Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2016 в 21:09, реферат
Елбасымыз Отанымыздың ғылыми – техникалық дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Олар нанотехнология, биотехнология, ғарыштық технология, көмірсутек және кен металлургиясы өнеркәсіптеріне арналған технология. Болашақта біз осы бағыттардың барлығын терең меңгеріп, өз еліміздің экономикасының дамуына үлес қосуымыз қажет. Біз өзге елдердің мамандарымен тең дәрежеде сол технологияларды меңгеруге тиіспіз. Осындай жоғары дәрежеге жетсек, біз елімізді, өз өмірімізді,болашағымызды жақсартпақпыз. Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор.
Қорғасын қосылыстарының көп бөлігі ағзаға азық – түлік арқылы түседі. Біздің ауылымыздың ауасының қорғасын мен улануының негізгісі автокөлік түтіні және ауылымыздың оңтүстік-шығысында 25 шақырымдай арақашықтықта орналасқан Шымкент қорғасын зауыты , көмір жаққандағы бөлінетін ауыр металдар т.б. Біздің Шымкентімізде үлкен жара бар. Ол 1934 жылдың 20 қаңтарында құрылған қорғасын зауыты.Осы жылы бақандай 80 жыл толып отыр.Біздің өңірге келген адамдардың көрмегені жоқшығар, сонау үлкен тау төбе болып тұрған зауыттан шығарылған қалдық (шлак) төбені. Бұл жердегі тұрғындардың тағдыры не болмақ. Зауыт қазір тоқтап тұр. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында бұл жерде жылына 150 мың тонна қорғасын өндіріліпті. Ол кезде ауаға жылына 97 тонна қорғасын шығарылыпты. Бадам өзенінің суы қорғасын мен мырыш пен толықтай ластанған. Анау қалдықтың олай тұруы, қанғап жатқан құрылыс жабдықтары, зауыт аумағы қаламыздың 14 шақырым шаршы жерін қалпына келместей жағдайға жеткізген. Дәл осы зауыттың тұрбасынан түтін шығыды деген үмітіміз жоқ. Тек қана зардабына шыдай бермей аман есен құтылуымызды ойлаймыз. Шлактың құрамында керекті металдың барлық түрлері кездеседі. Зауыт жабылғанымен ол жердің экологиясы тұрғындар ден саулығына қатты зиянды болып отыр. Зауыттан 800 шақырым жердегі үй тұрғыны «Біз қорғасынды жұтып отырмыз, ал сендер қорғасынмен тыныс аласыңдар» деді.
Ақпараттық деректерде 2011 жылы көктем және күз айларында қорғасын зауынтының төңірегіндегі 500 метр, 1000 м.1500м.8000м,10000 метр арақашықтағы жерлердің топырақ құрамын зерттеп мынадай қорытынды шығарылыпты:
Шымкент қаласы |
Таңдалған жер |
металдар |
КМШ |
көктем |
күз |
Жоғарылау көрсеткіші Q/КМШ | |
мг/кг |
Q, мг/кг |
Q, мг/кг |
КөктемQ, мг/кг |
Күз, Q, мг/кг | |||
500 м |
Кадмий |
2,1 |
4,3 |
9,8 |
2,0 |
4,6 | |
қорғасын |
32,0 |
263,8 |
503,2 |
8,3 |
15,7 | ||
мыс |
60 |
20,3 |
19,5 |
– |
– | ||
Хром |
6,0 |
18,7 |
17,8 |
3,1 |
3,0 | ||
мырыш |
70 |
87,6 |
123,5 |
1,25 |
1,8 | ||
1000 м |
Кадмий |
2,1 |
4,2 |
8,8 |
2,0 |
4,1 | |
қорғасын |
32,0 |
382,5 |
506,5 |
12,0 |
16,0 | ||
мыс |
60 |
19,6 |
15,6 |
– |
– | ||
Хром |
6,0 |
17,3 |
10,4 |
3,0 |
1,7 | ||
мырыш |
70 |
79,4 |
125,6 |
1,1 |
1,8 | ||
1500 м |
Кадмий |
2,1 |
3,0 |
4,1 |
1,5 |
1,9 | |
қорғасын |
32,0 |
22,3 |
216,9 |
– |
6,7 | ||
мыс |
60 |
4,0 |
3,6 |
– |
– | ||
Хром |
6,0 |
4,5 |
13,4 |
– |
– | ||
мырыш |
70 |
26,3 |
97,4 |
– |
1,4 | ||
8000 м |
Кадмий |
2,1 |
2,0 |
3,2 |
– |
1,5 | |
қорғасын |
32,0 |
227,8 |
155,2 |
7,1 |
4,8 | ||
мыс |
60 |
7,7 |
2,8 |
– |
– | ||
Хром |
6,0 |
4,1 |
10,8 |
– |
1,8 | ||
мырыш |
70 |
44,5 |
46,2 |
– |
– | ||
10000 м |
Кадмий |
2,1 |
1,7 |
2,4 |
– |
1,1 | |
қорғасын |
32,0 |
83,7 |
118,1 |
2,6 |
3,7 | ||
мыс |
60 |
2,4 |
3,3 |
– |
– | ||
Хром |
6,0 |
3,1 |
9,5 |
– |
1,6 | ||
мырыш |
60,3 |
86,7 |
– |
1,2 |
Түсідірме: Q-концентрация мг/кг, КМШ-концентрация мөлшерінің шегі
Зерттеу жұмысы. Шұбарсу ауылының топырақ құрамындағы қорғасын мөлшерін анықтау.
Қазіргі кезде топырақтың ауыр металдармен ластануы адам денсаулығына үлкен зиян келтіруде. Соның ішінде автомобил бензиніне қосылатын қорғасын металы аса қауіпті.Сондықтан, осы жұмыста Шұбарсу ауылының топырағының химиялық құрамы анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмысының барысында Pb 2+ иондарына сандық және сапалық талдау жасалып, мөлшерлері анықталады және экологиялық проблемаларға назар аударылады.
Дүниедегі бар тіршілік топырақтан басталды десек, қателеспейміз, оған өмірдегі өзгерістер мен тіршіліктің өзі – ақ дәлел. Осы кең байтақ жеріміздегі
топырақ және топырақ жамылғысын қалай пайдаланамыз, оның экологиясы қоршаған ортаның жағдайы қандай, онымен кімдер айналысады деген сұрақтар жиі алдан шығады.
Бүгінде
топырақты ғылыми негізде
жүйелі түрде дұрыс
Қорғасынды колориметрлік анықтау әдісі.
Бұл әдіс заттардың құрамындағы өте аз мөлшердегі элементтерді анықтау үшін қолданылады. Осы әдісті алғашқы болып 1795 жылы орыс ғалымы В.М.Севергин минералды сулардың құрамындағы темірді анықтау үшін қолданады.
Қажетті реактивтер мен құрал-
Зерттеуге дайындық.
Зерттеу барысы.
Бюретканың көмегімен колориметрдің цилиндрлерінің біреуіне алдын ала дайындалған стандартты ерітіндіні құйып, оны дистилденген су қосып, 100мл дейгейіне жеткіземіз. Колриметрдің екінші цилиндріне зерттелетін топырақтың ерітіндісінен 100мл құямыз. Екі цилиндргеде тамшылатып тең мөлшерде (NH4)2S ерітіндісін құямыз. Қоспаны шыны таяқшаның көмегімен араластырып тұру керек. Қос цилиндрді де колориметрдің жарық түсетін экранының алдына қойып, түсінің өзгеруін бақылаймыз. Қорғасын тұздары PbNO3 күкіртті аммониймен қоңыр түсті коллоид ерітінді түзеді. Екі цилиндрдегі ерітіндінің түсі бірдей болғанша шүмек арқылы ерітіндіні құйып аламыз. Сондағы құйып алған ерітіндіміздің көлемі бойынша ерітіндідегі қорғасынды анықтауға болады.
Нәтижелердің қорытындысы.
Зерттеу кезінде колориметрдің бірінші цилиндріне 2мл стандартты ерітінді құйылды. 100мл ерітіндідегі қорғасының мөлшері:
2*0,04 = 0,08 мг Pb
№ 1 үлгідегі зерттелетін ерітіндінің түсін қалыпты жағдайға келтіру үшін 80мл ерітінді жұмсалды. Онда:
Бұдан: х= 0,08*80/100=0,064мг Pb
Бұл №1 үлгідегі зерттелген топырақ ерітіндісінің 100мл-дегі қорғасынынң мөлшері. Демек оның 1литрінде 0,064*10=0,64мг Pb бар.
№ 2 үлгідегі зерттелетін ерітіндінің түсін қалыпты жағдайға келтіру үшін 40мл ерітінді жұмсалды. Онда:
Бұдан: х= 0,08*40/100=0,032 мг Pb
Бұл №2 үлгідегі зерттелген топырақ ерітіндісінің 100мл-дегі қорғасынынң мөлшері. Демек оның 1литрінде 0,032*10=0,32мг Pb бар.
№ 3 үлгідегі зерттелетін ерітіндінің түсін қалыпты жағдайға келтіру үшін 90мл ерітінді жұмсалды. Онда:
Бұдан: х= 0,08*90/100=0,072 мг Pb
Бұл №2 үлгідегі зерттелген топырақ ерітіндісінің 100мл-дегі қорғасынынның мөлшері. Демек оның 1литрінде 0,072*10=0,72мг Pb бар.
100г топырақ үлгісіндегі қорғасының мөлшері (мг)
Сынама № |
Топырақ сынамасының алынған жері |
Қорғасының мөлшері (мг) |
1 |
Үлкен трасса бойы |
0,64 |
2 |
Шұбарсу ауылы |
0,32 |
3 |
Жанармай бекет(Шұбарсу) |
0,72 |
Альтернативті ұсыныстар.
1. Жанармайға мүмкіндігінше қорғасын қосылыстарын қосуды азайту.
2. Жанармайдың балама түрлерін (биожанармай, этил, метил спирттері) қолдану.
3. Негізгі автокөлік көп жүретін күре жолдарды елді мекендердің ішінен өткізбеу керек.
4. Автокөліктердің түтін шығатын жерлеріне қорғасынды ұстап қалатын сүзгі қондырғысын орналату.
5. Жанармай бекеттерін елді мекендердің ішіне салуға тыйым салу.
6. Қорғасын зауытының қалдығынан өлкемізді тазарту керек.
7. Ескі автокөліктердің жүруін шектеу керек, көп мөлшерде айып пұл төлету;
8.Жол жағалауларына ағаш отырғызу
9. «Қара төбені» топырақпен бүркеп тастау керек
Қорытынды
Келтірілген дәлелдер химиялық өндірістердің көптеген экологиялық проблемалар тудырып отырғанын көрсетеді. Алайда ол өркениеттің дамуының ажырамас бөлігі болғаны үшін біз одан бас тарта алмаймыз. Сондықтан химияны экологияландыру – бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз.осы жұмысымызды жүргізу барысында көптеген білмейтін нәрселерімізге көз жеткіздік. Қорғасынның ағзаға әсері өте үлкен. Ауамызда, топырағымызда, ауыз суларымызда, жейтін Бадам өзенінен әкелінген балықтарымызда қорғасынсыз емес екен.Біздің ауылымыздың тұрғынарының көбі жеміс-жидекті егіп. Көк-өністі өздері егіп алады. Топырақ құрамын жақсарту мақстанында жоңышқа, жүгері мен кезектестіріп егіп жүргендерде бар. Шұбарсу жағажай болған кезінде, топырағы құнарлы болыпты. Көрші орыс әжеміз «Алдын бұл жерге дән тастасаң болды, өсеберетін еді, қазір олай емес» дейді.Топыраққа әсер еткен зат, адам денсаулығына да қатты әсер етеді.
