Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2016 в 12:41, курсовая работа
Жаһандану заманында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез-келген мемлекет сыртқы саяси, қаржылық, экономикалық тұрақтылықты қалыптастырып, халықтың әлеуметтік деңгейінің жаңғыруына қол жеткізуде халықаралық валюталық қатынастарды реттеу негізгі мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылып, сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары ретінде ақша-несие саясаты, қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығының орнауы экономикалық серпінді дамудың негізгі бағыттардың бірі ретінде көрсеткен
КІРІСПЕ……………………………………………………………....……………....
1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны мен валюта тұрлері.
1.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеу тәртібі......
2. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1. Валюталық операциялар есебін ұйымдастыру...........................................
2.2. 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ҚХЕС-на сипаттама...................
2.3. ҚХЕС-на сәйкес бағам айырмашылығының есебі......................................
2.4. Валюталық операциялар есебін жетілдіру.....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ……………………….………………………………………….......
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….............
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамыту және екі деңгейлі банктік жүйені белгілеу еліміздің валюта рыногы проблемаларының алғашқы міндеттерінің шешімін, жаңа валюталық саясаттың қалыптасуын талап етті.
Бүгінгі күні Қазақстанда валюталық реттеудің мәні тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатының ықпалы болып табылады. Тиісінше, валюталық реттеудің міндеттері мыналар болып табылады: (1) елде валюталық құндылықтар айналысы тәртібін белгілеу, (2) елде дүниежүзілік экономикаға одан әрі шоғырландыру үшін жағдайлар жасау, және (3) валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.
Осы қатынастарды реттеу нарықтық механизм арқылы, сондай-ақ мемлекеттің валюталық қатынастарға араласуы арқылы жүзеге асырылады.
Валюта қатынастарын мемлекеттік реттеу валюта операциялары мен халықаралық есеп айырысуларды жүргізу тәртібін регламенттеу арқылы жүзеге асырылады Осы мақсатта мемлекет заң актілерін шығару сияқты реттеудің тікелей әдістерін, сондай-ақ жанама әдістерін пайдаланады, мысалы валюта рыногының субъектілеріне экономикалық ықпал ету.
Валюталық реттеу – валюталық құндылықтармен мәміле жасау тәртібі мен есеп айырысуды регламенттеуге бағытталған мемлекеттің қызметі. Елдер валюталық реттеудің көмегімен валюталық операцияларды, шетелдік заңды және жеке тұлғаларға несиелер мене заемдар беруді, валютаны шетелге әкетуді, одан әкелуді және аударуды мемлекет бақылауына алуға, және сонымен қатар төлем балансының тепе-теңдігі мен валютаның тұрақтылығын ұстап тұруға тырысады.
Дағдарысты құбылыстардың тереңдеу деңгейі бойынша валюталық реттеу аясының кеңеюі байқалады. Көпшілік елдерде валютаны шетелге әкету лимиті бекітілген, шетелдік заңды тұлғаларға несие беруге рұқсаттың арнайы жүйелері енгізілген және т.б.
Валюталық реттеу айрықша нормативті болып табылады, яғни халықаралық валюталық келісімдер жасасу мен нормативтік актілер шығару арқылы жүзеге асырылады. Көпшілік елдер өздерінің экспортерларына оларға берілген сомаларды шетел валютасымен тапсыруды немесе белгілі бір банктерге депозитке салуға міндет қояды. Батыс европаның көптеген мемлекеттерінің валюталық заңнамасы ұлттық валюта рыноктарын регламенттеуді белгілейді. Бұл мемлекеттердің банктері шетелдік қарыз алушыларға ұлттық валютада ұзақ мерзімді және орташа мерзімді валюта қаражатын беруге арнайы рұқсат сұрауға міндетті. Көптеген елдерде валюталық заңнама кезең-кезеңмен валюта шоттарының режимін, валютаны сыртқа әкету лимитін белгілеуді қарастырып отырады. Валюталық реттеу қажеттігі елдер мен банктердің валюталық тәуекелді азайтуға тырысатынын білдіреді. Осылайша 1996 жылдың қаңтарында Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті әрбір валюта бойынша жеке валюта тәуекелінің және валюта мен алтын бойынша аралас портфельдегі валюта тәуекелінің есеп-қисап әдісін жасады [10,125-127б].
Валюталықтар шектеулер - бұл резиденттер мен резидент еместердің валютамен және басқа да құндылықтармен операцияларына заң шығарушы және әкімшілік тыйым салу, лимиттеу және регламенттеу. Валюталықтар шектеулер – валюталық саясат түрлерінің бірі. Олар елдің валюталық заңнамасымен бекітіледі, мемлекетаралық реттеу, ең бастысы, ХВҚ объектісі болып табылады.
Валюталық шектеулердің мақсаттары әртүрлі болады: төлем баланстарын теңестіру, валюта бағамын ұстап тұру, мемлекеттік ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін валюталық құндылықтарды шоғырландыру.
Валюталық шектеулердің мазмұны олардың негізгі принциптерімен анықталады: орталық және уәкілетті банктерде валюталық операцияларды орталықтандыру; валюталық операцияларды лицензиялау, шетел валютасын сатып алуға валюталық бақылау органының алдын ала рұқсатын талап ету; әр түрлі санаттағы – оқшауланған, ішкі (ұллтық валютадағы), клирингтік, еркін конверттелетін және т.б. валюталық шоттарды оқшаулау және жүргізу; валютаның конверттелуін шектеу.
Қазақстан Республикасында валюталық қатынастарды реттейтін негізгі нормотивтік құжат валюталық реттеудің негізгі ұғымын, Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптері мен тәртіптерін, валюталық бақылау органдары мен агенттерінің лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындайтын «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 54-I Заңы (11.07.97 ж. № 154-1; 09.07.98 ж. № 277-1; 16.07.99 ж. № 431-1; 30.01.01 ж. № 154-II; 08.05.03 ж. № 411-II; 16.05.03 ж. № 416-II; 10.07.03 ж. № 483-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға кіруі қазақстандық валюта рыногының қалыптасуына ықпал еткен «валюта қатынастары» кешенінің дамуына себеп болды. Бұл саладағы мемлекеттік реттеу еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту есебінен оның экономикасын анағұрлым жылдам көтеруге көмектеседі, әлемдік қауымдастықта Қазақстанның сыртқы сауда интеграциясы үшін жағдай жасайды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік валюталық реттеу экономикалық, солнымен қатар әкімшілік те әдістерімен жүзеге асырылады.
Валюта құндылықтарына мемлекеттік монополиядан реттелетін валюталық рынок құруға өтпелі кезең Қазақстанда кереғар процестермен жалғасты. Кәсіпорындар айқындайтын негізсіз жеңілдіктер берумен сыртқы сауданы ырықтандыру, әсіресе роформалаудың бастапқы кезеңінде сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының ұлғаюына әкеп соқты, соның салдарынан экспорт-импорт операциялары бойынша ережелер мен нормалар сақталмады.
Нәтижесінде – капиталдың шетелге бір қалыпты «кету» тенденциясы, экспорттық пайданың жабылуы және кейіннен тауарды жеткізусіз немесе бұрын аударылған қайтарылмай импорттық келісм-шарттар шотына аванстық төлемдердің аударылуы. Осындай жағдайларда мемлекет аталған жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуге белсенді түрде араласа бастады. Валюталық бақылауды енгізу көкейкесті мәселесеге айналды. Валюталық бақылау капиталдың «сыртқа кетуінің» алдын алуға бағытталды, бірақ сонымен бірге ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі болды. Сондықтан оны экономикалық дамудың қандай кезеңдеріне қолдану керек деген көкейтесті сұрақ туындайды. Бұл сұраққа валюталық рыноктарды реттеудің әкімшілік және экономикалық әдістерін пайдаланудың әлемдік тәжірибесі жауап береді [1, 5б].
Өнеркәсіптік дамыған елдер Халықаралық валюта қорының принциптеріне қайшы келетіндіктен әкімшілік әдістерді қолданбайды, дегенмен бұл әдістердің енгізілгеннен бастап күшін жойғанға дейін әр экономикалық даму кезеңдерінде пайдалану тәжірибелері Қазақстан үшін көрнекі үлгі бола алады. Валюталық бақылау экономикалық дағдарыстан шығу кезеңдерінде, соғыстан кейінгі жылдары шаруашылықты қалпына келтіру үшін немесе ырықтандыру кезеңінде экономикалық қатынастарда, қаржылық дербестікті, ақша жүйесінің тұрақтылығын қорғау, ұлттық валюта бағамын нығайту, валюталық ресурстарды жұмылдыру мақсатында кеңінен пайдаланылды. Валюталық бақылау түрлері мен әдістерін айқындауда әр елдің экономикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес айтарлықтай айырмашылықтар болды. Бақылау жүйелерінің мерзімдерінде, валюталық шектеулерден бас тарту тактикасында анағұрлым айырмашылықтар байқалды. Бұл елдердің барлығын біріктірген валюталық бақылауды орынды пайдаланған кезде нарықтық реформалардың тұрақтылығы мен бірізділігін, өтпелі кезең стадиясында мемлекеттің валюталық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ететін мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды элементтерінің бірі ретінде қызмет ете алады деген түсінік.
2.1. Валюталық операциялар есебін ұйымдастыру
Сыртқа экономикалық қызметпен шұғылданатын мекемелер шетелдік серіктестіктермен (жабдықтаушылар мен сатыпалушылармен) сатып алынған және сатылған тауарлық-материалдық қорлар үшін есеп айырысуды әртүрлі шетелдік валютамен жүргізеді де, нәтижесінде валюталық операциялар пайда болады.
Елде валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес мекемелер жүргізетін барлық валюталық операциялар ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық келісімдерінде, салық және кеден заңнамаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырылады.
Операцияларды шетелдік банкте жүргізу үшін мекемелер ағымдағы корреспонденттік есепшоттар ашылған уәкілетті банктерде валюталық есепшоттарды ашады. Уәкілетті банктерде шетелдің валютасындағы есепшоттарды ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің нормативтік құқықтық келісімдермен көзделген тәртіпте жүргізіледі.
Мекеменің валюталық есепшоттарындағы операцияларды есепке алу үшін 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаражаты» шотына 1031 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты» қосымша активтік ақшалай шотын қарастыру керек. Шетелдік валюталық операциялар болып шетелдік валютада жасалған мәмілер саналады, егер мекеме:
Бухгалтерлік есепте шетелдік валютамен жүргізілген операциялар бойынша жазулар бастапқыда бухгалтерлік есеп шоттарында операцияларды іске асырылу күнінде қолданылып келген айырбастаудың нарықтық бағам бойынша қайта есептеу жолымен анықталған қазақстандық теңгемен көрсетілуі керек. Валюталық есепшоттардағы банк операциялары бойынша операцияларды іске асырылған күні болып банктегі мекеменің валюталық есепшотына ақшалай қаражаттарды қосып қою немесе оларды шығысқа жатқызу күні саналады.
Шетелдік валютамен операцияларды бухгалтерлік есепте бастапқы көрсеткеннен кейін келесі кезеңдерде әрбір есеп беру күніне кассадағы, банктер мен өзге де несие беруші ұйымдарының есепшоттарындағы ақша белгілерінің, ақшалай және төлем құжаттарының, қысқа мерзімдегі бағалы қағаздардың кез келген заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысудағы қаражттардың, алынатын көздеріне қарамастан мақсатты қаржыландыру қаражаттарының қалдықтарының шетелдік валютаға шаққандағы құндары есеп беру мерзімінің соңғы күніндегі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеу жолымен теңгемен көрсетіледі.
Мекеменің валюталық есепшоттарында валютаның түсуінің негізгі көздері бола алады [12, б. 88]:
Уәкілетті банктердегі мекеме – резиденттің валюталық есеп шоттарына қолма-қол валютасыз түскен шетелдік валютаны қолданыстағы заңнамалардың талаптарын сақтаған кезде шек қоюсыз қосып қояды. Мекеме резиденттердің валюталық есепшоттарына АҚШ он мың доллардан көп эквиваленттегі салт (қолма-қол) шетелдік валютаны қосу оның пайда болуының ресмилігін растайтын құжаттар, атап айтқанда, резидент еместермен келісім шарттар, банк есеп шотынан шетелдің валютағаны туралы анықтама, уәкілетті банктен шетелдік валюта сатып алғаны туралы анықтама, әкелінген валюта туралы кедендік декларация негізінде жүргізіледі. Валюталық есепшот бойынша валюталық қаражаттарды қосып есепке алу, беру және аудару жөніндегі тиісті рәсімделген құжаттар тапсырады:
Жауапты орындаушы, бақылаушы және кассир қол қойған және банктің мөрімен куәландырылған банктің валютлық ордерінің көшірмесі кассалық валюталық шығыс ордерін жазуға негіз болады.
Шетелдік валютаның түсуі мен шығуы бойынша жасалған жоғарыда қарастырылған және басқа да құжаттар негізінде уәкілетті банк мекеменің валюталық есепшоты бойынша жеке шотына жазулар жүргізеді де, ағымдағы есепшоттан берілетін көшірмелерге ұқсас мекемелерге олардың валюталық есепшоттарынан көшірмелер береді.
Валюталық есепшоттарының көшірмелері мен оларға тіркелген растайтын ақшалай құжаттарды бухгалтерлік өңдеу барысында оларға 1031 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражыты» шот бойынша шетелдік валютаның түсуі, шығуы және аударуды есепке алу бойынша корреспондірлеуші шоттарды жазады. Мұнда валютаның қолда барын және қозғалысы бойынша операция бұл шоттарда жазулар теңге және есеп айырысу (төлемдер) валютасының номиналы бойынша қатар көрсетіледі.
2.2. 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ҚХЕС-на сипаттама...................
2.3. ҚХЕС-на
сәйкес бағам айырмашылығының
есебі.........................