Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2016 в 12:38, курсовая работа

Описание работы

Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн байлығымен көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ішінде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................3-4
1 Фразеологизмдердің зерттелуі...................................................5-8
1.1 Сын есімдердің зерттелуі.........................................................8-12
1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы...............................12-13
1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі......................13-19
1.4 Есімді фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары.................................................................19-26
2. Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтары
2.1 Сын есім компонентті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу.......................................................................................27-29
2.2 Сапалық сын есім компонентті фразеологизмдер түр – түсті білдіретін фразеологизмдер...................................................29-44
2.3 Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер................44-45
2.4 Көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер...............45-46
2.5 Дәмі мен ісін білдіретін фразеологизмдер...........................46-48
2.6 Қатыстық сын есім компонентті фразеологизмдер.............48-50
Қорытынды......................................................................................50-52
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................53-54

Файлы: 1 файл

фразеологизмы.doc

— 175.50 Кб (Скачать файл)

Қазақ және түркі тіл білімінде лексикаға қатысты зерттеу еңбектерінде халықтық терминдерлді белгілі бір тақырыптар бойынша топтастырып, оларға лингвистикалық талдау жасауда әр түрлі терминдер қолданылып келеді мысалы, А.Шамшатова «Топтар», Қ.Айтазин «Лексикалық топтар», Т.Ходжанбердиев «Сөздердің тақырыпқа жіктелуі», И.Абдувалиев «Лексикалық – тақырыптық топтар», ал қазақ тілінің әскери лексикасын зерттеген Т.Байжанов «Тақырыптық топтар» деген атауларды пайдаланады.

Осы еңбектердің бәрін қарап жинақтай келгенде, қазақ тіліні сын есім компонентті  фразеологизмдерін мынандай тақырыптық топтарға бөліп қарастыруға болады:

 

1 Сапалық  сын есім компонентті фразеологизмдер

2 Түр  – түсті білдіретін  фразеологизмдер

3 Сапалық  мағынаны білдіретін  фразеологизмдер

4 Көлемі  мен аумағын білдіретін  фразеологизмдер

5 Дәмі  мен иісін білдіретін  фразеологизмдер

6 Қатыстық  сын есім компонентті  фразеологизмдер

 

2.2 Сапалық сын есім компонентті  фрозеологизмдер

Түр-түсті білдіретін  фразеологизмдер

Тіліміздеігі тұрақты тіркестердің біразы сын есімдердің қатысуымен жасалған.

Сын есім қатысқан  фразеологизмдердің ерекшелігі: олардың номинативтік мағынасынан гөрі, ауыспалы (метафоралық, матонимиялық) мағынада, яғни заттық, абстрактылық мағынада көбірек қолданылады. Мәселен, «ақ, қарасын ажырату» - осы мәндес  фразеологиялық тіркес. Ал енді: «көздіс ағы мен қарасындай» деген  фразеологизм де көздің түсін айтып тұрған жоқ, мәселе бұл жерде бірінен бірін бөліп қарауға әсте болмайды, ең жақын екі адам жайында болып отыр.

Сондай-ақ, тіліміздегі «көз» деген сөзді алып, оған қара, қызыл, көк түстерді теліп, қара көз, ақ көз, көк көз, қызыл көз сияқты тіркестерді жасап көрейік. Бір қарағанда осындағы түр-түс атаулары көздің немесе түрлі іреңін анықтап тұған сияқты. Қара көз көк көздердің өмірде бары рас. Бірақ ақ көз бен қызыл көз жайында дәл осылай деп айта алмаймыз. Дегенмен көздің осы төрт түрі де қазақ тілінде тұрақты тіркестер санатына жатады.

Талдап көрейік мәселен, қара көз тіркесі көзі қара адамдарға айтылып, қазақ ұғымында, әсіресе әйелдер қауымына байланысты, сұлулықтың нышанын білдіреді.

Осы тіркесті енді өзіміздің қара көз ғой деп қолдансақ, ол адамның басқа ұлттарға емес, қазаққа тәндәгі, өз ұлтымыздың атауы екндігін аңғартады.

Дәл осы сияқты көк көз, қазақ арасында да көк көздер болат ұрса да, орыс халқының уәкілін мең зейді. Ал қазақтар әдетте көзін ақ шел басқан адамдарды айтуы мүмкін. Бірақ бұл арадағы ақ көз көбіне фразеологиялық мәнде қолданылады да, ол «ұрымтал, нар тәуекел, қайтпас қайсар» адамдарды білдіреді. Көзі ауырудан қызарып жүретін адамдарды ел арасында «қызыл көз бәленше» деп айтуы ықтимал. Бірақ бұл тіркес фразеологиялық мәнде жиі қолданады: қызыл көз немесе қызыл көзді пәле дегенді біз «ылғый тырнақ астынан кір іздеп біреудің үстінен арыз айтып, жамандап жүретін пәқор адамды» көз алдымызға елестетеміз.

Сонымен төрт түрлі түстің көздің ауыс мағынасы арқылы  фразеология дәрежесіне көтерлуі мене осыгндай семантикалық процестерге тікелей байланысты. Ал енді көзге қатысты осы төрт тіркесті түр – түс бояулары арқылы қимыл, әрекетке келтіріп көрейік көз қараю, көзі көгеру, көзі ағару көзі қызару. Бұл тіркестердің жалпы ұқсастығы болмаса, жоғарда кетірілген қара көз, көк көз, ақ көз және қызыл көздермен мағыналық сәйкестігі, қатыстығы жоқ олай дейтін себебіміз көздің қараюы, көгеруі, ағаруы, қызаруы көздің түсіне байланысты емес бұл өзгерістер кезкелген (қой көзден дже, бота көзден де) көзденде байқауға болады.

Бұл мәселенің бір жағы. Екінші жағы: түр-түстен жасалған етістіктер көз қатысқан  фразеологиялық тіркеске қандай ауыс мағыналар үстеп түр – соны анықтау. Бұл арада көздің қарасы екі түрлі мағына артады: біріншіден, көз кейде шаршап – шалдығудан көзге ауыртпалығы түсетін бірыңғай майда істен кітап оқудан немесе ашығып жүдеуден қараюы мүмкін де, екішіден ол адамының бір нәрседен аңсар қатты ауғанда айла – амалы, тағаты таусылғанда қараюы мүмкі ондай қалге душар болған адам әдетте тәуекелге бой ұрады. Бұл мағыналардың екеуі де ауыс мағыналар көзі көгеру, көзін көгерту  фразеологизмі де осы тәрізді мұндайда көздің тұсын өзгерту деген ұғым ту майды көзін көгерту – «көп құтырып, қыйнау, тәбәсін аузына келтіру, зарықтыру, мүсәпір ету» мұның мәні «көзіне көк шыбын үймелетуге» бір табан жақын.

Қазқ тлінде қөзін ағарту джеген тіркес сиректеу қолданылады. Оның мәні: «ақ» түсінің жақында игі мағынасына қатысты – «күткені келіп, қуанышқа кенелу, бақытты болу» кей жерлерде көзі ағару керісіше, «құдайын танымау» мағынасында жұмсалады. Ал енді көзі қызару, көзін қызарту тіркесіне келсек бұл жерде де негізгі мағынасынан мүлдем алшақ жатқан ауыс мағына байқалады: «бір нәрсеге әуестік сезімін ойатып қызықтыру» қызыққан нәрсесін ала алмай қолына түсіре алмай, іштей талпыну.

Байқап қарасақ, түр – түс атауларын етістікке айландырып та ,тіл мүмкіншіліктерін дамытып қоланыс өрсін кеңейте түсурнге болады екен. Сондықтанда бұл тәрізді  фразеологизмдердің сөз шеберлеріміздің бейнелеу тәсәлдерінде көркем образ, портрет жасауда, табиғат құбылыстьарын алатын орны ерекше зор.

Бұл саладағы  фразеологизмдердің тағы бір ерекшелігі: олар о баста белгілі бір затқа немесе құбылысқа байланысты қалыптаса дами келе қолданыс аясын кеңейте түседі тіптті мүлдем қатысы жоқ басқа заттар мен құбылыстарға да ауысып, тілдің керемет икемділік қасиетін паш етіп отырады. Мәселен, қазақ саятшылары мен құс бегілері лексиконда Алтайдың ақ иығы деоген тіркес бар қыран бүркіттің қауырсын қанаттарына дейін қалт жібермей қадағалап, оған ерекше мән беріп отыраты саятшы қауым бұл тіркес арқылы алтай өлкесін мекен дейтін екі топшысының ұшар басында екі ақ жолағы бар текті бүркітті атап отыр. Бұл - өз алдына мәселе, халықтың даналылығы мен бірлігі осы тіркесті адамға қолдануынан да айқын көрініп тұр. Ақ иық қыранға ендігі жерде өзінің өнерімен, ақындығымен, сал – серілігімен де қазақ даласына әйгілі болған азаматтарын теңейді: арқаның ақ иығы Ахан сері, Біржансалдар.

Түр-түсті фразеологизмдердің мағыналарын алып тізіп өтксек.

Ақ арулап жөнелтті өлікті мейлінше қадірлеп, бар кәдесін жасап қойды.

Ақ ауыз қылды алдап, отырғызып кетті, аузындағысын білдірмей, жырып алып кетті.

 

Ақ бата 1 біреудің болашағна тағдырына деген жақсы тіліе, ізгі ниет, алдал көңіл қалауы 2 көне құдалық салттың береке – бірлігі ынтымаққа келген уәделі байламы.

Ақ безер де көк безер болды ант – су ішті тауысла, қарғана, қорғанды

Ақ бейіл (көңіл, ниет) таза, адал ойдағы адам; арамдығы күдігі жоқ көңілінде қара жоқ, ақ ниетпен. Тым жақын дос болуға ыңғайласты(Абай)

Ақ болып кетті Ақ болып тартылып кетті Малдан сүт шықпады, суалып кетті.

Ақ боран Ақ түтек үскірік Көз ашқысыз, деп, желдете жауған қар.

Ақ бөкеннің таңындай Күн шалмаған аппақ, ақ күмістей. Денесінің ақтығы ақ бөкенің таңындай (Қамбар батыр)

Ақ бүйрық өлім Ақөлім 1Тағыдырдың дегенімен болған тура қаза 2Кей уақыт ауырмай-сыздамай, бірден қайтыс болған адам туралы да айтылады.

Ақ білек 1Сұлу перизат; 2Қара жұмыстан қашатын мырза-жора.

Ақ дегені алғыс, Қара дегені қарғыс Ақ дегені-Ақ, қара дегені- Қарғыс. Айтқаны болған, амірі жұрген айтқаны екі болмайтын. Бұл  фразеологизмде ақ пен қара түр-түс мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Мұндағы ақ- «айыпсыз, күнасыз» қара-«айыпты, күнәлі» деген мәнде айтылып түр.

Ақ дидар 1Сүу, келбетті, ақ-құба, өң, жүз 2Адал ниетті, адал пейілді шырай.

Ақ етек (ақ етек иман) болады 1Адал кісі, арамдығы жоқ жан 2адал көрінетін, адал көрінгісі келетін кісі.

Ақ жарқын жайдары, ашық көңілді.

Ақ жаулық Әйел, жұбай, қатын.

Ақ жауын үзаққа созылып майдалап жауатын жаңбыр.

Ақ жем Ақ жем болды (қылды, етті) 1қанын суға сорғызған ет 2су сорып ағарып кеткен 3 арам тер болды.

Ақ жерден қара болды Босқа күйді жазықсыз жапа шекті

Ақ жол Ақыйқат әділ жол, адал жол

Ақ жол Емі Қазақтың ескі салтынде ер жігітке оқ түссе, денеде түрып қалған оқты түсіру үшін жаралы кісі үстінен айелдерді үш марте аттатаын әдет болған егер ол әйел қүнасіз(өзге ерекке көзі түспеген болса) денедегі оқ кері шығады деген ұғым болан. Ешбір дәрііз құры тек адалдығымен шипагер болғандықтан әйелдер дің \бұл емін «ақ жол емі деп атаған.

Ақ жолтай болды Қадамы құтты, үнемі жолы болатын адам туралы айтылащы; келуі өзгеге жақсылықболған кісігеайтылады

Ақ жуып, арулап көмді Ақ орап қоиды Өлікті ардақтап қастерлеп шығарып салды

Ақ жұмыртқа, сары уыз 1Ана бауырындағы алпешті нәресте 2кінәсіз

Ақ жүрек 1Ақ,Адал көңіл 2Белсенді, адал көрінгісі келетін жан

Ақ иық 1мұз балақ ерекше қыран айырқша асыл қыран 2Айрықша асыл адам, Ар жігіт

Ақ иық болды Мезі болды, қажыды, жауыр болды.

Ақ иіліп сынбайды Қасиетті, адал адам, жаладан мерт болмайды

Ақ келінге оранды 1Дүние салып кебін киді 2Ақ қардың астында қалды

Ақ кигізге көтерді көне. Ақ кйгізге орап қан сайлады

Ақ көбік қылды Терле-тепшітті

 Ақ көз Надан, оқымаған, қараңғы. Оқыған білер әр сөзді, надандай болмас ақ көзді

Ақ көз ерлік көзсіз батырлық, жалтақсыз қимыл

Ақ көйлег диал ақ көңіл, аңқылдақ адал ниетті

Ақ көкірек ашық жан, мейірімді, адал ниет, ізгі тілекті кісі

Ақ көірек торғай секілді Ұшып қонған, жеңілтек, шыжбалақ кісі туралы айтылады

Ақ күн тусын жолың болсын

Ақ қас жөрекі алла! Тілек Түшкіргенде жақсылыққа болсын деген ұғымда айтылады

Ақ құба, бидай өңді, сұлу өңді сымбатты кісінің көркі туралы айтылады

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді Сапасы жақсы, хош иісті шайдай көңіл жадырататын кісі «Ақ құйрық кәміл шай» делініп те айтылады. Бұл жерде ақын жарасты әзіл-әңгімесі бар отырсты сөз еткен. Осындағы мамілелі сөзіде, ақын мұны антек, өзге ұғымда келісімі бар әңгіме ретінде қолдана тұрса да, сол «фамильный» дегеннен шыққан.

Ақ неке Ақ некелі төсек Адал жар некесі

Ақ орда 1Киіз үй2Ерте кезде билік иесі отырған үйді де осылай атаған

Ақ отау тіктірді Үлкен ақ үй дайындатты

Ақ пен қара дұрыс-бұрысы, жөнімен қисығы

Ақ пен қызыл арасында Күн ұясына кірген шақта

Ақ сазандай бұлқынды Сылаң қақты

Ақ сайтаны үстады Ашу –ызасы келді арқасы қызды деген мағынада

Ақ сақал қара сақал үлкен-кіші, кәрі-жас,

Ақ сақалды, сарі тісті бол! Алғыс Көп жаса

Ақ саңдақ жүйірік жолы боп озып жүрген саңлақ жүйірік, ақын т.б.

Ақ саусақ 1Ешқашан жанын қинап, қара жұмыс істемейтін кісі 2слу келіншек, қалын іске апармайтын, өзін күтіп жүретін нәзік жан

Ақ семсер Сапы мен қанжардан ірі екі жұзді қару. өлген жоқ Амангелді алі тірі әнекій ілулі тұр ақ семсері(Жамбыл)

Ақ сирақ жұт малды тігерге тұяқ қалдырмай түгел қырып кететін үлкен жұт

Ақ сөйле 1Әділін ай деген мағынадағы тілек 2жақсылық әкелсін деген мағынада

Ақ сүңқар Ақ сұңқар құс 1Қыран құс Ер-азамат баламасы. Ақ сұңқар құс дабысты дұшпаннан алған намысты, Қамбар  кедей деген сөз «Ел құлағы елу ғой»; Есітті батыр сыбысты(Қабар батыр)

Ақ сұпыдай Әсем, Ақ торғын

Ақ сүт берді Ақ сүтін емізді, Ана сүтін беріп өсірді

Ақ сүт итұман Боз тұман ақ бұлттай ұиыған тұман

Ақ сүті ұрсын қарғыс. Ананың қарғысы тисін, сүті атсын

Сүтін ақтады Ниетімен борышын өтеді ата-анасының ізгі тілегінорындады

 

Ақсүтін кешті Ризалығын берді ақ сүтін кешсін анамыз, разы болсын атамыз(қызЖібек)

Ақ сүтін көкке сауды Назаланды, алқанын теріс жәйіп аналық қарғысын айтты

Ақтабан Мал-мүліксіз, сорлы Жүріңіздер ауылға, кедейім көрсін ақтабан (Қамбарбатыр)

Ақтабан болды. Ақтабан шұбырынды. Ақтабан ауғын болды. өзге жаққа басқан(Жаугершіліке ұшрап, жұтаңдықтан шұбырған) ел туралы айтылып тұр

Ақтамақ1 Қыздың әдемі, слу тамағы. Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жұрсе ақырын. Кәшат бөрік, ақтамақ, қара қасты слу қыздың қөрпе ең мұндай түрін(Абай)

Ақтамақ2 Диал. Айран не, не содан жасалған тағам(Шғ.қаз.)

Ақтеріні қара тері қылды. Көбіне бірді-бірге алмастырп, ауыструды, соқтығыстрады деген мағынада

Ақтүш, Ақсырдың сүтін іш. Кісі түшкіргенде қалжың әзіл-ысқақ ретінде айтылған тілек

Ақ түйенің қарыны жарылды. Қарық болып қалды; ит басына іркіт төгілді

Ақ тілеу адал ниет, таза, ізгі көңіл қалуы

Ақ құдай, сауапқа жаз! Жалбарына айтылар тілек рақым ете көр, істеген ісің қайрлы тисін

Ақ үйек мал. Адал мал, құтты мал

Ақ ұстінен қара таныды Ақты-қараны-ажыратты дұрыс-бұрысын білді

Ақ шелегі түскендей ақтарылды 1 Тасыла, өмешегі езіле сөйледі ақтарыла айтты 2 Түгін айаған жоқ

Ақ шелек келгір! Ақ шелек шалғыр қарғыс. Түйе малын айтылады

Ақ шалаң тарта құлаң иектенді. Рауандап атқан таң

Алауыз 1Бірлігі жоқ, ынтымақсыз, сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсе қызар, жалмауыз сорлы қазақ сол үшін алтыбақан алауыз(Абай) 2Өсек-аяң ғайбат сөз

Алааяқ сұм, қу, залым, зымиан, суайт

Ала болды Арыздасты, дұрдараз болды ынтымақтан кетті

Ала бөтен, Ала бөек Елден ерекше, өзгеше

Ала жылан аш бақа Ала көз болып, араздасып отыр

Ала жібін аттамады Қианат жасамады, сұнанақтық істемеді, армадққа бармады

Ала арқан жіп кесісті Ат кекілін кесісті, бір жола араздасты, бөлінді

Ала кеуім(көлеңке) бозамықты күңгір шақ

Ала көбең орташ, құба төбел

Алакөз қылды Араз, қырғи қабақ болған адамдар туралы айтылады

Информация о работе Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтары