Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2017 в 17:16, реферат
Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады.Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейнесаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесаналық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Бейсаналық тұжырымдамасы.
2.2 Психоанализ.
2.3 Карл Юнг Ұжымдық бейсаналы теориялары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Төртінші томда ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастырудың теориясын жасаған кеңестік ғалымдар П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина, т.б. еңбектерінен үзінділер аударылған.
Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П.Я.Гальперин жасады. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік және қолданбалы аспектілерді талдап саралайды.
П.Я.Гальперин өзінің “Бағдарлаушы іс-әрекет психологиясының пәні” деген еңбегінде психикалық бейнелеудің формаларын және олардың физиологиялық негізін кеңес физиологы И.П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына сүйеніп, әр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді.
Бесінші томда гуманистік психологияның ХХ ғасырдағы көрнекті өкілдері К.Роджерс, А.Маслоу, Г.Олпорт, Г.Айзенктің көзқарастары баяндалған. Бұл томда К.Роджерстің “Кеңес беру өнері мен терапия” деген еңбегінен жеке тұлғаны зерттеу тәжірибесінен үзінділер келтірілген.
Алтыншы том “Дамытып оқытудың мәселелері: теория және практика” деген атаумен беріліп отыр. Бұл томда жас және педагогикалық психологияның негізгі мәселелерінің бірі, бала психикасының дамуы, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық байланыстары қарастырылады. Осы мәселе баланың тұлғалық және интеллектілік қабілеті дамуының білім жүйесіндегі негізгі мақсаттары және міндеттерімен байланысып жатады.
Томда В.В. Давыдовтың “Оқытудағы жалпылаудың түрлері” атты еңбегі мен А.М. Матюшкиннің “Ойлау мен оқытудағы ситуациялық жағдай ” атты кітабынан үзінділер алынған.
Жетінші том “Қазіргі кездегі когнитивті психология” деп аталады. Психологияның бұл саласында когнитивті психологияның зерттеу пәні болып табылатын танымдық үрдістерді зерттеу ерекше орын алады. “Когнитивті” ұғымы қазақ тіліне аударғанда “танымдық” деген мағынаны білдіреді.
Осы томға қазіргі кездегі батыстық когнитивті психологияның өкілдері Д.Брунер, У.Найссер, Ж.Пиаже, Р.Солсо, Дж.Р.Андерсон, Л.Фестингердің еңбектерінен жеке тараулар мен фрагменттер, сонымен қатар ресейлік авторлардың жұмыстарынан жекелеген еңбектер енгізілген.
Сегізінші том “Жеке тұлғаның қазіргі теориялары” деген атпен беріліп, онда А.Адлердің “Балаларды тәрбиелеу” және “Жеке-даралық психологияның тәжірибесі мен теориясы” – баланың жеке тұлғасы, оны тәрбиелеу мәселелері, балалар психикасындағы невроздар, оларды емдеу мәселелеріне арналған еңбектерінен үзінділер алынған. Сонымен қатар жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған сұрақнама мен өз тәжірибесінен мысалдар және бұған түсініктемелер беріліп отыр. Осы томға З.Фрейдтен кейін психоанализді әрмен қарай дамыта түскен, архетип, ұжымдық бейсана ұғымдарын ғылымға енгізген К.Г.Юнгтің “Санадан тысқарының мәселесі” деген еңбегінен де үзінділер аударылған.
Тоғызыншы томда ХХ ғасырдағы кеңес және шет ел психологтарының (С.Л.Рубинштейн, Л.Леви-Брюль, А.В. Брушлинский, О.К. Тихомиров, т.б.) ойлау психологиясы саласында классикалық болып табылатын еңбектерінен үзінділер берілген. Ойлау психологиясына қатысты еңбектерде, ойлау әрі үдеріс, әрі іс-әрекет ретінде, оның сатылары мен әр түрлі теориялары, ойлаудың генетикалық түп негізі, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы, ойлауды экспериментті тұрғыдан зерттеу мәселелері сөз болады.
