Кредиторлық қарыздар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 10:33, курсовая работа

Описание работы

Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Содержание работы

Кіріспе

Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.3 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

дебиторлык жане кредиторлык есеп курс жумыс.doc

— 294.50 Кб (Скачать файл)

Сатылған тауарлар мен  дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:

Дт:    1210      «Алынған вексельдер» шоты

Кт: 1210  «Алынуға тиісті борыштар» шоты

Ал вексель бойынша  сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп түскен мерзімінде (пайызсыз):

Дт: 1030 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты» 

Кт:  1210 «Алынған вексельдер»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы  жазылады.

Айта кететін бір жағдай көпетген уақыттарда вексельде көрсетліген сома бойынша пайызмөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы: 500000 (бес жүз мың) теңгеге алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем төлеу көрсетліген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептеледі:

500000+500000*5%*6/12=500000+12500=512500 теңге

Егер осы сомадағы вексель  алты айға емес тоғыз айға жазылып  берілген жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:

500000+500000*5%*9/12=500000+18750=518570 теңге.

Жоғарыда қарастырылған  мысалымыз бойынша бухгалтерлік жазуларымыз келесідей түрде  жазылады:

А) вексель алынғанда 

Дт:  1210 Алынған  вексельдер шоты                                                 500000 тг

Кт:  1210  Алынуға тиісті борыштар шоты     500000 тг

Ә) вексель бойынша  сатып алушылардың борыштары  есептелген пайыз сомасымен бірге  өтелгенде

Дт:  1010 Ақшалар  шоты                                                                  512500 тг

Кт:  1210 Алынған  вексельдер шоты                500000 тг

 

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің

Борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін  шот

Кредиттелетін шот

Тип

1

2

3

4

5

1

Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы

1210

3010

 

2

Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетіліген қызметке есептеліген қосылған құн салық  сомасы

1210

3130

 

3

Борыш сомасы бұрын  алынған аванс сомасына шегерілді

1610-1610

1210

 

4

Сатып алушы  және тапсырыс берушілерден есеп айырысу шотына келіп түскен сома

1030

1210

 

5

Сатып алушы  және тапсырыс берушілердің борышы олардың  кредиторлық қарызы есебінен өтелінді

1270-2150,4240

1210

 

6

Сатылған (тиеп жіберліген) тауар, өнім, көрсетліге қызмет үшін алынған вексель

1280

1210,2120-2130

 

7

Сатып алушы  және тапсырыс берушілер берген вексельдері  үшін борыштарын төледі

1030

1280

 

 

1.2 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі

Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:

    • 1220 «Еншілес серіктестіктердің борышы»
    • 1220 «Тәуелді серіктестіктердің борышы»
    • 1230 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» 1240 сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар көрініс табады.

«Шаруашылық веріктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік  дегеніміз, басқа (негізігі) шаруашылық серіктестік  оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шарушылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінң қаржы-шаруашылық қызметінң бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.

«Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және бріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үлесімді (пропорционалды) бірктіру үшін есеп беретін пішімдерінің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.

Меншіктің осы  түрлерін айқындайтын анықтамалар  азаматтық кодексте толық түрде  көрініс тапқан (228-234 баптары). «Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:

    • Еншілес, тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға ұйым ақша берген уақытта:

Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,

Кт: 1030  «Ағымдағы  банктік шоттардағы ақша қаражаты»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы  жазылса,

    • Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық  борыштарының пайда болуына:

Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  борышы» шоты,

Кт: 6010 «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері  түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылады.

Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық  емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:

Дт: 1220, 1230  «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоты» шоты;

Кт:  3130 « Қосылған құн салығы шоты» түріндегі корреспонденция  жазылса.

    • Шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылыққа;

Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларлың борышы» шоты;

Кт: 6250 «Бағамдық  айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты түрінде  корреспонденция жазылуы  тиіс.

Еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:

Дт: 1210 «Алынған вексельдер» немесе 1030  «Ағымдағы  банктік шоттардағы ақша қаражаты»» шоттарының тиістілері;

Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  борышы» деп аталатын шот түрінде  екі жақты жазу жазылады.

Еншілес , тәуелді  серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың  дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық  борыштардың есебінен жабылуына:

Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;

Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің  және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.

Еншілес, тәуелді  серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың  дебиторлық борыштары  олардан тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу үшін  алынған аванстар есебінен жабылғанда мына төменде көрсетілгендей түрінде бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт: 3510 «Тауарлы-материалдық  қорларды жеткізіп беру үшін алынған  аванстар» немесе

«Орындалатын  жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері;

Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  борышы» шоты.

Осы жоғарыда  айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:

Дт: 7430 «Бағамдық  айырмашылық бойынша шығындар»  деп аталатын шот;

Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  борышы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Операциялар мазмұны

          Дт

Кт

Тип

1

2

3

4

5

1

Еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғаларға тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, көрсетілген  қызметтер:

  • Өз бағасына;
  • Қосылған құнға салынған салық сомасына

 

 

 

 

2120-2130

2120-2130

 

 

 

 

3010-

Шоттардың тиістілері

3130

 

2

Еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың берешек борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті.

1030

2120-2130

 

3

Ай соңында (аяғында) еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек борыш сомасы олардың алашақ борышы есебінен жабылды.

1270-2150

2120-2130

 

4

Келісілген  бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы.

2120-2130

6210

 
 

5

Келісілген  бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға  берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз (процент) сомасы.

1270

6120

 

6

Алынған қарызға, кредитке есептелген пайыз сомасы

1270

6120

 

7

Акция дивидендіне  есептелген пайыз сомасы

1270

6120

 

8

Есептелген дивиденд және пайыз ретіндегі борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті.

1030

1270

 

 

1.3 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі

Кәсіпорындар  мен ұйымдарда басқадай операциялар  бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есптеледі:

1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».

1280 «Есептелген пайыздар».

1250 «Жұмысшылар мен басқадай  тұлғалардың борышы».

1280 «Өзге де дебиторлық  борыштар».

Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.

«Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдар тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпарттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барылқ тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты стып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардың түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салқық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатлыған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

    • Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына:

Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе

Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

Кт: 1280 «Басқадай несиелік борыштар мен аударымдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

1280 «Есептелген  пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген неізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ  салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:

    • Жылдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген заемдар бойынша пайыздар есептегенде:

Дт: 1280«Есептелген пайыздар» - деп аталатын шот,

Кт: 6120 «Акциялардың дивидендтері және пайыз түріндегі кірістер»  деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,

Информация о работе Кредиторлық қарыздар есебі