Техникалық қондырғыларды таңдау, олардың сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2017 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Өзге құрылыс материалдарымен салыстырғанда олардың артықшылық-тары де көп. Олардың үлкен артықшылығы, материалдардың (құм, шағал, су) көп бөлігі (85-90% массасынан) – жергілікті шикізаттық материалдар болып табылады. Сонымен қатар құрама темірбетон бұйымдарының құрылыста кең ауқымды қолдануына мыналар септігін тигізеді:
- конструкциялардың дайындалуы мен монтажының жоғарғы дәрежедегі индустриалдығы, бұл құрылыстағы шығындалатын еңбек мөлшерін және құрылысты дайындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының қасиеттерінің универсалдығы; технология-лық әдістерді және материалдарды өзгерте отырып, беріктігі, жылу өткізгіштігі, қышқылға төзімділі бойынша физикалық–механикалық қасиеттері әр түрлі бұйымдар алуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының басқа материалдармен салыстырғанда ұзақ мерзімге шыдауы.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………….............
1.Өнімнің номенклатурасы және сипаттамасы...................................................
2. Бұйымды өндіру тәсілін таңдау..........................................................................
3. Цехтың жұмыс істеу режимі............................................................................... 4. Бұйымды өндірудің өндірістік бағдарламасы....................................................
5. Бетон араласпасы, арматуралық болат және майлағыш заттар............
6. Бұйымдарды өндірудің технологиялық нобайы және түсініктемесі
7. Техникалық қондырғыларды таңдау, олардың сипаттамасы.....................
7.1 Бетонараласпасын жайғастырғыштар,.............................................................
7.2 Қалыптау машинасы....................................................................................
7.3 Арматураны керу қондырғылары................................................................
7.4 Бетон араласпасын тасымалдау қондырғысы.................................................
7.5 Ішкі тасымалдау көліктері.........................................................................
7.6 Көтергіш көліктер..........................................................................
7.7 Жылумен өңдеу қондырғылары (агрегаттары) .............................................
8. Технологиялық режимді таңдау..........................................................................
8.1 Арматураны алдын ала кернеу режимі.....................................................
8.2 Бетон араласпасын жайғастыру ..........................................................
8.3 Бетон араласпасын тығыздау режимі..........................................................
8.4 Жылумен өңдеу режимі................................................................................
9. Өндірістік – технологиялық есептер.................................................................
9.1 Технологиялық цикл......................................................................................
9.2 Стенд санын анықтау..........................................................................
9.3 Крандардың санын есептеу.....................................................................
9.4 Бетон араласпасының, арматуралық элементтердің, майлағыш заттардың қажеттілігін есептеу...............................................................................
9.4.1 Бетон араласпасының қажеттілігі..........................................................
9.4.2 Арматура элементтерінің қажеттілігі....................................................... 9.4.3 Майлағыш материалдарының қажеттілігі.................................................
9.5 Электроэнергия, технологиялық бу және сығылған ауа қажеттілігін есептеу......
9.5.1 Электроэнергия қажеттілігі...........................................................
9.5.2 Технологиялық бу қажеттілігі.......................................................................
9.5.3 Су қажеттілігін есептеу..............................................................
9.6 Инженер – техникалық қызметкерлерінің және жұмысшыларының санын есептеу........
10. Өндірістік техникалық бақылау...................................................
11. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.......................................
Қорытынды.............................. ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................

Файлы: 1 файл

кран асты үстінді111.docx

— 316.74 Кб (Скачать файл)

Кран асты үстінділер дайындаудың стендті технологияда вибротығыздау вибрацияланатын тереңдік виброқондырғылар көмегімен іске асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылумен өңдеу режимі

 

Бұйымдарда бетонның қату режимдері. Қазіргі заманғы индустриялды жиналмалы темірбетон өндірісінде жылумен өңдеудің ерекшелігі өндірісті тиімді жылдамдату болып табылады. Бірнеше сағаттың ішінде бұйым тек 28 тәуліктен соң алатын 70% (одан да жоғары) беріктігін алады.

Жылумен өңдеу режимі параметрлерді автоматты түрде басқара алатын жүйемен бұйымды алдын-ала ұстаудан, температураны көтеруден, изотермиялық ұстайдан және суытудан тұрады.

Жылу әсері кезінде бетон құрылымы бұзылмас үшін бетон бастапқы беріктігене ие болу керек. Сонымен қатар, қалыптаудан кейін тез қыздыру цемент дәндерінің айналасындағы қабаттың мезгілден тыс тығыздалуына, рекациялардың жылдамдығының төмендеуіне және цементтңі жеткілікті пайдаланбауына алып келеді. Сондықтан қоршаған орта температурасында ашық бетті бұйымдарды алдын ала ұстау міндетті. Алдын-ала ұстау уақыты 1сағ.

Бетон температурасын көтеру. Бетонтемпературасын көтеру ең маңызды жылумен өңдеу сатысы болып табылады, бетонда мүмкін болған құрылымдық бұзылулар мүмкін болған жылумен өңдеу сатысы. Қалыптанған бұйымдарды жылумен өңдеуден алдын ұстап тұру бетонның жылумен өңдеу режиміне сәйкес температуралық қыздыруларды өз бойына қабылдауға қажетті беріктікті жинайды. Бетон температурасын көтеру уақыты цементтің активтілігіне және түріне, бетон араласпасының бастапқы құрамындағы суы, қоршаған орта температурасы, және қатуды жылдамдататын химиялық қоспаларды қолдануына тиімді. Температураны көтеру 3сағ деп қабылданды.

Изотермиялық қыздыру. Температураны булау камерасында изотермия-лық қыздыру кезінде портландцемент негізінде 80-850С қабылданған жөн. Төмен температурада изотермиялық қыздыру артады. Бұл жағдайда камералардың айналымы төмендеп өндірістің өнімдігі азайады.

Бұйымды қабылданған ең жоғары изотермиялық қыздыру температура-сында қабылданған цементте, С/Ц және температуралық қыздыру бетонның жылумен өңдеу аяқталғаннан кейінгі жинау қажет болған беріктігіне тәуелді. Керілген арматуралы бұйымдар үшін изотермиялық ұстау температурасы 800C болып табылады. Изотермиялық ұстау 5 сағат деп қабылданды.

Бетонды суыту. Жылумен өңдеу соңына қарай температураны түсіру маңызды этаптардың бірі болып табылады. Бұйымды жылдам температураны түсіруден сақтау керек, бұл сатыда баяу әрі бір қалыпты бұйымның барлық қиылысы бойынша температураны төмендету керек. Бұйымды камерадан шығарудан алдынғы температурасы қоршаған орта температурасынан 40 -450С аспауы қажет. Суыту уақыты 2сағат деп қабылданды.

М400 маркалы бетон үшін жылумен өңдеу уақыты 10 сағат (3+5+2). 

 

 ТоС               1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 τ, сағ


 

 

Стендті әдісте бұйымды жылумен өңдеу термоқалыптарда жүргізіледі.

Бұйымды шегенсіздеу және қалыпты дайындау. Қалыптың жұмыс бетін әр қалыптаудан соң қысылған ауа берілетін трубкалы қырғыш көмегімен тазалау және майлы құрамды беретін қармақпен майлау керек. Жұмыс бетін соққылы құралдармен тазалауға тыйым салынады. Майлау үшін бетонға жоғары адгезияланатын майлы эмульсия және басқа құрамдар қолданылады.

Қалыптар мен поддондарды майлау дайын бұйым сапасын анықтаудың ең маңызды факторы болып табылады.

Майлау материалдарының сапысы қалып бетімен бетонның ұстасуына, қалып материалдарының ұзақ тұрақтылығына және бұйымды қалыптан шешудің еңбек сыйымдылығына әсер етеді. Қазіргі таңда қалыпты қалыптың бетонмен адгезиясын жақсарту үшін ЭКС эмульсатор негізіндегі эмульсиялы майлағыштар қолданылады. Сәйкес майлағыштарды қолдану бетон бетінің сапасын жақсартады, қалыптан шешудің жеңілдетеді және қалыпты талыпты тазартуда елеулі әсер етеді.

Майлы құрам қалып бетін бетонның жабысуынан сақтайды, бұйым бетінде тесіктердің, қабыршақтардың және басқа да ақаулардың пайда болуынан сақтайды, бетон құрамының физика-механикалық қасиеттеріне кері әсерін тигізбейді және бұйым бетінің түсін өзгертпейді. Майдың жағымсыз иісі болмауы керек және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбеуі керек, экономикалық тиімді болуы керек және механикалық әдіспен жағылуы тиіс.

Майлау материалдарына қойылатын талаптарды және констуркцияның ерекшелігін ескере отырып майланатын қалып бетінің 1м3-на 150г май жағу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стенд санын анықтау

 

Ұзын стенд:

- ұзындығы бойынша біркелкі  қалыпты орналастырып, стендтің  санын анықтау (70-120м);

- стендтің апталық айналымын  анықтау (Коб);

- стендтің жылдық өнімділігін  есептеу (П).

П = n ∙ z ∙ Kоб (1)

П=8∙37∙3=888 дана

888∙1=888 (1 пролет) 

 

мұндағы: n – стендтегі бұйым саны; z – жылдық апта саны; Kоб– апталық айналым саны.

Стендтің саны (Р)

 (2) 

 

мұндағы: Ппр- жылдық қуаттылық (дана). 

 

 

 

Стендтік технология үшін – орнатылған қалыптар саны. 

 

 (дана) (3)

мұндағы N - технологиялық бойлықтағы стендтік қалыптардың саны; n - қалыптағы бұйымдардың саны, дана 

 

Кран асты үстінділер үшін:

Кран асты үстінді үшін 14дана қалып керек.

Кранның жұмыс істеу циклы қалыптау-құю циклына және бойлықтардың санына байланысты алынады. Крандар санын есептеу үшін бір бұйымды шығарудың технологиялық циклына кіретін барлық крандық операциялардың толық тізімін жасау қажет. Кран операция-ларына кететін уақыт шығыны келесі элементтерден тұрады:

Ілгішті түсіру 1,5 м-ге - 0,15

Бұйымды ілу - 0,30

Ілгішті 3 м-ге көтеру - 0,30

Кран арбасының 10 м-ге жылжуы - 0,25

Кранның 125 м-ге жылжуы - 1,56

Ілгіштің 3 м-ге түсіруі - 0,30

Бұйымды ілгіштен босату - 0,35

Ілгішті 3 м-ге көтеруі - 0,30

Кранның алғашқы орнына қайтуы - 1,56

Барлығы: - 5,12 мин. 

 

Крандардың санын есептеу кезінде олардың жұмыс бастылығының біркелкі еместігін крандарды уақыт бірлігінде пайдалану коэффициентінің (Кпайд) көмегімен есепке алады:

аралықта І кран болса – 0,8;

аралықта ІІ кран болса – 0,7:

Аралыққа толық қызмет көрсету (арматураны жинақтау, қоқыс шығару және т.б.) бойынша крандық операциялар пайдалану коэффициентімен есепке алынады.

Крандардың саны келесі формуламен есептеледі: 

 

Nk =   дана. (4) 

 

мұндағы: Р1 – аралықтың бір кезектегі өнімділігі, дана; Кпайд – пайдалану коэффициенті.

Әртүрлі авриялық жағдайлар мен кранның істен шығуын ескере отырып 2 кран таңдалынды. 

 

Бетон араласпасының қажеттілігі  

 

Бетон араласпаларының қажетті мөлшері орнатылған қуаттылық бойынша ТББ шығарудың өндірістік бағдарламасының негізінде анықталады.

Алдымен араласпаларды түр-түріне қарай бөліп, сонан соң қалыптау-құю кезіндегі ысырабын (1,5%) есепке ала отырып қажетті мөлшерін есептейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бетон араласпасының, арматуралық элементтердің, майлағыш заттардың қажеттілігін есептеу

 

 

 

11 кесте - Бетон араласпасының  қажеттілігі

Бұйымның атауы

Материалдардың шығыны, м3

Жылына

Жылына ысырабымен есептегенде

ысырабын есептемегенде

ысырабымен 1,5%

тәулігіне

кезеңіне

сағатына

Кран асты үстінді

   

159,2

79,6

9,9


 

 

Арматура элементтерінің қажеттілігі

Арматура болатының қажетті мөлшерін кластарына байланысты қалдықтарын есепке ала отырып есептейді:

А-І, А-ІІ, А-ІІІ, В-І, Вр-І, А-ІУ – 3,0%-ке дейін;

Ат-ІУ, А-У, Ат-УІ, В-ІІ, Вр-ІІ канат - 6,0%-ке дейін. 

 

12 кесте - Арматуралық болаттың  қажеттілігі

Бұйымның атауы

Материалдардың шығыны, т

Жылына

Жылына ысырабымен есептегенде

ысырабын есептемегенде

ысырабымен 3%

тәулігіне

кезеңіне

сағатына

Кран асты үстінді

1800,72

1854,7

7,3

3,65

0,4


Майлағыш материалдарының қажеттілігі

Қалыптарды майлайтын май қалыптар мен кассеталардың ашық бетінің әр-бір шаршы метріне 0,2 кг деп есептейді. 

 

13 кесте - Майлау материалдарының  қажеттілігі

Бұйымның атауы

Бұйымның ауданы, м2

Бұйымның жылдық шығыны, дана

Материалдардың шығыны, м3

1 бұйымға кететін май

жылына

тәулігіне

кезеңіне

сағатына

Кран асты үстінді

14,34

 

2,8

8265,6

32,4

16,2

2,02


 

 

Электроэнергия, технологиялық бу және сығылған ауа қажеттілігін есептеу

Қалыптау-құю және басқа цехтардағы электр энергиясының жылдық шығыны белсенді (активный) қуаттылығы мен қондырғы-құралдардың уақыт бірлігінде жүктелу коэффциентін есепке алғандағы жұмыс уақытының (іс-жүзіндегі) жылдық қоры бойынша келесі формуламен анықталады. 

 

 (квт·сағ) (5)

мұндағы Ра- электроқозғалтқыштардың белсенді қуаттылығы (кВт.сағ.);   - қондырғы-құралдардың жұмыс істеу уақытының жылдық қоры, тәулік; m - қондырғы-құралдардың бір тәулікте жұмыс істеу уақыты, сағ;   - қондырғы-құралдың уақыт бірлігінде жүктелу коэффициенті (0,7...0,8);

 (6)

мұндағы Қс - сұраныс коэффициенті (13 кестеден); Рорн - қондырғы-құралдың әр түрі бойынша орнатылған қуаттылық, кВт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электроэнергия қажеттілігі

 

Қажетті электр энергиясының толық мөлшерін анықтау үшін жоға-рыда есептелген қуаттылықтар мен өндірістік мүдделерге шығындалған электр энергиясына жарық беруге қажетті шығынды қосу керек. Жарық беруге қажетті қуаттылықтар жарықтандыру алаңының ауданы мен оны жарықтандыру уақытының ең жоғарғы шамасына байланысты анықталады. Өндірістік жайдың I шаршы метрін жарықтандыру үшін қажетті қуаттылық шамамен 5 кВт, тұрмыстық жайларға - 10 кВт, ал кәсіпорын территория-сындағы өткелдер мен асулардың I км-ін ұзына бойы жарықтандыру үшін - 0,5 кВт, Өндірістік жайлардың ішін жарықтандыру уақытының жылдық мөлшерін келесідей етіп қабылдайды: бір кезектік жұмыста - 1250 сағ., екі кезектік жұмыста - 2000 сағ., үш кезектікте - 2400 сағ.

Сыртқы жарықтандыру үшін қажетті уақыттың жылдың мөлшерін 2400 сағат деп қабылдайды. 

 

14 кесте - Электр энергиясын  тұтынушылардың жеке топтары  үшін Кс орташа мәні

Рет тік

Тұтынушылар тобы

Сұраныс коэффициенті К0

1.   2.   3.   4.   5.   6.   7. 8. 9.   10.   11.

Цемент қоймалары (шнектер, элеваторлар және желдеткіштердің электроқозғалтқыштары) Толтырғыштар қоймалары (транспортерлер электрқозғалтқыштары) Бетон-араластыру цехы (араластырғыштар, тасымал-көлік құралдарының электрқозғалтқыштары) Арматура цехы: металл кесетін станоктардың электрқозғалтқыштары доғалық дәнекерлеу трансформаторлары түйістіру және нүктелік дәнекерлеу аппараттары жоғары жиілікті қондырғылар стендтер санитарлық техникалардың вентиляторлары жарықтандыру Қалыптау-құю цехы (өндірістік механизмдердің электрқозғалтқыштары) Көтергіш механизмдер (кран-балка, көпірлі крандар, тельферлер, көтергіш-түсіргіштердің электрқозғалтқыштары) Үздіксіз транспорттардың механизмдері Тасымалды механизмдер Насостар, компрессорлар, желдеткіштер, мотор-генераторлар (дәнекерлегіштерден басқасы) Күштік қондырғылар (механикалық, ағаш өңдеу шеберханалары және басқалар) қозғалтқыштардың саны бойынша: 3-ке дейін 4-тен 8-ге дейін 20-дан ары Дайын бұйымдар қоймасы

0,75   6,6...0,7   0,64...0,75     0,2 0,45 0,40 0,30 0,1 0,7 0,8 0,28...0,6   0,15...0,2   0,5...0,6 0,1 0,7...75   0,7 0,45 0,2 0,5


Информация о работе Техникалық қондырғыларды таңдау, олардың сипаттамасы