Осы томдарға енген аударма материалдардың ішінде өзінің теориялық жаңалығы, практикалық маңызымен қазіргі қазақ халқының тыныс-тіршілігіне бір табан жақын тұрғаны З.Фрейдтің психоанализ ілімі мен америкалық гуманистік (ізгілік) психология өкілдерінің (К.Роджерс, Г.Олпорт, А.Маслоу т.б) түйін-тұжырымдары. Мәселен, гуманистік психологияның (мұның идеясын кезінде әл-Фараби, Өтейбойдақ, Асан қайғы, Абай, т.б. айтқан – Қ.Ж.) түсінігінде адам-табиғатынан қайталанбас белсенді тұлға, әркімде де алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік бар, оның үнемі өзін-өзі жетілдіре түсуге мүмкіндігі мол, өйткені “үмітсіз – шайтан” дегендей, онда болашақтан үміт үзбейтін, ілгері қарай ұмтылушылықтың табиғи негізі бар дейтін оптимистік идеялар ұсынылған.
Бұл түйіндер полиэтностық Қазақстан үшін аса маңызды. Елімізді 130-дай этнос өкілдері мекендейді, олардың тұлғалық психологиясының қалыптасу жолы да бірдей емес. Осы мемлекетті құрайтын қазақтардың өзі де біркелкі емес. Олардың бірі – ада қазақ (мәңгүрт), екіншісі – шала қазақ, үшіншісі – жаңа қазақ (байлар), сондай-ақ, орта тап, кедей-кепшік болып кете береді. Бұлардың өмір жолы, мақсат-мүддесі, талап-тілегі әр түрлі. Формасы – қазақ, ішкі жан дүниесі қазақ емес жандардың да қалаған мақсатқа сай өзін-өзі жетілдіре түсуге, өзін айналасындағыларға таныта алуға ұмтылатыны сөзсіз. Осы айтылғанға орай, бізде гуманистік психология ұсынған проблемаларды зерттеу аса тиімді болмақ.
Ол үшін еліміздегі әр түрлі этнос өкілдерінің, әсіресе қазақ халқының психологиясын зерттейтін мемлекеттік бюджет негізіндегі ғылыми-зерттеу институтын ашуымыз қажет. Осы институт қазіргі қазақ қоғамында қандай тұлғалар өсіп, жетіліп келеді, олардың рухани құндылықтары қандай, ұлттық психология болмысының деңгейі, ұлт болашағына сенімділігі т.б. осы секілді мәселелерді зерттейтін болса, көп нәрсенің ақ-қарасы ашыла түсер еді.
6. Карл Юнг ұжымдық бейсаналы теориялары.
Ұжымдық бейсаналықтың гипотезасы қоғамға басында Жат болып, соңынан белгілі, кейде атақты да болып кететін ғылыми идеалардың қатарына жатады. Дәл осындай жағдай кен танымал "бейсаналық" ұғымымен де болтын. Г. Карус пен Ә фон Гартман жасаған. Бейсаналықтың философиялық идеясы ешбір ізсіз маңыздылығы өте бастады, бірақ уақыт өте келе ол ғылыми толқынның бетіне медициналық психология саласында шыға бастады. "Бейсаналық" өзінің алғашқы даму кезеңдерінде ығыстырылып шығарылған немесе ұмытылған мән-мағыналарды білдірді. Фрейдте бейсаналық метафорикалық түрде, яғни әрекеттегі субьект ретінде түсіндіріліп, тек ығыстырылып шығарылған мән-мағыналардың жиналатын жері кейпінде көрсетілді. Анығы, біз бейсаналыққа осы көзқараспен қарасақ, ол тұлғалық табиғатында болады, ал өзгеше жағымен қараса, Фрейд бейсаналық түрде ойланудың архаика-мифологиялық мағынасын түсіндірді.
Әрине, бейсаналықтың жоғарғы қабаты жекеше түрде болмақ. Біз оны тұлғалық немесе жекеше бейсаналық деп атаймыз. Бірақ бұл қабат өзге, одан да терең, бастауын басқа тәжірибеден алатын қабатта болады. Бұл тереңірек қабат ұжымдық бейсаналық деп аталады. Мен "ұжымдық" терминін таңдадым, себебі бейсаналық жеке тұлғалық емес, жалпыламалық түрде болды. Басқаша айтқанда, жымдық бейсаналық барлық адамдарға тән және табиғаты жағынан тұлғадан жоғары болып, әркімнің рухани өмірінде ортақ негіз салады.
Біз жанымызда бір ойланарлық мәселені бар екендігін тек түсіндіріле алатын мағыналар болғанда ғана мойындаймыз. Ұжымдық бейсаналықтың мағынасы ретінде біз архетипті айта аламыз. Бұл сөз Филон Иудейдің Imago Dei-де кездеседі. "Архетип" ұғымы адамдағы Imago Dei-re қатынас ретінде Филон Иудейде қатынас ретінде Филон Иудейде кездеседі. Сонымен қатар Иринейде де, Дионисий Ареопагитте де бұл түсінік өте көп қолданылады.
Ал Августинде "архетип" сөзі кездеспейді де, бірақ оның орнына "идея" сөзі қолданылады. Архетип Платонның eidos сөзінің түсіндірме Суреттемесі. Бұл атақ біздің мақсатымыз үшін дұрыс және пайдалы болып табылады, себебі етер ұжымдық бейсаналықтың мазмұны туралы айтсақ, онда біз көне, алғашқы типтермен, яғни ғасырдан ғасырға сақталған жалпы көріністермен кездесеміз. Сонымен қатар Бейсаналылық мазмұнына ең алғашқы өмір танымындағы символикалық фигураларды белгілеу үшін пайдаланған Леви Брюльдің "representations collecnives" ұғымын жатқызуға болады. Мұнда ру — тайпалық оқытулар түрлері өзгертілген архетиптерге қатынасы туралы айтылады. Бірақ бейсаналықтың мазмұны емес; олар дәстүрлі оқытулар көмегімен берілетін, яғни бастауын бейсаналықтан алатын ұжымдық мазмұнның берудің әдісі болып табылатын құпия оқытулар арқылы берілетін формаларды алып үлгерген.
Мифтер және әңгімелер Архетиптің басқа жақсы, танымал түсінігі болып табылады. Мұнда да көп ғасырлар бойы берілетін спецификалық формалар туралы айтылады. "Архетип" ұғымы "representations collecnives" сөзіне қатысы бар, онда ол сөз әлі ешқандай саналы өндеуден өтпеген психикалық мазмұнының бөлігін және сонымен қатар тек тікелей психикалық мәлімет дегенді білдіреді. Архетип осыдан тарихи болған немесе қайта өндеуден өткен формалардан ерекшеленеді. Дәстүрлі оқытулардың ең жоғарғы сатысында архетиптер пайымдау мен бағалаудағы саналы қайта өндеудің әсерінен көрініс табады. Біз түсімізде, елестерімізде кездесетін архетиптердің пайда болуы мифтерге қарағанда индивидуалды, түсініксіз болып келеді. Өмір сүруі бойынша, архетип танылатын және қабылданатын болып өзгеретін бейсаналы мазмұн болып табылады; Ол индивидуалды сананың бетінде пайда болады.
Архетип сөзінің түп мағынасын оны мифпен, құпия оқытумен, әңгімемен қатынасы арқылы білуге болады. Бізге архетип сөзін психологиялық тұрғыдан түсіндіру қиынға соғар еді.
