Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2016 в 18:58, реферат
Ноғайлы дәуірі XIV – XVI ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кезеңдегі этнографиялық топтар сары, қара, маңғыт және Кавказ ноғайлары болып бірнеше тармаққа бөлінді.
--Сары ноғайлар (татарлар) Алтын Орда құлаған соң Қазан, Қырым, Астрахан, Қасым хандықтарын құрды.
--Қара ноғайлар (барабы татарлары) он сан ноғай хандығын орнатты.
--Маңғыт ноғайлар Маңғыстау жерінде Кіші жүз қазақтарымен аралас-құралас тұрған.
--Кавказ ноғайлары кіші және үлкен Ноғай ордасының құрамында болды.
Ноғай ордасы
Ноғайлы дәуірі XIV – XVI ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кезеңдегі этнографиялық топтар сары, қара, маңғыт және Кавказ ноғайлары болып бірнеше тармаққа бөлінді.
--Сары ноғайлар (татарлар) Алтын Орда құлаған соң Қазан, Қырым, Астрахан, Қасым хандықтарын құрды.
--Қара ноғайлар (барабы татарлары) он сан ноғай хандығын орнатты.
--Маңғыт ноғайлар Маңғыстау жерінде Кіші жүз қазақтарымен аралас-құралас тұрған.
--Кавказ ноғайлары кіші және үлкен Ноғай ордасының құрамында болды.
Ноғай ордасы, Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.
Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 1396 ж бастап 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХV ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды.
Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХV ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.
Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған.
Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.
Ноғай
Ордасының тарихы Еділ бойы
мен Сібірдегі, Орта Азия мен
Қазақстандағы көрші
XV ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол.
Ноғайлы дәуірінің әдебиеті, негізінен, екі түрлі арнада дамыды: бірі – фольклор, екіншісі – ауыз әдебиеті. Фольклор саласында көптеген ғұрып өлеңдері мен ертегілер, шығыс сюжеттері (“Мың бір түн”, “Тотынама”, “Калила мен Димна”, т.б.) кең тарады. Қаһармандық мазмұндағы классик. эпос үлгілері (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Сайын”, т.б.) бұл кезеңде этн. сананың қозғаушы күші ретінде мазмұндық-құрылымдық жағынан жаңғырып, толықтырылып, қайтадан эпик. айналымға түсті. Сонымен қатар ноғайлы заманының тарихи оқиғаларын қамтыған эпостық жырлар да бой көрсетті. Олар бірде жеке батырлардың іс-әрекеттеріне негізделсе (“Ер Тарғын”, “Ер Қосай”, “Ер Көкше”), бірде ондаған жырлардан құралатын, генеол. жүйеге негізделген эпик. топтама үлгісіне құрылды (“Едіге”, “Орақ – Мамай”, “Қарасай – Қази”, “Аңшыбай батыр”, “Парпария”, “Құттықия”, “Едіге”, “Нұрадин”, “Мұсахан”, т.б.). “Қырымның қырық батыры” деп аталған бұл жырлар Қазақстанның батыс аймақтарында сақталған. Оның толық нұсқасы 1942 ж. Мұрын жыраудан жазылып алынса, кей үлгілерін (“Қарасай – Қази”, “Едіге”, “Орақ – Мамай”) 20 ғ-дың бас кезінде Нұртуған ақын жазбаша түрде қайта жаңғыртқан. Ноғайлы ұлысының кейін қазақ халқының этногенезін құраған көптеген түркі тайпаларын қамтығаны белгілі. Сондықтан ұлыс құрамындағы жеке ру-тайпа батырлары жыр үлгілерінде ноғайлы деген жалпы атау аясында көрінеді. Ноғайлы дәуіріндегі ауыз әдебиеті өкілдері қатарында Кетбұға, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгез (Шалкиіз) жыраулар болды. Олардың шығармалары негізінен авторлық әдебиет көрінісі ретінде жыраулық поэзияға жол салды. Мұндай туындылар қазақ және ноғай әдебиетінде қатар сақталған, ортақ шығарма болып табылады. Олардың қатарында “Айсылдың ұлы Әмет батыр”, “Бозжігіт”, “Шора батыр”, “Әділ сұлтан” эпостық жырларын, “Тақырлауға қонған қаз, тырна” (Асан қайғы), “Алаң да алаң, алаң жұрт” (Қазтуған), “Би Темірге айтқаны”, “Шағырмақ бұлт жай тастар” (Шалгез), “Айнала бұлақ басы тең”, “Қоғалы көлдер қом сулар” (Доспамбет), “Ер Шобан” (Естерекұлы Ер Шобан), т.б. көптеген толғауларды атауға болады. Қазақ арасында ноғайлы жырлары, сондай-ақ ноғай әдебиетінде қазақ жырлары молынан сақталған. Ноғай әдебиетінің үлгісі ретінде жарық көрген “Біз – қазақпыз”, “Жорықта өлген жігіттің жыры”, “Асқар тау”, “Сары қыз”, “Алалай жыры”, “Ботагөз”, т.б. қазақ жырлары соның айғағы. Сонымен қатар оларда Асан қайғы Сәбитұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы, Доспамбет Азауұлы, Қазтуған Сүйінішұлының қазақ әдебиетіне беймәлім шығармалары да баршылық. Осы тарихи кезеңде туған жазба әдебиет үлгілері де бар, бірақ олардың қай тарихи кезеңге жататындығы туралы түрлі пікірлер айтылып келеді. Кейбір зерттеушілер бұл кезеңді Дешті Қыпшақ немесе Алтын Орда дәуірінің әдебиеті деп те атайды. Бірақ мұндай дәуірлеудің әлі де анықтай түсетін тұстары жеткілікті. Біріншіден, “Дешті Қыпшақ” (11 – 16 ғ-лар) өте кең ұғым, ол этн. негіздегі мемл. бірлестіктен гөрі тарихи-геогр. ұғымға жақын. Екіншіден, Алтын Орда дәуірінде (1243 – 1503) өмір сүрген шайырлар Құтыб “Хұсрау – Шырын”, Хорезми “Мұхаббатнама”, Сайф Сараи “Гүлистан би-т-түрки”, Мұхаммед Салих “Шайбанинаме” сияқты жазба мұралар қалдырғанымен, олар ноғайлы дәуірінің этн. санасы мен эпик. дәстүрінен дараланып тұрады. Бұл жазба ескерткіштердің кейінгі ноғай әдебиетінде сақталмауы да көп нәрседен хабар береді. Н. д. ә. үлгілерін М.Османов, В.В. Радлов, А.Жәнібек, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Мағауин, А.Сикалиев, Ә.Дербісалин, т.б. ғалымдар зерттеді