Сонымен, Шұбарсу өңірінің топырағының ауыр металдармен ластануы оның адам денсаулығына әсерін зерттеуімізді қорытындылайтын болсақ, яғни жанармай бекеттерінің және үлкен трасса (Батыс Қытай- батыс Еуропа жолы) жолының топырақтарында қорғасының мөлшері қалыпты жағдайдан 2-2,5 есе жоғары екеніні анықталды. Ал автокөлік аз жүретін және күре жолдан алыста орналасқан Шұбарсу өңірінің топырағында қорғасының мөлшері қалыпты жағдайға жақын болып шықты.Орта есеппен бір автокөлік жылына 2,5-3 кг қорғасын бөліп шығарады. Сондықтан қорғасын үлкен трассалардың бойында көп шоғырланған. МАИ қызметкерлерінен алған мәліметіміз бойынша ауылымызда жеңіл және жүк көліктерінің жалпы саны 2700 көлікті құрайды. Орта есеппен әрбір көлік жылына 2,7 кг қорғасын бөліп шығарады десек онда жылына ол 7290 кг болады.
Қазіргі кезде топырақтың
ауыр металдармен ластануы
ОҚМУ қалдықтың құрамындағы улы заттарды сыртқа шығармау үшін, топыраққа аздаған тыңайтқыш араластырып, қажетті өсімдіктің 114 түрін сорттаған. Нәтижесінде соның ішінен 14 өсімдіктің ұрығын топырақпен араластырып, оны домалақ пішіндес етіп зертхана ауласындағы шағын қалдықтың бетіне төсеп көріпті. Домалақтанған топырақты үйіндінің бетіне тастағанда қар мен жаңбырға еріп, сумен зиянды қалдыққа сіңеді. Күн жылынғанда топырақтан шөптер шығып, қалдықтың бетінде кілемше секілді төселіп тұрады екен. Алайда, бұл жұмыс тек домалақтанған топырақтағы шөптер өскенде ғана нәтижесін бермек. Өсімдіктер тек қана осындай қалдықтарға арналған. Басқа қалдықтарға басқа өсімдіктер дайындалады. Қорғасын қалдығының ішінде пайдалы және сирек кездесетін элементтер көп, оларды кезегімен өңдеп алуға да болады. Сондықтан келешек ұрпақ қажетіне жарату үшін, мамандар қалдықты осындай жолмен сақтауды ұсынып отыр.Қорғасын қалдығының ішінде пайдалы және сирек кездесетін элементтер көп, оларды кезегімен өңдеп алуға да болады. Сондықтан келешек ұрпақ қажетіне жарату үшін, мамандар қалдықты осындай жолмен сақтауды ұсынып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Хайкина Н.Жаңарған , Жасаған Оңтүстік. Алматы – 2012. «АСА» баспа үйі
2.Дауренбекова А.Н. Қазақстан
өнеркәсібінің индустриялық
3.Методы диагностики экологически зависимых отклонений в нервно-психическом развитии детей: пособие для врачей / И.Н. Ильченко, С.М. Ляпунов, С.В. Матвеева и др. – М., 2004. – 52 бет.
4.Намазбаева З.И., Мукашева М.А., Пудов А.М. и коллектив авторов. Определение содержания тяжелых металлов в объектах окружающей среды и биоматериалов на атомно-абсорбционном спектрометре МГА-915. – Астана, 2007.
5. Подходы к организации массовой биологической профилактики вредного влияния химического загрязнения среды обитания на здоровье детского населения и к оценке ее эффективности (опыт Свердловской области): пособие для врачей. – Екатеринбург, 2005. – 44 бет
6.Реброва О.Ю. Статистический анализ медицинских данных. – 4-е изд. – М.: Медиа Сфера, 2006. – 312 бет.
7. Охрана природы. Почвы. Методы отбора и подготовки проб для химического, бактериологического, гельмитопогического анализ.Станадартинформ, 2008.
8. Ливанов П. А., Соболев М. Б., Ревич Б. А. Свинцовая опасность и здоро-
вье населения. // Рос. Сем. Врач. 1999, № 2
9. Корбанова А. И., Сорокина Н. С., Молодкина Н. Н. и соавт. Свинец и его
действие на организм. // Мед. труда и пром. экология. 2001, № 5
10. Изомеров И. Ф. К проблеме воздействия свинца на организм человека. //
Мед. труда и пром. экология. 1998, № 2
11. Дархан Мыңбай «Оңтүстік қазақстан ауыл анықтамалығы» Алматы-2004
Қорғасын зауытының қалдығы. Көлемі 2 млн 414 мың 850 тонна
Информация о работе Қорғасын және оның адам денсаулығына әсері