Білім беру және қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2011 в 20:39, реферат

Описание работы

Әлеуметтану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Оның алуан түрлі категориялары бар. Бұған адам өмір сүретін қоғамға тән барлық қасиеттер кіреді. Атап айтсақ: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік мінез-құлық», т.б. Сонымен қатар әлеуметтану ғылымы екі үлкен категорияға аса үлкен назар аударады.

Содержание работы

I.Кіріспе .................................................................................................................. 3

II.Негізгі бөлім:

1)Әлеуметтану........................................................................................................ 4

2)Әлеуметтанудың негізгі категориялары....................... ................................... 6

3)Әлеуметтік іс-әрекет ...........................................................................................8

III.Қорытынды ......................................................................................................12

IV. Пайдаланылған әдебиеттер .......................................................................... 13

Файлы: 1 файл

Социология.doc

— 87.00 Кб (Скачать файл)

АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Жылуэнергетика  факультеті 
 
 
 

Әлеуметтік  пәндер кафедрасы 
 
 
 
 
 

Социология  пәні бойынша 

№2 – семестрлік жұмыс

Тақырыбы: «Білім беру және қоғам» 
 
 
 

                                                                                                                                          

                                                                

                                                               

                Орындаған: БАУк-09-4

                тобының студенті Абдикаримұлы Ш.

                                                                     Қабылдаған:доцент Орынбекова Д.С. 
 
 
 
 
 
 
 

       Алматы 2011

Мазмұны 
 

I.Кіріспе .................................................................................................................. 3

II.Негізгі бөлім:

1)Әлеуметтану........................................................................................................ 4

2)Әлеуметтанудың  негізгі категориялары....................... ................................... 6

3)Әлеуметтік іс-әрекет ...........................................................................................8

III.Қорытынды ......................................................................................................12

IV. Пайдаланылған әдебиеттер .......................................................................... 13 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      КІРІСПЕ 

      Әлеуметтану ғылымдардың ішінде біршама жас  ғылым болып саналады. Оның негізгі  қызметі – әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету  себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

      Әлеуметтану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Оның алуан түрлі категориялары бар. Бұған адам өмір сүретін қоғамға тән барлық қасиеттер кіреді. Атап айтсақ: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік мінез-құлық», т.б. Сонымен қатар әлеуметтану ғылымы екі үлкен категорияға аса үлкен назар аударады. Ол – қоғам және тұлға. Себебі әр саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Тұлғаның әр әлеуметтік іс-әрекеті социологиялық проблемалар мен құбылыстарды дұрыс түсініп, оларды шеше алатын жағдайға жетуге және жалпы әлеуметтік білімін жетілдіруге негіз бола алады және қоғамның дамуына да үлесін қосады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      НЕГІЗГІ БӨЛІМ

      Әлеуметтану

      Әлеуметтану (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе — адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.Ежелгі Үндістанда әлеуметгік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялык. мифтерінде біршама карастырылған. Мәселен, джайнизмнік этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мси тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) дегсн «нәпсіні тый» деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі.Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтсрі ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселссіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын. Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің мемлекет адамдарынын ортақ келісімінің нәтижесінде пайда болды деген пікірге қарсы болады. Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралатын болған, содан еңбек бөлінісі пайда болады. Қоғамдық еңбектің бөлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар. Адамдар арасындағы касталық қатынасты жақтайды. Адамдар, Платонның пікірінше, табиғатынан тең емес. Жаратылысынан адамның бірі аристократ, екіншісі шаруа, үшіншісі құл болып туылады және өмір бойы солай өтеді. Халық соны мойындауы керек. Бірақ олар тату өмір сүруі тиіс, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе — Жер-Ана деп көрсетеді. Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грециянын саяси тәжірибесін қортындылай келе, адам - әлеуметтік жаратылыс деген Қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың туа біткен «бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштық қасиетінен пайда болады деп көрсетеді. Оның пікірінше, коғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бөлінеді: құл иеленуіпілер және кұлдар. Бұл да Платонның идеясын колдайды, яғни адамдар жаратылысынан тең емес деп түсінеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты өмірін қамтамасыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Бәріне ортақ мақсат - өздері құрған қоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады.

      Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияиың негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.,Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі — қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі - әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзіндс ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызметететініне Конт кәміл сенді.ХІХ ғасырдың ағылшын ғалым-философы Г.Спенсер социологияның қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір жол инженері) Г. Спенсер, Дарвиинің эвюлюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эиолюция теориясын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат коғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындайды.

      Әлеуметтанудың негізгі категориялары

      Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара  іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,« әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б. Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық.

      «Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі  (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан және  қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс- қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары  бір – бірінен өзгеше қоғамдық  үдірістерге қатынасынан көрінеді.

      «Әлеуметтік қауымдастық» социологияның негізгі  категорияларының бірі. Әлеуметтік қауымдастық – инвалидтер мен кез келген адамдар топтарының жай ғана қосындысы емес, керісінше ол тұрақты және тұтас әлеуметтік түзілім, оның субъектілері ортақ мүддесімен біріккен және өзара бір-бірімен әрекетке түседі. 

      «Әлеуметтік әрекет» категориясы да маңызды. Ол қоғамдық құбылыстың және нақты  әлеуметтік микроортаның сипатын, қоғамдық субъектінің қажетіне, мүддесіне, мақсаттарына сай етіп әлеуметтік ақиқатты қайта құрудағы нақты қызметтен туындайды. Әлеуметтік әрекеттің субъективтік мәнін алсақ, ол басқа адамдардың мәнез-құлықтарына сәйкес болатын әрекет. Әлеуметтік әрекет әрдайым адамның өмір сүруі мен қайта құру қызметінің ерекше элементі, қршаған ортаны өзгертудің тәсілі әлеуметтік белсенділіктің көрінісі болады. Бұлардың құрамына: мақсат, құралдар, нәтиже және қызмет процесі енді.

      Әлеуметтік  институттар – бұлар адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Отбасы институты, білім беру институты, мемлекет, денсаулық сақтау т.б. институттар туралы айтады. Әлеуметтік институттар белгілі бір әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру үшін бейімделген. Институттар – бұлар тұрақты құрылымды, әлеуметтік мәнді қызметі бар ұйымдасқан әлеуметтік жүйе болып табылады.    

      Әлеуметтануда өз категорияларымен қатар басқа ғылымдардан енген категориялар да қолданылады. Мысалы философиядан әлеуметтануға «қоғам, адам, құқық, индивид, прогресс, даму», т.б. категориялар ауысты, ал театр өнерінен «рөл», заң ғылымынан – «статус» ұғымдары енген. Бұндай ұғымдарды әлеуметтану аясында қолдану ол ұғымдарды жаңа мазмұнмен байыта түседі.

      Егер  әлеуметтану категориялары объектінің мәнді жақтарын, белгілерін, қасиеттерін анықтайтын болса, әлеуметтанудың заңдары солардан туындайтын тұрақты қарым-қатынастар мен байланыстарды ашып көрсетеді.

      Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға  басты назар аударады. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде  олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр. Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады. 
 
 
 
 
 

      Әлеуметтік  іс-әрекет

      Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Марк Вебер әрбір адам өзінің іс-әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Олар осыларды өмірде қолданады. Одан әрі саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Вебер осындай іс-әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мындай әлеуметтік іс-қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы - мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целенаправленное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады.

        Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты. Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі: а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір-біріне сәйкестігі көзделеді. ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді. б) аффективтік, бұл адамның эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия). в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.

Информация о работе Білім беру және қоғам