Осы күнге дейін мифтерді зерттеу барысында солярлы, лунарлы, метеорологиялық және тағы басқа көмекші көріністермен қанағаттандырылған. Миф — біріншіден, жанның түп мақсатын көрсететін психикалық көрініс дегенге мүлдем көңіл аударылмайды. Жабайы көріп тұрған заттарды обьективті түсіндіре алмайды. Керісінше, ол ешқашан қажеттілік сезінеді, немесе дұрысырақ оның жанында барлық сыртқы тәжірибені жан дүниесінде болып жатқа • құбылыстарға сәйкес қалыптастыру талпынысы болады. Жабайыға Күннің шығып және батқанын көру ғана жеткіліксіз - бұл сыртқы әлемді бақылау сонымен бірге психикалық құбылыс болу керек, яғни күннің метаморфоздары. Адамның өзінің жан дүниесінде орналасқан құдайдың немесе кейіпкердің тағдырын білдіру керек. Барлық мифологиялық табиғи құбылыстар, мәселен жаз немесе қыс, жаңа айдын тууы, жаңбырлы уақыт, т.б сол объективті құбылыстардың аллегориясы тана емес, сонымен қатар ішкі және бейсаналы жан дүниесінің драмасының символикалық белгісі. Ол көбінесе проекция арқылы адам санасымен, яғни табиғи құбылыстардың айнада пайда болуымен қабылданады. Міне, мұндай проекциялау тек өзінің негізінде жатыр, сондықтан да проекцияны сыртқы объекттерден ажырату үшін адамзатқа бірнеше мыңжылдық мәдениет ағымы қажет болды.
Мәселен, психологиялық мінездеме жұлдыздардан бөлінбегендіктен, астрологиядағы көне "scientia inventiva"- ның ісі абсолюттік дискредитациям ұшырады. Астрологияға күні бүтінге дейін сенетіндер — қайта сендіруге ұмтылғандар, әлі де жұлдызнаманың ықпалы жөніндегі көне ой толғамдарға әрқашан орала береді. Бірақ жұлдызнаманы есептей алатын әрбір адамға сонау Гиппарх Александрискийдің заманында көктемдік күн теңелісі Тоқтының 0 градусына тең болғандығы мәлім.
Алғашқы қауым адамының субьективтілігінің қызықтылығы сонша, тұңғыш болжамда мифті оның рухани өмірінен шыққаны жайында болуы керек еді. Негізінен табиғатты тану — ол үшін тілге және бейсаналық рухани процестердің сыртқы белгілеріне әкеп тірейді. Олардың Бейсаналықтығының себебі де — мифтерге түсініктеме бергенде адам жанынан басқаның бәріне де жүгіну. Түсіндіруге жатпайтындығы мынау еді: адам жанында сол мифтер бастау алатын көріністердің болуы, біздің бейсанамыздың әрекет етуші әрі субъекттің әрекетіне төтеп беруші объект болуы, ол осы көріністерді алғашқы қауым адамының үлкен және кіші табиғи процестерден іздеуі де түсініксіз еді.
"Сенің көкірегіңде өз тағдырыңның жұлдызы бар" — дейтін Зени Валеншгейну, жүректің бұл құпиясы жайлы бірнеше адамдар ғана білгенде, бұл ұғым астрологияның негізгі түсініктемесі болды. Бұл да түпкілікті түсінікті емес, сондықтан мен қазір аса бір күрделі өзгеріс болды деп айта алмаймын Ру-тайпалық оқытулар қасиетті әрі қауіпті. Барлық құпия оқытулар рухани оқиғаларды іліп алып, жоғарғы абыройлы алғысы келеді. Бұны көбіне әлемдік доминантты діндерге қатысты айтуға болады. Олар алғашында құпиялы әрі бағалы ілімді насихаттап, ұлы тұлғалық үлгілер арқылы жан құпиясын түсіндіреді. Олардың храмдары мен қасиетті жазулары өзінде бір уақытта діни сезім, жаңғыру мен ойды қоса алатын көне оқытуларды мадақтай түседі. Айта кететін жайт, дәстүрмен беріліп келетін үлгі қаншалықты кең, керемет әрі әсем болса, онда ол соншалықты жеке тәжірибеден аулақ болады. Біз — бір нәрсені сеземіз, қабылдай да аламыз, бірақ, алғашқы тәжірибелік үлгіні жоғалтып алдық. Не үшін психология ең жас тәжірибелі ғылым болып табылады? Бейсаналық ертерек неге ашылмады. Ал оның байлықтары мәңгілік үлгі ретінде көрінді? Себебі барлық рухани құндылықтар үшін діни формулалар негізделінген және олар жанама тәжірибеге қарағанда анағұрлым кеңірек әрі керемет. Егер көпшілік үшін христиандық дүниетаным барынша айқындалып қойса, ал шығыс рәміздерінің құндылығы ғажаптарға толы.
Қызығушылық пен жаңа қырларды тану ынтасы бізді оларға жақындата түсті. Мейлі, ол үлгілер христиандық, буддистік немесе тағы басқа түрі болсын, олар — ғажайып, құпия әрі пайғамбарлықтай болып табылады. Әрине, олар, яғни діни құндылықтар бізге қаншалықты үйреншікті болса, қаншалықты өз мәнін күнделікті қолданыспен өшіре берсе, онда соншалықты олардың қарабайыр сыртқы көрінісі мен мазмұнынан айрылған парадокстық қалады. Пәктік жағдайындағы ұрықтану құпиясы Әке, бала, Үштіліктің бір негізділігі — енді философиялық қиялды қанаттандырып, дем бермейді. Сондықтан да діни қажеттілік , сенімнің мәнін түсінуге деген ұмтылыс, философиялық спикуляция білімді еуропалықтарды шытыстық нышандарға, Индияның Құдай хақындағы ой толғанысына, қытайдың түпсіз дао философиясына ынталандыруда. Дәл осы жолмен антикалық адамның сезімі мен рухы өз кезінде христиандық ойлармен жаулап алынған еді. Қазіргі күнде алғашында христиандық құндылықтардың ықпалына беріліп, уақыт өте оған қарсы кверкегорлық невроз туатын адамдар аз емес.
Біз христиандық нышандарға түсіністікпен қарайтын білімді Шығыс өкілдерінен ортақ ұқсастықты байқаймыз және Еуропа ғылымының шығыстық рухына тән жағдай. Мәңгілік үлгілерге тартылыс, ұмтылыс қалыпты нәрсе, олар сол үшін де жаралған. Олар бізді өзіне тартып, сендіріп тан қалдыруы тиіс. Олар адамға қасиетті әрі құдай жолына бағыт көрсетеді және бір уақытта оған деген жақындастықты алшақтап отырады. Адам рухына мыңжылдық әрекетінің арқасында бұл үлгілер әлемдік тәртіп санасының жалпылама жүйесіне енген. Олар тағы да алып, кең, көне сыйлы институт шіркеу кейпіне де келеді.
Мұны көбіне үштіктің елесін байқау оқиғасымен түсіндіруге болады. Мәселен, Заксельн шіркеуінің дәлізінде үштілік елесінің көрінісі сақталған. Бұл орта тұсында ғажайып үлгісі бар, алтыға бөлінген маң дала. Бізге Николай бауырымыздың өзінің көрген елесінің мәнін түсініп, оған анық форма енгізу үшін, бір неміс мистигінің иллюстрациялық кітабын пайдаланғаны мәлім. Он көптеген жылдар бойы сол белгіні өңдеумен айналысты. Елестің мәнін түсінуге Николай бауырымыздың рухани жетекшілерінің диаграммасы әсер етті. Сондықтан ол нақ Үштіліктің өзін, Summun bonum, мәңгілік махаббаттың өзін көрдім деп шешті. Мұндай қорытындыға Заксельндегі көрініс те сәйкес келеді.
Бірақ бірінші елеспен жүздесу мүлдем басқаша еді. Оның ғажайыптылығы соншалықты, одан Николайдың өзі үрейленіп кетті, өзгелер де сескене бастады. Ол туралы Велфлин былай дейді: "Бейнені көруге келгендердің бірден бойын үрей билейді. Бұл қорқыныштың себебі деп, өзінің адам жүзінің бейнесінде өткір жарықты көргенін айтты. Елестің қорқынышты болғаны соншалықты, сол сәтте жүрегінің майда бөліктерге бөлініп, жарыла жаздардай соққаны дәлел еді. Бұл бейнені көрген соң, оның өзі мүлдем өзгеріп, адам танымастай болып кетті"