Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдар.Пара беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 14:54, реферат

Описание работы

Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибені зерттей, талдай отырып,оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың бір түрі-пара беруге тоқталамыз.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
I.Сыбайлас жемқорлық
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы .........................5 1.2 Сыбайлас жемқорлықтың түрлері..................................................................8
1.3 Парақорлыққа делдал болу..........................................................................12
II.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдар.Пара беру
2.1Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары..............................15
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар .........................................................................................................21
2.3.Пара беру.Пара берудің объективті және субъективті жағы.....................24
Қорытынды.........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................29

Файлы: 1 файл

сыбайлас cноски2.doc

— 150.50 Кб (Скачать файл)

Пара  берудің субъектісі болып-16 жасқа  толған қандайда болмасын адам танылады.

  Аталған қылмыс құрамының екінші бөлігі дәрежеленген құрамды:көрінеу заңсыз іс-әрекет(әрекетсіздік) жасағаны үшін лауазымды адамға:әлденеш рет:ұйымдасқан топтың пара беруін белгілейді.

  Көрінеу заңсыз іс-әрекет(әрекетсіздік) әр түрлі сипатта болуы мүмкін;көрінеу заңсыз жүргізуші куәлігін,пәтер беру,қылмыстық жауаптылықтан босату т.б

  Пара беруші адам пара алушы  адамның жасаған әрекеттерін заңсыз екендігін ұғыну маңызды болып табылады.

Егер  пара лауазымды адамға қылмыстық  әрекеттерді жасауы үшін берілген болса,пара беруші адам ҚК 312-бабы 2-бөлігі бойынша  және қылмысқа айдап салушы ретінде,қылмыстың жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

  Қылмыстың әлденеше рет жасалуы  ҚК 11-бабында белгіленгендей,яғни  осы пара беру бойынша да  қолдана аламыз.Осыған сәйкес  жоғарыда аталған ҚР жоғарғы  Соты Пленумының қаулысы 7-тармағында,жауапқа  тарту мерзімі өтіп кетпеген  жағдайда параны алу,беру немесе парақорлыққа делдал болу қылмыстары кемі екі рет жасалынса,онда аталған қылмыстар әлденеше рет жасалған деп есептелінеді.

  Егер әрбір пара берушінің мүддесі үшін жеке-жеке әрекет жасалып,бірнеше адамнан бір мезгілде пара алынса,онда пара әлденеше рет алынды деп саралануы керек деп белгіленген.

  Пара берушінің қажет еткен  нәтижесін қамтамасыз ететінін  орындағаны немесе орындамағаны  үшін параны әлденеше рет беру  немесе алу,сол сияқты өзара  алдын ала келісіп  қылмыс  жасаған лауазымды адамдар тобына пара беру немесе аталған жағдайларда делдал болу,бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде қаралмайды.

  Ұйымдасқан топтың пара беруі,пара  алудағы қылмыстың құрамы түсінігімен  ұқсас болып келеді(311-баптың талдануын  қараңыз)

  Аталған баптың 2-ескертуінде,егер лауазымды адам тарапынан оған оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа,пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады деп марапаттаушы норма белгіленген.

  Параны қорқытып алудың түсінігі  ҚЛ 311-бабында анықталған.Пара беруі  туралы өз еркімен хабарлауы,ешқандай  мәжбүрлеусіз белгілі бір органға  өз еркімен хабар беруін ерікті  түрде деп айтуға болады.

  Пара бергендігі туралы белгілі  бір органға мәлім болғандығы туралы сезіп,оның артынан хабарлауы,ерікті түрде хабарлау деп танылмайды.Пара беру туралы арызды қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға,яғни прокуратураға берілуін заң талап етеді.[10]

Қорытынды.

Сыбайлас  жемқорлық-бұл нақты анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс және кез-келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады,әрі өз дамуында үлкен әлеуетке ие.Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі-ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын,құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқықпен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді.Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған.

 Сыбайласжемқорлық мәселесін зерттей отырып,сыбайлас жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады:

  Біріншіден,барлығы мойындағандай,сыбайлас жемқорлық-саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады.Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде,мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік ұқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады.Яғни,игілік деп біз тек ұанаматериалдық ресурстарды меңзеп тұрған жоқпыз,сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығыда жатады.

  Екіншіден,сыбайлас  жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі  бұл мәселеге шындап көңіл  бөлуді талап етеді.Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет,заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн.

  Үшіншіден,осы  қоғамдық зауалға қарсы қоғамның  бірігуі жемқорлықпен күрестің  жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік  береді.Толығырақ қарастыратын болсақ,сыбайлас  жемқорлыұты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ.Іс жүзінде,анық дүниенің өзіне өмір күнделіктіөзгерістер енгізіп отыр.Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін.Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндет-осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.

Сыбайлас  жемқорлық экономиканың дамуына  кедергі жасайды және ұйымдастырылған  қылмыстың,әсіресе экономика саласында өсуіне ықпал жасайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Нормативтік - құқықтық актілер:

    1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз //Алматы: Жеті жарғы, - 100 бет.

    2 Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың  өсіп өркендеуі, қауіпсідігі және  әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің  Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 2001. – 96 бет.

    3 Мемлекет басшысының «Қазақстан  халқының әл-ауқатын арттыру –  мемлекеттік саясаттың басты  мақсаты» атты 2008 ж. 6 ақпандағы Қазақстан  халқына Жолдауы.

    4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексi. 2003 ж. 25 қыркүйектегі №484 Кодексі. //Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2003 ж. - № 15-16, 211 - құжат

    5 Қазақстан Республикасының Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексі.

    2001 ж. 30 қаңтардағы №155 Кодексі. //Егемен  Қазақстан. - 2001 ж. 13 ақпандағы. - №31-34.

    6 «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002ж. 4 шілдедегі №336 Заңы. //Егемен Қазақстан. – 2002ж. 12 шілдедегі. - №158 - 159.

    7 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  1998 ж. 2 шілдедегі №267 - 1 Заңы. //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі. - №132.

    8 Өзгерістер мен толықтырулар  еңгізілген Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» 2007 ж. 21 шілдедегі  - №308 Заңы. //Казахстанская правда. –  2007 ж.- 27 шілдедегі .- №315.

    9 Қазақстан Республикасының «Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» 2008ж. 4 мамырдағы №31 – Заңы. //Егемен Қазақстан. – 2008ж.- 6 мамырдағы .- №130-131. 
 
 

    Арнайы  әдебиттер: 

    [1]. Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. – С.269. 

    [2]. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 ж. 2 шілдедегі №267 - 1 Заңы //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі №132, 2-бап. 

       [3].Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. – С.3. 

           [4]. Қылмыстық құқық,2 том.“Дәнекер”-2000.227-228бет 

       [5]. Лазарев.А.М.Субъект преступление.М.,1981.стр65 

       [6]. Корчагин .А.Г.Экономическая преступность.Владивосток.Издательс-

тво:Далневость,1998,-216 

          [7].Турсынбаев Д. Причины и условия, порождающие коррупцию в Республике Казахстан. //Фемида. №2. 2008. – С 13-15. 

       [8].Құлжабаева.Ж.ОХалықаралық жария құқық.-Алматы:“НАS”баспа компаниясы,2003ж.-384бет. 

        [9].Қылмыстық құқық,2 том.“Дәнекер”-2000.224-225бет. 

           [10].Қылмыстық құқық,2 том.“Дәнекер”-2000.226 бет. 

       11. Ветров Н.И. Уголовное право. Общая и Особенная части: Учебное   пособие. 2-е изд., перераб и доп. – М.: Книжный мир, 2000 – 224 с. 

      12. Пионтковский А.А. Учение о преступлении. М., 1961. 365 б

      

       13. Яблоков Н.П. Расследование организованной преступной деятелности       М.: Юристъ, 2002 – 172 с.    

        14. Коржанский Н.И. Объект посягательства и квалификация

              преступления, Волгоград, 1976. 

         15. Образцова В.А. Криминалистика. М, 199

        
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдар.Пара беру