Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 14:54, реферат
Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибені зерттей, талдай отырып,оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың бір түрі-пара беруге тоқталамыз.
Кіріспе.....................................................................................................................3
I.Сыбайлас жемқорлық
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы .........................5 1.2 Сыбайлас жемқорлықтың түрлері..................................................................8
1.3 Парақорлыққа делдал болу..........................................................................12
II.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдар.Пара беру
2.1Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары..............................15
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар .........................................................................................................21
2.3.Пара беру.Пара берудің объективті және субъективті жағы.....................24
Қорытынды.........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................29
Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде
құқық бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет
бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты
қаржы бөледі.Оның үстіне, ҚР экономикалық
және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес
жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық
туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі
департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп
жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай
адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру,
тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге
дейін. Оның үстіне, “ҚР сыбайлас-жемқорлықпен
күрес туралы” Заңның 17 бабына сәйкес
сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін
органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық
қорғау органның қызметкері жөнінде жалған
хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық
қорғау органының қызметкері тәртіптік
тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес
жүргізетін органның көрсетіп-білдіруімен
жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады.Мемлекеттік
функцияларды орындауға өкілетті және
оларға теңелген адамдардың қандай іс-әрекеттері
сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды
деп табылады?
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы”
Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды
орындауға өкілетті және оларға теңелген
адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық
үшін жағдай жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың
немесе олардың жақын туыстарының және
жақындарының материалдық мүдделерін
қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды
шешкен кезде пайдалану;
-мемлекеттік және соған теңелген қызметке
түскен және жылжыған кезде заң қарастырмаған
басымдық беру;
-шешімді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беру;
-кім
болса да кіріс алумен байланысты кәсіпкерлік
және басқа қызметпен айналысуды жүзеге
асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған
ықпал ету;
-мемлекеттік міндетті орындау кезінде
алынған ақпаратты жеке немесе топ мүддесінде
пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;
-жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен
беруге қарастырылған ақпаратты негіссіз
бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық
емес ақпарат беру;
жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен
қарастырылмаған ақпаратты талап ету;
-мемлекеттік және материалдық ресурстарды
жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің
сайлау қорларына беру;
-жеке
және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
және олардың құзыретіне енетін басқа
сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін
бұзу;
-жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру
және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау,
егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық
нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа
ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;
жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын
және заңды мүдделерін жүзеге асыруға
ашықтан-ашық кедергі жасау;
-жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін беру;
-мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін беру;
-жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу;
Мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті
немесе соларға теңелген адамдар өз мемлекеттік
міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет
көрсету және басқа формада ұйымдардан,
жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық
құқық бұзушылық болып табылады, егер
басқаша ештеңе заңмен қарастырылған
болмаса.Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың
салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы
мүмкін?Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер
орындауға өкілетті адамдар немесе соларға
теңелген адамдар заңсыз байыған барлық
жағдайда, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық
нәтижесінде алынған мүлік қайтарылуға
жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет
көрсету құны—мемлекет кірісіне қайтарылады.Заңсыз
алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан
немесе мемлекетке оның құнын төлеуден
бас тартқан жағдайда қайтарып алу сот
шешімі бойынша прокурор, салық қызметі
немесе басқа мемлекеттік органдар және
лауазымды адамдардың талабы бойынша
жасалады.Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті
органдар құқық бұзушыға жататын мүлікті
тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет
атқарған адам немесе соған теңелген адам
жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты
орындаудан бас тартса лауазым иесі немесе
мұндай босату туралы шешім қабылдаған
орган кінәлі адамның мекен-жайы бойынша
заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық
органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық
құқық бұзушылық жасаумен байланысты
келісімдер заң тәртібімен белгіленген
бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық
құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған
актілер органмен немесе лауазымды адамдармен
мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар,
немесе прокурордың талабы бойынша күшін
жояды. [6]
2.2Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар
Бүкіләлемдік Банк сыбайлас жемқорлық мәселесіне баса назар аудара отырып және өзінің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, сыбайлас жемқорлықты «қоғамның кеселін» анықтайтын негізгі немесе жеке факторы деп қарамай, оны «мемлекеттің іргелі мәселесінің сыртқы белгісі» деп қарау керектігін атап көрсетеді. Осыған байланысты мемлекетті басқару және жемқорлыпен күресуді жетілдіруде қажетті шешуші реформалар бағдарламасын ұсынады.[7] Мемлекеттік басқару реформалар бағыттарының ішінен Бүкіләлемдік Банк мыналарды ерекше бөледі: 1) саяси басшылықтың есеп беріп отыруы; 2) қызмет етуге бағытталған және деритократия қағидасында құрылған; 3) мемлекеттік әкімшілік; 4) мемлкеттік қаржыларды басқаруда ашықтық пен есептілік; 5 ) заң билігімен қамтамасыз ету; 6) бәсекелестікті дамыту және рынокты монополиядан шығару; 7) азаматтардан ақпарат жинау; 8) саяси басшылықтың есеп беруі; 9) «ашықтық мәдениетін» енгізу.
Қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған әр бағыт бойынша іс-шаралар кешені жасалған. Дегенмен, олардың бәрі ұсыныстық бастамалар түрінде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын кез келген халықаралық құрылымдар мақсаты мыналарды көздейді:
1) жемқорлықтықтытың қауіп-қатерін және шығасысын көтеру.
2)оған қатысушылардың тәртібі мен ойын ережесін өзгертетіндей, сатылмаушылық атмосферасын жасау.
3) заң ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық құралдарын талдай келсек, біз осы қызметті негізгі ісі деп есептейтін «Transparency International» (TI) ірі ықпалды халықаралық ұйымды көңілден тыс қалдыра алмаймыз. TI өзінің басты міндеті ретінде сыбайлас жемқорлықтың таратылуын және өмір сүруін жоятын ортаны құру деп белгілейді. Бұл ұйым осы мәселені жыл сайынғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі (СЖҚИ) атты басылым арқылы жұртшылыққа танытып отырады. Қазақстанда, сол сияқты басқа да көптеген елдерде осы ұйымның аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді. TI мамандары жасаған СЖҚИ – бұл әр түрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықтың салыстырмалы бағасын беріп отыратын кең көлемдегі зерттеу. Бұл тар көлемде мамандырылған, мемлекеттерде жемқорлылықтың жиынтық деңгейі бойынша саралауын қамтамасыз ететін интегралды индекс, яғни сыбайлас жемқорлықтың барлық түрі мен нысандарын қарастырадыСЖҚИ 1995 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде тәуелсіз деп аталатын институттар арқылы жүргізілген әр түрлі зерттеулер мәліметтеріне жасалған талдауды негізге алады. Осы индекстің күрделі рәсімдері арқылы шығуына қарамастан, мұның субъектілілігі жеткілікті шамада көрінеді. Біріншіден, «қабылдау» терминінің өзі өзінің болмысы бойынша объективті бола алмайды, бір оқиғаны әр түрлі адамдардың қабылдауы, әр түрлі жағдайларда мүлде басқа мағынада болуы мүмкін. Екіншіден, әр елдің қолданып жүрген заңдарында сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы алуан түрлі, сондықтан құбылыстың өзін басқа мағынада түсінуге әкеп соғады. Үшіншіден, мемлекетік статистикалық мәліметтер сыбайлас жемқорлықпен күресудің қарқынына тәуелді – ол қаншалықты қарқынды болса, соншалықты сыбайлас жемқорлық жағдайлары көбірек тіркеледі.
СЖҚИ
есептеп шығаруда тағы бір қиыншылық
қаралатын мәселелерді
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан кейін белгілі дәрежедегі іс-қимылға көшті. Осы заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністерінің алдын алу шаралары және жою туралы бөліктері, елдің барлық заң базасын елеулі өзгерістерге ұшыратты. Осындай жұмыстардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың көбірек ашыла бастағаны заңды. БАҚ арқасында сыбайлас жемқорлардың аттары жұртшылыққа мәлім болды, соның ішінде мемлекеттік билік және басқару органдарының жоғары лауазымды тұлғалары да кездеседі.
Осының бәрін TI туындаған жағдайды дәл есептемей бағалау және жоғарыда көрсетілген орынсыз әдістерді пайдалана отырып, СЖҚИ жыл сайын Қазақстанды шиеленіске жақын жағдайда деп шығарып келеді. Одан әрі мемлкеттік билік органдарында отырған лауазымдық тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен ұсталған немесе күдік тудырғандар, бірақ заңдармен қаралған жауапкершіліктен қашып құтылып, заңсыз жиған мүліктерімен қоса Қазақстанның шегінен басқа жерге кеткендер кенеттен демократияның қызғаныштысы жақтаушысы болып шыға келеді Бұл тұрғыдан Қазақстан Үкіметі, тиісті министрліктер, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттік және басқа да мемлекеттік органдар халықаралық деңгейде жандандырып, сыбайлас жемқорлардың қайтсе де еліміздің саяси өмірін бұрмалап, демократия жылдарында қол жеткен оң, игі істерді теріске шығарып, қаралап көрсетуіне дер кезінде және нақты істермен тойтарыс беріп, теріске шығарып отыру керек.
Сыбайлас жемқорлықтың таратылуына қарсы шараларды жүзеге асыруға Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП) сияқты мамандандырылған ұйымдар да қатынасады. БСҰ жабдықтау облысында халықаралық ынтымақтастықтың ашықтық және айқындылық жағдайларын жасау үшін мемлекеттік тапсырыстардың тиісті рәсімдерін сақталуды және ашықтықты, айқындылықты қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады. Бұл салада 1996 жылы қабылданған мемлекеттік тапсырыстар туралы келісім әрекет етеді.
Халықаралық сауда палатасы (ХСП) көлемінде 1996 жылдан міндетті емес заңдық жинақ іскерлік тәртіп этикасы Ережелері әрекет етеді. Бұл ережелер сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнінде шаралар қолдануға шақырады және олар осы корпорацияға кіретін қатысушылардың тәртіптеріне қатысты, әрі соларға арналған. Ереже сонымен қатар кәсіпорыннан тиісті қаржы құжаттарын және аудитті талап етеді, тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік атқарушы басшыға немесе қызметкерге тағайындау мен бақылауды қарастырады.[7]
2.3Пара беру
Пара берудің объектісі немесе оның қылмыс заты,ҚК 311-бапта көзделген қылмыс құрамымен толық түрде ұқсас болып келеді.ҚК 312-бабы 1-ескертуінде белгіленгендей,лауазымды адамға оның бұрын жасаған іс-әрекеті үшін екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада немесе құны сондай алғаш рет сыйлық беру,егер лауазымды адам жасаған іс-әрекет алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса,қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайды.
Қылмыстың объективтік жағы
Егер лауазымды адамның пара берушімен пара алуы туралы келісімі жоқ болса немесе параны қабыл алмаса,мұндай жағдайда пара беруге оқталу,не параға алуға арандату болып табылады(ҚК 349-бабы)
Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануы туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №9 қаулысында "Мемлекттік,қоғамдық немесе ұйымдардың басшылары қызметі бойынша бағынышты адамдарға басқа лауазымды адамға пара беру жолымен ойланған әрекетке немесе әрекетсіздікке жетуге тапсырма берсе,ондай адамдар пара беруші ретінде жаупқа тартылады.Пара үшін ойлаған әрекеттерді орындауға келісімге келген және параны табыс еткен қызметкер параны беруге қатысушы ретінде жауапқа тартылуы тиіс.Егер аталған адам жүктелген істің сипатын біле тұрып,тек параны апырып берсе,оның әрекеті парақорлыққа делдеал ретінде сараланды деп түсіндірілген.[9]
Параны беруде қылмыстың
Жоғарыда аталған ҚР Жоғарғы
соты Пленумының қаулысында
Информация о работе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдар.Пара беру