М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2016 в 07:26, курсовая работа

Описание работы

Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі – тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи – экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастарған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталы келеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1
М.Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны

1.1
М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары

1.2
М.Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары

1.3
М.Жұмабаевтың петагогикалық мұрасындағы психология

2
М.Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі

2.1
«Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны

2.2
М.Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері

3
М.Жұмабаев мұрасына қатысты көзқарастар

3.1
М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

3.2
Мағжанның тәрбиелік – тәуелсіз ел мектебінің негізі


ҚОРЫТЫНДЫ


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


Басқалар

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЯ- БАУЫРЖАН.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

«Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсаң, сол нәрсенің қарама – қарсысын алып кел. Мысалы, балаға жер ортасының ыстықтығын түсіндірмекші болсаң, бүгінгі күнмен, әр түрлі жаңалықтармен байланыстыра оқыту бүгінгі дидактикадан да талап етіледі. Алайда, жасыратыны жоқ, көптеген мұғалімдер бұл заңдылықты дұрыс орындай бермейді. Осыдан кейін педагогиканың заңдылығы бұзылады. Заңдылық бұзылды дегенше, бар тәртіп, реттілік, білім беру жүйесі бұзылды деу керек. Білім алуда саңлақтар пайда болады. Көбіне мұғалімдердің айтатыны «балалар оқымайды, ауыздарын ашпайды, әбден жалқауланып алды» деген сөздер осының салдарынан келіп шығады.

Мұндай сөздерді айтатын мұғалім әлсіз, дәрменсіз.Өйткені, мұғалімнің шеберлігі мен кереметтілігінің өзі сол оқымайтын баланы оқытып, тыңдамайтын «тәртіпсіз» баланы тыңдатып, тәрбиелей білуде ғой. Проблемалық оқыту, оқытушылардың логикаларын дамыту жүйелі түрде ғылыми білім беру, саралап оқыту жолдары жоқтың қасы. Оқушының өзіне еркіндік бере отырып, белгілі бір сұраққа жауапты оның өзіне ойландыра отырып, көзін жеткізу, міне, оқытудың бүгіндегі ең үлкен тәсілі осы болуға тиісті.

Пәнді оқытуда, жаңалық болмаса, ғылым болмаса сабақ оқушыға қызықсық болады. Оған оқулықтағы білім аз. Оған қосымша өзі білмейтінін білуге қызығатын білім керек. Әйтпеген күнде бала оқымайды. Және дұрыс істейді.

Мағжанның тағы бір тоқтаған тақырыбы «Ес» туралы. Есті ол төрт түрге бөледі.

1. Көру есі. 2. Есту есі. 3. Қозғалу есі. 4. Естің адам өмірі үшін қабілеттілігі. Осы төрт түрлі бөлімнің қыр – сырын ашып, сипаттайды. Естің өркендеуі үшін оның қажетті шарттары орындалуы керек дейді.

1. Әсер күшті болу қажет.

2. Сыртқы сезімдерді көбінің қатынасуы.

3. Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау. Пысықтау.

Қарап отырсақ бүгінгі сабақтың талаптарына сәйкес емес пе? Сабақ барысында әрқашан өткен сабақпен байланыс болмаса, шын мәнінде сабақ нәтижесіз болады. Осыны Мағжан дұрыс ескерген.

Мағжанның ендігі бір ерекше сипаттаған бөлімі қиял туралы. Қиялдың жасөспірім үшін, жалпы адамзаттың ақыл – ойының, өмірдің алға басуы үшін маңызы зор екені белгілі. Мағжан қиялдың пайда болу жолдарына, оның бала өміріне қажеттілігіне, бала фантазиясын тәрбиелеу, оқушы өміріндегі ертегілердің, ойының, ойыншықтардың рөлін үлкен ілтипатпен жазады. «Баланың қиялын, фантазиясын тәрбие қылу жолдары» деген бөлімінде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогикаға аса құрметпен қарайды да қазақ баласының қиялына қанат бітіретін ұлттық тәрбие екенін пайымдайды, әлі де болса балаға ұлттық тұрғыдан оның қиялының дамуына төмен жағдай жасап отырғандыған айтады.

«Қазақ қияли тәрбие көрген жоқ, әлі таза, әлі бала, әлі жылдар, күндер өткен соң қазақ қиялы тәрбие алып, тереңдеп, адамзат дүниесінің көгінде бір жарық жұлдыз болар деп иманымыз кәміл», - дейді М.Жұмабаев. Қарап отырсақ Мағжан арманы күні бүгінге дейін толық орындала қойған жоқ десек артық емес. Біздің оқушыларымыздың ой – қиялы төмен, біз басқаның оймен ойландық, соның тілімен сөйледік. Ендігі мақсат, баланың ойын дамыта отырып қиялына қанат бітіру. Сонда ғана Педагог Мағжанның арманы орындалмақшы.

«Орыс учителдерінің бір сөз бар – қазақ баласы әдебиет, тарих сықылды ғылымдарға зерек болмайды. Бәлкім, математика пәніне зерек болады» - дегенмен бұл пікірді қате ме деп ойлаймыз. «Менің ойымша, - дейді М.Жұмабаев, - қазақ баласы математикаға ғана емес, әдебиет, тарих, жаратылыс, жағрапия сықылды ғылымдарға зерек болуға тиіс, дәлелім қазақ баласының жаратылысы осыны тілейді. Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы да қиял – құмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет, тарих сықылды қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті», - дейді М.Жұмабаев.

Ертегі туралы жазғанында да педагог – ғалым, баланың өмірі үшін ертегінің маңызы зор екендігін айтады. «Бала ертегіні жан тәнімен тыңдайды. Ертегіге шын көңілмен нанады.Бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандыры, суреттеп алып келсең ұғады», - дейді.

Егер, сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігі үшін қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, міне бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады», - дейді.

Баланың жақсы оқуы үшін оның ойлау қабілетінің де жетік болғаны қажет. Ойдың пайда болуын зерттей келе, Мағжан ой шығару үш түрлі жолмен болады: 1. Дедукция, 2. Индукция, 3. Аналогия деп бөледі. Міне, осы үш түрлі жолды әрі қарай дамыта отырып, баланың саналы азамат болуы үшін осы ұғымдардың қажеттілігін дәлелдеді. Мағжан тіл туралы ерекше тоқтап, үлкен сезіммен жазған, «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрылмақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың ұүри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті... қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, іресе желсіз түнде тынық, біресе құйындайекпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бәрі көрініп тұр. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына иманымыз берік» деп жазды.

Мағжан Жұмабаев бала тіліне аса ұқыптылықпен қарауға шақырды. «Кейбір адамдардың баланы өз тілінше сөйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы еркелетіп, әдейі тілдерін бұзып балаша шолжаңдап, сақау болып сөйлейтіндері бар. Бұл – зор қате. Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатан – мектеп» деп жазады аталмыш еңбегінде.

Мағжан Жұмабаевтің адам жанын терең сезінетін психолог – ұстаз екендігін бір дәлелі оның осы «Педагогика» еңбегінде «Ішкі сезім яки көңіл көріністері» туралы жазғандары. Бала жанын терең түсінетін педагог Мағжан баланың көңіл күйіне егжей – тегжейлі тоқтай келіп, оның сезімдерінің дұрыс дамуы үшін үлкен тәрбиенің керек екендігін айтады. Ата – ана қатал болса, бала да қатал, ата – ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Баланың маңындағы адамдар да дұрыс мінезді болу керек...

«Баланы қорқыту, оны жаалау дұрыс емес. Бір нәрсені бала жазадан қорыққаннан ған істейді, бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді», - деген Мағжан ойларынанғалам пікірінің алдыңғы қатарлы елдердің бала тәрбиесіндегі озық ойларыен сабақтас екендігін көрсетеді. Жасыратыны жоқ, күні бүгінге дейін біздің ата – аналар, мұғалімдер балаға зекіп ұрсудан, оның ар – намысына тиіп ауыр сөз айтудан арылған жоқ. Оқу – тәрбие ісін ізгілендіру, демократияландыру біздің мектептерімізге әлі жете қойған жоқ. Бұл мәселені Мағжан атамыз өз заманында көтергенімен, күні бүгінгі дейін орындалмай жатыр. «Бала нашар істі өзі стемеуіне, нашар мінезінен өзі қашуына тырыссын. Ешкім айтпай, қорқытпай, баланың өзі жамандықтан, нашар мінезден жиренетін болсын. Балаға махаббат, жылылық сезім, жұмсақ іс арқылы ғана болуға мүмкін», - дейді педагог.

Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев әдіскер. Мысалы, «Ішкі сезімдердің біреуі – іш пысу яки зерігу» деген бөлімде былай дейді: «Мұғалім бір сөзді ұзыннан ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады, мұғалім үсті – үстіне төтеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, бала мезі болып, іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес еппен басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалім өзі жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың абайын (назарын) өзіне қатара алады. Сабақ үстінде балалардың ойнауы, тыныш отырмауы бір – бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола білмегендігінен» - деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек. Дәл бізге, біздің «бала оқымайды» - деп кіналауға дайын мұғалімдерімізге арналған. Мағжанның ү.йрену әлі кеш емес.

«Сұлулық сезімдері» деген бөлімде педагог адам тек қана сырт сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен ұнамды, сүйкімді болу керек дейді. Осы орайла ән – музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екендігін айтады. «Тәрбиешінің міндеті – бала искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол сезімдерін өркендету», - дейді де оған жетудің жолдарын көрсетіп береді. Мағжан егерде, сұлулықты өзі сүймесе, оның жүрегі сұлу болмаса, сұлулықты жан – тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді.

Педагог – ғалым бала тәрбиесіндегі, әсіресе қыз баланы тәрбиелеуде әйелдің, ананың рөлінің зор екендігін айтады. Өйткені бала анаға жақын тұрады. Шешесі үйде баланың көзінше не істесе, қалай қимылдап, қалай сөз сөйлесе ертең ұшқанда баласы әсіресе қыз бала соны істейді. Көбіне – көп қыз бала тәрбиесі анасына байланысты. Сол себептен ананың – әйелдің балаларының көзінше өте әдепті, мәдениетті болуын меңзейді.

«Баланың маңдайындағы адамдарының жүріс – тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Бала түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Топас адам – тірі өлік» - дейді Мағжан. М.Жұмабаевтың педагогикасының құндылығы, өміршеңділігінің бір көрінісі, міне, осы. Сондықтан да негізгі пәндердің бірі болып мектептерде ұлттық, әлем мәдениеттері жүру керек. Этика, эстетика пәндері біздің мектептерде ерекше оқытылуы керек.

  Ол өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері» деген   бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. «Басқа халықты, жалпы адамзатты сүй деген өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін», - дейді. Бұл сөзді Мағжан өзі үшін айтқан сияқты.

«Педагогика» кітабының соңғы бөлімі «Баланың жалпы жаратылысына» арналған. Бұл бөлім бүкіл кітаптың қорытыны бөлімі іспеттес. Бала тәрбиесінің оңай еместігін, оған екінің бірі бара бермейтіндігін, екінің бірі нағыз ұстаз, нағыз тәрбиеші бола алмайтындығын жазады. «Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, аалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек», - дейді азамат, ақын, педагог Мағжан Жұмабаев.

Бұл оқулық соңғы жылдарда 4 рет басылды. Мұндай халықтың сұранысына ие болған шығармалар, әсіресе, ғылыми еңбектер аз. Оқулық өте жеңіл және қызғылықта оқылады, дәлелдері анық, аяғыңды басқан сайын ой салады.

Педагог, зерттеуші Алма Қыраубаева: «Болашақ мұғалімдерді қазақ баласының жан дүниесі мүлде ескерілмеген орысша оқулықтардың аудармасымен оқытпай, Мағжан «Педагогикасындағы» ойлармен нәрлендіретін кез келді. Мағжан педагогикасы – аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жаралайтын адамгершілікті педагогика», - деп жазыпты.

Халық тәрбиесінің мәселелерімен өмір бойы айналысып келе жатқан Мұзафар Әлімбаев бір еңбегінде: «Оқулық – тұтас ұлттың игілігі, бүкіл халықтың кітабы. Халық кітабы халықтың өзіндей парасатты, өнегелі, қадірлі болуы тиіс» - деп жазып еді. Мағжан педагогикасы осы талапқа толығымен жауап береді.

 

2.2 М.Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері

 

Бастауыш мектепте ана тілін оқытту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға алғаш қадам жасаушылардың бірі де Мағжан. 1923 жылы  «Бастауыш мектепте ана тіл» атты еңбегін жариялайды. Ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар жүйесін жасап ұсынады. Мектеп үш тұрғыдан: 1) Бастауыш мектептің міндеті, 2) Еңбек міндетінің міндеті, 3) Төр жылдық бастауыш мектептегі ана тілінен құралуы талап етеді дей отырып, ана тілінің мақсаты мен міндетін көрсетеді. Әдіскер ғалым аталмыш еңбегінде жаттығулар мен дағдылар жүйесін ІҮ сыныпқа топтай отырып төмендегіше ұсынады:

І – сыныпта: а) жандағы әсерді қысылмай сөзбен жарыққа шығару; ә) аздап жаттаған өлең мысалдарды дұрыс, ашық айту – оқи білу; б) қысқа да болса, дұрыс сөйлеу; в) оқуға жаттаығу; г) өзі салған суреттердің астына өзінің атын жаза білу; ғ) тақтадан, кітаптан көшіру; д) күн аттарын жазу һәм барлық балалардың аттарын тізе білу; е) ұғынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алу; ж) ертегілерді, әңгімелерді сахнаға айналдыра білу.

ІІ – сыныпта: а) естігені я көргені туралы толығырақ әңгіме айту; ә) есіткен, көрген, оқиғаны сахнаға айналдыру; б) біреумен дұрыс,толық сөйлесе білу; в) сурет бойынша әңгіме ете білу; г) бір белнілі әңгімеге ұқсас екінші ойдан шығарып айту; ғ) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу; д) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу; е) баспадан, жазбадан қысқа мақалаларды көшіріп жаза білу; ж) күнделік тізу; з) оқуға ұстарту.

ІІІ – сыныпта: а) бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме шығарып тәжірибе жасау; ә) балалар жиылысында пікірін дәлелдеп толық қылып сөйлей білу; г) әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу; күнделікті, календарды тізе білу; ғ) балалардың өз әсерлерін альбом тізу, журнал шығару; д) жиылыстар,экскурциялар сықылды оқиғалардан жазбаша есеп бере білу.

ІҮ – сыныпта: а) белгілі бір пікірдің жобасымен толық дұрыс сөйлеу һәм жазу; ә) әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, өлшеулі, өлшеусіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу; б) әдебиет әсерінен алынатын сұлулық сезімін декламациямен тереңдету; в) оқығанды суретке салу, әдебиет әсерінен сахнаға айналдыру; г) жазбаша баяндама һәм есептеп шығып жиналыстарда сөз сөйлеу; д) спектакльге қатысу; е) мектепте оқу үйін басқаруға жәрдем қылу.

Сондай – ақ М.Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, «Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі деп қарайды. Тілдің ережелерін бала өзінің сөйлеп жүрген тілінің ережелері деп емес, «Тіл құралдырдың ережелері деп түсінеді», - дейді.

Информация о работе М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі