М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2016 в 07:26, курсовая работа

Описание работы

Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі – тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи – экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастарған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталы келеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1
М.Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны

1.1
М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары

1.2
М.Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары

1.3
М.Жұмабаевтың петагогикалық мұрасындағы психология

2
М.Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі

2.1
«Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны

2.2
М.Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері

3
М.Жұмабаев мұрасына қатысты көзқарастар

3.1
М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

3.2
Мағжанның тәрбиелік – тәуелсіз ел мектебінің негізі


ҚОРЫТЫНДЫ


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


Басқалар

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЯ- БАУЫРЖАН.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

Тақырыбы: «М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі»

 

 

 

Орындаған:

 

 

 

 

 

Көкшетау 2011 жылы

 

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

1

М.Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны

 

1.1

М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары

 

1.2

М.Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары

 

1.3

М.Жұмабаевтың петагогикалық мұрасындағы психология

 

2

М.Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі

 

2.1

«Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны

 

2.2

М.Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері

 

3

М.Жұмабаев мұрасына қатысты көзқарастар

 

3.1

М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

 

3.2

Мағжанның тәрбиелік – тәуелсіз ел мектебінің негізі

 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

 
 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 
 

Басқалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 М.Жұмабаевтың педагогикалық  ойлары

1.1 М.Жұмабаевтың тәрбие  процесіне қатысты көзқарастар  мазмұны

Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі – тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи – экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастарған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталы келеді.

Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәрбиеік тәжірибелік  тәжірибелерін де үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оны ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірибеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру – маңызды міндеттердің бірі. Міне, осы міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады. Басқа тәрбие тақырыптарында арналған мақалаларын есептемегенде оның 1922-1924 жылдары Орынбар мен Ташкентте қатарынан екі рет басылып шыққан, осы уақытқа дейін бірегей ғылыми оқулық болып табылатын «педагогикасы» айрықша орын алады. Бұл шын мәнінде ғылыми еңбек болғанда ұзаққа арналған, маңызы мен мәнін жоймайтын, өз халқына әрдайым нақты пайдасын тигізетін, қоғам мүшелеріне салиқалы ой салатын және олардың назарына үнемі ауадай қажет ұрпақ тәрбиесіне аударатын, ең маңыздысы нақ осы күні дүниеге келіп жатқан тәрбие туралы еңбектерден шоқтығы биік болмаса кем түспейтін қазына.

«Педагогикадағы» қиын, күрделі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Әрине, ол өзінен –өзі пайда болмайды, ол қоғамдық өмірдің талабынан, объективті қажеттілігінен туады.

Мағжан тәрбиенің  өте терең тұжырымдайды, ол: «баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін, адам шығару деген сөз. Қалса, өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен қрге сүйрейтін ер шығару деген сөз» - дей келе, тағы да, «тәрбиедегі мақсат сол адамның, ұлттың, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу» - деп жалғастырады.

Сөйтіп Мағжан осы ғасырдың басында – ақ  тәрбиенің шеңберін, оның атқаратын қызметін анағұрлым кең көлемде түсінеді. Ол сол кездің өзінде тәрбие түбінде адамдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, халықтар арасындағы бауырмалдықты нығайтуға қызмет етуге тиіс екендігін баса көрсетіп, өзін ғасырымыздың нағыз гуменистерінің қатарына қояды. Тәрбиенің мақсатын анықтағанда ол бір халықтың, ұлттың шеңберінен шығып, жалпы адамзаттық мұраттарды басшылыққа алып: «Адам өз халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа халықтардың адамдарын сүюге де міндетті», - деп бүкіл адамзаттық деңгейден тіл қатады.

Мағжан –өз халқының патриоты. Сондықтан да оны өз халқының болашағы үнемі толғандырған. Ол осы тұрғыдан алғанда тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойындағы ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру, оллларды халықтың рухани мәдениетімен, әдет – ғұрпы, салт – дәстүрмен кеінен қаруландыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып, бұрын   қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және, әрбір ұлттың баласы сол ұдт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» - деп жазады. Кешегі уақытты біз мәнінде тек бір халықты – кеңес халқын құрамыз деген уақытта орыстан басқа халықтардың тәрбие жүйесін тіпті есепке де алған жоқпыз, мектептерде қазақтың халықтың тәрбиесі деген атауды мүлде кездестірмедік. Мұның өзі біздің тәрбиедегі қолға ұстар негізгі қазығымыздан айрылуға әкеліп соқты, қазақ деген аты болмаса заты мүлдем бөлек, шұбарланған ұрпақ өсіп шықты, мазмұны социалистік болғанмен түрі ұлттық болған жоқ. Соның нәтижесінде көптеген халықтар мен ұлттар жойылып, тариха сахнадан шығып қалды, сөйтіп, адам баласының тарихы мен мәдениетіне өлщеусіз зиян келтірді, тәрбие тек империяның мүддесін көздейді, ұлт державалық  шовинистік мүддені нығайту үшін қызмет істелді. Кеңес өкіметі жылдарында осындай жолмен 75 ұлыстар мен халықтар жоғалып кетті, 1934 жылы ел бойынша мектептердегі оқу 104 тілде жүргізілсе, 1988 жылы КСРО-да не бәрі 39 тілде ғана білім алды. Мектеп іс жүзінде ұлтсыз мектеп болды.

Демек, тәрбиеде ұлттық ерекшеліктер мүлдем сақталмады, ұлттық тәрбие деп айтуға батылымыз бармады.

Мағжанның данышпандығы сонда, ол осыны көріп – білгендей ғасырдың басында, қазақ мектебі құрылып жатқан кездің өзінде осыны көрегендікпен болжай білді. Сол кезде жазған бір мақаласында: «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да – мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді, берік һәм өз жанымызғы қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай – ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп жазды.

Бұдан артық анық, дұрыс болжам айту қиын. Ұлы адамдар болары болып, бояуы сіңген іске қорытынды жасамайды, олар білгірлікпен бағдарлай алады. Мағжан да осындай мінез танытты.

 

1.2 М.Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары

 

Өз заманының ең білімдар адамдарының бірі Мағжан елінің мүкшіл халіне ерте көңіл бөлді. Оны өз поэзиясында, ұстаздық сөздеріне арқау етті. Ол қазақ халқын өнер – білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен ғана шақырған жоқ. Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылыққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.

Ұлтына деген сүйіспеншілігі Мағжанды «ұлтшыл» атандырды және өзі соның жазықсыз құрбаны болды.

Мағжанның 1913 жылы Қазан қаласында шыққан бірінші жинағы «Шолпанда» ақынның сол кездегі ағартушылық сарындағы өлеңдері басылған еді.

«Ләззат қайда?» деген өлеңде жас жанына тыншу берер әуестіктің бәрін тізіп келіп, ойын – сауық, жүйрік ат, алғыр тазы, сұлу қыз бен қыз ойнақтың ешбірінен де тиянақ таппай, тек кітап сөзінен ғана ләззаттанғанын айтады. Өлең былайша аяқталады:

                             Айтар сөзім, мінекей,

                             Аласұрған көңілге:

                             Оқу оқы, өнер қу,

                             Басқалардан түңіл де!

ХХ ғасырдың басында Мағжан өскен аймақтағы Қызылжар мен Омбыға темір жолдың келуімен бірге Еуропа ғылымының жаңалыұтары да ел тірлігіне ене бастап еді. Техниканы еркін меңгеріп, өнер-білімінің пайдасын көрген озық елдермен салыстыру басында, өз елінің тым аянышты халін ақын жанын ширақтыра түседі. Бұл ширығу Мағжанның әсіресес «Жатыр» атты өлеңінде шегіне жеткен:

                              Таласып өнер-білім алып жатыр,

                              Күнбе-күн алға қарай барып  жатыр.

                              От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,

                              Тәңірімнің рахметіне жарып жатыр.

                              Біреулар оқып төре болып жатыр,

                              Шен алып, бақыт құсы қонып  жатыр.

                              Ұмытылып өзін-өзі бұл сабаздар,

                              Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр,-

деп, түйіндейді. Бұл жолдарға түсінік беру артық.

Ұстаз жыршы өзінің бүкіл шығармашылығын бала оқыту, тәрбиелеу жолына арнады  десе де болады.

                             «Кітап әпер, оқысын балаң қолына,

                             Малды аяма оқу-білім жолына.

                             Қосыл бірдей  басқалармен қатар бол,

                             Қосыл бірдей адамзаттың тобына!» -

деп, қазақты оқуға, білімге шақырады.

«Өнер – білім қайтсе табылар» атты өлеңінде Мағжан жастарды оқуға жұмылдыру мақсатымен өнер-білімге барар жол сілтейді, ақылын айтады. «Жақын, туған бауыр» - деп ауылға айналмай, жастааарға қалаға барып, оқып, білім алғанын қуаттайды. Ойын – сауық, өсекшілік пен менмендіктің өрге бастар мәнісін ұғындыра келіп, мастай талпынып іздеген адамға «өнер-білім жер астында болса да табылады» - ағалық ақылын айтады.

Мағжан Жұмабаевтің шығармасын, әсіресе, ағартушылық шығармасын әңгімелегенде оның балалр әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлгенін, өнер-білімді осы жастардан күткенін айтуымыз керек. Балалар үшін сарылмай еңбек еткен ақын сындарлы, жүйелі жұмыс істеп, көптеген кітаптар шығарған. Балаларға арналған өлеңдері һәм алдына бір төбе. «Шолпан» жинағында ақынның «Балалық шақ», «Мен сорлы» (Шәкірт зары) атты өлеңдері жарияланды. Мазмұны, жағынан бұлар Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңімен үндес.

