Қорғасын және оның адам денсаулығына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2016 в 21:09, реферат

Описание работы

Елбасымыз Отанымыздың ғылыми – техникалық дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Олар нанотехнология, биотехнология, ғарыштық технология, көмірсутек және кен металлургиясы өнеркәсіптеріне арналған технология. Болашақта біз осы бағыттардың барлығын терең меңгеріп, өз еліміздің экономикасының дамуына үлес қосуымыз қажет. Біз өзге елдердің мамандарымен тең дәрежеде сол технологияларды меңгеруге тиіспіз. Осындай жоғары дәрежеге жетсек, біз елімізді, өз өмірімізді,болашағымызды жақсартпақпыз. Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор.

Файлы: 1 файл

Ғылыми жоба1.docx

— 107.33 Кб (Скачать файл)

     Жұмыс тақырыбы:

Қорғасын және оның адам денсаулығына әсері

   Кіріспе

     Елбасымыз Отанымыздың ғылыми – техникалық дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Олар нанотехнология, биотехнология, ғарыштық технология, көмірсутек және кен металлургиясы өнеркәсіптеріне арналған технология. Болашақта біз осы бағыттардың барлығын терең меңгеріп, өз еліміздің экономикасының дамуына үлес қосуымыз қажет. Біз өзге елдердің  мамандарымен тең дәрежеде сол технологияларды меңгеруге тиіспіз. Осындай жоғары дәрежеге жетсек, біз елімізді, өз өмірімізді,болашағымызды жақсартпақпыз. Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді.  Адамның денсаулығы үшін қажетті жағдайлар- таза ауа,су, топырақ.

       Қазіргі  кезде адам табиғаттың тепе  – теңдігін бұзғаны үшін өзінің  денсаулығына зиян келтіргенін  сезеді. Тыныс жолы және ас қорыту мүшелері арқылы ағзаға түсетін улы заттар ластанған ауада және суда болады . Ластанған  топырақ және су тамақ арқылы ағзаны улап, немесе ауыл шаруашылығында пайданалуға да жарамсыз болып қалады.Үнемі қаладағы үлкен қорғасын төбені көрген  кезде мына жердегі адамдардың денсаулығы қалай екен деп ойланатынбыз. Қорғасынның адам денсаулығына қаншалықты әсерінің бар екендігін біле отырып өз ауылымыздың тазалығы қандай дәрежеде екендігін анықтау мақстаныда осы жұмысты орындадық. Қорғасын зауытына барған кезімізде, мұндай дәрежеде екенін көріп, бұл күйге қалай жетті деп, ойға баттық. Зауыттың қалдығы ауамен араласып бізгеде келетіні сөзсіз.Ол жерден ағып өтіп жатқан Бадам өзенінің тағдыры не болмақ? Барлық ағысында балық кездесетін ерекше өзеніміздің балығы азайып , суының деңгейі түсіп кетіпті. Ауылымызға үнемі Бадам өзенінің балғы әкелінеді. Оның құрамында «А» дәруменнің орнында қорғасынның тұрғандығы белгілі болып отыр. Оқушылардың тәртібі, білімі, жаткештігі, көруі, естуі, ойлау қабілеті т.б барлығы денсаулықпен байланысты. «Бірінші байлық- ден саулық» дегені жайдан-жәй айтылған емес.

 

 

 

 

 

                                        Пікір

   Қазақстан Республикасының айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқығын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, эканомикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған. Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы.Орта қалыпты болмаса адам ден саулығының бұзылуна әкеліп соғады.

Оқушылардың ғылыми жобасы жан-жақты терең теорияға негізделіп жазылған.Эксперименттік бөлімінде автокөлік жүретін жол бойындағы және жолдан қашықтықтағы топырақ үлгілерінің құрамындағы қорғасынды анықтаған.Оқушының еңбегі ғылыми тұрғыда жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тақырыптың өзектілігі:                                

Еліміздің басты байлығы ол – адам.

Әр адамның бірінші байлығы- денсаулы-

ғы қошаған ортаның , ауаның,ауыз судың , топырақтың тазалығына және құрамына байланысты. Сондықтан да ауылымыздың тұрғында-

ры пайдаланып отырған  топырақ құрамын

зерттеу, ең өзекті мәселе болып табылады,

Зерттеу проблемасы

Қоршаған ортамыздың ауыр металдармен , оның ішінде қорғасынмен ластану көздерін анықтап,   оларды жою жолдарын іздестіру

 Зерттеу мақсаты

Шұбарсу ауылының тұрғындарының ден саулығына назар аудара отырып, егіс егіп отырған топырақ құрамын анықтау, қорғасынмен қаншалықты ластанғанын білу, ол мөлшердің денсаулыққа әсерін анықтау болып табылады.

Жумыстың міндеттері

1. Қоршаған ортамыздың ауыр металдар мен ластану көздерін анықтап, олардың мөлшерін есептеу. 

2. Топырақтың құрамындағы қорғасын металының мөлшерін анықтау үшін тәжірибе жасау.

3. Қорғасынның адам ағзасына әсерін анықтау

 

 

 

 

 

 

 

  Мазмұны

І Кіріспе

    1. Қоршаған орта және денсаулық

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

2.2  Қорғасынның негізгі  қасиеттері

2.3 Қорғасынның адам денсаулығына  әсері

2.4 Қоршаған ортаның қорғасынмен улануының негізгі көздері

2.5 Зерртеу жұмысы. Топырақтың құрамындағы қорғасынды анықтау.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

          Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

   Әр түрлі  зиянды заттармен атмосфералық ауаның ластануы тыныс алу жолдарының ауруларын туғызады. Өкпенің пәле ауруын тудыратын канцерогендік заттардың ауада кобеюі ерекше  қауіпті. Түсті металлургия зауыттарының ауаға шығаратын улы заттары адам ағзасында қантамырлар аурулары, жүйке жүйесінің бұзылуы, мүшелерде қатерлі ісіктердің пайда болуына себепші болады.  Шымкент қаласының ауасының ауыр металдармен ластануы  қаланың және оның маңындағы ауыл адамдарында  неше түрлі созылмалы қауіпті аурулар тудырады. Жыл сайын Қазақстанда тұрғындардың әр түрлі ауруларының саны өсіп келе жатқаны байқалады.  Металдар және басқа микроэлементтер қоршаған ортадан тағам өнімдеріне жиі түседі. Олар тек тағаммен ғана емес демалатын ауамен, ас суымен түсуі мүмкін. Бірнеше ауыр металдар (сынап, кадмий, қорғасын) ерекше улы болып саналады. Металдардың тағамдық өнімдерінде кездесу мөлшері 2-3 есе жоғары фондық, ал ШРЕК дан жоғары – жарамсыз. ФАО және ДДСҰ бірлескен комиссиялары тағам өнімдерінің халықаралық саудасының азық-түлік кодексі бойынша бақылауда өнім құрамындағы 8 (сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк, мыс, стронций, мырыш, темір) металдың болуын енгізеді.Бұлардан басқа қажетті жеті химиялық элемент: сүрме, никель, хром, аллюминий, фтор, йод бақылауға айналған.

    Қайта есепке  алынған тағам өнімдеріндегі  металдардың көп мөлшерде болуы  халық денсаулығы үшін қауіпті  болуы мүмкін. Дәл осылай Жапонияда  халық ағзасының созылмалы кадмиймен уланудың жағдайы көрсетілген (жергілікті күріштің құрамындағы кадмий  600-1000мкг/кг жеткенде «итай-итай» немесе «ох-ох» ауырулары пайда болады) Осы елдерде судағы сынаптың мөлшері 80 нен 660 мкг/л жоғарлағанда Миномат шығанағынан ауланған балықтардан халықтардың жаппай улануы байқалған.

     Аймақтағы  белгілі бір элементтердің жеткіліксіздігі  немесе көп болуы адамның денсаулығының  бұзылуына  негізгі себепші болады.

Қорғасынның негізгі қасиеттері

   Қорғасын  адамзаттың ең алғаш қолданған ауыр металдарының бірі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІІ мыңжылдықтырынан бері қолданылып келеді.Ең алдымен Римдіктер қорғасыннан су өткізетін құбыр жасапты.Содан кейін шарап құйып сақтап қоятын ыдыстар жасап, шарап сақтап қойыпты.Қорғасын ыдыста сақталған шарапты олар жоғары бағалапты. Өйткені қорғасын зиянды зат бөліп, шараптың дәмін өзгертіпті. Бұл дәмнің қаншалықты ден саулыққа зиян екенін римдіктер ол кезде білмепті.Қорғасынның атауы «Өте лас» деген мағына береді.

Химиялық қасиеттері:Табиғатта қорғасын таза күйінде сирек кездеседі.Ол жұмсақ, майысқақ және икемделгіш метал.Азот қышқылында тез ериді.Оның барлық қоспалары қатты улы болады.

Пайдалануы:Қорғасынды электр желілерін, аккумляторлар,оқ-дәрі өндірісінде кеңінен қолданылып келеді. Қорғасын гамма сәулелерін жақсы сіңіреді.Сондықтан оны радиоактив заттармен және рентген сәулелері мен жұмыс істегенде қолданып келеді.Ренткенге түсіретін адамдардың алжапқыштары мен қолқаптары өте ауыр болады.Өйткені ол қорғасын қосылған жіптен жасалады. Қорғасын адамды рентгеннің өткір сәулесінен қорғайды. Кейбір еріген  қосылыстары  медицинада қолданылады.Қалай айтсақта қорғасын, бағалы, дүниежүзілік саудада сұранысқа ие метал.

Қорғасынның адам денсаулығына әсері

      Қорғасын-бұл ауыр метал,улы,улылығы 1-3 грам,адам өміріне қауіпті мөлшері 10 грам. Ағзаға қорғасын қосылыстары  асқорыту жүйесі ,тыныс алу жүйесі, тері арқылы түседі.  Қорғасынмен уланған кезде миға зақым келеді (энцефалопатия), эритроциттердің бұзылуынан қанның тыныс алу қызметі, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады. Оқушылардың шаштарының құрамындағы қорғасын мен кадмийдің деңгейі олардың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі  анықталған.Англияда 40 мың мектеп оқушысының қанының  құрамындағы қорғасынды тексеріп,орташа 2,5 микрограм/децилитр болыпты Мамандар мұның өзі улы әсер ететінін дәлелдеп отыр. «Қорғасын жоғары жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, баланың мінез-құлқын өзгертіп  жібереді»-дейді мамандар. Балалардағы төмен салмақ, аласа бой, есту кемістігі сияқты аурулар қорғасынмен уланудан болады. Қанда қорғасынның шектен тыс көбеюі ақыл кемістігіне әкеліп соғады.Қорғасын қосылыстары ересек  адамдарда қан қысымының жоғарылауы, жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйректің  қызметінің бұзылуына зиянды әсер етеді. Сонымен қатар қорғасының адамның репродуктиві  қызметіне әсері осыдан 100 жыл бұрын  белгілі болған. Жүктіліктің 12-14 апталарында қорғасын қосылыстары жиналып, соның салдарынан түсік, тастау, іштей өлі туылуы, жаңа туылған сәбидің жүйкесінің зақымдануы ,кемтар баланың дүниеге келуі байқалады. Қорғасын  ағзаға түскеннен кейін бірнеше минут өткен соң қан жасушасына қосылып, эритроцитке жабысады, өйкені эритроцитте плазмаға қарағанда 16 есе көп мөлшерде қорғасын сақталады.Сүйек құрамындағы кальций жетіспеушілігне шалдықтырып, тіс құрамын бұзады. Ерлер организімінде қорғасының спрематогенезге зиянды әсер зор. Мысалы оған хромосомдық  аберрациялар, сперматозидтар санының азаюы, олардың пішіні мен қызметінің бұзылуы дәлел болды. Ағылшындар қазіргі кездегі тәрбиелеуі қиын балалардың, үлгерімі төмен балардың біразының қан құрамын зерттеп, қорғасын қосылыстарының көп мөлшерде екендігін анықтап,олардың осындай болуына бірден-бір себеп осы удың әсері деп ұйғарды.Біздің ауылымызда ден саулығы жақсы, мүлдем ауырмайтын, бірақ сабаққа мүлдем үлгермейтін балалар  бар. Мұның себеп салдары сол ауыр металдармен улану екеніне дәрігенрлердің көзі  енді ғана жетіп отыр.

    Шымкент қаласындағы қорғасын зауытынан 8 шақырым жердегі мектептің жоғары сыныпта оқитын 108 баласының қанына лабораториялық талдау жасаған кезде, олардың 53қанының қорғасын мөлшері жоғары ±2,1 мг/дл, 47%-ы 0,2 мг/дл болыпты.Бұл  жерден 55 баланың созылмалы ауруларға шалдыққаны көрініп отыр. Улы заттардың адам  ағзасына әсері оның әсер етуші мерзіміне байланысты. Мысалы, улы заттар аз уақыт әсер етсе адамның басы айналып, лоқсып, ауызы қурап, жөтеледі. Егер улы заттардың әсері көп уақытқа созылса, онда адам есінен танып, қатты уланып, өліп кетуі де мүмкін. Бұндай жағдай ірі қалаларда болатын түтін немесе өндіріс орындарында авария кезінде ауаға улы заттардың бөлінуінен болады.

      Адам ағзасының  улы заттарға реакциясы оның  жасына, жынысына, денсаулығына байланысты. Улы заттар жас балаларға, қарт  адамдар мен  ауру адамдарға  көп әсер етеді. Улы заттардың  әсері ұзақ уақытқа созылса, онда  ағза қатты уланады да, адамның  мінезқұлқы өзгеріп, нейропсихологиялық  өзгерістерге ұшырайды: тез шаршау, жиі есінеу, ұйқы қашу,тәбеттің  нашарлауы, зейіннің төмендеуі , ұмытшақтық, көңіл – күйдің ауытқуы, т.б

Қоршаған ортаның қорғасын мен улануының негізгі көздері

1)Автокөлік жанармайындағы қорғасынды қосылыс ;

2)Консерві құтыларын жасауға  қолданылатын қорғасынды қосылыс;

3) Құрамында қорғасыны  бар бояулар

4)Керамикалық глазурлер

5)Қорғасын қосылысынан жасалған су құбырлары;

6 )Қорғасын -балқыту,аккумлятор зауыттарының қалдықтары

      Жол-транспорт  кешені ауаға, суға, топыраққа қосылатын  зиянды сұйық, газ түріндегі және  қатты қалдықтардың негізгі көзі. Адамзат соңғы жылдарда атмосфераны  және топырақты зиянды қалдықтармен ластайтын негізгі көзінің автокөлік екеніне көз жеткізді. Соңғы мәліметтерге қарағанда жер бетінде 800млн автокөлік бар. Олардан бөлініп шығатын улы газдар, ауыр металдардың қалдықары, жылу , дауыс т.б. зиянды заттар қоршаған ортаға және адам денсаулығына шексіз зиян келтіруде.

Автокөліктерден шығатын зянды қалдықтардың құрамы(%)

   Көміртек қосылыстары  28 %

   Қорғасын                         24,5 %

   Хлор                                 8,6 %

   Азот                                  12,7 %        

   Сутек                                5,8 %

   Бром                                 4,0 %

   Сілтілік металдар            2,6 %

   Темір                                 0,9 %

                                                                Барлығы 87,1 %

   Мамандардың есептеуі бойынша ТМД- елдерінде автокөліктерден бір жылда 400 млн тонна қалдық шығарылса, оның

- 2,7 млн т көміртек (ІІ)оксидтері

- 2,5 млн т көмірсутектер

- 9 млн т азот оксидтері

- 200 – 230 млн  көмірқышқыл газы.

    Автокөлік қалдықтарының ішінде ең қауіптілерінің бірі қорғасын. Жанармайдың октан санын және детонацияға тұрақтылығын арттыру үшін оған тетраэтилқорғасын қосылады. Сол этилденген бензин жанған кезінде қорғасын оксиді РbO шаң түрінде атмосфераға шығарылады.

  Этилденген бензиннің 1т жанғанда 0,5 -  0,85 кг  қорғасын  оксиді шығарылады. Қорғасын оксиді  адам ағзасына өсімдік және  жануартекті тағам өнімдері арқылы  түседі. Қорғасын және оның қосылыстары  улы заттардың

тізіміне қосылады. Қорғасын адамның жүйке  жүйесіне әсер етіп, оның есте сақтау қабілетін бұзады. Құлақтың естуі нашарлап, жүрек ауыруларына шалдықтырады. Жол жағалауында өсетін өсімдіктерде қорғасынның мөлшері көп болады. Қалыпты жағдайда 1кг өсімдіктегі қорғасының  мөлшері 10мг аспауы керек.   Транспорт құралындағы іштен жану двигательдерінде, органикалық отынды жағу салдарынан, қоршаған ортаға көмір қышқыл газы мен зиянды заттардың – қорғасынның, күйенің күкірт пен азот оксидтерінің, этилен, бензол, этан, метан – көп мөлшері бөлініп шығады. Әсіресе, барлық, транспорт түрлерінің ішінде, автомобиль  транспорттарының зиянды қалдықтары 70% құрайды және ол антропогенді әсерлер есібінен атмосфераны ластаушы заттар мөлшерінің 40%-на дейін жетеді.Қазіргі уақытта атмосфераның ластануының негізгі көзі автокөлік болып табылады. Атмосфераны ластайтын кең тараған улы заттар: СО; SO2; NOX ;CnHm және шаң.  Ауаны ең көп ластайтын автокөлік. Барлық ластаушы заттардың ішінде автокөлік Қазақстанның ірі қалаларының ауасын 60-80%  ластайды, ал Алматы қаласының ауасын 90% ластайды.

     Аталған ластаушы заттардан басқа ауаға бөлінетін күшті улы  заттар: фтор, хлор, қорғасын, сынап қосылыстары, бензапирен, т.б бүгінгі күні 500-ден астам атмасфераны ластаушы зиянды заттар белгілі. Олардың саны жыл сайын өсіп отыр. Тетраэтилқорғасын (ТЭҚ)- жанармайға қосылатын негізгі антидетонатор. Оның қолданылуы 1923 жылы басталып, казіргі күнге дейін жалғасуда. Бұдан басқа Европа елдерінде темірдің карбонилі қолданылған. Дегенмен автокөліктің қозғалтқыштарының тез тозатындығынан оған тыйым салынған. АҚШ-та детонацияға қарсы қосылыс ретінде трикарбонил метилциклопентадиенил  марганец қолданылған. Алайда оның қымбат болуы оны жаппай қолдануға мүмкіндік бермей отыр.Орта есеппен бір автокөлік жылына ауаға 2,5-3 кг қорғасын бөліп шығарады.Бұл ауаға, өсімдікке, үй төбелеріне, топыраққа түседі,жер беті және жер асты суларына түседі. Автокөліктердің ауадағы оттекті ең көп жұмсайтыны анықталған. Мысалға бір адам тәулігіне 20кг, жылына 7,5т ауа жұмсайтын болса, автомобил 1л бензинді жағу үшін 250л оттек жұмсайды екен.

Информация о работе Қорғасын және оның адам денсаулығына әсері