Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2011 в 13:41, лабораторная работа
Электрондық мемлекеттік сатып алу автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) нақты уақыт режимінде электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізуге арналған. Бұл үшін Жүйе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге, сатып алу рәсімдерін шоғырландыруға және жүргізуге тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда электрондық мемлекеттік сатып алу порталында ағымдағы сәтке 70 000 астам қатысушы, оның ішінде шамамен 46 000 өнім беруші тіркелді. Веб-порталға қатынау аптасына 300 000 қатынаудан асып түседі.
I Электрондық мемлекеттік сатып алу
11 Салық есептілігін өңдеу сервистері СЕӨС
II. ҚР ҚМ СҚ web-порталы (www.salyk.kz)
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Жобаның мақсаты «Электрондық үкіметті» одан әрі кеңейту және дамыту –Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі әкімшілік рәсімдерін (бизнес-процестерді) кешенді автоматтандыру үшін тағайындалған оның жаңа құрамдас құрауышы «е-Қаржымині» БААЖ-ын құру болып табылады.
«е-Қаржымині»
БААЖ жобасының негізгі міндеті
қаржыға қатысты барлық бизнес-процестердің
бірігуін, қаржылық есептіліктің шоғырлануын,
бюджеттің атқарылуын бақылауды,кірістерді,
қолма-қол ақшаны, ішкі және сыртқы борышты,
тәуекелдерді, қаржылық аудиттің қамтамасыз
етілуін, мемлекеттік активтерді, сондай-ақ
басқа да функцияларды басқаруды көздейтін
мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін
автоматтандыру болып табылады.