Гендерлік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2017 в 09:33, реферат

Описание работы

Гендерлік саясат – бұл жыныс белгілері бойынша дискриминацияны жою және эгалитарлы қоғамды қалыптастыру үшін жүзеге асырылатын саясат. Сондықтан гендерлік саясат ел дамуының басты бағыттарының бірі және оның кешенді модернизациясы болып табылады. Азаматтық қоғамның мемлекеттік құрылымдары мен ұйымдарының өзара ықпал етуінің кешенді механизмін құру гендерлік саясатты және әйелдердің құқықтарын қорғау және халықаралық тәжірибемен алмасудың маңызды тұсы болып табылады. Ал гендерлік теңдік дегеніміз - бұл жынысына тәуелсіз қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени саласына қатысу үшін өз мүмкіндіктерін еркін пайдалануға мүмкіндік тудыратын ерлер мен әйелдердің тең құқықтық мәртебесі мен құқықтарын жүзеге асыруда теңдей мүмкіндіктер

Файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 359.74 Кб (Скачать файл)

 

Бұл деректерге бойынша, елімізде әйелдер еркектермен бірдей дәрежеде жұмыспен қамтылып, экономиканың барлық саласында қызмет ететінін көріп отырмыз.

Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жаратылысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Сондықтан, әйелдер қоғамдағы әр түрлі іс-қызметтерде де бала тәрбиесі мен отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз болмысына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ, қажеттіліктің күн санап артқан қазіргі мына заманда әйел баласы жанұя экономикасына өз үлесін қосып, ерінің бір жағынан шығу үшін түрлі жұмыстарда істеуде. Мұндай жағдайда әйелдің  үйдегі жұмыстары мен бала тәрбиесіне ері көмек көрсеткені жөн. Бұл жатырқап қарайтындай жат нәрсе емес. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да қат-қабат шаруалар мен сан-алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй шаруаларында жұбайларына үнемі көмек көрсетіп, бір жағына шығысқан.

Қорытындылай келгенде, жүргізіліп жатқан аталмыш «гендерлік саясат» қазақ қоғамына әсер етпей қоймады. Статистикалық деректерге сүйене отырып, елімізде ерлер мен әйелдер теңдігі толықтай қалыптасты деп айтуға негіз бар. Себебі, әйел адамдар қоғамның барлық саласында қызмет етеді және ЖОО-да білім алатын жастар саны бойынша да әйелдер саны басым. Сонымен қатар ҚР гендерлік саясатының негізі болатын 1995 жылы қабылданған  Конституцияның 14-бабында, 27-бабында заң алдында ерлер және әйелдер тең екендігі, ешқандай дискриминацияға тартылмайтындығы; аналық және әкелік тең деңгейде қорғалатындығы жазылған. Жоғарыда аталған дискриминациялау немесе әйел құқығын таптау қазақ қоғамында болған емес. Осыған байланысты «шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдеріндеәйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап кеткен. Яғни, біздің елде әйел затын дискриминациялау немесе төмендету фактілері саусақпен санарлықтай және қазақ халқына бұл ұғымдар бейтаныс әрі менталитетіне керағар.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Гендерлік теңдік және жыныстардың ынтымақтастығы, олардың келісімі мен өзара түсіністік идеясы тұрақты дамудың алғышарты болып табылатын жаhандық сипатқа ие болуда. Тең құқық пен мүмкіндік идеологиясы негізі гендерлік құрылымды трансформациялау, тұрақты даму процесіне пайдаланылмаған әйел қауымының үлкен потенциалын қосу болып табылады.

Қазақстан Республикасының гендерлік саясатының негізі болатын 1995 жылғы Ата Заңда «мемлекеттің басты қазынасы – адам» деп көрсетіле отырып, әйел мен ердің тең екендігі бекітілді.Ата Заңның 14-бабында заң және сот алдында барлық азаматтардың тең екендігі, соның ішінде жыныстық белгілері бойынша ешкімнің де дискриминацияға тартылмайтындығы, ал 27-бапта аналық және әкелік тең деңгейде қорғалатындығы айтылған. Сонымен Ата Заң ҚР-ның құқықтық, саяси, әкімшіліктік  және жалпы мемлекеттік жүйені құрудың негізгі принциптері мен критерийлерін белгіледі.

Аталған ғылыми жобадагендерлік саясат пен гендерлік теңдік ұғымдарына толық түсінік берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан гендерлік саясат пен әртүрлі зерттеулер жайлы мағлұмат беріліп, статистика деректері келтіріліп оның қазақ менталитетіне қатысты ұқсастығы мен айырмашылықтары айқындалды.

 

 

 

 

 

   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. http://www.stat.gov.kz/
  2. https://ru.wikipedia.org/wiki/Гендер
  3. http://islam.kz/kk/articles/iman-alippesi/kudikpen-kures/aiel-men-erkek-ten-be-76/#gsc.tab=0
  4. http://mediaovd.kz/kz/?p=9518

 

 

 

 


Информация о работе Гендерлік саясат