Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2017 в 19:43, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды

Содержание работы

Кіріспе 3
1. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі 4
1.1. Қор биржасының міндеттері 7
1.2 Қор биржасының мүшелері 8
2. Қор биржасының мәні 10
2.1. Қор биржасының қатысушылары 12
3. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы 13
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер 20

Файлы: 1 файл

Қор биржасы.docx

— 47.90 Кб (Скачать файл)

Көптеген мемлекеттерде биржалар қызметінде қойылған талаптарға сәйкес келетін шетелдік жеке және заңда тұлғалардың қатысуына рұқсат етілген. Осы ретте кейбір бөлек елдерде (Канада және Франция) шетелдік тұлғалар биржаның мүшелері бола алмайды немесе олардың қатысуына биржаның жарғылық қорында шектеу қойылған. Ресейлік заңнамада бұл мәселе қарастырылмаған.

Пайлардың және биржа мүшелерінің саны шектеулі. Ол жарғылық қормен, шығарылатын акциялар санымен және биржаның бір мүшесі иелене алатын акциялар көлемімен анықталады. Бұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдеріне тән. Сондықтан биржаның жаңа мүшелерін қабылдау жарғымен қарастырылады. Шетелдік тәжірибеде мүшелер санына шектеу қоймайтын биржалар да кездеседі. Бұл жағдайда сауда жүргізу құқығы не биржа басшылығымен, не уәкілетті мемлекеттік органдармен беріледі.

Ресейде қор биржасы үшін оның барлық мүшелері теңдей, яғни мәселен тауар биржаларында орын алған сияқты, мүшелердің түрлі категориясының болуына жол берілмеген. Бұл уақытша мүшелікке, аталған биржаның немесе қор бөлімінің мүшесі болып табылмайтын тұлғаларға биржа мүшесінің орнын жалға немесе кепілдікке беруге жол берілмейтін жағдайға әкеп соғады.

Шетелдік тәжірибеде, керісінше, қор биржасы мүшелерінің түрлі категорияларын бөліп көрсетеді. Мысалы, Лондон қор биржасының мүшелері – фирмалар үш категорияға бөлінеді.

Біріншісі ең маңызды категория. Оған не дилерлер, не брокерлер, немесе бір уақытта дилерлер де брокерлер де болып табылатын биржаның мүшелері жатады. Егер биржаның мүшесі дилерлік қызметпен шұғылданса,онда ол биржада нарықты ұйымдастырушы – «маркет-мейкер» ретінде тіркеле алады. Әдетте, бұндай функцияларды тек ірі фирмалар ғана өздеріне жүктейді. Олардың негізгі функциясы – котировкалардың міндетті кезеңі деп аталатын белгіленген кезеңде бағалы қағаздарды белсенді түрде сатып алу (сату). Нарықты ұйымдастырушылар мәміле жасасқысы келетін бағаларды ұсынады. Ұйымдастырушылар саны айтарлықтай көп болғандықтан, онда олардың арасында бәсекелестік туындайды, ал бұл бағалы қағаздарға деген анағұрлым негізделген бағалардың қалыптасуына жол ашады. Нарықты ұйымдастырушылар котировка барысында екі курсты белгілеуге міндетті: сұраныс (сатып алушы) бағасы мен ұсыныс (сатушы) бағасын. Мысалы,    143 – 6.10x10 түріндегі котировка, нарықты қалыптастырушы 143 пенс бағасымен 10 000 акцияға дейін сатып алуға және  146 пенс бағасымен 10 000 акцияға дейін сатуға дайын екенін білдіреді. Курстар арасындағы айырма     (3 пенс) спрэд немесе курстық пайданы құрайды.

Лондон қор биржасының екінші категориясын дилер аралық брокерлер құрайды. Бұл бір - бірімен құпия түрде қарым – қатынас жасағысы келетін нарықтың ұйымдастырушыларына делдалдық қызмет көрсететін фирмалар. Дилер аралық брокерлерді қолдану нарықтың ұйымдастырушыларына бәсекелестерінен бағалы қағаздар бойынша өзінің ағымдағы позициясын құпия ұстауға мүмкіндік береді.

Мүшелердің үшінші категориясын ақшалай брокерлер құрайды. Олардың негізгі функциясы – нарықтың ұйымдастырушылары үшін бағалы қағаздарды шеттен алу.

Биржаның мүшелеріне қойылатын талаптар мемлекеттік заңнамамен де, сол сияқты биржалардың өздерімен де белгіленеді. Бұған қоса заңдарда әдетте тек биржадағы мүшелікке жалпы талаптар ғана белгіленеді, ал биржа ішіндегі нормативті құжаттар қосымша талаптар қояды. Мысалы, биржа жарғыда мүшелікке үміткер ұйымдардың тізімі болуын, бағалы қағаздармен операция жасаудың тәртібін белгілейтін баптардың болуын, сонымен қатар биржада жұмыс істейтін жеке тұлғаларда квалификациялық аттестаттардың міндетті түрде болу керектігін белгілеуі мүмкін.

 

 

 

2. Қор биржасының мәні

 

 

Бағалы қағаздардың екінші реттегі рыногының қайнаған ортасы қор биржасы. Қор биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып алу, сату ісі жүреді. Бұл биржаның пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге келуі шикізат, ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері бұлардың биржалық тауарларға ауысуын сипаттайды.

 

Биржаның ерекше белгілері.

Белгілі бір ережелермен сипатталатын қызметтері мен ұйымдық құрылымы сауданы саудаласу, нақты сату, тауарды көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Биржа мынадай қызметтер атқарады:

 

1. Құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды кездестіреді.

 

2. Құнды қағаздар курсын тіркейді, акция түрлері мен облигацияларға инвестордың қатынастарын жинақтайды. Бағалы қағаздарды тікелей сату мен сатып алу жүретін орнын белгілейді.

 

3. Капиталдың бір саладан (кәсіпорыннан) басқа салаға ауысуының механизмін зерттейді.

 

4. Бүкіл елдің және  жекелеген салалардың іскерлік  белсенділігінің экономикалық барометрі  саналатын биржалар экономиканың  құрылымдық бағытын қайта бағалауға көмектеседі.

 

Биржаны акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік шарт бойынша немесе мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші жағдайда олар акционерлер меншігінде, екіншісінде мемлекет меншігі, оның жұмысы жарғы негізінде жүреді. Мұнда биржаны ұйымдастыру мен қызметі анықталады, мүшелерді, оларды қабылдау белгіленеді. Биржаны биржа комитеті (басқармалар кеңесі) басқарады.

Қор биржасы бағалы қағаздардың екінші ретті ұйымдастырушысы болып келеді. Қор биржасы БҚН сауда, кәсіби және технологиялық ядро болып табылады.

 

Классикалық қор биржасы белгілері:

 

-  тіркелген сауда орны  бар орталыктандырылған нарық

 

-  бұл нарықта белгілі  талаптарға жауап беретін жақсы  бағалы қағаздарды таңдау процедурасы  бар (элементтің қаржылық тұрақтылығы  және ірі мөлшерлері, бағалы қағаздар жалпылығы, сұраным жалпылығы)

 

- биржа мүшелері ретінде  ең жақсы операторларды таңдау процедурасы болуы

 

- сауданың уақытша регламентінің  бағалы қағаздары мен стандартты сауда процедуралары болуы

 

- мәліметтерді тіркеу орталығы және олар бойынша есеп айырысу

 

-  ресми котировкаларды  бекіту

 

-  биржа мүшелерін қадағалау

 

Қор биржасы жабық АҚ нысанында құрылады және ҚР заңдылығына сәйкес 10 мүшеден кем емес мүшесі болуы керек, олар тек оның акционерлері. Ол коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның мақсаты пайда табу емес. Өзін-өзі жабу қағидасына негізделген және өз қызметінен өз мөлшеріне табыс төлемейді. Қор биржасы мүше болуға құқық беретін меншік акцияларын сата алады.

 

Қор биржалары ҚР заңдылықтарына сәйкес тіркеледі және бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиядан бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге лицензия алады.

Қор биржасының мүшелері негізгі міндеттері бағалы қағаздармен әрекеттерді жүзеге асыру кіретін инвестициялық институттар мен мемлекеттік атқару органдары кіреді. Қор биржасында әрекеттер тек оның мүшелерімен ғана жүзеге асырылады. Олардың тапсырысы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату брокерлермен және дилерлермен жүзеге асырылады.

 

Брокерлер — мәміле жасаудағы делдалдар — тапсырма бойынша жоне осы үшін белгілі төлем (куртаж) ала отырып клиенттері есебінен әрекет етеді.

Дилерлер — өз аттарынан және өз есептеріне бағалы қағаздарды сатып алу — сатумен айналысады: жеке фирмалар,   банктер,   жеке   тұлғалар   -   қор   биржасының мүшелері.

 

Қор биржасының қаржылық қызметі есебінен жүзеге асырылады:

 

-  оның мүшелігіне кіруге құқық беретін қор биржасы акцияларын сату,

 

-  биржа мүлкін пайдаланғаны үшін қаражаттар,

 

-  ақпараттық, кеңес беру  және т.б. қызметтер үшін қаражаттар.

 

Биржа табыстары оның қызметтерін жүзеге асырумен, оның қызметін кеңейтумен және жетілдірумен байланысты шығындарды жабуға бағытталады.

 

2.1. Қор биржасының қатысушылары

 

Қор биржасы жабық биржа болып табылады. Сондықтан биржадағы құнды қағаздар саудасын оның мүшелері ғана жүргізе алады. Қор биржасы мүшелері болып заңды және жеке тұлғалар табылады. Егер қор биржасының акционерлік қоғам ретінде ұйымдастырылған болса, онда оның мүшелері тек акционер бола алады.

Биржаға жаңа мүшелерді қабылдау биржа жарғысыңда анықталады. Кейбір биржалар биржа мүшелерінің санын шектемейді.

Қор биржалары үшін оның барлық мүшелері бірдей, яғни онда әртүрлі категориялары мүшелер болмайды.

 

Ал шетелдік қор биржаларының тәжірибелерінде биржа мүшелері әр түрлі категорияға бөленеді. Мысалы; Халықаралық Лондон қор биржасының мүшелері үш категорияға бөлінеді:

 

1. Бірінші категорияға дилер, не брокер немесе бір уақытта брокер де, дилер де бола алатын биржа мүшелері жатады.

 

2. Дилераралық брокерлер. Оларға нарықта бір-бірімен жасырын түрде қарым-қатынас жүргізгісі келетін нарықтың қатысушыларына делдалдық қызмет көрсететін фирмалар жатады.

 

3. Ақша брокерлері. Олардың  негізгі қызметтері нарықтың  қатысушыларына құнды қағаздарды қарызға береді.

Биржа мүшелеріне қойылатын талап, биржаның өзінен де талап етіледі.

Биржа мүшелеріне қойылатын және биржаға қойылатын талаптар:

 

1. Биржа жарғысын және  басқа да нормативті құжаттардың болуы керек.

2. Нормативті құжаттарда  және жарғылық қорда көрсетілген  әдістер мен тәсілдерге салымдарға, жарналарға қосымшалар енгізіп отыру.

3. Биржа мүшелері биржаның  іскерлік қызметтеріне өз үлестерін  қосулары керек.

 

 

 

3. Қазақстанда қор биржаларының  қалыптасуы және дамуы

 

Биржалық қозғалыстың даму тарихы 100 жылдан астам уақытты қамтиды. Қазақстанда алғашқы тауарлар биржалары 1991 жылдың бас кезінде дүниеге келді. Бағаны реттеу босатылған соң рынок аласапыран күйге түсті. Ондай жағдай демпингке, әкімшілік өктемдікке, айла-шарғылы саудаға басқа да келеңсіз жағдайларға әкеліп соқты. Рынокқа қатысушылардың көпшілігі биржалық сауда тәртібі жеткілікті білмегендіктен зиянға қалды немесе өз қызметтерінен тиісті пайдасын ала алмады. Республика биржалары өз қызметтерін Қазақстан рыноктарында бар тауарлардың барлық түрімен сауда жасаудан бастады, ал кейін бірте-бірте тауар түрлері бойынша биржалық топтарға маманданды. Сонымен бірге үкімет те өркениетті рынок құру жөнінде бірқатар, қадам жасады. Мемлекеттің биржалық сауданы ұйымдастыру есебінен алған үлкен экономикалық пайдасы ішкі және сыртқы сауданы, тауар биржаларының қызметін реттейтін бірнеше заң актілерінің қабылдауға маңызды фактор болды. Шындығына келгенде объективті нарықтық баға нақ осы биржада қалыптасады, тек биржа ғана ауыл шаруашылық өнімдері, сондай-ақ кейбір өнеркәсіптік тауарлар рыногында бизнеспен айналысатындардың бәріне қалыптасқан жағдайда еркін және дер кезінде бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Сол тоқсаныншы жылдары биржалардың облыстарға жанар-жағармай, газ, құрылыс материалдарын, машиналар мен құрал-жабдықты, азық-түлікті адал бәсекелестік пен еркін баға белгілеу шарттарымен орталықтандырылған түрде беруге нақты мүмкіндіктері болды. Мұның өзі сатып алу бағасын төмендетуге ықпал етті. Сол кезеңде Қазақстан биржалары алдында биржа ісін ұйымдастыруда, биржалардың пәрменді бірлестіктерін құруда қол жеткен шептерді сақтап қалу міндеті тұрды. Олар өздері бірігіп Қазақстанның биржа одағын құрды. Оның дүниеге келуіне бастамашы болған халықаралық Қазақстан агро өнеркәсіп биржасы, Оңтүстік Қазақстан Жібек Жолы тауар биржасы, Қостанай Астық тауар биржасы,  Ақтөбе «Көкжар» тауар-шикізат  биржасы,  Батыс  Қазақстан «жайық» әмбебап биржасы – барлығы 14  құрылтайшы  болды.  Биржалық  қызметтегі  келешегі  зор  бағыт  фьючерстік  рынокты  дамыту  болып  табылады.  Ол  өнімнің,  құнды  қағаздардың  болашақтағы  бағасын  және  валюта  бағамын  күтпеген  ауытқулардан  сақтандыруға  мүмкіндік  береді. Фьючерстік  биржа  бағалап  рыногын  көрсетеді,  ол  биржалық   бағаға және де белгілі  бір таулармен жасалған нақты  мәмілелердің кесімді бағасына, сақтандыру арқылы елеулі ықпал етеді. Фьючерстік  биржалар - өзіндік қаржы орталықтары, олардың дамуы қаржы капиталының күшеюіне алып келеді. Нақты биржалық қызмет жүргізбейтін ұсақ биржалар құру өркениетті рынокты бүлдіреді, тұтас алғанда республикадағы биржалар қозғалысқа көлеңке түсіреді. Қазақстанның биржа одағы биржалық рынокқа қатысушылардың мүддесін білдіріп оларды қорғауды мақсат етті.

 

Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасынан тыс рыноктың баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдарды ұйымдастырады. Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылардың құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидасына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады. Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функциялардың жүзеге асырады. Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде 10 мүшесі болуы тиіс. Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногындағы қызметінде мемлекеттік органға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айырықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруымен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларының орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді. Қор биржасының кірісі негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымнан, биржаның акцияны сатудан түскен қаражаттан оның ақпараттық, консультациялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асырумен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығысты жабуға бағытталады. Биржа негіз қалаушы қағидасы бағалы қағаздан рыногының өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.

 

Қазақстанда "Бағалы қағаздар айналымы және биржасы туралы" заң қабылданды. Онда бағалы қағаздардың жалпы құқықтық, ұйымдық шарты, шығару тәртібі және айналуы, қор биржалары жұмысының негізгі принциптері белгіленген. Бірінші қор биржасы Алматы орталық қор биржасы деген атпен 1991 жылдың сәуір айында ашылды.

 

Акционерлік қоғам - өздерінің ресурстарын орталықтарын немесе тұрғындардың жинақтарын айналымға акция немесе басқа бағалы қағаздар шығару жолымен жұмылдыратын кәсіпорындардың, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың ерікті бірлестігі. Бұндай қоғамдар өздері қабылдаған жарғының негізінде жұмыс жасайды және кез-келген шаруашылық саласында құрылуы мүмкін. Қоғамның жұмысына басшылық жасау басқармамен, бақылау кеңесімен, директорлар кеңесімен және басқада ұжымдық типтегі органдармен жүзеге асырылады. Басқарудың жоғарғы -- органы акционерлік жиналысы болып табылады. Бұл жиналыстырда әрбір акционер дауыс құқын беретін өзінде бар акциялардың сомасына пропорционалды дауыс санын иеленеді. Іс жүзінде акционерлік қоғамдарды акциялардың   біршама көпшілігін иеленетін ірі кәсіпкерлер (капитал иелері) толық билейді. Акционерлік қоғамда үстемдік етуге мүмкіндік беретін акциялардың санын (оның 50 проценттен астам болуы міндетті емес, қазіргі кезде акционерлік қоғамға мүшелікке тартылушылардың көптігіне қарай акцияның, 15-20 проценті жеткілікті).

Информация о работе Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы