Ағылшын және қазақ мақал мәтелдері (табиғат құбылыстары компоненттері бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Сонау ерте заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай баласының бірі мақал-мәтелдер. Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Дүниенің қай халқы болса да, өз мақал-мәтелдерін жоғары бағалаған, керекті жерінде заң орнына қолданып отырған.

Содержание работы

І. Кіріспе ...............................................................................................................2-4
ІІ. Негізгі бөлім ............................................................................................5-22
2.1. Мақал-мәтелдердің тарихына қысқаша шолу ...............................5-7
2.2. Мақал-мәтелдердің тілдегі қолданысы мен мағынасы ...................7-12
2.3. Адамдық, махаббат және достық мәселесіне байланысты қазақ
және ағылшын мақал-мәтелдері ........................................................12-14
2.4. Еңбек, ғылым және білімге байланысты қазақ және ағылшын
мақал-мәтелдері....................................................................................14-15
2.5. Өмір және өлімге, денсаулыққа байланысты қазақ және
aғылшын мақал-мәтелдер.....................................................................15-16
2.6. Табиғат құбылысының компоненттері қосылған қазақ және
ағылшын мақал мәтелдеріндегі ұқсастық пен айырмашылық .........16-17
2.6.1. «Жаңбыр», «кемпірқосақ» және «қар» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ......................................................................................17-21
2.6.2. «Жел», «дауыл» және «боран» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ..................................................................................... 21-22
ІІІ. Қорытынды ..............................................................................................23
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................

Файлы: 1 файл

курсовая работа.docx

— 80.42 Кб (Скачать файл)

 

Ұрлық түбі қорлық.

Mills of God grind slowly but sure.

 

Бұл келтірілген мақал-мәтелдер адамдардың «Адам деген ардақты атқа» сай, теріс қасиеттерден аулақ болып, ақылды, батыр, ержүрек, байсалды, адамгершілігі мол, кішіпейіл болуды екі халыққа бірдей насихаттайды.

Махаббат  пен  достық – адам  бойындағы  асыл қасиеттердің, сезімдердің  жиынтығынан  тұрады. Махаббат  пен  достық жайында  көптеген  ақын-жазушыларымыз  ой  толғаған.

Ендеше, осы белгілі ақын-жазушылар  жырлаған махаббат, достық жайлы  қазақ  және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер мол, соларды талдап көрейік.

 

        Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

A friend in court is better than a penny in purse.

 

Жүрекке әмір жүрмейді.

Love cannot be forced.

 

Мыңғырған байлықтан, көпке мәлім даңқын артық.

A good name is better than riches.

      

       Досыңды қиналғанда бір сына,

       Қуанғанда бір сына.

       A friend in need is friend indeed.

 

      Жаңа дос жаныңда жүргенде, ескі дос есіңде жүрсін.

      Old friends and old wine are best.

 

      Ақымақ достан ақылды дұшпан артық.

      Better an open enemy than a false friend.

 

 

2.4 Еңбек, ғылым  және білімге  байланысты  қазақ  және ағылшын мақал-мәтелдері

 

       Еңбек-тіршіліктің қайнар көзі, өмір сүру тәсілі. Ал кәсіп болса еңбекке негізделген. Адам баласы пайда болғаннан бастап тынымсыз еңбек етіп келеді. Тарихқа үңілетін болсақ, адамдар еңбек құралдарын үздіксіз жетілдіре отырып, тынымсыз еңбек етудің нәтижесінде қазіргі кездегі жетістіктерге жеткен. Осы жайында Фридрих Энгельс «Адамды адам еткен-еңбек» - деп дәл айтқан.

 

Еңбек етсең еленерсің, қызығына бөленерсің.

Еңбек ет те мақтан, ойнап күл де шаттан.

All work and no play makes Jack a dull boy.

 

Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке.

The end crowns the work.

 

Еңбектің наны тәтті.

Nothing to be got without pains.

 

Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.

Where there’s a will, there’s away.

 

         Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла.

         After dinner comes the reconing.

 

        Ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз.

Білім дегеніміз – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс бейнеленуі. Ғылым, білім, өнер туралы мақал-мәтелдер қазақ және ағылшын тілдерінде көп кездеседі.

 

        Күш – білімде. – Knowledge is power.

Өмір бойы үйрен. - Live and learn.

   

        Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді.

        The fool does think he is wise

 

        Көргеніңді көңілге түй.

        Learn wisdom by the follies of others.

 

Nothing stake, nothing draw, ал  қазақ тілінде

Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас.

 

Мұнда мағыналары бірыңғай болғанымен, лексика-грамматикалық  құралымы  сәйкес  келмейтіні мақалдар да  кездесетінін көріп отрымыз.  Тағы да  бір айта  кететін жайт, кейбір  ағылшын тіліндегі айтылған мақал орфографиялық тұрғыдан кысқа болып беріліп, екі мағынасы үтірмен белгіленсе, ал  қазақ тілінде,  керісінше, яғни, мақалдың екінші сөйлемі үлкен әріппен жазылады.

 

2.5 Өмір  және  өлімге, денсаулыққа байланысты  қазақ және ағылшын мақал-мәтелдері

 

        Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі сияқты өмір, өлім, тағдырға байланысты мақал-мәтелдер бар.

 

Өмір  тәжірибесі – ақыл-ойдың көзі.

Experience is the mother of wisdom.

 

Өмірдегі өзі – ұлы ұстаз.

There is a crook in the lot of every one.

 

Қиыншылық. – Үміт. – Ақыл. – Кеңес. – Тәлім-тәрбие тақырыптары ағылшын халықтарына жат емес. Оны мына мақал-мәтелдерден көруге болады:

 

Игіліктің ерте-кеші жоқ; Ештен кеш жақсы.

Better late than never.

 

Өнеге - өте тиімді өсиет.

Example is better than precept.

 

Біруге ор қазба, өзің түсерсің.

He that mischief hatches mischief catches.

 

       «Дені сау адам  – табиғаттың ең қымбат жемісі,»  - деп Т.Карлейль айқандай, денсаулық  – адам үшін ең қымбат, бағалы. Адамның ең бірінші байлығы - денсаулық туралы мақал-мәтелдер де жеткілікті. Мәселен,

 

        Денсаулық – зор байлық.

Good health is above wealth.

Haelth is better than wealth.

 

        Демі бардың емі бар.

        Take a hair of the dog that bit you.

 

        Тазалық бар жерде денсаулық бар.

        If each would sweep before his own door

 

2.6  Табиғат  құбылысының  компоненттері  қосылған  қазақ  және  ағылшын  мақал  мәтелдеріндегі  ұқсастық  пен  айырмашылық

 

     Осы жоғарыдағы  мысалдарға  қарай  отырып,  қазақ  халқы  адам  мен оның  қасиеттеріне, махаббат, достық, денсаулық пен еңбек секілді  өзекті де  тәрбиелі мәселелерге  байланысты  мақал - мәтелдерге  бай  екенін  және  бұл  мақал - мәтелдердің  ағылшын  тілінде  де  балмасы  бар екеніне  көзіміз  жетті. Дегенмен  бұл  екі  тілде  де тек  қана  адамға  байланысты  мақалдар   көп екенін  көріп  отырмыз. Соған  байланысты  осы жұмыста қарастырылатын  мәселе біздің  қазақ халқымызда  табиғат құбылысына  байланысты  мақалдардың    ағылшын тіліндегі  баламасын  зерттеп, олардың  мағыналарының қазақ тіліндегі  баламасының  ұқсастығы мен айырмашылықтары. Және  жоғарыдағы  мақал - мәтелдерден   біз адамның қасиеттерін, жақсы  мен жаманды, адамгершілікті  және  тағы да сол сияқты  қасиеттерді көре  аламыз, ал  табиғат құбылыстарының  нақыл сөздерде,  мақал мәтелдердегі  қолданысының қандай  мағынада  қолданатынын, тура  ма  немесе  ауыспалы ма, біле  бермейміз. Сондықтан  осы  зерттеу  жұмысында  осыған  баса  назар  аударамыз.

       Ана құрсағынан шыр еткен сәби жарық әлемге келісімен көрікке тұнып   тұрған тартымды ағаштарды, мөлдір таза тұнық тұрған   қарқынды бұлақтарды, болмағанда  ағып  жатқан  бұлақтың  сыбдырын, айналада болып жатқан жұмыстың сыңғырын, құстардың бұлбұлдай әсем үнін, әлемнің нұр сыйлаған жарық күнін естіп-көріп ерекше ерендей күйге түседі, бұл күй – табиғат күйі.

       Табиғат  – жаратылыстың ғажап туындысы. Табиғатта болып жатқан алуан   түрлі  оқиғалар  желісі, алуан   түрге  енетін  әуе кеңісі, қызыл-жасылды   түзілген  ағаштар жемісі бәрі-бәрі  адам баласының таңдайын қағып,  таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, сондықтан  да адам баласының табиғатты   жырлауға  шеберлігі, табиғатпен  сырласатын  көрегендігі  осының  айғағы. Қанша  десек те, табиғаттың  күйін, әсем формасын, қазынаға  толы  қоймасын  көрсек  жанымыз   тойғысыз, жырласақ, айтсақ та тіл  жеткісіз. Тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле түсіп, суға құмары қанған  сиырдай қаныққан  сайын оның құпиялылығы толассыз ілгері жылжи береді.

       Баршаға  аян, суретшілік өнерімен талайды  таңғалдырған Әбілханнан «Сен  мұндай өнерді қайдан үйрендің?»- деп сұрағанға:

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен 

үйрендім»,-деген.

       Яғни, адамзат өмір бойына табиғаттан бәрін үйренер, үйренеді, үйрене бермек те. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білуімен  қатар, кәдуілгі көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің   жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізуімен  өлшенеді.

     Сондықтан   осы әсем де  ғажап  табиғатта  неше түрлі  құбылыстардың  бары   анық. Ол  құбылыстар жаңбыр, қар, жел, дауыл, боран секілді  жылдың   төрт  мезгілінде  болатын  табиғи  құбылыстар. Осы   құбылыстарға  байланысты мақал  мәтелдер  қалыптасқан. Олардың  мағынасын, мақал  ішіндегі  қолданысын  түсіну  үшін қазақ және  ағылшын мақал мәтелдерін  салыстыра отыра әрбір  құбылысқа  жеке  тоқталып  өтеміз.

2.6.1 «Жаңбыр», «кемпірқосақ» және «қар» сөзінің   мақал – мәтелдегі қолданысы

 

Ең  алдымен  табиғат  құбылысының  ішіндегі  көбірек  қолданылатын алсақ, яғни  бұл «жаңбыр»  сөзі. Олай  болса мақалдар  тоқталайық.

      

       After rain comes  fair  weather.

       Жаңбырдан  кейін  ауа   райы  тамаша  болады.

  

        Бұл  мақалда  ағылшын  мақалының  тура  аударғандағы  қазақшадағы  баламасы. Яғни, мұнда   жаңбырдың   барлығымыз  ойлайтындай нұр ретінде  қолданылып, жаңбыр  жауғаннан  кейін ауа райы  тазаратынын көрсетіп  тұр. Бұл  мақалдың  тура  баламасы  болмаса да  келесі  бір мақалды  алып  көрелік:

    

     Жаңбыр жауса, жерге сый,

     Жігіт туса, елге сый, немесе

    Жаңбыр жауса жердің ырысы.

 

      Бұл  мақалды  алып  қарасақ  мұнда  да  негізгі  ой - жаңбырдың   ауа  райын тазартатынын, жаңбырдың  жердегі барлық  тіршілік  иесін жандандыратыны.

 

       It rains  cаts  and  dogs.

        Шелектеп  құю

 

       Мына  бір  мақалға тоқталар  болсақ, мұнда  ағылшын  мақалының   қазақшадағы  баламасы   мақал ретінде емес, тұрақты тіркес  болып тұр. Демек  мұнда  ауыспалы  мағынаны  бңлдңрңп  тұр. Ал  енді  осы  тқрақты  тіркестің  мағынасын  ашып  өтейік: шелектеп  құю  деген  толасссыз, тоқтамай  жаңбыр  жауу,  құю.

 

        It  never  rains  but  pours.

Қырсық  нөсердей  төгеді.

Информация о работе Ағылшын және қазақ мақал мәтелдері (табиғат құбылыстары компоненттері бойынша)