Учет валютных операции

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2016 в 12:41, курсовая работа

Описание работы

Жаһандану заманында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез-келген мемлекет сыртқы саяси, қаржылық, экономикалық тұрақтылықты қалыптастырып, халықтың әлеуметтік деңгейінің жаңғыруына қол жеткізуде халықаралық валюталық қатынастарды реттеу негізгі мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылып, сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары ретінде ақша-несие саясаты, қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығының орнауы экономикалық серпінді дамудың негізгі бағыттардың бірі ретінде көрсеткен

Содержание работы

КІРІСПЕ……………………………………………………………....……………....

1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны мен валюта тұрлері.
1.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеу тәртібі......

2. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1. Валюталық операциялар есебін ұйымдастыру...........................................
2.2. 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ҚХЕС-на сипаттама...................
2.3. ҚХЕС-на сәйкес бағам айырмашылығының есебі......................................
2.4. Валюталық операциялар есебін жетілдіру.....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ……………………….………………………………………….......

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….............

Файлы: 1 файл

Валюта.docx

— 55.09 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………....……………....

 

1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА  ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН  ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны мен валюта тұрлері.

1.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеу тәртібі......

 

2. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ

2.1.  Валюталық операциялар есебін ұйымдастыру...........................................

2.2. 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері»  ҚХЕС-на сипаттама...................

2.3. ҚХЕС-на сәйкес  бағам айырмашылығының  есебі......................................

2.4. Валюталық  операциялар есебін жетілдіру.....................................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………….………………………………………….......

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….............

 

ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….........

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жаһандану заманында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез-келген мемлекет сыртқы саяси, қаржылық, экономикалық тұрақтылықты  қалыптастырып, халықтың әлеуметтік деңгейінің жаңғыруына қол жеткізуде халықаралық валюталық қатынастарды реттеу негізгі мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылып, сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары ретінде ақша-несие саясаты, қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығының орнауы экономикалық серпінді дамудың негізгі бағыттардың бірі ретінде көрсеткен [1]. Сондықтан да, валюта-қаржы жүйесінің дамуы және олардың реттелуі, мемлекеттің ұтымды саясат ұстануды зерттеу қазіргі таңда маңызды.

Валюта әрбір елдің ақша өлшемі немесе  халықаралық  қаржы ұйымдары  мен мемлекеттердің валюталық одақтарының  есеп айырысуында қолданылатын ұжымдық  жасанды ақша өлшемі болып табылады.[2, 162б] Нарықтық қатынастар жағдайында валюта бір елден басқа елдерге  ауыстырып отыратын  ақшаға айналды. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалардың меншігінде  басқа елдердің валюталары мысалға, АҚШ доллары, ЕВРО, Ресей рублі т.б. ене бастады [3, 105б]. Шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржылық есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржылық есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату қаржылық есептің 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері»  деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес келеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қабылданған 9-ші «Шетелдік  валютадағы операциялар есебі» стандартына сәйкес орындалып отырады [3,109б].

Тақырыптың өзектілігі: Валюта операциялары мерзімдеріне байланысты шетел валютасымен қолма-қол және шұғыл операциялар болып бөлінеді, шұғыл операцияларды конверсиялық, сақтандыру және алып-сатарлық деп бөлу де қабылданған, дегенмен мұндай бөлу шартты түрде ғана. Қолма-қол операцияларының ішінде «спот» (spot) операциясын, сондай-ақ банктер ағымдағы валюталық ұстанымдарды басқару үшін қолданатын «овернайт» (overnight), «туморроу | нексті» ( tomorrow | next ) және «дэй – то - дэй своп» (day - to - day swap ) сияқты операциялары ерекшеленеді. Шұғыл операцияларға «форвард» (forward), «опцион» ( option), «своп» (swap) жатады.

Біздің елімізде валюта операцияларын және оның жүргізілу техникаларын үйренуге байланысты мәселелердің теориялық және практикалық маңызы зор. Бұл еліміздің сыртқы экономикалық қызметін одан әрі дамыту қажеттілігіне, теңгенің конверттелуіне, еліміздегі  банктік жүйелердің күрт дамуына және валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензия алған  және еліміздің ішінде құрылып жатқан валюта рыногын және халықаралық валюта рыногын игеруге алғаш қадам жасаған жаңа банктердің пайда болуына байланысты, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың барлық бағамдарына байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты: Валюталық операциялар есебінің мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, экономикалық категория ретінде мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру және валюта бағамын қамтамасыз ету, ішкі валюталық нарықты жетілдіру және ХҚЕС сәйкес валюталық бағам өзгерісінің әсерін ашып көрсету болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті:

- Валюталық операциялардың экономикалық  мазмұны және валюта түрлерін  анықтау;

- Қазақстан Республикасының валюталық  операцияды реттеу;

- Валюталық операциялардың есебін  ұйымдастыру;

- 21 ХҚЕС. Валюталық  бағам өзгерісінің  әсерін қарастыру;

- Бағам айырмашылығының есебін  ұйымдастыру.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

Ақпараттық базасы. Курстық жұмыста ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1. Валюталық операциялардың экономикалық  мазмұны мен валюта тұрлері.

 

 

Еліміз әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа еркін түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты нығайтып дамыту үшін валюталық жүйесі тиімді ұйымдастырыла отырып, валюта және валюта бағамдарынан болатын айырмашылық есебін дұрыс жүргізілуі керек

Валюта  бағамдарының өзгерісінің экономика секторына әсерінен басқа, валютаның төмендеуі немесе жоғарылауы макроэкономикалық деңгейде маңызды әсерлерді тудырады. Экспорттық  операциялар мемлекеттің жалпы шығындар деңгейін жоғарлатады. Таза экспорт шығындардың бір бөлігі болғандықтан, өгерісі  мультипликативті әсер арқылы ұлттық табыстың өзгерісіне әкеледі; Бұл  өз кезегінде, экономикада жалпылама сұранысты өзгертіп, өндіріс, жұмыстылық пен  бағаның нақты көлемінің  деңгейіне әсер етеді; Таза экспорт ұлғаю салдарынан валюта құнының құнсыздануы ел экономикасына экспонсионистік әсерін берді.  Ал валюта құнының қымбаттауы экономикада іскерлік іс-әрекеттің  төмендеуіне әкеледі. Одан басқа валюта бағамының өзгерісі  экономиканы ұсыныс дағдарыс жағдайына келтіреді.  Валюта  бағамдары  импортталатын өндіріс факторларының  деңгейіне қатты әсер етіп, тұтыну тауарларының бағасына әсер тигізеді. Сонымен бірге валюта бағамның өзгерісі ішкі нарықта бәсекелестіктің шиеленісуі салдарынан импортталатын өндіріс факторлар бағасына жанама әсер береді.

Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Соның дәлелі бірінші кестеде көрсетілгендей тым аз уақыт аралығанда валюталық бағам өзгерісінің теңгеге шаққандағы құны тым жоғарғы екпінмен өскен. АҚШ доллары арқылы еліміз үлкен шаруашылық операцияларын жасайтын болғандықтан оның құнының өсуі елдің ішкі шаруашылығының өзгерісі мен бағаның шарықтауына алып келді. Бағамдық айыманың күтпеген жерден тым шарықтауы кейбір кәсіпорындардың жабылуы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуіне алып келді.

 

 

 

Кесте 1

Ішкі валюта нарығындағы операциялардың 2014 жылғы 22 ақпан көлемі туралы мәліметтер [4]*

 

Валютаның түрі

Млн. бірлік

Млн. АҚШ доллары

1 АҚШ доллары

USD / KZT

184.95

1 еуро

EUR / KZT

253.55

1 беларус рублі

BYR / KZT

0.02

1 канада доллары

CAD / KZT

165.92

1 қытай юані

CNY / KZT

30.36

1 кувейт динары

KWD / KZT

655.22

1 қырғыз сомы

KGS / KZT

3.56

1 ресей рублі

RUB / KZT

5.18

1 өзбек сомы

UZS / KZT

0.08

100 оңтүстік корей воны

KRW / KZT

17.26

1 жапон йені

JPY / KZT

1.81

1 малайзия ринггиті

MYR / KZT

56.16


 

Қазақтың ұлттық валютасы көршілес елдердің ішінде үлкен құнды ақшаға айналып отыр. Сондықтан да Орталық Азия елдері арасында қос тілді болып, әріп қатесі кеткені болмаса, теңгенің беделі өте жоғары, бүгінгі тұғыры бір қалыпты.

Теңге бағамының ауытқуына бiрнеше факторлар әсер етедi. Елдiң экспорттық операциялары ұлттық валюта бағамына ықпал ететiн басты факторлардың бiрi болып саналады. Қазiргi сәтте сауда балансында үлкен профицит байқалуда. Қазақстан ақша түрiнде импорттағанға қарағанда көбiрек экспорттайды. Сондықтан экспорттық түсiм теңгенiң бағамына ықпал ететiн қозғаушы күштердiң бiрi болып табылады. Елiмiздiң экспорт негiзiн қуат көздерi: мұнай, газ, газ конденсаты, металдар құрайды. Осылардың бағалары валюта нарығында баға белгiлейтiн негiзгi факторлардың бiрi болып табылады

21- ші Валюталық бағам өзгерісінің әсері ҚХЕС-нда  валюталық операциялардың түсініктілігі үшін келесідей терминдер қарастырылады:

  • Бағам айырмашылығы — шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.
  • Валюта айырбастау бағамы — бір валютаны басқа валютаға айырбастау коэффициенті.
  • Әділ құн — жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-біріне тәуелді емес тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома. (13-ші Әділ Құнды Бағалау ҚЕХС-ын қараңыз.)
  • Шетелдік валюта — ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.
  • Шетелдік қызмет — өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым.
  • Қолданыстағы валюта — ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валютасы.
  • Топ — еншілес ұйымдары бар бас ұйым тобы.
  • Ақша баптары — қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.
  • Шетелдік қызметке таза инвестициялар — осы қызметтің таза активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.
  • Ұсыну валютасы — қаржылық есептілігі берілетін валюта.
  • Ағымдағы валюталық бағам — дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.
  • Жабылу бағамы — валюталардың қаржылық жағдай туралы есеп күнгі ағымдағы айырбас бағамы.

Валюталық реттеу саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттар қазақстандық заңды тұлғалар (резиденттер) мен шетел фирмаларының (резидент еместердің), сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағындағы қазақстандық кәсіпорындардың арасында шетел валютасында операция-лардың жасалу ережелерін белгілейді, сыртқы экономикалық қызметті бақылау нысандары мен әдістерін, сондай-ақ валюта заңнамаларын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын айқындайды.

“Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кез келген валюталық құндылықтармен жасалған операциялар валюталық болып табылатындығын ескеру керек, атап айтқанда: [5, 177б].

-меншік құқықтарының және өзге  де құқықтардың валюталық құндылықтарға  көшуіне байланысты операциялар, оның ішінде төлем қаражаты  ретінде шетел валютасы және  шетел валютасындағы төлем құжаттары  пайдаланылған операциялар;

-кез келген тәсілмен валюталық  құндылықтарды Қазақстан Республика-сына  әкелу және жөнелту, сондай-ақ  Қазақстан Республикасынан әкету  және жөнелту;

-  халықаралық ақша аударуларды  жүзеге асыру.

“Валюталық операциялар” ұғымының мәні мен мазмұнын ашу үшін осы тақырыптың негігі дәйекті терминдеріне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл - шетел валютасы .

Шетел валютасына:

-  айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алып қойылған немесе алынатын, бірақ ақша белгілеріне айырбасталуы тиіс банкнот түріндегі ақша белгілері, қазынашылық билеттері, монеталар;

ақша немесе есеп айырысу бірліктердегі шоттардағы қаражаттар жатады. Валюталық құндылықтарға жататындар:

Шетел валютасы;

- шетел валютасындағы құнды  қағаздар – төлем құжаттары (чектер, векселдер, аккредетивтер және т.б.), қорлық құндылықтар (акциялар, облигациялар) және шетел валютасындағы басқа  да борыштық бағалы міндеттемелер;

- бағалы металдар – зергерлік  және басқа да тұрмыстық бұйымдарды  қоспағанда, қандай түрде және  күйде болсын алтын, күміс, платина  және платина тобына жататын  металдар;

Табиғи бағалы тастар.

Валюта - бұл айналыстағы, сондай-ақ айналыстан алып тасталған және алып қойылатын, бірақ айырбасталуға жататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноты түріндегі теңге және монета;

Қазақстан Республикасының банктеріндегі және өзге де кредиттік мекемелердегі шоттардағы теңгедегі қаражаттар;

Қазақстан Республикасының өкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел мемлекетінің тиісті органымен жасасқан сол мемелекеттің аумағында Қазақстан Республикасының валютасын заңды төлем қаражаты ретінде пайдалану туралы келісімнің, келісім-шарттың негізінде Қазақстан Республикасынан тыс банктердегі және өзге де кредиттік мекемелердегі шоттардағы теңгедегі қаражаттар; Қазақстан Республикасы-ның валютасындағы құнды қағаздар – төлем құжаттары (чектер, векселдер және т.б.), қорлық құндылықтар (акциялар, облигациялар) және басқа да теңгедегі борыштық міндеттемелер.

Информация о работе Учет валютных операции