Техникалық қондырғыларды таңдау, олардың сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2017 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Өзге құрылыс материалдарымен салыстырғанда олардың артықшылық-тары де көп. Олардың үлкен артықшылығы, материалдардың (құм, шағал, су) көп бөлігі (85-90% массасынан) – жергілікті шикізаттық материалдар болып табылады. Сонымен қатар құрама темірбетон бұйымдарының құрылыста кең ауқымды қолдануына мыналар септігін тигізеді:
- конструкциялардың дайындалуы мен монтажының жоғарғы дәрежедегі индустриалдығы, бұл құрылыстағы шығындалатын еңбек мөлшерін және құрылысты дайындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының қасиеттерінің универсалдығы; технология-лық әдістерді және материалдарды өзгерте отырып, беріктігі, жылу өткізгіштігі, қышқылға төзімділі бойынша физикалық–механикалық қасиеттері әр түрлі бұйымдар алуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының басқа материалдармен салыстырғанда ұзақ мерзімге шыдауы.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………….............
1.Өнімнің номенклатурасы және сипаттамасы...................................................
2. Бұйымды өндіру тәсілін таңдау..........................................................................
3. Цехтың жұмыс істеу режимі............................................................................... 4. Бұйымды өндірудің өндірістік бағдарламасы....................................................
5. Бетон араласпасы, арматуралық болат және майлағыш заттар............
6. Бұйымдарды өндірудің технологиялық нобайы және түсініктемесі
7. Техникалық қондырғыларды таңдау, олардың сипаттамасы.....................
7.1 Бетонараласпасын жайғастырғыштар,.............................................................
7.2 Қалыптау машинасы....................................................................................
7.3 Арматураны керу қондырғылары................................................................
7.4 Бетон араласпасын тасымалдау қондырғысы.................................................
7.5 Ішкі тасымалдау көліктері.........................................................................
7.6 Көтергіш көліктер..........................................................................
7.7 Жылумен өңдеу қондырғылары (агрегаттары) .............................................
8. Технологиялық режимді таңдау..........................................................................
8.1 Арматураны алдын ала кернеу режимі.....................................................
8.2 Бетон араласпасын жайғастыру ..........................................................
8.3 Бетон араласпасын тығыздау режимі..........................................................
8.4 Жылумен өңдеу режимі................................................................................
9. Өндірістік – технологиялық есептер.................................................................
9.1 Технологиялық цикл......................................................................................
9.2 Стенд санын анықтау..........................................................................
9.3 Крандардың санын есептеу.....................................................................
9.4 Бетон араласпасының, арматуралық элементтердің, майлағыш заттардың қажеттілігін есептеу...............................................................................
9.4.1 Бетон араласпасының қажеттілігі..........................................................
9.4.2 Арматура элементтерінің қажеттілігі....................................................... 9.4.3 Майлағыш материалдарының қажеттілігі.................................................
9.5 Электроэнергия, технологиялық бу және сығылған ауа қажеттілігін есептеу......
9.5.1 Электроэнергия қажеттілігі...........................................................
9.5.2 Технологиялық бу қажеттілігі.......................................................................
9.5.3 Су қажеттілігін есептеу..............................................................
9.6 Инженер – техникалық қызметкерлерінің және жұмысшыларының санын есептеу........
10. Өндірістік техникалық бақылау...................................................
11. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.......................................
Қорытынды.............................. ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................

Файлы: 1 файл

кран асты үстінді111.docx

— 316.74 Кб (Скачать файл)

Конвейерлік әдісті жүзеге асырудың негізгі шарты болып өндірістің орындалуының тиімділігі болып табылады, соның арқасында олардың жұмыс және жылжу уақыты біркелкі болады, сонда бірдей уақыт аралағыныда бұйымдарды бір жұмыс орнынан келесі жұмыс орнына ауыстыруға болады. Барлық элементтік процесстердің бірдей уақытта өтуі нәтижесінде олардың орындалуын технологиялық процесстердің тиімділігі деп атайды. Конвейерлік әдістің негізгі кемшілігі үлкен өлшемді бұйымдырды өндіруге мүмкіндігі жоқ, ал артықшылығы бұйымды өндіру уақыты бірдей әрі адам күшін аз керек етеді.

Өндірістің стенд әдісі – бетон алаңында стендте орналасқан жылжымайтын қалыптарда бұйым өндіріледі. Стендтік әдіс ұзын өлшемді конструкциялар, бұйымдар шығарғанда кеңінен қолданылады. Стендтік тәсіл кезінде барлық операциялар бір жерде орындалатындықтан, бұйымдарды өндіру ұзаққа созылады. Бұл тәсілмен бұйым өндіргенде бір операция толығымен бітпей, келесі операция басталмайды.

Стендтік технология негізінен салмағы ауыр, габаритті және ауыр тасымалданатын бұйымдарды өндіру үшін қолданылады.

Стендтік әдістің артықшылығы барлық технологиялық операциялар: арматуралау, бетон араласпасын жайғастыру, тығыздау, жылумен өңдеу процестері бір орында термоформаларда жүргізіледі. Кемшілігі – формалардың бағасы қымбат.

Стендік тәсілдің өзі екіге бөлінеді: ұзын стенд және қысқа стенд. Ұзын стенд бірмезгілде бірнеше бірдей бұйымдарды қалыптау үшін қолданылады. Қысқа стенд ұзындығы бойынша бір бұйым, ені бойынша екі бұйым қалыптауға есептелген.

Бұйымдар мен конструкцияларды қалыптауға байланысты көлденең және тігінен қалыптауға болады. Бұйымдарды тігінен қалыптау көлденең қалыптауға қарағанда біршама артықшылықтары бар. Бұндай қалыптау тегіс бұйымдарды әсіресе бірмезетте екі беттік жақты бұйым алу кезінде және бұйымның берілген қалыңдығын сақтау үшін мүмкіндік береді.

Және де стендтің универсальді және мамандандырылған деп те бөлеміз. Универсальді стендте әр түрлі бұйымды дайындауға негізделген, ал мамандандырылған стендте өлшемдері сәйкес бірдей бұйымдарды шығаруға негізделген. Мамандандырылған қысқа стендтің түрі болып күштік формаларды айтуға болады. Олардың конструкциясы қарапайым қалыптардан ерекшелігі қатаңдығы жоғары болады, себебі арматураны керген кезде барлық күш формаға түседі.

Ұзын стенд пакетті және созылыңқы болып екіге бөлінеді. Пакетті стендте керілетін арматуралы пакет стендтен тыс жерде пакетдайындайтын бойлықта дайындалады. Бұл бойлық стенд қалыптарына параллель орналасады. Ұзын стендтерде осындай пакет қалыптаушы стендтің өзінде жүргізіледі.

Осы әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып таңдалған бұйымның номенклатурасына байланысты келесідей технологиялар таңдалды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бетон араласпасы, арматуралық болат және майлағыш заттар

 

 

 

 Бетон араласпасы. Бетон араласпасын байланыстырғыш, қоспалар мен толтырғыштардың қатты бөлшектерінің және су мен ендірілген ауаның күрделі құрылымының көп фазалы жүйесі ретінде қарастырады. Байланыс-тырғыштың ұстасуы мен қатуы алдында бетон араласпасы анықталған иілгіштік беріктігі бар және белгіліг энергетикалық әсерсіз өзінің қалпын өзгертпейтін кеңістік құрылым түзеді.

Бетон араласпасында басты құрылым түзуші цемент қамары болып табылады. Цемент қамыры – толтырғыштар мен суға арнайы қосатын майдаланған байланыстырғыш, шаңды және сазды қоспа араласпаларынан тұратын байланыстырғыштың қатты бөлшектерінің майда дисперсті жүйесі.

Бетон араласпасы маркасымен, жайғасымдылығымен және толтырғыш-тың ірілігімен сипатталады. Марка бұйымның сипаттамаларына байланысты анықталады, ал жайғасымдылығы тығыздай әдісінің негізінде анықталады. Тығыздай әдісі виброалаңда іске асады, конус шөгуі 4см, толтырғыш ірілігі   . Толтырғыш ірілігі 10см деп қабылданды. Стендті технология бойынша конус шөгуі 5-6см.

Берілген өнімді өндіру үшін келесідей сипаттамасы бар бетон араласпасы қажет:

Кран асты үстінді үшін М400.

Арматуралық бұйымдар мен элементтері. Кернелмейтін арматура қалыптау-құю цехына тор, жалпақ және көлемдік қаңқалар мен салынар детальдар түрінде келеді. Оларға қойлатын талап ГОСТ 10922-75 көрсетілген.

Кернелетін арматура шыбықты немесе орама күйінде келеді.

Алдын ала кернелген темірбетон конструкциялары және бұйымдары үшін арматураның келесідей түрлері қолданылады:

1. A-IV классты төмен легрленген  болаттың 20ХГСТ, 20ХГ2Ц маркалы ыстық  тәсілде өндірілген стерженьдік  арматура (σт= 60 кг/мм2, RH = 90 кг/мм2), сонымен қатар термиялық беріктелінген Ат-V Aт-VI классты арматуралар қолданылады.

2. Жоғары берікті cуық  тартылған сымтемірлік арматура, В2-II классты тегіс бетті және  Вр-2 классты периодты профильді арматура .

3. Майда сым темірлі (приядевая  арматура), 7 немесе 12, суық тартылған  сымдармен өрілген (диаметрі:1.5-5) 7 сымтемірлік  өрімнің номиналды диаметрі сәйкесінше 4.5-15мм аралығында және 12 сымтемірлік  өрімінің диаметрінің қосындысы 7.5-20. Диаметріне сәйкес бұл өрілген  арматуралардың беріктігі 150-190кг/мм2 аралығында болады.

4. Канатты арматура 2 және 3, 2 немесе 3 жеті сымтемірлі немесе  онтоғыз өріммен өрілген, сым  темірдің диаметрі 1.5-3 болады.

5. Жоғары берікті суық  тартылған және өрімдері үлкен  орама күйінде жеткізіледі, ораманың  ішкі диаметрі 1200мм болады, ол  сым темірдің диаметріне тәуелді. Орамадан алынған сым темірлік арматура өзінің тегістігін сақтау керек және спирал секілді оралмау қажет.

Майлағыш заттар. Темірбетон бұйымдарының сапасына бетонның қалып бетіне жабысуы әсер етеді. Жабысуды төмендету әдістерінің бірі әртүрлі майлағыш заттарды қолдану болып табылады.

Дұрыс таңдалған және жақсы жағылған май қалыптан бұйымның жеңіл шығуын қамтамасыз етеді және бұйымның бетінің тегіс, жұмсақ болуына септігін тигізеді. Темірбетон бұйым зауыттарының жақсы жұмыс істеуі үшін қалыптауда қолданылатын қалыптар, кассеталы қондырғылар және де басқа да қондырғыларға мейлінше сәйкес келетін майларды таңдау керек.

Қалыптарға арналған майлар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: консистенциясы бойынша мұздай немесе 400C дейін ыстық қалып бетіне шашыратқыш арқылы немесе щеткамен жағылуы керек; қалыптан бұйымды алар кезде май қалыптың бетіне жабыспайтын қабатқа айналуы керек (мысалы, қалыпты шешу кезінде оңай бұзылатын ұнтақтәрізді немесе пленка тәрізді); бетонға кері әсер етпеуі керек, бұйымның бетінде дақтар пайда болмау керек, қалыптың бетінде коррозия болмауы керек, өрт кезінде қауіпсіз болу керек.

Майлардың түрлері. Жиналмалы темірбетон өндірісінде қолданысқа ие майларды үш негізге топқа бөледі: сулы және сулы-майлы суспензия, сулы-майлы және сулы-майлы-керосинді эмульсиялар, сонымен қатар машина майлары, мұнай өнімдері және олардың араласпалары.

Суспензия – майда дисперсті минералды заттардың сулы ерітінділері – басқа майлар болмаған жағдайда зауыттарда қолданылады. Оларға әкті, борлы, сазды, шламды майлар және т.б. жатады. Бұл майлардың дайындалуы жеңіл және бағасы арзан, бірақ қалыпты босатқан кезде әрқашан жақсы нәтиже бермейді. Олардың кемшілігі сумен тез шайылады, бұл бетондау кезінде майлаудың бұзылуына алып келеді. Суспензиялық майлағыштардың пленкаларының беріктігі айтарлықтай жоғары, яғни қалыпты босату және тазалау кезінде қиындықтар тудырады.

Әкті және борлы майлағыштаржы ағаш бетіне қолданады; әкті-сазды майлағыштар бетон бетінде тиімді.

Су-цементті-майлы майлағыштардың ерекшелігі бетонды жайғастыру кезінде тұрақтылығы және ұнтақ түзгіш қабатқа айналуы, бұйымды алар кезде тез тазалануы болып табылады. Дегенмен бұл майлағыш сақтау кезінде тез қоюлануынан құбырдар арасына енуі қиындайды.

Эмульсия біреуі өз алдына үзіліссіз орта, ал екіншісі көптеген 0,1-ден 1мкм өлшемді бөлек тамшылардан тұратын бір бірінде аз еритін және ерімейтін екі сұйықтықты колоидты жүйе. Үздіксіз сулы ортаны – дисперсті орта, ал үздікті – дисперсті фаза деп атайды.

Эмулсияның екі түрі бар: сұйықтықтың қайсысы дисперсті ортада болатынына байланысты түзу және кері.

Түзу эмульсия "май суда (м/с)" түрінде май дисперсті фаза болап табылады және суды ыдыратылған майда тамшылар түрінде болады. Кері эмульсия "су майда (с/м)" түрінде дисперсті фаза су болып табылады, ал үздіксіз дисперсті орта май болып табылады.

Кері майлағыштар тік майлағыштармен салыстырғанда тиімді. Себебі, кері майлағыштар металға жоғары адгезия береді, сондықтан тік формалардың бетінде жақсы ұстасады.

Машина майлары, керосин, петролатум және олардан жасалған араласпалар майлағыштардың өзіндік тобын құрады. Ең көп қолданылатыны автол, солярка майлары, сонымен қатар керосинмен масса бойынша 1:1 қатынаста болатын олардың араласпалары.

Солярка майынан, солидолдан және күлден массасы бойынша 1:0,5:1,3 қатынаста болатын майлағыштар кең қолданылады, олар қалыпты шешу кезінде кедергі тудырмайды. Майлағыш сұйық солидолмен солярлы майды 600С температурада араластырып ары қарай ЖЭС күлін қосумен әзірлейді. Бұйымды булау кезінде солярлы май толығымен ұшып кетеді және қалып пен бұйымның бетінен жеңіл алынатын бетон мен қалыптың арасында ұнтақ тәрізді қабат қалады.

Жақсы нәтижені 1:1:1 қатынаста алынған соляркалы май, солидол және автол, 1:3 қатынастағы стирилді керосинді майлағыш; 1:3 қатынастағы парофин-керосинді майлағыштар береді. Бірақ бұл майлағыштардың бағасы қымбат болып келеді.

Петролатумды-керосинді майлағыштарды соңғы жылдары көптеп пайдалануда. Майлағыш қалып бетімен бетонның жабысуына жол бермейді, бетон бетінде дақ қалдырмайды, арзан материалдардан жасалады; сақтау кезінде қоюланбайды, оны төмен температурада қолдануға болады.

Майлағыш түрін қолдану аймағына байланысты таңдайды. 15-200С температурада көлденең қалып бетін майлауда ОЭ-2 кері эмульсиялары таңдалады.

Майлағыш құрамы:

- cинтетикалық қышқыл  эмульсия ЭКС – 20%

- әк ерітіндісі – 70-75%

- солярлы май – 5-10%.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кран асты үстінділер өндірудің технологиялық сызбасы

 

Шикізат қоймасы Армат. Цех

 

Бұйымды ұстап тұру, аяқтау, маркалау посты


Майлауға дайындау үшін қондырғы


2. Қалыптың бетін майлау


12. Бұйымды шешу


5. Арматураны толық керу, керуді бақылау


10. Қалыптарды ашу


4. Жай арматураны жайғастыру


3. Кернелетін арматураны  жайғастыру және алдын ала  керу


1. Қалыпты тазалау


11. Бетонға кернеуді беру


9. Жылумен өңдеу


8. Бетонды тығыздау


7. Бетонды жайғастыру


6. Қалыпты жабу


Өздігінен жүретін арбаша


Арбаша


Қойма орыны   Сымтемір- Какас- лер тар


Гидродомкрат


Стендтік күштік термоқалып


 

Бөлек арматуралық каркастарды және кернелмеген арматураларды дайындау арматуралық цехта жүргізіледі, ал кеңістік (пространственный) каркастарды жинау қалыптың жанында немесе қалыптың ішінде жүргізіледі.

Закладной детальдарды механикалық цехта немесе арнайы заводтарда және дайын күйінде қалыптау орнында дайындайды.

Қажетті маркадағы және жылжымалылықтағы бетон араласпасын бетон араластыру цехында бетонараластырғышта дайындалады. Бетон араласпасын қалыптау орнына өздігінен жүретін бадьяда жеткізіледі.

Қалыптау бетон, темірбетон бұйымдарын және конструкцияларының өндірісінде ең маңызды технологиялық процестердің бірі болып табылады.

Қалыптау процессі келесі операциялардан тұрады: қалыпты бетондауға дайындау (тазалау, жинау, майлау), қалыпқа арматуралық каркасты орнату және қатыру, алдын ала кернелген темірбетон конструкцияларын өндіру кезінде арматураны қалып тіректеріне керу, бетон араласпасын жайғастыру, бетон араласпасын тығыздау, сонымен қатар бұйымның жоғарғы ашық бетін түзілеу және жылумен өңдегеннен кейін дайын бұйымды қалыптан шешу.

Информация о работе Техникалық қондырғыларды таңдау, олардың сипаттамасы