияны қолдайды.

Себебі еш жерге тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма – қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолайлығын туғызады.

Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.

Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді.     

Артықшылықты акциялар- меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд  төлеуін қамиамасыз етеді. Бұл акция дауыс құқын бермейді.    

   Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны  төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен, бұл екі бағалы қағаздардың  бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар:

1)    Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі. Акция сол меншіктенудің куәлігі тәрізді.

2)    Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері бекітілген және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Акционер де дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді.

3)    Басқа несие беруші сияқты,  облигация  иесінің дауыс беру құқы жоқ. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқы бар.

4)    Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.

 


Информация о работе Бағалы қағаздар және олардың түрлері