Ағылшын және қазақ мақал мәтелдері (табиғат құбылыстары компоненттері бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Сонау ерте заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай баласының бірі мақал-мәтелдер. Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Дүниенің қай халқы болса да, өз мақал-мәтелдерін жоғары бағалаған, керекті жерінде заң орнына қолданып отырған.

Содержание работы

І. Кіріспе ...............................................................................................................2-4
ІІ. Негізгі бөлім ............................................................................................5-22
2.1. Мақал-мәтелдердің тарихына қысқаша шолу ...............................5-7
2.2. Мақал-мәтелдердің тілдегі қолданысы мен мағынасы ...................7-12
2.3. Адамдық, махаббат және достық мәселесіне байланысты қазақ
және ағылшын мақал-мәтелдері ........................................................12-14
2.4. Еңбек, ғылым және білімге байланысты қазақ және ағылшын
мақал-мәтелдері....................................................................................14-15
2.5. Өмір және өлімге, денсаулыққа байланысты қазақ және
aғылшын мақал-мәтелдер.....................................................................15-16
2.6. Табиғат құбылысының компоненттері қосылған қазақ және
ағылшын мақал мәтелдеріндегі ұқсастық пен айырмашылық .........16-17
2.6.1. «Жаңбыр», «кемпірқосақ» және «қар» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ......................................................................................17-21
2.6.2. «Жел», «дауыл» және «боран» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ..................................................................................... 21-22
ІІІ. Қорытынды ..............................................................................................23
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................

Файлы: 1 файл

курсовая работа.docx

— 80.42 Кб (Скачать файл)

     Мақалдар    мен   мәтелдер     ұрпақтар   ойының   шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер  ұрпақтар  ойының  қиыннан  қиыстырылған  жүйесі мен қоғамдық – тарихи  тәжірибеде  қорытылған  жиынтығы, даналық  ойдың  шежіресі  мен халықтың рухани өмірінің  практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп,  адамның сонау  сәбилік  дәуірінен  сыр  тартып,  ұрпақтар  үнінің   жаңғырығынан  елес беретін  елгезек  жанр. Осындай  қасиеттерінің  арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне  айналған  келісті  көркем сөз кестесін  халыққа әрқашанда қасиетті  мұра  ретінде  қастерлеп  отырған. Мысалы: «Келген дәулет – кеткен бейнет», «Ер тынысы –еңбек, ез тынысы –ермек» сияқты еңбектің неше  алуан  қасиетін   өмір  шындығынан  алып  түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.

     Сиқырлы  сөз  құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар – еңбекші халық болмысының аса бір биік шыңы.

     Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден, мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдық – тарихи тәжірибе негізінде жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдар – жалпылай  қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні. Мақалдар  жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы   мағыналарда  көрінеді.  Өйткені  белгілі  бір мақалға арқау болатын өмір шындығы типтендіріліп алынатындықтан, ол шындық екінші бір жағдайларда ғана қолданылады.

     Мақалдардың негізгі  ерекшеліктерінің бірі сол, олардың  қолдану орындары мен ауыспалы  мағыналары әр түрлі ұрпақтар  мен дәуірлердің қөзқарастарына, тәжірибесіне сәйкес өзгеріп  отырады.

     Бұл  жағдайда  көптеген  мақалдар  өздерінің тура мағынасынан алшақтап, тек ауыспалы мағыналарда ғана қолданылатын болып, жалпылай қорытушылық ерекшелігін күшейте түседі. Мәселен, қазақтардың қалмақтармен  жауапкершілігі  кезінде туған «Жыға жығылмай ту жығылмас» мақалын алайық. Ол  тура  мағынасында   бізге тек тарихи құжат   қана  болып  табылады. «Жыға» деп соғыс кезінде қолбасылар киетін  сәнді, дәрежелі  бас киімді айтқан. Қай соғыста болмасын жауды жеңу  үшін  қолбасын  жығу  керек, сонда ту да жығылады, яғни жау жеңіледі. Сөйтіп, мақал өзінің алғашқы туу кезінде жауды жеңу үшін  әуелі оның қолбасын  жығу  керек деген жаугершілік практикасынан қорытылған  әскер бастығының   өсиеті  сияқты  мағынада  қолданылған.

      Ал  қазіргі   көне көз қариялардың сөз сараптау  практикасында бұл мақал  белгілі  бір  әрекетте негізгі, басты қиыншылықты жеңсең ғана табысқа жетесің деген ауыспалы мағынада қолданылады. Демек, бұдан мақалдың  тура  мағынасынан  гөрі  ауыспалы мағынасының жалпылауыштық  қасиетінің  күшті  екенін  көреміз. Көптеген  мақалдар өзін тудырған  тарихи  өткінші  оқиғалар мен жоғалып отырса, ал жүйесі  жағынан  мығым  жасалған  кейбір  мақалдар  тек  өзінің  тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты тура мағынасын ғана жоғалтып, алдыңғы ұрпақтардың дүниетанымына сай, алуан түрлі ауыспалы мағыналарға  ие  болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады. Мұндай   мазмұндас   мақалдарға  дүниетанымдық  тұрғыдан  ғылыми  талдау жасағанда  мүмкіндігінше барлық қырынан  тексеріп,  барынша байыпты  қараған  жөн.

      Өмір  құбылыстарын  жалпылай  қорытатын  мақалдардың  жалпылауыш және типтік қасиеттері ауыспалы мағынасында арта түседі дегенде мақал жанрының тура мағынасының маңызы жоқ деген  ұғым тумайды. Қайта  оның   ауыспалы  мағыналарында  қолдану  аясының   кеңдігі оның  тура  мағынасымен тығыз байланысты. Олай  болса, мақал  жанрындағы тура және ауыспалы  мағыналар өзара диалектикалық байланыста болады. Оның басты ерекшелігін ашу – осы байланысты көрсетуде.

       «Сөздің көркі  – мақал»  дегендей  мақалдың  көмегімен  айтайын  деген  ойыңды ұнамды да, ұтымды  жеткізуге  болады. Сондықтан да мақал-мәтелдердің   өн  бойынан  поэзияға  тән  жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас   ырғақты кездестіреміз. Сөздер  көркем ұйқаса, сөйлемдері ықшам,  басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел  – сөз мәйегі, асыл саф алтыны. Мақал – сөз атасы. Олардың   қайсысынан   болсын  проза,  поэзияға тән ырғақ, үйлесім,  сөз, интонация – барлығы бар.  Негізінен мақал – мәтелдер  дыбыс үндестігіне негізделіп  жазылған.  Мақал-мәтелдер ойды  кейіптеу, теңеу арқылы жақсы беріледі. Оларда көп қолданылатын көркем өрнек – синтаксистік  параллелизм.  Мақал - мәтелдердің  өзара  айырмашылығы  бар. Бұл  айырмашылық  түйіндеу, құрылысы  жағынан  байқалады. Мақалда бір-бірімен   қарама-қарсы   ұғымдар  мен нәрселерді  салыстыру   арқылы  ой - пікірді айқындай түсу басым келеді. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу  мен  қорытынды  пікір  бірдей  жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар  мағына  ашық  емес, қорытынды  пікір, дәлелдеу жоқ болады.

 

2.3 Адамдық, махаббат және достық мәселесіне  байланысты  қазақ  және ағылшын мақал-мәтелдері

 

      Мақалдар  тіпті жазу пайда болмаған кездің өзінде пайда болды. Олардың пайда болуының себептері алуан түрлі. Ешкім де   «көрінбейді» дей алмас. Өйткені мақал –тұрмыс айнасы. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше  мыңға кетер.  Бірақ ол мақалдар бұл күнге шейін жиналып, басылып шыққан жоқ. Әркімнің өзінде, әр кітапта бытырап жүр. Біздің  алға  қойған  мақсатымыз, осындай түрлі тақырыптағы қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдерді  жүйелеп, үндестігі, ұқсастығы мен айырмашылығына сай  белгілі бір топтарға топтап, реттеп алу.

       Қазақ мақал-мәтелдері мен ағылшын мақал-мәтелдерін салыстырғанда жасалу  тәсілдері бір-бірімен ұқсамаса да, мазмұндарында жақындық жақтары күшті сезіледі. Олардың көпшілігі: адамдық, адалдық, батырлық, білім, ақыл-ой, парасат сияқты жағымды, оң қасиеттерге жетелеу.

     

      Аққа-құдай жақ.    Honest as the day.

       Алдымен ойла, соңынан сөйле.  First think then speak.

 

      Ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің құрамын зерттегенде семантика-грамматикалық құрылымы, жасалу тәсілдеріне өзгешеліктен гөрі жалпылықтарының көп екендігі байқалады.

Мәселен, ағылшын тіліне байланысты А.В.Куниннің фразеологизмдердің негізгі белгілері деп көрсеткен   төрт белгісі кез келген тілге тура келеді:

  1. Фразеологизмнің мағынасы;
  2. Олардың грамматикалық үлгісі;
  3. Сөздік құрамы;
  4. Қолданылу аясы.

Жалпы, А.В. Куниннің фразеологизмдер жөніндегі еңбектерін басынан аяғына дейін зерттегенде аңғарылатын негізгі мәселе-фразеологизмдердің негізгі белгісі тұрақтылық белгісін ту етіп ұстайды:

  1. Қолданылу тұрақтылығы;
  2. Құрылымдық-семантикалық тұрақтылық;
  3. Семантикалық тұрақтылық;
  4. Лексикалық тұрақтылық;
  5. Синтаксистік тұрақтылық;

Бұл жерде айтпақшы болған ойымыз - мақал-мәтелдердің лингвистикалық теориялық негіздерінің жақындығы.

        Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Адам және оның қасиеттеріне байланысты қазақ және ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер өте көп. Мысалы,

 

A bargain is a bargain.

Уәде-жанның азығы.

 

Calamity is man’s true touch stone.

Дос, басыңа іс түскенде танылады.

 

Сонымен қатар, адам бойындағы асыл қасиеттерді айқындайтын мақал-мәтелдер баршылық. Онда ақылдық, адамгершілік, адамның ішкі рухани дүниесінің әсемдігі көрініс тапқан.

       

        Кісінің шырайына қарама, райына қара.

The face may hide a foul heart; A fair face may hide a foul heart.

 

Адамды түсіне қарап таныма, істеген ісіне қарап таны.

Handsome is that (as) handsome does.

 

Тау таумен қауышпайды, ал адам адаммен қауышады.

Men may meet but mountains never; Friends may meet but mountains never.

 

Осы бір мақалды талдап көрелік.

«Тау таумен қауышпайды». Бұл мәселені мақалдың өзі-ақ шешіп тастаған сияқты. Ал «адам адаммен қауышады» деген тармағының жүгі өте ауыр.

Демек, адам баласы әлемнің қайсы бұрышында жасаса да, бір-бірімен кездесуі, көрісуі мүмкін деп дәл айтқан. Бұл пікір біздің халықта мықты дамыған: «Ат баспаймын деген жерін үш басады, ер көрмеймін деген жерін үш көреді».

 

Жақсының өзі өлгенмен, ісі өлмейді.

True blue will never stain.

 

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

He who says what he likes, shall hear what he does not like.

Информация о работе Ағылшын және қазақ мақал мәтелдері (табиғат құбылыстары компоненттері бойынша)