Учет валютных операции

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2016 в 12:41, курсовая работа

Описание работы

Жаһандану заманында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез-келген мемлекет сыртқы саяси, қаржылық, экономикалық тұрақтылықты қалыптастырып, халықтың әлеуметтік деңгейінің жаңғыруына қол жеткізуде халықаралық валюталық қатынастарды реттеу негізгі мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылып, сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары ретінде ақша-несие саясаты, қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығының орнауы экономикалық серпінді дамудың негізгі бағыттардың бірі ретінде көрсеткен

Содержание работы

КІРІСПЕ……………………………………………………………....……………....

1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны мен валюта тұрлері.
1.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеу тәртібі......

2. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1. Валюталық операциялар есебін ұйымдастыру...........................................
2.2. 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ҚХЕС-на сипаттама...................
2.3. ҚХЕС-на сәйкес бағам айырмашылығының есебі......................................
2.4. Валюталық операциялар есебін жетілдіру.....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ……………………….………………………………………….......

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….............

Файлы: 1 файл

Валюта.docx

— 55.09 Кб (Скачать файл)

“Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетел валютасымен және шетел валютасындағы құнды қағаздармен операциялар ағымдағы валюталық операциялар және капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар болып бөлінеді.

Ағымдағы валюталық операцияларға мыналар жатады: [6, 48б].

  • тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспорты мен импорты бойынша төлемдердің мерзімін өткізбей есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ 180 күннен аспайтын мерзiмге экспорттық-импорттық несиелеумен байланысты есеп-қисапты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына және одан шетел валютасындағы ақша аударымдары;
  • 180 күннен аспайтын мерзiмге қаржы несиелерін алу және беру;
  • Қазақстан Республикасына және елімізден проценттердің, дивиденд-тердің және салымдар, инвестициялар, несиелер және капитал қозғалысына байланысты өзге де операциялар бойынша өзге де кірістердің аударымдары;
  • Қазақстан Республикасына және елімізден сауда сипатындағы емес аударымдар (жалақы, зейнетақы, алимент және т.б.).

Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар мыналарды қамтиды:

  • тікелей инвестициялар, яғни кіріс алу және кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығына ие болу мақсатында кәсіпорынның жарғылық капиталына салымдар;
  • портфельдік инвестициялар, яғни құнды қағаздарды сатып алу;
  • ғимаратқа, құрылысқа және өзге мүлікке меншік құқығын төлеуге аударымдар;
  • тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспорты мен импорты бойынша төлемді беру және 180 күннен артық мерзімге кейінге қалдыруды алу;
  • 180 күннен артық мерзімге қаржы несиелерін беру және алу;
  • ағымдағы болып саналмайтын өзге де валюталық операциялар.

Банктік валюталық операциялар сыныптамасы барлық банк операциялары (пассив, актив операциялар) үшін жалпы өлшемдер бойынша, сол сияқты тек валюталық операцияларына тән ерекше жіктеу белгілері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ағымдағы валюталық операциялар кең мағынаға ие болған. Бұл ретте төлем мерзімін кейінге қалдыру ең аз мерзімге беріледі. Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың шектеулі ортасы олардың жүзеге асырылуы кезінде үлкен тәуекелмен, сондай-ақ анағұрлым күрделі ресімделуімен негізделеді. Барлық валюталық операциялар өзара тығыз байланысты екенін анықтап алу қажет, сондықтан барлық шетел валютасымен операцияларды нақты сыныптау өте қиын. Әсіресе, операциялар валюталық операциялардың бірнеше негізгі түрлеріне жатқызылуы мүмкін.

Клиентуралардың валюталық шоттарын ашу және жүргізу. Бұл операция мынадай түрлерді қамтиды: [7, 466б].

- заңды және жеке тұлғаларға валюталық шоттар ашу;

- шоттардағы қалдықтар бойынша проценттер есептеу;

- овердрафттарды беру (банк басшылығының шешімі бойынша айырықша клиенттерге);

- операцияларды жүзеге асыру шарасы бойынша көшірме жазба беру;

- кез келген уақыт аралығы үшін шот мұрағатын ресімдеу;

- клиенттердің валюталық шоттарындағы қаражаттарға қатысты өкімі бойынша операциялардың орындалуы;

- экспорттық-импорттық операцияларды бақылау.

2. Коммерциялық банктің саудалық  емес операциялары.

Саудасыз операцияларға тауарлар экспорты мен импорты бойынша есеп айырысу мен капитал қозғалысымен банк клиенттеріне қызмет көрсетулер жүргізумен байланысты емес клиенттерге қызмет көрсету бойынша операциялар жатады.

Банкке уәкілетттендірілгендер саудасыз сипаттағы мынадай операцияларды жүзеге асыруы мүмкін:

- қолма-қол шетел валютасы мен шетел валютасындағы құжаттарды сатып алу және сату;

- шетел валютасы мен валютадағы құжаттардың инкассасы;

- банк клиенттерінің пластикалық карттарын шығару және оларға қызмет көрсету;

- шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);

- ақшалы аккредитивтерді төлеу және ұқсас аккредитивтерді ұсыну

Саудасыз операциялар, жекелеген түрлерінің қимасында клиенттерге банк қызметтерінің анағұрлым кең спектрін ұсыну үшін кеңінен таралған, олар клиентураларды тарту үшін коммерциялық банктермен бәсекелестік күресінде маңызды рөл атқарады. Операциясыз, атап айтқанда шетелге аударымдарды, аккредетивтерді төлеу мен шығарып беруді, жол чектерін сатып алуды жүзеге асырмай күнделікті клиенттермен жұмыс істеу мүмкін емес.

Қолма-қол валютаны сатып алу және сату операциялары саудасыз операциялардың негізгілерінің бірі болып табылады. Коммерциялық банктердің айырбастау бөлімдерінің қызметі клиенттерді банкке тарту арқылы банк жарнамасы қызметін атқарады, және, ең бастысы коммерциялық банкке нақты табыс әкеледі. 

3. Шетел банктерімен хат-хабарлық қатынастарын анықтау. Бұл операция банктің халықаралық есеп-қисаптарды жүргізуге қажетті шарты болып табылады. Белгілі бір шетел банкімен хат-хабарлық қатынастарды белгілеу туралы шешім қабылдау клиентураның экспорттық-импорттық операцияларының үнемі сұранысына негізделуі тиіс. Халықаралық есептерді жүзеге асыру үшін банк шетел банктерінде және өзінде “Ностро” және “Лоро” хат-хабарлық шоттарын ашады. “Ностро” шоты – ол хат-хабаршы банкте коммерциялық банктің атына ашылған хат-хабарлық шот. “Лоро” шоты - ол коммерциялық банкте хат-хабаршы банктің атына ашылған хат-хабарлық шот.

4. Конверсиондық операциялар. Конверсиондық операциялар қолма-қол және қолма-қол ақшасыз шетел валютасын (оның ішінде шектеулі конверсиялармен) қолма-қол және қолма-қол ақшасыз Қазақстан Республикасының теңгесіне қарсы сатып алу және сату мәмілелерін білдіреді. Оларға:

-«спот» мәмілесі – бұл мәміле жасасқан күнді есепке алмай, екінші жұмыс күніне соңғы есеп мерзімімен бір валютаны екінші валютаны сатып алуға пайдаланған кезде келісілген бүгінгі бағам бойынша жүзеге асырылатын операция.

«форвард» операциясы (шұғыл мәмілелер) – бұл болашақта белгілі бір күні мәміле жасаумен негізделген бағам бойынша бір валютаны басқа валютаға айырбас ретінде сатып алу жөнінде осы сәтте жасалатын келісім-шарт. Өз кезегінде “форворд” операциясы былайша бөлінеді:

- «аутрайдермен» мәміле – белгілі күнге валютаны жеткізу шартымен;

- «опционмен» мәміле – валютаны жеткізу күні тіркелмеген шартымен.

- «своп» мәмілесі “форворд” бағамы бойынша мерзімге сол валютаны сату және сатып алумен бірдей уақытта “спот” қолма-қол мәмілесі шартытарында валютаны сатып алу мен сатуды есепке алатын валюталық операцияларды білдіреді. “Своп” мәмілесі бінеше түрлерді қамтиды:

- «репорт» мәмілесі – “форворд” шарттарында шетел валютасын сатып алумен бірдей уақытта “спот” шарттарында оны сату;

- «дерепорт» мәмілесі - “форворд” шарттарында шетел валютасын сатумен бірдей уақытта “спот” шарттарында оны сатып алу. Қазіргі уақытта “форворд” шарттарында сатып алу-сату, сондай-ақ фьючерстік келісім-шарттарда сатып алу-сату жүзеге асырылуда.

Валюталық төрелік – валюта бағамдарының айырмасынан пайда табу мақсатында шетел валютасын сатумен бірдей уақытта оны сату бойынша операцияларды жүзеге асыру.

5. Тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортымен байланысты халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар.

Сыртқы саудада құжаттық аккредетив, құжаттық инкассо, банктік аударымдары сияқты есеп айырысулардыњ түрлері қолданылады.

Құжаттық аккредитив – бұйрық беруші клиентінің (имтортердің) өтініші бойынша аккредетив ашқан банктің (эмитент банктің) аккредетивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердің (бенефициардың) пайдасына төлем жүргізу міндеттемесі. Құжаттаық аккредетив түрінде экспорт бойынша есеп айырысулар кезінде шеледік банк экспортер фирмалардың тапсырмасы бойынша оны өзінде ашады және ол туралы банкке аккредетив түрі мен ол бойынша төлем тәртібі көрсетілетін аккредетивтік хат жолдайды. Әрбір аккредетивке іс қағаздар папкасы ашылады.

Құжаттық инкассо түрі бойынша есеп айырысулар кезінде - эмитент банк өзіне сенім білдіруші берген құжаттарды төлеушіге (импортерға) акцепт және ақшаларды алу үшін көрсету міндеттемесін қабылдайды.

Есеп айырысуларда банктік аударуларды қолданған кезде барлық валюталық табыс уәкілетті банктерде транзиттік шоттарға есепке жатқызылады. Ол Транзитттік валюталық шотқа келіп түскеннен кейін келіп түскен соманы аудару туралы тапсырмада немесе оның бөлігінің ағымдағы шотқа және міндетті сату тәртібінде ішкі валюталық рынокта экспорттық табыстың бөлігін сату көрсетіледі [8,4б].

6. Валюталық қаражаттарды тарту  және орналастыру бойынша операциялар.Бұл  операциялар мынадай түрлерді  қамтиды:

1) депозиттерді тарту:

- жеке тұлғалардың;

- заңды тұлғалардың, оның ішінде  банк аралық депозиттер;

2)несиелерді беру:

- жеке тұлғаларға;

- заңды тұлғаларға;

Банкаралық рынокқа несиелерді орналастыру.

Осы операциялар ҚР коммерциялық банктері үшін табыстылығы бойынша және банктің өз клиенттерін қызмет көрсетуде мәнділігі бойынша да негізгі болып табылады.

Клиенттердің валюталық шоттары бойынша табыстарының құрамына мәмілелер паспорттарын ресімдеу үшін комиссиялары, сондай-ақ шетел валютасын қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссиясы кіреді (өйткені клиенттердің валюталық шоттары валюталық операциялардың әр түріне жататын әрбір мәміле бойынша комиссиялардан құрылады). Қаражаттарды орналастыру табыстарына: берілген несиелер үшін проценттер (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), орналастырылған депозиттер; валюталық құнды қағаздарда қаражаттарды орналастыру және олар бойынша табыс жатады. Халықаралық есеп айырысулар бойынша табыстарға: аударулар үшін, шетел валютасында төлем құжаттарының инкассасы үшін, аккредетивтерді ашуға және шығарып беруге комиссиялар жатады.

Валюталық операцияларды жүргізу кезінде “валюталарды котировкалау”, және “валюталық ұстаным” ұғымдары бастапқы сәті болып табылады.

Валютаны котировкалау – оның бағамын анықтау. Толық котировкалау оған сәйкес банк шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алатын немесе сататын сатып алушының және сатушының бағамын қамтиды.

Сатушы мен сатып алушы арасындағы бағамдардың айырмасы маржа болып табылады. Маржа банк үшін оның есебінен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша шығыстарын жабатын және валюталық тәуекелден сақтандыру үшін қызмет көрсететін табыс көзі болып табылады.

Котировканың екі түрі бар: тікелей және жанама. Көпшілік елдер шетел валютасы бірлігінің құны ұлттық ақша бірлігінде көрсетілетін тікелей котировканы пайдаланады. Жанама котировкада – бірлікке бағамы шетел валютасының белгілі санында көрінетін ұлттық валюта бірлігі қабылданған.

Әрбір валюта бойынша сұраныстар мен ұсыныстарды салыстыру арқылы банк аралық бағамды анықтаудан және тіркеуден құралатын котировкалау рәсімі “фискинг” деп аталады. Олардың негізінде ресми бюллетендерде сатушы мен сатып алушының бағамы белгіленеді.

Ұлттық валютаға қатысты шетел валютасын котировалау қызықтыратын сауда-өнеркәсіптік клиентура үшін валюталарды котировкалау кросс-бағамда тіркеледі – екі валютаның қатынасы үшінші валютаға қатысы бойынша шығады (әдетте АҚШ долларына).

Валютамен мәмілені жүзеге асыру процесінде бір валютаға басқа валюта алады. Банктің талаптары мен шетел валютасындағы міндеттемелерінің ара қатынасы оның валюталық ұстанымын айқындайды. Егер талаптары мен міндеттері сәйкес келсе, валюталық ұстаным жабық деп есептеледі. Сәйкес келмеген жағдайда – ашық деп есептеледі. Ашық валюталық ұстанымның екі түрі болуы мүмкін: қысқа және ұзын. Сатылған валюта бойынша міндеттеме талаптардан асып түссе, қысқа, ал егер талаптар міндеттемелерден асып түссе, ұзын деп аталады.

Өз кезегінде, кейде тәуекелдерімен қолайсыз жағдай тудыратын валюталық операциялардың негізгі ұғымдары осындай. Банктер валюталық тәуекелді жоюға тырысады. Оның екі тәсілі бар – техникалық және әкімшілік. Банк алғашқы әдіспен валюталық тәуекелден сақтандыру үшін қолма-қол мәміле шарттарында валюта алады және сонымен қатар оны мерзімінде сатады. Екінші, әкімшілік тәсілінде ашық валюталық ұстанымына лимиттер енгізіледі. Ашық валюталық ұстанымына бір кұн ішінде лимиттерді белгілеген кезде соңғы бірнеше айда валюталар бағамының орташа күндік ауытқуы ескеріледі. Осыған сүйене отырып, ашық лимиттің, мүмкін болатын залалдар мен пайданы шектеудің  бір күндік сомасы айқындалады. Валюталық ұстанымның жағдайы мен өзгеруін бақылау барлық жүзеге асырылуы мүмкін операцияларды әр валютада ұзын және қысқа валюта операциялары бойынша үнемі ақпарат беріп тұратын компьютерге ақырын енгізу арқылы жүзеге асырылады. Егер елеулі ұзын позиция туындаса, банк осы валютаның кодталатын бағамын төмендете алады және қысқа позицияда көтере алады. Позицияны жабылу нәтижесіне олар бойынша шұғыл операциялар бойынша валюталарды жеткізу мерзімдерін ескере отырып, мәмілелердің жабу мүмкін болатын ағымдағы рыноктік бағам бойынша ұлттық валютада барлық ұзын және қысқа позициялардың сомаларын қайта есептеумен қол жеткізіледі. Кейде барлық позициялар бір валютада қайта есептеледі (АҚШ доллар), сонан соң нәтижелері – ұлттық валютада есептеледі [9, 45-48б].

Осылайша, валюталық операциялар қазіргі коммерциялық банктің негізгі табыс көздерінің бірі болып табылады, валюталық операциялардың жаңа түрлерін дамыту, оларды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру проблемалары бүгінгі таңда валюта қатынастары саласындағы аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 

Информация о работе Учет валютных операции