М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2016 в 07:26, курсовая работа

Описание работы

Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі – тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи – экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастарған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталы келеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1
М.Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны

1.1
М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары

1.2
М.Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары

1.3
М.Жұмабаевтың петагогикалық мұрасындағы психология

2
М.Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі

2.1
«Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны

2.2
М.Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері

3
М.Жұмабаев мұрасына қатысты көзқарастар

3.1
М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

3.2
Мағжанның тәрбиелік – тәуелсіз ел мектебінің негізі


ҚОРЫТЫНДЫ


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


Басқалар

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЯ- БАУЫРЖАН.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Ғылыми тіл – абстрактылы, Мағжанша айтқанда, жалаңаш тіл.

М.Жұмабаев қазақ баласының бесікке салып, бөленуінен бастап есейгенге дейінгі кезеңді сөз етеді. Ол «Тәрбиеші сөзін ең жоғарғы орынға қояды. Шынында да, оның өзіндік сыры бар. Бала өмірге келген күннен бастап тәрбиеленеді, бала өмірі тәрбиеден басталатыны ақиқат.

Көрнекті педагог ақын өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол ата – ананың тәрбиесінің басты парызы баланың жан дүниесін, психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санайды. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процестерін байыпты зерттеп, жүйке дүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орны жеткілікті талдайды.

Дарынды ұстаз «психология – адам жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл – қайрат, көңілдің жайын баяндайтын пән» деп анықтама береді. Осы психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында да терең білімдарлық танытады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологияның бояу нақышын шеберлікпен пайдалана білгені де құптарлық.

М.Жұмабаев «психология» деген сөзді «жан тілі» деп аударып, психология «жан туралы пән» дей отырып, «Баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай – ақ оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді» деп белгілейді. Мұнда психология пәні нені зерттейді, не үшін керек деген сұрақтарға тоқтала отырып, мына мәселелерді қарастырады: «Жан көріністерінің дене көріністерінен айырмашылығы: жан көріністерін үйрену жолындағы өзін бақылау; жүйке (нерв) жүйесін өсіру; жүйке жүйесінің қызметі; белсенділікті сақтау; мидың қажуы; оны тыныштандыру. Жан көріністері ақыл және іщкі сезім деп бөледі. Ақыл көріістері: әсерлену ұғымының пайда болуы. Бұл мәселенің барлығын ұлттық психологияның тұрмысында қарстыруға ұмтылған. Адам бойындағы психологиялық көріністерді сипаттауда іскерлік, суреттеу, тұқыдық ассоциация, ес, зейін, қиял, ойлау, ой шығару, тал, т.б. кеңінен тоқталып, оларға қарапайым анықтама, түсіндірмелер беріп, ол үшін қандай жаттығулар жасау қажет екені жөнінде біршама кеңес береді.

Қарымды қаламгер қазақ арасында бұрыннан терең тағылымды аңыдар, даналық дақылдар түрінде кең мағлұм болған ежелгі грек данышпандарын (Платон, Сократ, Аристотель т.б.), қайта өрлеу дәуірінің алыптарын, орыстың төңкеріске дейінгі және кейінгі педагог, психолог оқымыстыларын зерделеп оқығанын еңбектерінен айтпай – ақ байқауға болады.

Оның еңбектерінен біз бірқатар маңызды, құнды, нұсқалы психологиялық қағидаларды байқаймыз. 

«Адам – жаңашыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді: адам – әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», - дейді Мағжан.

Адамзат көшінің бір орнында қалып қоймай, топтаурын сүрлеуде босқа өмір сүре бермей, үнемі ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылған қасиетін қандай дөп басқан. Бұл орайда оның психологиялық көзқарастары әлі де өзіндік мәнін жоймай, қазіргі психологиямен үндесіп жатқанын байқауға болады.

М.Жұмабаев жалпы психология мәселелері жөнінде айтқан түйін тұжырымына қатысты маңызды мәселелерінің бірі – ғылымның төл атауын жасауы, халқымыздың сан ғасырларының негізгі сөздік қорынан психологияға қатысты ұғымдарды ерінбей – жалықпай іздеп тауып, өолданысқа түсіруі қазіргі қазақ психологиясына аса құнды болды. М.Жұмабаевтің термин жасауымен, оған ғылыми анықтама беруімен, қазіргі төл атаулардың жүйелеуіне өзіндік септігін тигізумен қатар, жекелеген кемшіліктеріне тоқталмай өтуге болмайды. Автор « Абстракция» деген ұғымды «Жалаңаштау» деп алыпты, бұдан гөрі «дерексіздендіру» деген дұрыс тәрізді. Бірақ қазіргі кезде де термин абстракция күйінде қалып келеді. Автордың «түйсікті» - «әсерлену», «елестеуді» - «суреттеу», «есті» - «зейін», «пікірді» - «хүкім», «зейінді» - «абай», т.б. терминдері қазіргі психология саласына онша үйлеспей, мағыналық жағынан сай келмегенімен, автор психологияға тұрақталған түсініктер мен терминдер еңгізіп, халықтың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін алғаш рет ажырата қарастырады.

Мағжан өзінің еңбегінің бір бөлігін психологияға арнауы тектен – тек емес, психологияны міндетті түрде меңгеруді, быдайш айтқанда, бала психологиясын жан – жақты білуді, баланы бақылауды ғылыми тұрғыдан білімділікпен жүргізуді ұсынады.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында бой көрсеткен, біздің елде де рухани өрлеудің, яғни, қыр елінің ұлттық сана – сезімінің оянып прогреске қарай өрлеуін, айрықша бір кезеңнің болғанын Мағжан тәрізді халқымыздың ардықты азаматтары, алғашқы қазақ интнллигенциясының өкілдері өздерінің еңбектері арқылы дәлелдеп кеткен.

Қазіргі кезеңнің өзінде психология ғылымы жаңа дамып, елімізде нді –енді жетіліп келе жатыр десек, ал Мағжанның қазақ арасында психология мәселелерін алғашқылардың бірі болып қарастыруы оның білімдарлаған байқатады.

Исі қазақ М.Жұмабаев ақын еебінде жақсы білсе, енді оны әдіскер, психология ғылымына үлес қосқан ақын ретінде де жаңа бір қырынан тануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 М.Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі

 

2.1 «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны

 

1922 жылы 15 қыркүйегінде Қызылжарда өзінің «Педагогика» еңбегі жайлы М.Жұмабаев: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза – орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Ақын осылайша ағынан жарылып, өз еңбегін төрт аяғынан тең басқан дүние демейді. Сөйте тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, грек ғалымдарының (педагогтерінің) еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, иұғалімдерге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі», - дейді ұстаз.

Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, оның өзін бірнеше шағын бөлімдерге бөле отырып, ұқыпты түрде талдау жасап, түсініктеме береді. Сөз басына «Тәрбиені» қояды. Шынында да онң өздік сыры да бар ғой. Баланы өмірге келген бірінші минутынан бастап оқытпайды. Оны тәрбиелейді, бала өмірі тәрбиеден басталады. Сондықтан да болар, «баланы жастан» деп қазақ тегін айтпаса керек. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп – ғұрлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұны басты – бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір – бірімен табиғи тамырластығын тәптіштей түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сқлу көз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықта жаны тілеп тұратын қылықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата – ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...». «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шағару емес, келешек заманына лайық қып шығару», - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастытғысы келеді.

Тағы бір ерекшелік Мағжан дене тәрбиесін бірінші орынға қойған. Дене тәрбиесінің өзін 19 бөлімге бөліп, осы әр бөлімге жеке – жеке тоқтап, түсініктеме беріп педагог ретінде нақтылы дәлелдермен бекітеді.

Адамның дені сау, мықты болып өсуі үшін дене тәрбиесінің алатын орны шын мәнінде ерекше. «Бала аурулы болса, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден», - дейді педагог ақын. Тіпті сол ауыр заман түгіл бүгінгі өмірдің өзінде қай ата – ана тәрбиесіне, туралап айтсақ тәрбиенің барлық түріне көңіл бөле береді.  

Мағжан Жұмабаевтің медицина саласынан да құр алақан емес екендігін көреміз. Баланың салмағы, температурасы, дем алу, тамыр соғуы, тамақтануы, тіпті емшектен айыруды, тазалық жағдайын, бесік мәселесін, тістің шығуын таптіштеп үлкен бір сезіммен сипаттап жазады. «Балаға тәртіпсіз тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі - қазақ әйелі. Бала ұйқысы қанып оянса да, емшегін аузына сала қояды. Бала түнде ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып алады. Емшек балада, ана ұйқыда. Ерте күн түс болды, түс кеш болды. Бала аштан аш жатыр. Қарны ашады, шырқырап ішегі қатып жылайды. Бейшара бала жылап – жылап әлсіреп барып ұйықтайды. Кешке келіп ұйқылы – ояу талып жатқан баланы көріп «құланымның тамақ іздемей, тәтті ғана ұйқтап жатқанын қарашы» дейтін шешеге не дерсің» - деп қазақтың кейбір әйелдерін сынайды. Бұл бүгінгі күннің тұрғысынан да дұрыс жазылып отырған жоқ па? Өзінің «Педагогикасындағы» М.Жұмабаев әлемнің алдыңғы қатарлы педагогикасына, мәдениетіне меңзейді. Содан үлгі алу керек, үйрену керек дейді.

Екінші бөлімге Мағжан жалпы педагогика ғылымын қояды. Педагогикасының қандай пән екенін сипаттай келе, онымен етене таныс болу керектігін айтады. Мағжан педагогиканың өзін тәрбие пән деп пайымдыйды. Оған дәлел пәннің аты дейді.

Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі. 1. Жалпы педагогика дейді де, бұған тағамнан дене, жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. 3. Методика. 4. Мектепті басқару. 5. Педагогика тарихы.

Әлемдік педагогиканы меңзей отырып, Мағжан халықтың педагогиканы есінен бір сәт шығармайды. Оны жалпы педагогиканың ең негізі етіп қояды. Бала тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, тәрбиенің алатын орны ерекше екекндігін мысалдар келтіре отырып дәлелдейді. Осыған орай педагог М.Жұмабаев «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі». «Әрбір ұлттың бала тәрбие ұылу туралы ескіден келе жатқан жеке – жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болғаны сықылды, жамандық жағы да көп» - деп жазады. Осыған орай ол педагогтер, тәрбиешілер халықтық педагогиканы қолдана отырып, түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен жақсы таныс болу керек дейді.

Әрине, егеменді елдің мектебі, педагогикасы, ұлттық тәрбие, ұлттық оқуы болу керек. Халықтық тәрбиесіз біз бүгін жас жеткіншектерді өз елін, халқын, тарихын, мәдениетін сүюге тәрбиелей, баули аламыз.

Мағжан тек ғана педагог емес. Адамның көңіл – күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін психолог та. Мысалы «Бөлеу һәм бесік» бөлімінде Мағжан «Қазақ қатыны баланы бесікке екі жерден тас қылып байлап тастайды. Бұл балаға зиянды. Бұлай ету баланың қан жүруіне, жүрек соғысына зиянды», - дейді. Бесікті тербету туралы да былай дейді. «Баланы ұйықтатарда, жылағанда шешесі долданып, тарс – тұрс тербетеді. Қарғап, сілейді. Әлден уақытта бала ұйықтайды. Бұл су дұрыс ұйқы емес.

Шайқап, шайқап баланың басын айналдыру, баланы есінен тандыру. Тербетіп ұйықтату – баланы талдырып қйықтату деген сөз. Бала ұйықтап жатқан жоқ. Ол талып жатыр.

Қазақ әйел! Балаңда қасың болмаса, тербетпе. Бесік баланың орны. Естен тандырылып, талдырылатын орын емес», - дейді.

Сондай-ақ адам өмірі үшін ұйқының, қозғалыстың, серуеннің мәнінің зое екендігін пайымдайды. «Педагогика» екінші бір үлкен тармағы «Психология» бөлімі. Мағжанның үлкен сыршыл психолог екендігін осы бөлімнен анық көруге болады. Жалпы біреулер Мағжанды «атеист» десе, енді біреулері «діншіл» дейді. Шындығында Мағжжжан дінді, оның тарихын жақсы білген, жақсы – жаман жақтарымен етене таныс болған. Оған осы бөлімдегі «Жан» туралы пайымдаулары мен басқа еңбектеріндегі дін туралы пікірлері дәлел. «Жанды ешкім көрмесе де, жанның барлығына дау жоқ» деп жазады Мағжан.

Алайда діндарлыққа салынып, «жанды» әлдебір құдіреттің, құдайдың ісі деп қараудан аулақ.  Керісінше, жанның пайда болуын, оның бар – жоқтығын материалистік, ғылыми тұрғадан дәлелдеуге тырысады. Осыған байланысты үш түрлі көзқарасқа Мағжан өзінше тоқталып, өз ойларын білдіреді. «Алайда, - деп жазды Мағжан Жұмабаев, - баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін, жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай – ақ оны істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді. Психология пәні, міне, осы үшін қажет». Жан тәрбиесін 11 -  бөлім бойынша талдап жазып, 11-ші бөлімнің өзін тағы да шағын екі бөлімге бөліп, түсініктемелер береді. Соңғы бөлімін «Әсерленуді» «Жалпы сезім яки дене әсерленулері» дейді де оның өзін бес түрге бөліп, жеке – жеке сипаттайды. Сыртқы сезім әсерленулерін сипаттағанда оны алты бөлікке бөледі. Адам анатомиясының заңына сүйене отырып, осы алты сезімді Мағжан қарапайым, түсінікті сипаттайды. Өзінің педагогикасында «Абайға», яғни, топшылау сезіміне де ерекше көңіл бөліп қарастырады.

«Педагогика» кітабындағы үлкен бөлімнің бірі «Суреттеу» деп аталады. Оны Мағжан алты түрге бөледі де ассоциацияларға біріктіреді. Суреттеулерді бет алдына бір – бірімен байлай беруге болмайды.Оның белгілі бір жолдары бар дей келіп, оның екі жолын көрсетіп береді. Олар – жақындық және тұымдастық ассоциациясы. Жақындық ассоциацияның өзін көршілестік, замандастық ассоциациясы деп, тағы да екі түрге бөледі. «Балағ берілетін кітап үлкен харіппен басылуы керек. Әсіресе жағрапия оқығанда бадағ көршілестік ассоциациясы көп көмек көрсетеді. Картадан бала бір жерді атаса, соның жанындағы екінші жер алдына елестей қалады» деп жазады.Дидактикада Мағжан Жұмабаев сол кез үшінде, бүгінде құнын жоймаған оқытудың принциптеріне ерекше көңіл бөледі. Белгілі бір тақырыпты түсіндіргенде өткен тақырыппен байланысты салыстырмалы оқытудың берері молдығын дәлелдейді.

Информация о работе М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі