Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2015 в 15:27, курсовая работа

Описание работы

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Содержание работы

Кіріспе ………………………………………………………………………….3


I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы .........................................................................5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ........................................................................9


II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау...............................................12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ................................17

III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары..................................................................................25



Қорытынды ........................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................30

Файлы: 1 файл

банк даму тарихы.doc

— 240.50 Кб (Скачать файл)

 

Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыға мемлекеттердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегендей олардың арлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді.

 

1.2 Банк жүйесінің құрылымы 

 

«Қазақсатн республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы  31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы  «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың ішінде:

Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.

5. Шетелдер қатысушы  банк - орналастырылған акцияларының  үштен бiрiнен астамы:  
     а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;  
     б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;  
     в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.  
      Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк. 
 Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.      

 Банк - осы Заңға сәйкес банк  қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.  
      Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.  
     Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. 
      Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты  неғұрлым жоғарғы пайда табу.

Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет /10/.

Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:

Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен.

Жалпы банктердің қызметтерi:

  • уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
  • кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;
  • ақша айналымын реттеу;
  • айналымға несие құралын шығару;
  • экономикалық, қаржылық кеңес беру;
  • эмиссиялық қызмет атқару.

Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.

Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.

Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың орыбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс блып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек,  ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың , қадағалау кеңесінің , Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.

Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.

Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік оерацияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары

2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау

 

Ұлттық банкінің республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық банк -  заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан,баж салығғын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес,дәл сол сияқты,егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруқа араласуқа құқығы жоқ.

Орталық банктiң қызметтерi:

  • ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды тұрде банкнота шығару;
  • орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни әкiметтiң экономикалық саясаттың құрамдас элементi;
  • орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
  • орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер (бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);
  • орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi, қаржылық кеңесшiсi;

Мемлекеттiк борышты басқару деп- орталық банктiң зайымдарын орналастыру және конверсия операциясын жәргiзу.

Орталық банктiң операциялары:

Олар екi тұрге бөлiнедi: актив-ол осы қаражатты орналастыру операциялары. Пассив- ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып  банктер ресурстарын құру операциялары.

Сонымен:

  • мемлекет орталық банкпен тығыз байланысты. Оның саясатына шексiз ықпал етедi;
  • орталық банк- ол дербес заңды тұлға;
  • ақша несиелiк валюталық тұрақтылықты сақтаудағы iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiне қажеттi жағдай жасау;
  • әкiметтiң экономикалық саясатының негiзгi элементi ақша несиелiк қаржы саясатын орындау орталық банкiнiң қызметiнiң тәйiнi болады.

Орталық банктiң мiндетi- ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету /14/.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң кәшi бар жарлығында Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Олар:

Ұлттық банк- мемлекеттiк орталық банк.

Басқа барлық банктердi заңда төменгi деңгейлi банк деп жазылған.

Ұлттық статистика көрсеткiшi бойынша 2000 жылдың басында 55 екiншi деңгейлi банк анықталған. Оның iшiнде бiреуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет аралық 22 шетелдiк қатысуымен, 17 шетел өкiлдiгi ашылған.  республикада тiркеуден өткен 44 ломбард, 7 несиелiк серiптестiгi және кейбiр банктiк операция жәргiзетiн 46 басқа мекеме бар.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің ,бактік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысың , «Вестник Национального Банка Казахстанаң атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

Ұлттық банктің негізгі міндеті  - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • ақша айналымы,несие,банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшалардың ,сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату  және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын  қызметтері арқылы орындалады :

Біріншіден,Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады.Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай –ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді,чектерді сатып алып және қайта сатады.

Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады.Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау.Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажетмөлшерін анықтап,дайындығын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары