М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2016 в 07:26, курсовая работа

Описание работы

Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі – тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи – экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастарған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталы келеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1
М.Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны

1.1
М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары

1.2
М.Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары

1.3
М.Жұмабаевтың петагогикалық мұрасындағы психология

2
М.Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі

2.1
«Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны

2.2
М.Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері

3
М.Жұмабаев мұрасына қатысты көзқарастар

3.1
М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

3.2
Мағжанның тәрбиелік – тәуелсіз ел мектебінің негізі


ҚОРЫТЫНДЫ


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


Басқалар

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЯ- БАУЫРЖАН.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Мектептің міндеті – бір жақтан, хат таныту болса, екінші жақтан, баланы дұрыс сөйлетуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан. Ағартушы төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің ауданын мына бағыттарда жүргізуді ұсынады:

1) оқу, жазуға үйрету;

2) емлеге дағдылану;

3) жазбаша сөзді өркенбету;

4) баланың ұғымына лайық ауызша һәм жазба әдебиет түрлерімен таныстыру;

5) ұғып оқуға дағдыландыру.

М.Жұмабаев бала не нәрсемен айналысса да, ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білуі керектігін, болмаса тілі түзілмеген, ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға бідмейтін балаға ешбір білім беруге мүмкін еместігін дәл аңғарған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 М.Жұмабаев мұрасына қатысты көзқарастар

 

3.1 М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

 

Мағжан Жұмабаевтің  педагогикалық қызметіне тоқталғанда оның ұстаздық шеберлігін айтпай қоя алмаймыз.Ол туралы 1922 жылы Мәскеу – Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған Бейсенбай Кенжебаев мыналарды есінетүсіреді: «Қазақ тілі, қазақ әдебиетін М.Жұмабаев оқытқае еді... Ол ғалым, тәжірибелі жебер оқытушы, асқан методист педагог еді». Мысалы, ол шәкірттеріне «Өздерің білген бір ертекті жазып келіңдер, соны класта оқып, біріміз бірге талдаймыз – деп тапсырма береді. Сөйтіп ол бізге әрі әдебиетті, әрі дұрыс жазуды, әрі шығарма жазуды үйретеді» - деп жазады оның бір шәкірті. Мағжан сабақ өтіп жатқанда ешқандай қағаз пайдаланбай суырып салма әдісімен өз ойын ортаға салып, оны өлеңдер, мақалдар, шығармалардан үзінділерді оқып дәлелдеп отырған.

Ш.Елеукенов М.Жұмабаевтың ақталып, халқына оралғаны жайлы былай дейді: «Елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға қосылады деп армандаған аяулы ақын енді міне ел – жұртының арасына қайтып оралды. Ол үшін біз мына революциялық жаңалану дәуіріне борыштымыз. Мың мәртебе соған бағыштаймыз».

Ж.Аймауытов өзінің «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласында: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз; толық сынау үшін оның алды, артын орап, еркін аралап шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек» - деп айтқан болатын. Әрине, Мағжанның сан қырлы еңбектеріне талдау жүргізу көп ізденісті қажет ететін күрделі процесс, ол болашақтың ісі.

Сәбит Мұқанов 1932 жылы: «Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиеттеріне жаңа түрлер еңгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейінгі тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ», - дегенін ешкім жоққа шығарған емес.

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп, сезінгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай. Бірақ түбінде әдебиет таратушылары агетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген – ақын болмайды. Заманынан баса озып, ілгерілеп кеткен – ақын болады. Сондықтан, бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге алып қалатын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» - деп жазыпты Мұхтар Әуезов.

«Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке дылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарда болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүргіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмаймыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің күрбеңі көрініп тұрады... Олай болса, ақынның жүзінде Абайдан соңғы әдкбиетке жаң түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екеніне дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін т.рлендірген тағы да Мағжан» - Жүсіпбек Аймауытов.

 

3.2 Мағжанның тәрбиелік – тәуелсіз ел мектебінің негізі

 

Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек? Егеменді еліміздің ұрпақтарын баулу – бүгінгі мектептің парызы.

Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында:

«...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәккәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз кереек» - деген болатын. Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға тиісті.

 М.Жұмабаев та кезінде бағытты меңзеді, егеменді елдің егемен мектебі болуын қалаған. Өйткені оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп шығару тек ұлт мектебінің қолынан ғана келеді. Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс.Олар ұлан – байтақ жерімізді қасықтай қаны қалғанша қызғыштай қорғап, бүгінгі ұрпаққа аман есесн тапсырды. Ал, жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары сол аталарындай қорғай ала ма? Міне, мәселе осында, патриотизм мен ұлылықты қалыптастыру құрғақ сөзбен жасалынбайды. Оған жүйелі бағдарлама, кешенді оқу – тәрбие жұмыстары қажет. Ең алдымен ұлттық мектеп, оның концепциясы, заңдастырылған дүние болмысы қажет. Әр пән бойынша оқулықтар жасалынуымен қатар қазақ халқының бүкіл жан дүниесі мен болмысын танытатын, оқу – тәрбие кешені қажет. Бәрі қазақ ұлтының ұлы болмысы мен қағидаларының тоғысында қалыптасуы негізінде болуы керек. Этномәдени білім беру ол қазақстандағы негізгі ұлт төңірегінде, соның негізінде жасалынуы міндетті. Ұлттық педагогика саясатын өзге ұлт, мемлекет емес, өзіміз жасап, қалыптастыруымыз орынды болмақ. Қазақстанның келешекте әлемді өркениетті елдермен терезесі тең, өз орны бар ұлы мемлекет болуын қаласақ, ең алдымен, оның ұлттық мектебінің іргетасын қалыптастыруымыз қажет.

Еврей, жапон т.б. ұлттардың жас буынды сәби күнінен ұлылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуі көп нәрсені аңғартса керек. Бұларда жас балағы деген құрмет ерекше. Ұрсу, жекіру, балағаттау деген жоқ.

 Біздің қазақта да  ертеде осындай тәрбиені болғаны  белгілі. Бабаларымыз балаларын  ұлылыққа жақсы тәрбиелей білген.

Мағжан өз «Педагогикасында» «Баланы ешбір уақыт қорқытпау керек... баланы қорқыту – қып – қызыл зиян... Жасында қорқытылып үйренбеген бала өскенде ер болады...Ерлікке іспен үйретукерек...Баланы ұру, соғу ісі адамшылыққа ұнамайтын іс», - дейді. Ендігі жерде мектебімізде оқу – тәрбие ісінде ізгілік, демократияландыру принциптері етек жаюы керек – ақ. Ұлттық қағидаларды оқу – тәрбие ісіне терең кіргізе отырып, оны әлемдік алдыңғы қатарлы өркениетті идеялармен қабыстыру қажет. Ол үшін тілдерді тереңдете оқу, әсіресе, қазақ, шетел тілін 3-4 жастан оқытуды қолға алу. Тәрбиенің басты ұстанымдары жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетінің құрметпен қарайтын адам қалыптастыру.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ. Өйткені олар ата – бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен егемендікті көоді. Ғасырлар тоғысында өмір сүруде.

Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, шешілетін мәселе. Ғасыр басында Мағжан Жұмабаев өзінің «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» деген еңбегінде: «...біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап алып келетін даңғыл жол жоқ... Сондықтан оқу құралын жазып жатқан азаматтар бұл оқу құралы қандай мінезді мектепте арналады – сол туралы ой жүгіртсе игі болар еді... Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пәк сөзінен, яғни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысу жағынан келуі дұрыс болар еді» - деп жазады. Мағжан Жұмабаевтің бұл ойы қазіргі күнде де беғасн жоғалтқан жоқ.

Себебі оқулық мектеп үшін де, оқушы үшін де, қоғам үшінде ең басты құралы. Өкінішке орай бүгінгі оқулықтар көп көңілінен шығып тұрған жоқ. Мектепті жөндейміз деп соқыр еліктеуден аулақ болу керектігін де Мағжан кезінде көрегендікпен ескертіп кеткен – ді: «Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескертетін іс – соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады. Міне осыдан сақтануымыз керек».

Сөздің түйіні бізге бүгін ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, сыннан өткен, халықтың ойынан шығатын, мемлекеттік концепциясынан туындайтын мектеп қажет. Ол неше тұрғыдан болады, 3 сатылы ма, 4 сатылы ма, оны ойластырып, бүкіл халықтың ой елегінен өткізіп барып қабылдаған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

1. Т.Қожакеев «Көк сеңгірлер» атты еңбегінде: «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, кезінде біреулер оның балалар мінезіне, жас ұландар психолгиясына үйлесімді нәрселерін идеализм, революцияға қарсы иісі аңқып тұрған жат дүниелер деп жоқ жерден қате тауып, мансұқ еткен. Бұл жала, бұл әділетсіздік, енді артта қалды», - деп Мағжанның педашогикалық ойларына әділ бағасын берген болатын. Мағжанның педагогика саласындағы еңбектері жайлы мынандай қорытындығы келеміз: Мағжан психология мен педагогиканы біріктіріп, байланыста ұстаған тұңғыш ғалым. Екіншіден, ұлттық санамызға, болмысымызға жақындастырып, бала тәрбиесінде оның даму заңдылықтарын білу, ұлттық психология ерекшеліктерін есепке алған.     

2. Өз заманының ең білімдар  адамдарының бірі Мағжан елінің мүшкіл халіне ерте көңіл бөлді. Оны ол өз поэзиясына, ұзтаздық сөздеріне арқау етті. Ол қазақ халқын өнер – білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен ғана шақырған жоқ. Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылыққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.

3. Қазіргі кезеңнің өзінде психология ғылымы жаңа дамып, елімізде енді – енді жетіліп келе жатыр десек, ал Мағжанның қазақ арасында психология мәселелерін алғашқылардың бірі болып құрастыруы оның білімдарлығын байқатады. Исі қазақ М.Жұмабаевті ақын есебінде жақсы білсе, енді психология ғылымына да үлес қосқан ақын ретінде де жаңа бір қырынан тануда.

4. Мағжанның «Педагогика» оқулығын оқи отырып мына қорытындыға кедеміз: Ғалым ұлттық болмысымыз бен сана – сенімімізге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізгі ал отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе айтатыным өткен ғасырдың басында 20-шы жылдарда педагогикалық – психологиялық трактатта айтылған  ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлектімізді дамытуда, әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны  қажетімізге жаратуға таптырылмас мұра.

5. М.Жұмабаевтің «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегі жан – жақты ойластырылған, сындарлы жүйемен жазылған. Мұнда ол сол кездегі тарихи жағдайдан туатын міндеттерді қарастырды. Сондай – ақ бұл еңбегінде оқытудың сабақтан басқа түрлеріне тоқталады.

6. Қазақстан бүгіндері  демократиясы дамыған, өркениет  елдер қатарынан бағыт ұстап  отыр. Еліміздің Президенті ұсынған «Қазақстан – 2030» - жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары. Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымызға шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығару қоғамның басты парызы. Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін мәселе. Тәуелсіз ел мектебін құруда Мағжанның тәрбиелік идеяларын қолдануымыз жөн.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Қалиев Қ. Этнопедагогика. Астана. 2003

«Мағжан Жұмабаев педагогикалық көзқарастар»

2. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992

«Мағжанның педагогикалық мұрасы жайында».

3.Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004

4.Қоянбаев. Педагогика. Алматы.

5.С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында // Ізденіс. 2002.№4

6. С. Сеңкібаев. Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел мектебінің негізі // Ұлт таылымы. 2001.№6

7.Б. Байменова. М. Жұмабайұлының педагогикалық мұрасы // Ұлт тағылым. 2001.№6

8. Б.Базарбаева, О.Бөдесова. М.Жұмабаев атындағы педагогикалық бағдарлы мектебінің болашағы // Ұлағат. 2003. №1

9. М. Бағыбаева. М.Жұмабавтың психологиялық мұрасы // Ұлағат. 2003. №2 

10. Б.Бекматова. Мағжанның «педагогикасы» // Ұлағат. 2003. №5

11. М. Бағыбаева. М.Жұмабав және ұлттық тәлім – тәрбие // Ұлағат. 2004. №5

12. С.Сеңкібаев. Мағжанның ұстаздық – тәлімгерлік идеялары және олардың дамуы // Білім. 2001. №3.

13. Қ. Сұлтанов. Халықтың кіршіксіз махаббаты // Қазақстан мектебі.                               1993.№10

14. К.Құнантаев, И. Халитова. Қазақ мектебіне негіз іздегенде // Қазақстан мектебі. 1993.№10

15. Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі. 1993. №2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітабының бөлімдері.

Педагогика



Педагогика бөлімдері

 

Ішкі сезім


 

Жалпы педагоги

ка

 

Дене

тәрбие

сі

 

Жан

тәрбие

сі

 

Қайрат

 

Баланың

жалпы


 

Жан көріністерін тап – тапқа бөлу



Әсерленуді бөлу

 

Суреттеу

 

Қиял

 

Абай


 

Тіл

 

Ес


 

Ойлау




 

 


Информация о работе М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі