Депортация ұғымы, түсінігі, қолданылу аясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2016 в 20:02, реферат

Описание работы

Социалистік заманда Қазақстанды, Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы да сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен сау қалған жоқ. Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи Отанынан күштеп жер аударылды. Депортация — латынша deportatіo — “қуғындау”, “көшіру” деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілі адамдарының белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шет тілден енген сөздер сөздігінде “депортация” — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.

Содержание работы

1.Кіріспе
Депортация ұғымы, түсінігі, қолданылу аясы
2.Негізгі бөлім
Жаппай қуғын-сүргін миграциялар түрлері
Депортациялардың әлеуметтік-таптық геноциді
Сталиндік қуғын-сүргін кезіндегі, 20 ғасыр қарсаныңда болған оқиғалармен тұспа-тұс халықтың депортациясы
3.Қорытынды
Халықтың қуғындыққа ұшырауы одан кейінгі зардаптары

Файлы: 1 файл

каз.тарих.docx

— 65.02 Кб (Скачать файл)

Соғыс жылдарында барлығы 700 мыңнан астам қазақстандықтар — қазақтар, немістер, украиндар және т.б. еңбек колонналарына шақырылды. Соғыстың соңғы 1,5 жылында еңбек армиясының қатарына Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ елдерінен көшіріп-қоныстандырылған бөлігі қосылды. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды. Мәселен, 420 мың неміс ұлты өкілінің соғыс біткен соң 330 мыңы ғана қалды.

Сонымен, еңбек колонналарында екі категориядан тұратындар, біріншілері — азаматтық тұрғындардан тұратын еңбек армиясы, екіншілері — тұтқын жағдайындағы арнайы қоныстандырылғандар болды.

Жалпы қорытындылай келе қуғын-сүргін жылдары қайғылы зардаптар әкелді.Халықтың қырылуы,отбасынан және туған жерінен айыру, лагерьлерге қамау,қыспаққа алып халық намысын таптау.

    

    

  Пайдаланған  әдебиеттер

1. Жұмақаева Б.Д.  Қазақстан тарихы : оқу құралы/ Б. Д. Жұмақаева. -Алматы: Эверо, 2014. -320б.

2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней, В 5-ти т. Т.1. -Алматы: Атамұра, 2010. -544 с.

3. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты. - Алматы: Print - S, 2012. -224 б.

4. Қуаныш С.  Атырау - Маңғыстау аймағы 1917 жылғы революциялық өзгерістер тұсында/ С. Қуаныш. - Алматы: Өлке, 2010. -240 б.

 


Информация о работе Депортация ұғымы, түсінігі, қолданылу аясы