ГАЖ түсінігі және пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2017 в 20:23, курсовая работа

Описание работы

Өткен ғасырдың соңында ақпараттық жүйелердің жаңа класы-географиялы ақпаратты жүйелер (ГАЖ) пайда болды. Олар табиғи ресурстарды басқару мен өндірістің көптеген түрлерін ұйымдастырудың негізгі құралына айналып отыр.
Біздің елде бұл түсінік 1992 жылы бастап кеңейе түсті. Бүгінгі таңда әртүрлі деңгейдегі геоақпараттық жобалар ұйымдастыруда құрамында мыңдаған маманы бар жүздеген ұйым жұмыс атқаруда.
Геоақпаратты жүйелердің анықтамасы көп, нақты айтқанда- бұл аймақтық деректерді жинау, сақтау, өңдеу, сараптау және шығаруға арналған копьютерлік жүйелер.

Файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 4.34 Мб (Скачать файл)

 

 

Сурет 9. «Қабаттарды басқару» терезесі

 

Кестелерді аша келе MapInfo, Карта қабаттарында кестені орналастырған кезде логикаға сүйенеді: кесте орналасқан картографиялық объектілер түрін MapInfo анықтайды,және ары қарай мазмұнына байланысты қабаттарды тәртіпке келтіреді. Мәтінді мазмұны бар қабатты MapInfo тапқан кезде оны жоғарыға орналастырады. Мәтінді қабаттан кейін MapInfo нүктелік объектілерді, содан кейін сызықтық объектілерді, ал ең соңында полигональды объектісі (аудандармен) бар қабат орналастырады.

Қабатты картадан алып тастау үшін:

1 Батырманы немесе Карта >Управление слоями басамыз, немесе Карта терезесінде «тышқанның» оң жақ батырмасын басқан кезде контекст менюінің ішінде осы пункті таңдаймыз.

2 Керекті қабатты таңдап, «Удалить» батырмасын басамыз.

3 «ОК» батырмасын басамыз.

Карта қайтадан салынады да, өшіріліп тасталған қабат құрамында болмайды.

Қабатты қайта қосу үшін:

1 Батырманы немесе Карта >Управление слоями басамыз, немесе Карта терезесінде «тышқанның» оң жақ батырмасын басқан кезде контекст менюінің ішінде осы пункті таңдаймыз.

2 «Добавить...»батырмасын басамыз, сол кездеДобавить слои диалогы пайда болады.

3 Қабаттар тізімінен өзімізге  керекті қабатты таңдап алып, «Добавить»  батырмасын басамыз

4 Қабаттармен басқару  диалогын жабу үшін «ОК» батырмасын басамыз.

Карта қабатында орналасқан бүкіл объектілерді көрсету үшін:

1 Карта >Показать слой полностью... командасын орындаймыз сол кезде Показать полностью диалогы шығады.

2 Қабаттар тізімінен керекті  қабатты толық көрсету үшін  немесе «Все слои» таңдап аламыз.

3 «ОК» батырмасын басамыз.

Кесте әр уақыт өзгеріс енгізбеу үшін қабаттың сыртқы түрін өзгерту үшін:

1Батырманы немесе Карта >Управление слоями басамыз, немесе Карта терезесінде «тышқанның» оң жақ батырмасын басқан кезде контекст менюінің ішінде осы пункті таңдаймыз.

2 Қабатты таңдап алып «Оформление»батырмасын басу керек. Карта терезесінде шыққан хаттау диалогында қабаттын қандай болатынын анықтайдын, стандартты күйіне келтіруін мүмкін.

3 «Единообразно»-ға флажокты орнату. «Стиль региона», «Стиль линии» немесе «Стиль символа» батырмасын басу.

Осыған байланысты Стиль диалогы ашылады....

4 Түстер бояунан түстер  тізімін ашып жаңа түс таңдау. Сондай-ақ басқа да күйге келтірулер  – сызық жуандығы, ауданның бояу  стилі, символ түрі.

5 Таңдап алынған күйге  келтірулерді сақтау үшін «ОК» батырмасын басамыз.

6 Осы күйлерді қабылдау  үшін «ОК»  батырмасын басамыз.

7 Қабаттармен басқару  диалогын жабу үшін «ОК» батырмасын басамыз. [5]

 

4.1 Нүктелік объектілермен  жұмыс істеу

 

 

ГАЖ-де берілгендер үш негізгі сипаттама тән: орын, уақыт және тақырып (тема). Алайда, ГАЖ-нің модельдерін басқаруда екі класы ғана қолданылады:

- орналасу жағдайын анықтайтын  позиционды (кеңістіктік) берілгендер;

- тақырыптық (тематические) және уақыт сипаттамаларын анықтайтын  атрибутивті берілгендер.

Кеңістіктік берілгендер векторлық модельдер көмегімен сипатталуы мүмкін, олар келесідей үш түрлі берілгендер түрімен негізделеді:

- нүктелермен (нүктелік объектілермен);

- сызықтармен (полисызықтар  мен сызықтық объектілермен);

- полигондармен (ареалдармен, аудандық объектілер).

батырмасы «Нышан» құрал-сайманын қосады. Картада нышанмен көрсетілген нүктелік объектілерді құру үшін қолданылады.

 батырмасы «Нышан»  диалогын ашады, нүктелік объектілерінің  рәсімінің түрін өзгерту үшін  қолданылады. Осы объектінің көмегімен  нышанның түрін, оның көлемін  және түсін өзгерте аламыз.

 

 

Сурет 10. «Нышан»  стилін таңдау терезесі

 

«Нышан»  құрал-сайманының көмегімен картада биіктік белгілерді, өсімдік жамылғысын, өндірістік объектілерді, жер бедерін, гидрографияны, геопункттарды, жолдарды, әр түрлі құрылыстарды, көлік түрлерін, ауа райы жағдайларын, ауылшаруашылық объектілерін және  басқа да көптеген объект түрлерін бейнелеуге мүмкіндік береді

 

4.1.1 Жаңа нүктелік  объект құру және оның стилін  таңдау

 

 

Жоғарыда айтылып кеткендей «Нышан» құрал-сайманының көмегімен картада  биіктік белгілерді, өсімдік жамылғысын, өндірістік объектілерді, жер бедерін, гидрографияны, геопункттарды, жолдарды, әр түрлі құрылыстарды, көлік түрлерін, ауа райы жағдайларын, ауылшаруашылық объектілерін және басқа да көптеген объект түрлерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Енді солардың біреуінің құрылуын талдап көрейік. Ең алдымен нүктелі объект сақталатын қабатты құрып аламыз: «Карта» >«Управление слоями» деп басып аламыз. Содан кейін «косметический слойды» құрамыз    ( яғни  «Косметический слой» қабатының флажок орнатамыз), «ок» батырмасын басамыз. Ал ендігі кезекте қабатымызға сай нышанды таңдау керек, мысалға жеке тұрған өсімдіктерді бейнелеу қажет болса: басып, «Нышан стилі» терезесінде UZrastenie-нің ішінен лайықты символды таңдап, «ок» батырмасын басамыз (Сурет 10). батырмасына басып, картамыздың керекті  жерлеріне өсімдіктерді салып шығамыз. Салынған өсімдіктерді жеке қабатқа сақтау үшін «Карта» > «Сохранить косметику» басып, қабатқа ат беріп, «ок» батырмасын басамыз.

 

 

Сурет 11. «Нышанды және оның стилін таңдау» терезесі

 

Бар нүктелік объектінің атрибуттарын өзгерту немесе нүктелік объект символы үшін арнайы эффект құру үшін және көлемін, түсін, бұрылу бұрыштарын таңдау үшін «Символ» стилін қолданамыз. Mapinfo символдың үш түрін ұсынады: векторлық символдар (Mapinfo 3.0символы), орнатылған шрифтар TrueType символдары және растр символдары.

«Символ»  диалогы тек қана нүктелік объектілер символының стилін анықтау үшін қолданылады. Объект құрылатын қабат өзгертілетін болу керек. Жаңа объектілер белгіленетің символды анықтау үшін:

1. «Карта» > «Управление слоями» командасын таңдаймыз.

2. Қабатты өзгертілетін  қылып қоямыз.

3. «Настройка» >«Стиль символов» командасын орындаймыз, сол кезде экранда « Символ» диалогы шығады. Сондай-ақ осы диалог «Пенал» панеліндегі бір батырмамен шақыртылады.

4. символдың суретін, түсін  және көлемін таңдаймыз.

5. «Ок» батырмасына басамыз. Осыдан былай құрылған объектілер  осы стилімен қойылады. [6]

 

 

 

 

4.2 Сызықтық объектілермен  жұмыс істеу

 

 

Кез-келген картаны салу кезінде шекаралар, темір жолдар, автомагистральдар, каналдар, әр түрлі құбырлар тағы басқа объектілер кездеседі. Міне, осы объектілерді салу үшін «сызықтық нысанды» (линияны) қолданамыз. MapInfo Professional бағдарламасында жоғарыдағы объектілерді бейнелеу үшін сызықтардың алуан түрлі қолданылады: жай сызық  . Мысалы , менің нұсқамдағы картадағы арықтардың салынуын қарастырайық. Осыған дейін белгілі болғандай, ең алдымен арықтар сақталатын қабатты құрып аламыз: «Карта» > « Управления слоями» басып «Косметический слой» қабатының флажок орнатамыз, «ок» батырмасына басамыз. Ал енді батырмасына басу арқылы арықты салуға лайықты линия түрін таңдаймыз және келесідей терезе пайда болады:

 

Сурет 12. «Сызық стилін» таңдау сұхбат терезесі

 

Сызық түрін және түсін таңдағаннан кейін, картамыздың үстінен арықтардың басып салып шығамыз. Салынған каналдарымызды «Гидрография» деп аталатын қабатта сақтаймыз. Ол үшін: «Карта»>«Сохранить косметику» басып, қабатқа «Гидрография» деп ат беріп, «ок» батырмасына басамыз.

 

Сурет 13. «Косметиканы сақтау» терезесі

 

 

 

 

Сурет 14. Қабатқа ат беру сұхбат терезесі

 

4.3 Полигондық  нысандармен жұмыс істеу

 

 

Тұйықталған дұрыс емес пішінді нысандарды бейнелеу үшін «Полигон» аспабына жүгінеміз. Мысалға : тұрғын үйлерді, ғимараттарды, уймереттерді және алуан түрлі құрылыстарды картамызға салу үшін ең алдымен сәйкес ат қойып қабат құрамыз. Содан кейін меңзерді (указатель) сурет салуды қай жерден бастау керек сол жерге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасымен басып, содан кейін меңзерді салып отырған нысанымыз бен картадағы бейнелер сәйкес келетіндей етіп жылжытып отырамыз. Сызықтың бағытының өзгерісін тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы орындаймыз.

Қисығымыз тұйықталу үшін тышқанның сол жақ батырмасы екі рет басылу керек, сол кезде салынып отырған нысанымыздың алғашқы және соңғы нүктелері қосылып тұйықталады.

Нысанымызды салдық деп есептейік, енді оны сәйкес қабатта сақтап, оның стилін, түсін, т.б. таңдау керек. Ол үшін батырмасына басып, сәйкесінше стилін таңдаймыз.

 

 

Сурет 15. «Нысан стилін таңдау»

 

Міне, осылайша өзімізге керекті стильді таңдап алып, қара түсті объектілерді сандық түрге келтіріп алуға мүмкіндік бар. Міндетті түрде жаңадан салынған нысанымызды қабатта сақтап отыруды ұмытпауымыз қажет.

 

          5 Зайсан қаласының отчетын құру

 

 

Картографиялық мәліметтің нәтижелік көрінісін бақылау үшін «Отчет» терезесінің көмегіне жүгінеміз. «Отчет» терезесінде «Карта» және «Список» терезелеріндегідей тәріздес терезенің оң және төменгі жақтарында жүгіртпе сызықтары бар. Ал терезенің жоғары және сол жақтарында объектілердің орналасуын және өлшемін білуге мүмкіндік беретін сызғыштарды көрсетуге болады.

Хабарлама жолағында «Отчеттың» ағымдық өлшемі көрсетіліп тұрады.

37,46% өлшемі «Отчет» терезесіндегі  бейне беттің шынайы өлшемінің 37,46%-н құрайтынын білдіреді.

 

5.1 Отчет терезесін  құру 

 

 

Отчет терезесін құру үшін келесідей қадамдарды орындау қажет:

  1. Окно- Новый Отчет командасын орындаймыз.

Егер де ешқандай терезе бұрын ашылмаған болса, онда MapInfo тез арада таза беті бар Отчет терезесін құрады. Ал егер де ашылған терезелер бар болса, онда MapInfo «Новое Окно Отчет» сұхбат терезесін экранға шығарады.

  1. Отчет терезесінде бейнеленетін өзіміздің қалауымызды енгіземіз.
  2. Ок батырмасын басамыз.

 

Сурет 16. «Новое Окно Отчета» терезесі

 

MapInfo алдын ала қойылған шарттарға сәйкес Отчет терезесін ашып береді. MapInfo Отчеттің жаңа терезесін ашу барысында принтерге арналған ағымдық параметрлер негізінде бет үшін өлшем және орналасу жағдайын бекітеді. Терезені ашқан кезде бекітілген принтер параметрлері  келесіде терезені ашқан сайын сол параметрлері сақталады.

Отчет терезесі құрылғаннан кейін бұл терезе бағдарламаның белсенді терезесіне айналады. MapInfo мәзір (меню) жолына Отчет пунктін қосады.

 

5.2 Отчет рамкасымен  жұмыс істеу

 

 

Отчет рамкаға орнатылады. Рамканы орнату үшін төмендегі командаларды орындаймыз:

  1. «Пенал» ­ «Рамка (frame)» батырмасына басамыз.
  2. «+» формасындағы курсорды бастапқы нүктеге алып барамыз. Тышқан пернесін басып тұрып, курсорды жылжыту арқылы объектінің геометриялық пішінін бейнелейтін тік төртбұрыш аламыз.
  3. Пішіні өзіміздің қалауымыздағы өлшемдерге сай болғанда, пернені жібереміз.
  4. MapInfo рамканы құрады.

Рамка орнатудың келесі тәсілі үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:

  1. «Пенал» панелінен «Премоугольникті» таңдап аламыз.
  2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, курсорды жылжыту арқыды өзімізге қажетті пішінді аламыз.
  3. Тышқанның сол жақ батырмасын жібереміз.
  4. Отчеттың рамкасы дайын.

Рамка «Рамка» объектісінің параметрлерін өзгерту жолымен түзеліп тұруы мүмкін. Рамканы түссіз қылу үшін:

  1. Рамканы тандайыз.
  2. Стиль Области командасын орындаймыз.
  3. Сұхбатта штриховка үшін «N» мәнін белгілейміз.

Картаның масштабын өзгерту үшін:

  1. Отчет терезесін белсенді етіп аламыз.
  2. Карта орналасқан рамканы екі рет шертеміз.
  3. «Масштаб» терезесінде өзімізге қажетті өлшемдерді енгіземіз, сол кезде Отчет терезесіндегі картаның масштабы да лайықты қалыпқа келеді.

Рамканың құрылымы әрқашан көрсетіліп тұрмайды, сондықтан келесі қадамдарды орындаймыз:

  1. Отчет-Режимы показат командасын орындаймыз, экранға «Режимы показат Отчет» сұхбат терезесі шығады.
  2. Шыққан «Показывать содержимое рамки» қосымшасының ішінен режимдердің біреуін таңдаймыз:
  3. «Всегда» -«Только при переходе в окно Отчета»-«Никогда»

4. «Ок» батырмасын басамыз.

5. 23 нұсқа бойынша берілген  Зайсан қаласының топографиялық  картасының отчеты (Қосымша Б)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе ГАЖ түсінігі және пайда болуы