Бейсаналық тұжырымдамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2017 в 17:16, реферат

Описание работы

Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады.Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейнесаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесаналық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Бейсаналық тұжырымдамасы.
2.2 Психоанализ.
2.3 Карл Юнг Ұжымдық бейсаналы теориялары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Философия.docx

— 42.95 Кб (Скачать файл)

                                                Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1 Бейсаналық тұжырымдамасы.

2.2 Психоанализ.

 2.3 Карл Юнг Ұжымдық бейсаналы теориялары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 Кіріспе

      Бейсаналық- саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту.Адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау.

      Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады.Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейнесаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесаналық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

       Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. Мысалы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т.  Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. Мысалы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   2.1 Бейсаналық тұжырымдамасы.

 

      Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет –қылығын басқара алмауы мүмкін.

      Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т.  Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. Мысалы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.

      Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық  бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың  негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар.

     Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип -  бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады.

     Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ  олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады:

1.Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде;

2.Ден мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда;

3.Түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде;

4.Дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда.

      Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде.Түрлі әрект-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады.Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ.Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде.

      Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе психолог-зерттеушілердің ең қызықтыратын объектісі. Бұл мәселе б-ша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді:

1.психоанализ теориясы;

2.астарлы психикалық нұсқаулар (установки).

   

                                         2.2  Психоанализ

 

       Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор  әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд  қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында  адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған  құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі  сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты —  адамның көмескі санасына ықпал  ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында  болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі  санада белгілі бір жағдайларда  сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы  Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын  ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс  табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық  өмірі туылған соң басталады  деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның  түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән  архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында  инстинкті құмарлықтар шешуші рөл  атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын  күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін  бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың  бастауы балалық шақта жатқандығын  байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті  жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі  еңбектерінде фантазия екі тұрлі  инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.

      Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.

      Психоаналитикалық зерттеулер тәуелділіктің  пайда болуын психосексуалды жетілудегі дефект ретінде түсіндіреді. Сонымен  қатар тәуелділік регрессия ретінде  қарастырылады. Қажеттіліктерін қанағаттандырмағандықтан жеке тұлға фрустрацияға ұшырайды және өшпенділікпен жауап береді. Ал егер ол өз өзіне тұйықталса, психикалық бұзылысқа ұшырайды. Мұндай адамдар  үшін есірткі эйфория туғызу арқылы фрустрациядан арылу жолы. Қоғамдық пікір және есірткі өшпенділік пен  кінә сезімін күшейтеді. Нашақордың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмауының себебі оның толық емес «менінің» салдары. Психоаналитикалық  бағыттың көптеген авторлары нашақорлықты мастурбацияның бір түрі ретінде  қарастырса да, зерттеу бойынша психосексуалды дамудың оральды кезеңінде болатын  ішкі жекелік қақтығыс деді. Регресс  түсінігінің мәні жеке тұлға өмірі  оңай болған, қорқыныш, қиыншылық болмаған даму кезеңіне қайта оралады. Яғни регресс  дегеніміз «меннің» ауру мен фрустрация алдындағы әлсіздігі. Бұл бағыт  психоанализде сынға алынған  жоқ. Бірақ психоаналитикалық тәсіл  арқылы тәуелділікті емдеу мүмкін емес. Себебі нашақорлық «ата-ана-бала» қатынасының  және балалық шақтағы соққының салдары  емес деген тұжырымдар айтылды. Нашақорлық жеткіншек шақтағы ересектер  мен бала арасындағы қарым-қатынастағы  қақтығыстың салдарынан немесе жеткіншектер ортасының психикалық қысымының  негізінде қалыптасады. Қарым-қатынас сферасы нашақорлықтың дамуына негізгі тәуелділік «құмарту»жеткіншек жастан дамиды.

      Психоанализ - батыс адамының рухани дағдарысының өзіне тән көрінісі және оның шешімін іздеудің талпынысы. Бұл психоанализдің соңғы кездегі  бағыттарынан - «гуманистік» және «экзистенциалдық»  анализдерден (сараптаудан) айқын көрінеді. Өзімнің «гуманистік» тұжырымдама  ма көшпес бұрын, Фрейдтің жүйесі,кең  тараған,мүлде қайшы түрде, «науқас» және «емдеу» деген ұғымдар аясынан  шығып кеткендігін,оның жаны сырқат ауруларды емдеуге ғана емес, дұрысы, адамды «құтқаруға» бағытталғанын  айтқым келеді. Бір қарағанда, Фрейд  психикалық ауруларды емдеудің жаңа түрін жасап, осы мәселеге күллі  мүддесі мен өмірін бағыштаған адам. Алайда, тереңірек үңілсек,невроздарды  медициналық жолмен емдеудің астарында  Фрейдтің қызметінде аңғарыла бермейтін,оны  өзі сирек  сезінген мүдде жатқаны  аңғарылады. Осы біржасырын немесе тек қана имплицитті тұжырымдама  психикалық ауруларды емдеуден гөрі, «ауру» және «емдеу» ұғымдарының  аясынан кеңірек мәселеге қатысты  болған сияқты. Ол не? «Психикоаналитикалық қозғалыстың» негізі не еді? Фрейд болашақтағы  адамды қалай елестетті? Оның қозғалысының іргестатық догматтары қаңдай? Бұл  сауалдардың ең айқын жауабы, шамасы, Фрейдтің мына сөзінде жатыр:  «Анау  болған жерде Мен тұруға тиіс». Оның мақсаты иррационалды және санадан  тыс нәрсенің бәрін ақылға билету болатын;адамды оның барлық мүмкіндіктеріне  сәйкес санадан тыс нәрсенің құрсауынан босату еді.Ол сол күштерді өз бойынан  сезінуге, бақылап - басқару отыру  үшін оларды игеруге тиіс.Фрейдтің мақсаты ақиқатты, шын жағдайды мейлінше тану болатын.Ол үшін бұл (тану) мына дүниеде  адамға бағыт берудің жалғыз тал  сәулесіндей болды. Оның мақсаттары - рационализмнің, Ағарту философиясының, оның этикасының дәстурлі мақсаттары. Егер дін мен философия осы  өзін өзі бақылау мақсаттарын  утопиялық түрде қойса, Фрейд  бұған бірінші болып ғылыми негіз  жасап берген (санадан тысты зерттеу  арқылы) адам болған - немесе, өзі солай  деп есептеген - демек, осы мақсатқа жетудің жолдарын да көрсеткен. Фрейд  батыс рационализмнің асқар биігі...

      Индивидті қарастырарда Фрейдті философиялық және этикалық мақсаттар әдеттегіден  тыс аландатты. Психоанализге кіріспе  бойынша жасаған лекцияларында  ол әлделбір мистиктердің тұлғаны түбегейлі  өзгертуге іс жүзінде талпынып көргені жайлы айтады. «Біз,-дейді Фрейд, - психоанализдің терапиялық ұмтылыстары мәселені осылай қоюға жақын екенің мойдауымыз керек. Олардың діттегені Ego-ны күшейтіп, оны Super-Ego-дан мейлінше тәуелсіздеу ету, бақылау аймағын ұлғайтып,индивидтің жаңа тұстарына қол жетерлік жағдай жасау. Анау болған жерде Мен тұруға тиіс». Фрейд «адам нәтін невротикалық симптомдардан, мінез-құлқын бәсендік пен қалыпты еместігінен құтқаруды мақсат ететін психоаналитикалық терапия туралы осы ниетпен сөйлейді. Сонымен,ол үшін аналитиктің (сарапшының) бейнесі қарапайым доктордан, «емдеуші дәрігерден» биіктеу. Аналитик, егер ол пациент үшін кейбір аналитикалық мезеттерде өнеге ретінде, ал кейде мұғалім ретінде қызмет етуге тиіс болса,белгілі бір мағынада үстем жағдайда болуы керек. «Ақыр соңында,-деп жазады Фрейд,-аналитик пен пациент арасындағы қарым-қатынастар ақиқатқа деген сүйіспеншілдікке яғни, шындықты мойындауға негізделуге, сол аркылы ұятты да,алдауды да ысырып қоюға тиіс». Фрейдтің мұнда көрсетілген принциптерінің біріншісі - өзгертуші білім, оған сайсақ, теория мен практика бір-бірінен бөліп алғысыз нәрселер-өзімізді тану актісі арқылы біз өзімізді өзгертеміз (трансформациялаймыз). Фрейд осы заманғы батыс адамына тән нәрсені-саналы ойды шектен тыс, асыра бағалауды құптаған жоқ. Керісінше, ол біздің санамыз біздің барлық психикалық процестеріміздің шағын бөлігі ғана, оның үстіне онша маңызды да емес,біздің өз ішімізде санамыздан тыс күйде отырған қараңғы және иррационалды бастаулардың ғаламат күшімен салыстырғанда бұл тіпті,болмашы деп есептеледі.Адам табиғатының шынайылығына жету үшін Фрейд еркін ассоциациялар тәсілінің көмегімен саналы ой жүйесін бұзғысы келді. Еркін ассоциацияларды пайдалану арқылы қисынды, саналы, конвенционалды ойлау кедергісінен асу қажет болды. Бұл біздің тұлғамыздың алғашқы құнар-бастауына,санадан тысқа әкелуге тиіс еді. Фрейд үшін адам-либидосы ғана қозғайтын, қозудың ең кемшін дәрежесін сақтау принципімен реттелетін машина еді. Адам өзгелермен тек қана инстинктік құмарын өтеудегі екі жақты қажеттілік үшін араласатын тіршілік иесі ретінде көрінетін.Фрейдтің ләззат рахаты-кернеген қиындықтың азаюы. Бүтін адамның интеллектісі мен аффектілері екі айырылған соң,оның бойында Ағарту дәуірі философтары айтатын «Мен» ғана қалды. Мистикалық тәжірибе ол үшін инфатильді нарциссизмге қарай құлдыраумен бірдей еді.

      Фрейдтің психоаналитикалық тұжырымдамасынан үзінділер енген. Осы томға Фрейд  ілімін ары қарай дамытқан неофрейдистер  Э.Эриксон, Ф.Фромм, К.Хорни, т.б. еңбектері  де енген. З.Фрейдтің “Психоанализге кіріспе  түріндегі лекциялары”, “Психоанализ очерктері”, “Мен және ол”, “Түс көрулер”, т.б. еңбектері аударылған.

Информация о работе Бейсаналық тұжырымдамасы