Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2017 в 18:38, курсовая работа
Өзге құрылыс материалдарымен салыстырғанда олардың артықшылық-тары де көп. Олардың үлкен артықшылығы, материалдардың (құм, шағал, су) көп бөлігі (85-90% массасынан) – жергілікті шикізаттық материалдар болып табылады. Сонымен қатар құрама темірбетон бұйымдарының құрылыста кең ауқымды қолдануына мыналар септігін тигізеді:
- конструкциялардың дайындалуы мен монтажының жоғарғы дәрежедегі индустриалдығы, бұл құрылыстағы шығындалатын еңбек мөлшерін және құрылысты дайындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының қасиеттерінің универсалдығы; технология-лық әдістерді және материалдарды өзгерте отырып, беріктігі, жылу өткізгіштігі, қышқылға төзімділі бойынша физикалық–механикалық қасиеттері әр түрлі бұйымдар алуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының басқа материалдармен салыстырғанда ұзақ мерзімге шыдауы.
Кіріспе……………………………………………………………………….............
1.Өнімнің номенклатурасы және сипаттамасы...................................................
2. Бұйымды өндіру тәсілін таңдау..........................................................................
3. Цехтың жұмыс істеу режимі............................................................................... 4. Бұйымды өндірудің өндірістік бағдарламасы....................................................
5. Бетон араласпасы, арматуралық болат және майлағыш заттар............
6. Бұйымдарды өндірудің технологиялық нобайы және түсініктемесі
7. Техникалық қондырғыларды таңдау, олардың сипаттамасы.....................
7.1 Бетонараласпасын жайғастырғыштар,.............................................................
7.2 Қалыптау машинасы....................................................................................
7.3 Арматураны керу қондырғылары................................................................
7.4 Бетон араласпасын тасымалдау қондырғысы.................................................
7.5 Ішкі тасымалдау көліктері.........................................................................
7.6 Көтергіш көліктер..........................................................................
7.7 Жылумен өңдеу қондырғылары (агрегаттары) .............................................
8. Технологиялық режимді таңдау..........................................................................
8.1 Арматураны алдын ала кернеу режимі.....................................................
8.2 Бетон араласпасын жайғастыру ..........................................................
8.3 Бетон араласпасын тығыздау режимі..........................................................
8.4 Жылумен өңдеу режимі................................................................................
9. Өндірістік – технологиялық есептер.................................................................
9.1 Технологиялық цикл......................................................................................
9.2 Стенд санын анықтау..........................................................................
9.3 Крандардың санын есептеу.....................................................................
9.4 Бетон араласпасының, арматуралық элементтердің, майлағыш заттардың қажеттілігін есептеу...............................................................................
9.4.1 Бетон араласпасының қажеттілігі..........................................................
9.4.2 Арматура элементтерінің қажеттілігі....................................................... 9.4.3 Майлағыш материалдарының қажеттілігі.................................................
9.5 Электроэнергия, технологиялық бу және сығылған ауа қажеттілігін есептеу......
9.5.1 Электроэнергия қажеттілігі...........................................................
9.5.2 Технологиялық бу қажеттілігі.......................................................................
9.5.3 Су қажеттілігін есептеу..............................................................
9.6 Инженер – техникалық қызметкерлерінің және жұмысшыларының санын есептеу........
10. Өндірістік техникалық бақылау...................................................
11. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.......................................
Қорытынды.............................. ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................
Температураны өте тез көтеру кезінде технологиялық сызаттар пада болуы мүмкін.
Бетонға кернеуді беру және қалыптан шешу. Алдын-ала кернелген конструкцияларды қалып пен стендтер тіректеріне арматураны керумен өндіру кезінде қысым күшін бетонға беру конструкцияны өндірудің технологиялық процесіндегі маңызды әрі соңғы операциясы болып табылады. Бетонға тіректердегі кернеуді беруді қабылдау және белгілі шарттарды сақтамау конструкцияның көтергіш қабілетінің төмендеуіне, ұзыннан сызаттардың пайда болуына, анкерлеу аймағындағы бетон мен арматураның ұстасуының бұзылуына акеледі.
Алдын ала кернелген арматураның бетонға қысымы қажетті беріктікке жеткеннен кейін өндіріледі, арматураны қайта анкерлейтінін қамтамассыз етеді.
Бетонның берілу беріктігі – бұл алдын ала кернелген конструкциядағы бетонның нормалданған тығыздығы, арматураны алдын ала кернеу кездегі бетонға берілетін күш.
Берілу беріктігі бұйымды дайындауда жобамен, МЕСТ-пен немесе техникалық шарттармен регламенттенеді; бақылау ГОСТ 13015 – 75
«Темірбетон және бетон бұйымдары. Жалпы техникалық талаптар» және ГОСТ 18105-72 «Бетон. Біркелкілігі мен тығыздығын бақылау және бағалау» осы МЕСТ-на сәйкес жүргізіледі.
Бетонға қысым күшін берілу әдістері. Қабылданған технологияға байланысты бұйымның түрі және арматураның классы бетонға қысым күшінің берілуінің келесі әдістері бар: тірек құралдарын босату үшін алдын ала арматураның бос соңдарын тартудан кейін бұйымның барлық арматуралық элементтерінің кернеуін домкратпен бір уақытта жіберу; кезекпен кернеуді жіберу бөлек элементтерді немесе олардың топтарын домкраттың көмегімен, арнайы қондырғыларда, сонымен қатар алдын ала қыздыру арматураның бос соңдарын және оларды газды алаумен, электродугамен және т.б. жолмен кесіледі.
Бетонға кернеуді беру бірқалыпты және бірқалыпты емес режим болып бөлінеді. Бір уақыттағы бірқалыпты кернеуін жіберу бетонды қысуда жақсы жағдай тудырады. Бірқалыпты емес кернеуді жіберу конструкциялық торцтардың аймағында арматураның бетонмен ұстасуын нашарлатады, осының нәтижесінде анкерлеу аймағының ұзындығы ұлғаяды: сымтемір үшін – 1,5 есе, ал өрімдер үшін – 2 есе ұлғаяды.
Арматураның кернеуін кезекпен-кезек жіберу кезінде күш пен деформацияның бөлінуі жүреді, бұйымның соңғы бөлімшелерінде арматурамен бетонның ұстасуы бұзылады, осының салдарынан конструкцияның сызатқа төзімділігі және көтергіш қабілеті төмендейді.
Арматура кернеуін жіберу үшін құрылғылар және қосымша қондырғылар. Плавный арматура кернеуін жіберу үшін алдын ала кернелген темірбетон конструкцияларына сыналық, құмдық және винттік құрылғылар, бұралатын тіректер және басқа қосымша құрлғылар қолданылады.
Сыналық құрылғы – арматураны керудің басына дейін стенд тіреудің бір шетінен тіреу мен ұстағыштың арасында қондырылады; жылжымалы сына бастапқы күйінде тежегіш құрылғының көмегімен ұсталынады. Керуді жіберген кезде гайка көмегімен жылжымалы сына жоғары қарай тартылады, күш тіремеден бетонға біркелкі беріледі.
Құмды құрылғы. Бір уақыттағы бір қалыпты керуді жіберу стендте пакетті сымтемір, сонымен қатар күштік қалыпта стержнді арматураны керуді жіберу үшін қызмет атқарады. Құмды құрылғы стендтегі тіректер мен жылжымалы траверстердің арасында қондырылады. Күштік қалыптарда конструкцияларды дайындауда құмды құрылғыны күштік табандықта орналастырады, тіреуі бар торцтық бөлімінің табандық ортасына біркелкі жылжуына мүмкіндік жасайды.
Құмды құрылғы құмға толтырылған қалпақты цилиндрден тұрады. Кернеудегі жүктеме қалпақты поршньді цилиндрге беріледі, цилиндрдің қабырғасында ойықтар жабылғанға дейін құм қысылады және порштардың қақпағы араласуына қарсыласады. Керуді жіберген кезде ойықтар ашылады, цилиндрдегі құм төгіле бастайды, поршеньнің қақпағы цилиндрдің ішіне енуге мүмкіндік алады және бетонға арматураның кернеуі беріледі. Арматураны керуден алдын құмды қондырғыны құрғақ құммен (ірілігі 0,2мм) толтырады. Сенімділікті жоғарылату үшін оларды ылғалданудан және қатырудан сақтаған жөн.
Винттік құрылғы стендтік және күштік қалыптағы, төменгі жүктемедегі кернелген арматура тиімді. Кенеуді жіберу кезінде тіректі винттерді кезекпе – кезек қолмен гайкалы кілтпен, рычагпен айналдырады. Үлкен жүктемедегі кернеу кезінде күшті тіректі винттер механикалық қозғалтқыштар қолданылады.
Құрмалы тіректер – күштік қалыпта электротермиялық кернеу кезінде қолданылады; бетонға арматураның соңындағы анкерлердің тіреуіне мүмкіндік беретіндей етіп дайындалып жатқан конструкцияның габариттерінің шектеріне қояды. Сонымен стержнді арматураның соңын кесудің қажеті болмайды, арматураның қалдығын азайтады. Кернеуді жіберу табаны бар бұйымды айналатын приставкаға орналастыру арқылы жүзеге асырылады, ол тіректердің жақындауын қамтамассыз етеді.
Арматурадағы кернеуді жіберу стержндердің бос соңын қыздыру көмегімен немесе өрімді кислородты алаумен болаттың ағындық шегін төмендету үшін қолданылады, осының нәтижесінде арматурадағы жүктеме азаяды. Арматураның аймағы 160 мм кем емес ұзындықта қыздырылады, бұйымның торцынан 100 мм қашықтықта орналасқан. Кескіш арматурадан 12...15 мм қашықтықта орналасу керек. Өйткені барлық сымтемір өрімдерді алау қамту үшін. Бірқалыпты жіберу үшін арматураны қыздыру ұзақтығы 4 мин. Арматура кернеуін жіберуден кейін қыздыру орнында кеседі.
Жоғарыда талдау негізінде жобаланып отырған бетонға керуді бір уақытта беру әдісімен және керуді бір қалыпты режим арқылы беру таңдалынды.
Қалыпты тазалау қырғышпен немесе пневмоқырғышпен қолмен жүзеге асырылады. Майлау шашыратқыштың немесе қолдың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа эмульсиялық майлаудың түрі «майдағы су» немесе мұнай ерітінділерінің өнімдері қолданылады.
Бетонараласпасын жайғастырғыштар
Қалыптау қондырғысының құрамына тығыздау, бетон араласпасын жайғастыру және жаңа төселген бетонды тегістеу үшін машиналар мен агрегаттар; бұйымды жылумен өңдеуді, қалыптан алуды және әрлеуді (крандар, автоматты ұстағыштар, бұйымды дайын бұйым қоймасына жеткізетін арбашалр) қоса қалыптаудың барлық посттарындағы цех ішіндегі транспортты көліктер; арматуралық стержндерді электрлік қыздыратын қондырғылар, арматураны керу қондырғылары кіреді.
Қондырғыларды таңдалған режимдерді, конструкциялық және технологиялық параметрлерді есепке ала отырып таңдалады.
Қалыптау - құю (қалыптармен бірге).
Бетон араласпасын жайғастырғыш. Бетон араласпасын қалыптарға жайғастыру және үлестіру бетон жайғастырғыштардың көмегімен жүргізіледі.
Технологиялық ерекшелігіне және конструкциялық орындалуына байланысты бетонжайғастырығш машиналар екі топқа бөлінеді:
- универсалды – әртүрлі өлшемді және конфигурациялы қалыптарға бетон араласпасын жайғастырады және үлестіреді;
- арнайы – анықталған өлшемді қалыптарға араласпаны жайғастыру үшін.
6591c/3 бетонжайғастырғышы 3x12м
өлшемді тегіс бетті, қабырғалы
темірбетон бұйымдарын
Бетонжайғастырғыш дәнекерлі конструкцияның жылжымалы рамасында құрастырылған. Рамалар төрт дөңгелекке бекітілген. Бункерінің көлемі 1,9м3 бункердің қабырғалары еңісті етіп жасалған, сондықтан бетон араласпасы оңай шығады. Бункердің астында ені 3160мм болатын таспалық қоректендіргіш орналасқан.
Бетон жайғастырғыш автоматты және автоматты емес режимде жұмыс істеуі мүмкін.
Жылумен өңдеу қондырғылары (агрегаттары)
Стенді технология өндірісі үшін жылумен өңдеу. Стендті технология өндірісінде жылумен өңдеу үшін арнайы термоқалыптар қолданылады.
Термоқалыптар жұмыс жағдайында ірі өшемді конструкцияларды стендте дайындау үшін арналған. Ол қалыптың бүйір қабырғасының барлық ауданындағы бұйымның сыртқы бетінде арнайы жылу рубашкалармен жабдықталған констуркцияның қаттылығымен сипатталады. Бұл рубашка тасымалдағышты реттейтін барлық жағынан жабық қуыс түзеді. Дайындалып жатқан бұйымның тік қабырғасының қалыңдығына байланысты бу рубашкалары бір немесе екі жағынан орналасқан, ал ішкі жағынан олар жылуоқшауланған.
Жылумен өңдеу кезінде термоқалыптарда жылутасымалдағыш ретінде қатты бу және бу-ауалық араласпа қолданылады. Олар бетонды тез қыздыру үшін тиімді жылу агенттері болып табылады. Барлық аудан бойынша ысытылатын ортаның температурасын біркелкі тарату үшін рубашка қуысында бу мен бу-ауа араласпасының еркін циркуляциясын қамтамасыз ету керек. Буды рубашкалар мен термоқалыпқа тарату қалып сыртында бекітілген рубашканың керекті жеріне бу беретін қысқа иілгіш шлангты көлденең бу айдағыш құбыр көмегімен іске асады. Ұзын термоқалыптар үшін буды тарату рубашкада будың және бу-ауа араласпасының қайталама циркулиясын тудыруы керек. Біруақытты конденсатты ағызу үшін рубашкада шығару трубалары бар тесік, сонымен қатар конденсатты ағызу уклоны және оны шығаруды ойластыру керек. Термометрлерді орналастыру үшін және қуыстан ауаны шығару үшін оларды арнайы тесіктер қарастырылған.
Арматуралау режимдері. Темірбетон конструкцияларын армирлеу сапасы дайындалған бұйымның көтергіштік қасиеті мен ұзақтұрақтылығына байланысты өндірістің маңызды сатысы болып табылады.
Темірбетон конструкцияларын жобалаған кезде бетонда арматураның орналасуын анықтайтын өлшемдер қабылданады. арматуралық элемент-тердің ара-қашықтығын бетон араласпасы арасынан өтіп жақсы тығыздалатындай, сонымен қатар арматураның бетонмен сенімді ұстасуын қамтамасыз ететіндей етіп тағайындайды. Әсіресе арматураны жабатын және оның айналасына болат коррозиясының өсуіне жол бермейтін сілтілі орта түзетін бетонның қорғағыштық қабатының қалыңдығының дұрыс тағайындалуына көп көңіл бөлінеді.
Бетонда арматураның дұрыс орналасуы бетондау алдында арматураның қалыпта фиксациялануы қамтамасыз етіледі. Фиксациялану әдісін екі топқа бөлуге болады: 1) арматураны қалыпқа қайта қолдану үшін алынатын инвентарлы қондырғылармен бекіту; 2) бір рет қолданылатын қондырғылар көмегімен.
Тік жағдайда бұйымды қалыптау кезінде диаметрі қорғағыш қабатының қалыңдығына тең стержн түріндегі инвентарлы шыбықты фиксаторлар қолданылады. Шыбықты фиксаторларды қалып ұзындығы бойынша екі жерден қалып паддонының борттарындағы тесіктер арқылы өткізеді.
Арматураны алдын-ала керу үшін электротермиялық әдіс қолданылады. Электроқыздыру кезінде дайындамалардың ұзаруы олардың ыстық күйінде тіреулерге еркін жайғасуын қамтамасыз етеді. Арматураны қыздыру қалыптан тыс арнайы қондырғылар көмегімен іске асады. Электр қыздыру уақытын стенржнді арматураның қыздыру уақыты 0,5-10мин шекте болғандықтан 1-3мин қабылдауға кеңес береді.
Бетон араласпасын жайғастыру. Өндірістің агрегатты-ағынды тәсілінде бетон араласпасын жайғастыру және тығыздау. Бетон араласпасын жайғастыру және тегістеу көп еңбекті қажет ететін операциялар, әсіресе қатты бетон араласпасынан күрделі конфегурациялы бұйымдар дайындау кезінде. Сондықтан заводтық жағдайда бетон араласпасын бункерлер, бетонжайғастырғыштар, фактуражайғастырғыштар көсегімен жайғастырады.
Арнайыландырылған технологиялық бойлықтарда бетон араласпасын жайғастыру үшін дистанционды автоматты және жартылай автоматты басқару қолданылады. Бетонжайғастырғыштарды бетон араласпасын қалыптарда біркелкі жайғастыратын таспалы қоректендіргішпен, виброна-садкалармен, айналмалы варонкалармен, тегістегіштермен, вибролаток-тармен жабдықталады.
Бетон араласпасын қалыптарға жайғастыру бетонжайғастырғыш көмегімен іске асады. Бетонжайғастырғыштың бос жүрісінің жылдамдығы (холостой ход) 25м/мин. Бетонжайғастырғыштың жұмыс жүрісінің максималды жылдамдығы 8,9м/мин. Плита ұзындығы 12м, жайғастыру уақыты 2,5мин. Бетон араласпасын қайта тығыздағандықтан жайғастыру уақыты 10мин дейін созылады.
Стендті қалыптарда бетон араласпасын жайғастыру және тығыздау. Стендтерде бұйымдарды қалыптау қалыптау цехының үлкен ауданында орналастырылған және арнайыландырылған посттарда жүрмейтін болғандықтан стендті қалыптарға бетон араласпасын беру және жайғастыру қиындайды. Мұндай жағдайда бетондау процесі, әсіресе бір бұйым түріне арнайыландырылған стендтерде төменгі жағдайдалда механикаланады. Стационарлы қалыптарды есептегенде стендті тәсілде басты қалыптау қондырғылары өздігінен жүретін бетонтаратқыштардан, сонымен қатар жайғастыру мен тығыздау кезінде бетон араласпасын өңдеу үшін қалыптан қалыпқа ауысатын вибромеханизмдерден тұрады.
Ауыспалы вибраторлар ретінде бетон араласпасына кіргізілетін түбі жіңішке стержнді қалақ түріндегі тереңдік вибраторлар; қалып қабырғаларына бекітілетін аспалы вибраторлар, сонымен қатар қалып бойымен жылжитын, араласпаны тығыздау және қалыпталынатын бұйымның бетін тегістеу үшін арналған виброрейкалар қолданылады. Бетон араласпасын тығыздау, әсіресе арматураның тығыз орналасуы кезінде ең тиімдісі электромеханикалық және пневматикалық әдіспен түбі дірілдейтін тереңдік вибраторлар болып табылады. Стендті қалыптарда бетон араласпасын механикаланған жайғастыру және тығыздау үшін виброқалыптау машиналарының болмауынан конус шөгуі 4-6см болатын араласпаны қолдану міндетті.
Виброөңдеу режимдері. Бетон араласпасын көлемдік вибротығыздау қалып көлемінде қалыпталынатын бұйымның барлық бетон араласпасында вибрациялық импульстердің болуымен сипатталады. Көлемдік вибрациялау әр түрлң әрекеттегі виброалаңдарда және вибропоршенді қондырғыда іске асады. Бетон араласпасын көлемдік вибротығыздаудың тиімділігі жалпы энергиялық шығыны аз болып және жұмыс орнындағы шу мен вибрациялық секілді зиянды әрекеттердің төмен болуы кезінде араласпа бөлшектерінің толқындық жылжуы қамтамасыз етілгеніне байланысты.
Жобада қабылданған виброалаңдар тасымалданатын және жылжитын қалыптарда кең номенклатуралы бұйымдарды қалыптау үшін универсалды қалыптау қондырғысы болып табылады. Бетон араласпасын тығыздау гармоникалық шеңберлі, гармоникалық тік және көлденең бағытта, кеғістікті және гармоникалық емес соққылы вибрациялық толқын тудыратын вибрациялық қондырғылармен іске асады.
Информация о работе Техникалық қондырғыларды таңдау, олардың сипаттамасы