Ауылдағы ойын балаларына арналған «балалық шақ» деген тамаша өлеңінде Мағжан оларға балалар шағынан бастап оқу – білімге көңіл бөлуге, бойға тек асылды ғана сіңіруге кеңес береді.

                         Жастық – алтын,

                         Құрып қал салтын.

                         Салты оның – үйрену!

                         Өнер қуып,

                         Надандықтан жирену!

                        Тұрма, қарғам, ұмтыл!

                        Аты өшкірден құтыл! –

«Аты өшкірден құтыл» деп отырғаны – надандық. Баланың құлағына жағымды «қарағымды» қолдана отырып, сәби санасына ақын өз ойын ұялатады. Ақынның бұл сияқты өлеңдері бүгінгі таңда да өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Осы өлеңге ұқсас «Қарағым» деген өлеңінде Мағжан:

                       Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

                      Ойынға, құр қарасың, көңіл бөлме.

                      Оқымай, ойын қуған балаларға

                      Жолама, шақырса да, қасына ерме!

                        Кідірме, аялдама, алға ұмтыл,

                       Алам деп көктен жұлдыз қолың серме, -

деп, жас жеткіншектерді оқу-білімге шақырады.

«Әже» атты өлең – әже мен немересі арасындағы мерейлі, нәзік, қымбат сезімді мадақтайтын өлең. Әжесі Сұрмерген туралы ертек айта бастағанда немересінің көңіл күй мынадай:

                      Қоя қойды Кенжебай,

                      Жылаған жаңа нан сұрап,

                      Тыңдап отыр тентектер,

                      Алма   беті албырап,

                      Ауыздар аңқиып,

                      Сілекейі салбырап...

Қандай ғажап көрініс! Осы күні немерелеріне атып отыратын мұндай әжелер азайып кеткеніне қынжыласың.

Осыған ұқсас Мағжанның тағы бір өлеңі «Немере мен әжесі» деп аталады. Мұнда немересі әжесімен: «Көк деген не, жұлдыз не, жер не, теңіз, тау дегендер не?» деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Әжесі бұл сұрақтарға анық жауап бере алмай, мектепке оқуға бар, сонда бәрін білесің деп ақыл береді. Осы сияқты «Қойшы бала мен күшік» деген өлеңінде де ақын мектептен қандай білім алуға болатынын насихаттайды. Бұл өледерді мектептерде төменгі сынып балаларына, тіпті балабақшалардағы бөбектерге оқып жаттасақ, нұр үстіне нұр болмақ.

Осы тектес қай жырына болсын Мағжанның биік парасаты, кемеңгер ойы мен шалқар бідімінің лебі еседі.

Жалпы Мағжан еңбектерінің негізгі идеясы – ұстаздық бағытта, тәлім – тәрбие мәселелерін парасаттылығымен шешуге үндеу болып келеді. Түйіндей айтқанда, М.Жұмабаевті қазақ топырағынан шыққан ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік ойларын жалғастырушы, ұлттық педагогиканың негізін қалаушы ғалым – педагог деуге болады.

 

1.3 М.Жұмабаевтың петагогикалық мұрасындағы психологиялық көзқарастар мәні

 

Педагогикалық психология – ғылымда ерекше орын алатын саланың бірі. Психология ғылымының бұл саласы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында Еуропада, кейіннен АҚШ пен Ресейде белең ала бастады.

Баланың ана құрсағынан бастап есейіп ер жеткенге дейінгі өсіп жетілуі, қалыптастыруы, әлеуметтік ортаға бейімделу, т.б. міне, осы мәселелер сол кездегі психологтарды да көп ойландырған болатын.

Америка, Ресей психологтары осы мәселелерге үлкен үлес қосып, құнда мағлұматтар қалдырып кеткен болса, ХХ ғасырдың басында көшпелі қазақ топырағында елінің ертеңі – болашақ балалар үшін  психологияның осы саласына қатысты жәйттерді алғаш көтерген М.Жұмабаев еді.

Қазақстанда сауатсыздықты жоюда Мағжан жазған, әлденеше рет ондаған мың тиражбен басылған «Сауатты бол» оқулығы шешуші орын алды десек, асыра айтқандық емес. Ал, ақынның «Педагогика» кітабы – қазақ қауымы үшін таптырылмайтын үлгі. Еңбек ғылыми сындарлы жүйемен, ойы мен сөзі үнемді, ұстамды жазылған. Мағжанның кітабы он бес бөлімнен тұрса, соның жартысынан көбі жалпы психология мәселесіндегі проблемаларды қозғайды.

Информация о работе М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі