Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2011 в 15:41, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты – Қазақстан республикасының Конситуциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесін анықтау, талдау және проблемаларын шығару

Қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттер көзделдi

•Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы беру
•Конституциялық құқығының жүесі анықтау
•Конституциялық-құқықтық нормалар талдау
•Конституциялық-құқықтық принциптері сипаттамасын беру
•Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі аңықтау
•Конституциялық іс жүргізу аңықтау

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3-6

Тарау – 1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы

1.1. Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы....................................7-8

1.2. Конституциялық құқығының жүйесі.........................................................9-14

1.3. Конституциялық-құқықтық нормалар......................................................15-17

1.4. Конституциялық-құқықтық принциптері................................................18-40

Таару – 2. Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі

2.1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі.............................................................................................................41-48

2.2. Конституциялық іс жүргізу.......................................................................49-61

Қорытынды.........................................................................................................62-63

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................64-65

Файлы: 1 файл

Конституционный совет.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

     Конституциялық  іс жүргізу, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 30-бабында көзделген негіздер болған жағдайда, қорытынды шешім шығарылғанға дейін оның кез келген сатысында тоқтатылуға тиіс.

     Конституциялық  Кеңестің берілген өтініш бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі, дәл осы негіздер бойынша Конституциялық Кеңеске қайтара жүгінуге мүмкіндік бермейді.

     Конституциялық  Кеңестің отырыстары осы мақсатта арнайы бөлінген, «Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 44-бабы 2-тармағына сәйкес рәсімделген бөлмеде өткізіледі.  
Конституциялық Кеңес құрамының, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және шақырылған адамдардың орналасу тәртібін Конституциялық Кеңестің Төрағасы белгілейді.

     Қарауға берілетін материалдар дайындалып болғаннан кейін, Конституциялық Кеңестің Төрағасы, ал Төраға болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы Кеңес мүшесі өз өкімімен Конституциялық Кеңес отырысының өткізілу күнін белгілейді.

     Конституциялық  Кеңес жабық отырыс өткізу туралы шешім қабылдағаннан басқа жағдайларда, өтініш материалдары ашық отырыста қаралады. Кеңес Төрағасының шешімі бойынша, Конституциялық Кеңестің отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

       Конституциялық Кеңестің отырысы  мына жағдайларда кейінге қалдырылады:

     1. Өтінішті қарау үшін қажетті  кворум болмағанда.

     2. Конституциялық іс жүргізуге  қатысушылардың бірі, Кеңес келуі  қажет деп тапқан сарапшылар, мамандар келмегенде.

     3. Егер өтінішті қарау үшін айтарлықтай  маңызға ие болса, талап етілген  материалдар берілмегенде.

     4. Конституциялық іс жүргізуге  қатысушылардың бірінің немесе  оның өкілінің, тараптардың бірі  берген материалдарды қосымша  зерделеу үшін берген өтініші  бойынша. 

     5. Өтінішті белгіленген уақытта  қарауға кедергі болатын өзге  де жағдайлар туындаған жағдайда [7 б.14 ].

     Егер, Конституциялық Кеңес қарап жатқан мәселеге тікелей жеке немесе жанама түрде мүдделі болуына байланысты, әділеттілігіне күмән келтірілуі мүмкін болса, онда Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе мүшесі бұл мәселені қараудан бас тартуға міндетті, оны Конституциялық Кеңес қанағаттандыруға тиіс.

     Кеңес отырысында Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе мүшесі бұл мәселені қараудан бас тартатындығын мәлімдеген жағдайда, оған анықтау мақсатында сұрақтар қойылады. Бас тарту, ол жөнінде мәлімдеме жасаған адамның қатысуынсыз, кеңесу бөлмесінде қаралады. Бас тарту жөніндегі мәлімдемені қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы шешім, жан-жақты талқылаудан соң Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Бас тарту қанағаттандырылған жағдайда, қажетті кворум болса, өтінішті қарау одан әрі жалғастырылады.

     Конституциялық  Кеңестің отырыстары хаттамаға, қажет  жағдайларда стенограммаға түсіріледі және ілеспе аудармамен қамтамасыз етіледі. Егер отырыста стенограммаға түсіру жүргізілген болса, онда Кеңес отырысының хаттамасы стенограмманың мәтіні негізінде жасалады. Егер отырыс кезінде дыбыс, бейне жазылып, суретке түсірілген болса, онда фонограмма, бейнетаспа, кинотаспа Кеңес отырысының хаттамасына қосып қойылады да, ол жөнінде хаттамада тиісті белгі соғылады. Отырыстың хаттамасын Конституциялық Кеңес аппараты жүргізеді. Хаттаманы жүргізетін адам, болған отырыстан кейін 7 күн ішінде хаттаманы осы іс жүргізу бойынша баяндамашыға береді. Кеңес мүшесі - баяндамашы хаттамаға бұрыштама қойып, оның шынайылылығына жеке жауап береді. Конституциялық Кеңес отырысының хаттамаларына Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, Төрағаның міндетін атқарушы Кеңес мүшесі қол қояды.

     Кеңес отырысының хаттамалары мен қаулыларына өтініштердің бір күнтізбелік жыл шеңберіндегі реттік нөмірлері беріледі. Кеңес отырысының хаттамалары тиісті конституциялық іс жүргізу материалдарына қосып қойылады.

     Отырыс  залына келген адамдар мен бұқаралық  ақпарат құралдарының өкілдері, Конституциялық Кеңеске, конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға, олардың өкілдеріне және бір-біріне қатысты өздерін әдепті ұстауға, отырыс кезінде залда әрі-бері жүрмеуге, Кеңестің және отырысқа қатысушылардың, сарапшылардың. мамандардың атына сөз қыстырмауға, өтіп жатқан отырысты құптайтынын немесе құптамайтынын кез келген бір нысанда білдіру арқылы, қалыпты отырыс барысына қандай да болсын араласуға жол бермеуге міндетті. Қатысушылар Кеңес отырысының өткізілу тәртібін бұзған жағдайда, төрағалық етуші тәртіп бұзған адамға ескерту жасайды, ал екінші қайтара тәртіп бұзылған жағдайда ол адамға Конституциялық Кеңестің отырыс залынан шығып кету ұсынылады.

     Конституциялық  Кеңес өтініштерді өзінің отырысында Конституциялық Кеңес Төрағасының, ал ол болмаған жағдайда - Конституциялық Кеңес мүшелерінің ішінен Төраға тағайындаған бірінің төрағалық етуімен қарайды.

     Отырысты  өткізу үшін белгіленген уақытта  отырыс залына Конституциялық Кеңестің мүшелері кіріп, өздерінің орындарына отырады. Төрағалық етуші Конституциялық Кеңестің отырысын өткізу үшін адам санының жеткілікті екендігіне, хаттамаға түсіру қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізіп, отырысты ашық деп жариялайды. Содан кейін Төрағалық етуші қаралатын мәселелерді оқып шығып, отырысқа қатысуға шақырылғандардың, мамандардың, сарапшылардың бар-жоқтығы, егер жоқ болса, келмеу себебі туралы хабарлау үшін Конституциялық Кеңестің мүшесіне - баяндамашыға сөз береді.

     Төрағалық етуші конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, отырысқа қатысушылардың өтініштері бар-жоғын сұрап алып, оларды Конституциялық Кеңестің шешуіне қояды.

     Өтініш  субъектілері, сондай-ақ актілері мен  әрекеттерінің конституциялылығы  тексеріліп жатқан мемлекеттік органдардың  өкілдері және лауазымды адамдар, өз еркімен не, қажет болған жағдайда, Конституциялық Кеңестің талабы бойынша, Конституциялық Кеңестің іс жүргізуге қабылданған өтініш қаралатын отырысына қатысуына болады. Қажет болған жағдайда конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың, сарапшылардың, мамандар мен өзге де шақырылған адамдардың түсініктемелері мен сөздері тыңдалады.

     Төрағалық етуші мәселені қарау басталғанға дейін оның мән-жайы бойынша өтініш субъектілерінен, олардың өкілдерінен, сарапшылардан, отырыстың басқа да қатысушыларынан, оларда қосымша материалдар талап ету және өтінішті қарауға жаңадан сарапшылар, мамандар жіберу туралы өтініш-тілектері бар-жоғын сұрайды. Мұндай өтініштер жазбаша түрде түскен жағдайда олар Кеңестің отырысында оқылып, қаралатын істің материалдарына қосып қойылады, ауызша өтініш Кеңес отырысының хаттамасына енгізіледі.

     Солардың  өтініші бойынша конституциялық іс қозғалған конституциялық іс жүргізуге  қатысушылар, Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылданатын отырысы  басталғанға дейін өтініштің  негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға немесе азайтуға, өтініштен бас тартуға хақылы. Конституциялық іс жүргізуге тартылған қатысушылар, өз актілерінің немесе әрекеттерінің конституциялылығы туралы дау-таласқа байланысты, өтініште мәлімделген талаптарды толығымен немесе ішінара мойындауға, не болмаса оған қарсылық білдіруге хақылы.

     Өкілдің өкілеттігі заңға сәйкес рәсімделіп берілген сенімхатпен, немесе тиісті ұйымның  осы өтініш бойынша өкілдікті  жүзеге асыруға тапсырма бергендігін  растайтын өзге бір құжатпен білдірілуге  тиіс.

     Әрбір мәселені қарау Конституциялық Кеңестің мүшесі - баяндамашының сөйлейтін сөзімен басталады, ол мәселенің мән-жайын, оны қараудың негізі мен себебін, қолда бар материалдардың мазмұнын баяндап береді. Конституциялық Кеңестің мүшелері оған нақтылау үшін сұрақтар беруге хақылы[7 б 56].

     Конституциялық  іс жүргізуге қатысушылар және олардың  өкілдері қаралып жатқан мәселенің  мән-жайына байланысты өз қалауы бойынша  Конституциялық Кеңестің отырысында сөз  сөйлей алады. Бұл орайда, өзінің лауазымы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың мүддесін жақтайтын адамдар, сондай-ақ, егер мұндай құқық сенімхатта көрсетілген болса, Конституциялық Кеңестің отырысында сенімхат бойынша сөз сөйлейтін өкілдер, қаралып жатқан мәселе бойынша өз ұстанымын Кеңес отырысының барысында мәселені қарау нәтижесіне қарай түзетуге хақылы.  
Кеңес мүшелері конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға нақтылау үшін сұрақтар қоюға хақылы. Солардың өтініші бойынша конституциялық іс жүргізу қозғалған қатысушылар, және солардың актілері бойынша іс жүргізу қозғалған қатысушылар, бір-біріне сұрақ қоюы мүмкін.

     Егер  Конституциялық Кеңес, кеңесу бөлмесінде өтініштің дүрыс шешілуі үшін айтарлықтай маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа құжаттар мен  материалдарды зерделеу қажет деп  тапса, материалдар қарауды қайтадан бастауы мүмкін.

     Конституциялық  Кеңестің отырысында тек өтініште мәлімделген  мәселелер ғана қаралады. Рәсімдік, ұйымдастыру-басқарушылық сипаттағы  мәселелерді, материал дайындау барысында  Кеңестің отырысына материал дайындаушы Конституциялық Кеңестің мүшесі, ал қажет болған жағдайда - Кеңестің Төрағасы немесе оның міндетін атқарушы Кеңес мүшесі қарайды.

     Конституциялық  Кеңес шешімді алқалы түрде өз мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен, ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестің ең болмағанда бір мүшесі талап ететін болса - жабық  дауыс беру арқылы қабылдайды.

     Конституциялық  Кеңес мүшелерінің кеңесуі және қаралып жатқан мәселе бойынша дауыс беруі төрағалық етушінің басшылығымен кеңесу бөлмесінде өткізіледі.

     Конституциялық  Кеңестің отырысы жүріп жатқан кезде, оның отырысына қатысушы мүшелердің ешқайсысы қалыс қалуға немесе дауыс  беруге қатыспауға хақылы емес. Шешім қабылдар кезде Конституциялық Кеңес мүшелерінің даусы тепе-тең екіге бөлінген жағдайда, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешуші дауыс болып табылады, ол өз дауысын барлық жағдайда ең соңында береді. Конституциялық Кеңес Төрағасының өкілеттік беруі бойынша, Конституциялық Кеңестің тиісті мүшесі оның орнын басқан кезде бұл ережені қолданбайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесінің қатысуымен дауыс беру қайта өткізіледі. Конституциялық Кеңес қабылдаған шешімдерге алдын-ала, Төраға қол қойғанға дейін, дауыс беруге қатысқан Конституциялық Кеңестің мүшелері, соның ішінде қабылданған шешіммен келіспеген мүшелері де қолдарын қояды.

     Конституциялық  Кеңестің қорытынды шешімімен келіспеген Конституциялық Кеңестің мүшесі өз пікірін жазбаша түрде білдіруге хақылы, ол пікір осы өтінішті қарауға қатысты материалдарға қосып қойылады.

     Жасырын дауыс беру және оның нәтижесін анықтау  үшін Конституциялық Кеңес өз құрамынан  есептеу комиссиясын сайлайды. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді есептеу комиссиясы өзі белгілеген нысанда әзірлейді.

     Жасырын дауыс берудің нәтижелері туралы есептеу комиссиясы хаттама жасап, оған комиссия мүшелері қол қояды және Кеңес оны Конституциялық Кеңестің материалдарын қарауға қатысып отырған мүшелер санының көпшілік даусымен бекітеді.

     Қаралып отырған мәселенің мән-жайы бойынша  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімі қаулы  түрінде қабылданады.

     Конституциялық  Кеңестің қаулысын төрағалық етуші Конституциялық Кеңес мүшелерінің және Кеңес отырысына қатысушылардың алдында жариялайды.

     Конституциялық  Кеңестің қорытынды шешімінің мазмұны  «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 37-бабының  талаптарына сәйкес болуға тиіс.

     Конституциялық  Кеңестің қорытынды шешім қабылдауы  заңды және жеке тұлғалар үшін, Қазақстан  Республикасы Конституциясының 74-бабының 1 және 2-тармақтарымен, «Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 39-бабымен көзделген заңды салдарға әкеп соқтырады.

     Қорытынды шешімде оның ресми бұқаралық  ақпарат құралдарында жариялануға  жататындығы көзделуі мүмкін.

     Конституциялық  Кеңестің қорытынды шешімі оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, республиканың  бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.  
Басқа шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Кеңес нақты өтініш бойынша қабылдаған құжатта белгілейді.

     Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Кеңестің қаулысына толығымен немесе бір бөлігіне келіп түскен қарсылығы, конституциялық іс жүргізуге қатысушыларсыз, қарсылық келіп түскен сәттен бастап бес күннен кешіктірілмей Конституциялық Кеңестің жабық отырысында қаралады.

     Егер  Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы  санының кемінде үштен екісі қаулыны жақтап дауыс берсе, онда қаулы расталды деп есептеледі. Сол өтініш бойынша шешімге Президент қарсылығы білдірілген өтінішті қарауға қатыспаған Кеңес мүшелері де дауыс беруге қатысуға хақылы, бұл орайда, өтініш материалдарымен танысып шығу үшін оларға екі күн берілуге тиіс.  
Республика Президентінің қарсылығы Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсерілмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестің қаулысы қабылданбады деп есептеледі және конституциялық іс жүргізу тоқтатылады [7 б.12 ].

Информация о работе Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі