Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2015 в 19:22, курсовая работа
Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері
ΙΙ-ТАРАУ. «Алтын жіп» АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық мүмкіндігіне анализ
2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
2.2 «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау
ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау
ҚОРЫТЫНДЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ΙΙ-ТАРАУ. «Алтын жіп» АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық мүмкіндігіне анализ
2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
2.2 «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау
ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.
Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.
Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.
«ҚазТрансОйл» Акционерлік Қоғамынның шыруашылық қызметі мен банкроттық мүмкіндігі зерттеудің объектісіне алынған.
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нарық жағдайында
кәсіпорынның өміршеңдігінің
Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
«Банкроттық» ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық – кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы .
Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша – борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.
Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық – шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.
Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша – нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.
Дегенмен
көптеген ғалымдар
Сонымен бірге қазақстандық зеттеушілер төлемқабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты жауап берген: төлемқабілетсіз – деп борышкердің өтеу мерзімі бойынша қаржы міндеттемелрі мен басқа да қарсы сипатындағы талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз – деп кәсіпорынды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы.
Экономика-құқықтық
тұрғыда банкроттықты қарастыру
Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші – фирмалар теориясына негізделеді.
Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттықы ретінде қарастырады, ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы. Ұйымдастырушылық – құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық.
Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы соңғылардың төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.
1.2 Кәсіпорын банкроттығы
мен төлемқабілетсіздігінің
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Жалпы абсолютті төлемқабілетті кәсіпорын деп міндеттемелері жоқ және капиталының құрамы толық өзіндік капитал болып табылатын төлемқабілетті кәсіпорындар жатады. Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі міндеттемелердің мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кері пропорционалды болады.Сондықтан кәсіпорынның төлемқабілетсіздігінің негізгі себептеріне, 1-ден, пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар, 2-ден, міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады .
Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады, егер:
-тауарбастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз, бағасы жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, рынокта ол өніміне деген сұраныс азаяды;
-жіберілген
өнімге төлемнің
-тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т.б. шектеулер орнату арқылы рынокты шектеу;
Ал міндеттемелердің озып өсуі келесі жағдайларда орын алады:
-кәсіпорынның
тиімсіз ұзақмерзімді қаржылық
салымдарды жүзеге асыруы;-
Жоғарыдағы аталған төлемқабілетсіздіктің жалпы себептерінің жиыны мемлекет өндірісі мен нарыққа тәуелсіз өз міндеттемелері бойынша уақытылы есептесу қыиндықтарына душар болған барлық кәсіпорындарға тән.
Сонымен бірге, ақшалай ағымдарды жоспарлау мен басқарудың болмауынан жағдай қиындайды.
Ресейлік зерттеулер жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни кәсіпорын дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөледі: сандық және сапалық.
“Z есебі” = айналым капиталы/активтер * 1,2 + бөлінбеген пайда/активтер *1,4 + өндірістік пайда/активтер * 3,3 + акцияның нарықтық құны/активтер * 0,6 + сату көлемі/активтер * 1; (1)
Банкроттықтың ықтималдығы:
“Z есебі” = 1,80 немесе аз жағдайда - өте жоғары;
“Z есебі” = 1,81-2,7 жағдайында жоғары;
“Z есебі” = 2,8 – 2,9 – мүмкін,
“Z есебі” = 3,0 және одан жоғары болса – ықтималдығы аз.
Z<1,81 – банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы;
Z>3,0 – банкроттықтың төмен ықтималдық аймағы;
-қаржы
есебінің нашарлығы және
-өнеркәсіптің құлдырауы;
-компания басшылығының тәжірибемсіздігі;
-ұзартылған міндеттемелерді өтей алмауы;
-кәсіпорынды
қосымша қаржыландыруға
-коммерциялық тәукелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық
өзгерістерге жылдам
-жеткіліксіз
сападағы бухгалтерлік және
-тұтынушылардың талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес өндірісті бейімдеуге қабілетсіздігі;
Кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады.
Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған. Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген, оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген.
Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:
Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттар/активтер;
К2 = бөлінбеген табыс/активтер;
К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табыс/активтер;
К4 = акцияның нарықтық құны/активтер;
К5 = өткізуден түскен табыс/активтер;
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіподақ үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.
Бұл кәсіпорындар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (z < 2,675 болғанда) және (z>2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Информация о работе Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау