Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 15:38, реферат

Описание работы

Бала дүние есігін шыр етіп ашқан күннен бастап – ақ, жаңа ортаға келіп қосылады. Сол ортадан ол да тиесілі еншісін алады. Ол оның – отбасы. Баланы үлкен ортаға, қоғамға бейімдеп даярлайтын да отбасы.

Файлы: 1 файл

sadvakasova-dina-otbasy-tarbiyesindye-bala.doc

— 53.50 Кб (Скачать файл)

                     Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін  

                                      ескере отырып  тәрбиелеу.

      Бала  дүние есігін шыр етіп ашқан күннен бастап – ақ, жаңа ортаға келіп қосылады. Сол ортадан ол да тиесілі еншісін алады. Ол оның – отбасы. Баланы үлкен ортаға, қоғамға бейімдеп даярлайтын да отбасы.

      Баланың жан – дүниесі айнадай тап  – таза мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарау қажет. Себебі, әр баланың өзіндік психологиялық жеке ерекшеліктері бар. Ата – ана балаға жақсы тәрбие беру үшін, баласының мінез – құлқындағы әр мінез бітістерін байқап білуге қабілеті болуы керек. Педагогтар секілді кез – келген ата – анаға педагогикалық такт қажет. Барлық ата – ана отбасында «Мен балама дұрыс тәрбие бермей жатырмын» - деп, еш ойламайды. Себебі, әр ата – ана, әр отбасы қабілет-қарымына қарай тәрбие береді. Ал баланың жан дүниесі- өте нәзік. Балаға ойланбастан айтылған сөздің өзі оны күйзеліске әкеп соқтырары анық. Отбасындағы бала тәрбиесі түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп, дамып отырса тәрбиенің құндылығы арта түседі.

      Бала  дүниеге келген күннен бастап психо – физиологиялық дағдарыс кезеңдерінен өтеді. «Үш жас дағдарысы» кезенінде - баланың таным сферасының ұлғайып, өзіндік  мінез бітістерімен яғни ашулану, жылау, еркелік, өз дегенің іске асыруға талпыну және ересектерге өз дегенің іске асыру әрекеттері байқалады. Бұл кезеңде ата-ана тарапынан балаға қамқорлық, көңіл бөлу, балаға қарсылық тудырмай ақылмен түсіндіру, баланың көңілін аулау мақсатында балаға неғұрлым қызықты жағдайлар туғызу қажет. Мәселен, түрлі-түсті бояулары қанық жануарлар, өсімдіктер жайлы суреттер мен кітапшалар көрсету, мультфильмдер ұсыну, жиі серуенге шығару, өзге балалармен ойнату және баламен бір уақыт «бала» болып ойнау балаға аса жағымды әсер сыйлайды.

       Балаға ең ауыр, қиын кезеңдердің бірі баланың мектеп табалдырығын аттаған «Жеті жас дағдарысы» кезеңі де. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімделуге қолдау танытамыз. Бала осы кезеңде мектеп өміріне және әлеуметтік – психологиялық қатынастарға бейімделе түседі. Алайда баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бейімделмейді. Міне осы жерде мынадай сұрақ туындайды: Мүмкін бастауыш сыныптың алғашқы кезеңінде балаларды мектепке дайындауда, әлеуметтік микроортада қандай факторлар позитивті роль атқарады? Ең жағымды фактордың қатарына өз жағдайында өзін – өзі бағалауы жоғары, жанұясында тәрбие әдісі дұрыс жолға қойылған отбасында конфликтілік жағдайлардың болмайтың, құрбы – құрдастарының арасында жағымды белгілі орны бар блалар жанұясы жатады.

      Жанұя жағдайына  бала тәрбиесін, баланың өзіндік жеке тұлға ретінде дамуына кері ықпалын тигізетін жағымсыз факторлар. Тәрбие  әдісінің дұрыс жолға қойылмауы , үлкендермен қарым – қатынастың болмауы, ата – ананың өзіндік қабілеттерінің төмендігі, құрбы – құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеуі, толық емес жанұядан шығуы, отбасындағы үнемі конфликтілік жағдайлардың орын алуы және көптеген кері әсерлер байқалған балалар жанұясы. Ата-ана баланың жас ерекшелігін ескермей талап қоюы, балаға физиологиялық жағынан кері ықпалын тигізеді. Мүмкін, күнделікті өмірде кездесетін тұрмыс қажеттіліктері, яғни мектеп жасына немесе кіші мектеп жасындағы балаларға ауыр жұмыстарды тапсыру, тапсырылған жұмысты түсіндіріп, оған шектен асып жаза қолданаты ата-аналарда аз емес і Ал балаға тәртіп ерекшеліктерін түсіндіріп, тәрбиелемей шектен тыс кетіп жататын ата – аналарда аз емес. Бала өз әрекетін әрқашан мойындай алады. Ол үшін жаза қолдану балаға психологиялық жағынан көп әсер етеді. Баланың жасы ұлғайған сайын, баланың ішкі жан дүниесі күйзеліске  ұшрайды.

     Кіші  мектеп оқушысы орта буынға өткен  шағы, яғни «5- сыныпқа бейімделу» кезеңі. Бұл кезеңде балада дағдарыс кезеңі байқалады. 5- сыныпта жаңа таныс емес пәндер еніп, оқу жүктемесі көбееді, күнделікті жоспары ауысады, кейбір оқушыларда физиологиялық өзгерістер де байқалып жатады. Бұл кезеңде психологиялық жағынан – агрессия, сенімсіздік, өз ортасын мойындамау, өшпенділік, қарым – қатынаста енжарлық таныту, эмоционалды қызбалық, мазасыздану, беймазалық, жалған сөйлеу, ұшқалақтық байқалады. Жеткіншектік кезеңнен – жасөсіпірімдік кезеңге өткен шақта әр бала тұлғалық дамуында өздігінше ерекшеленіп отырады. Бірі өтпелі кезеңді ұзақ уақыт бойы өткерсе, бірі белгілі бір уақыт арасында көзге түседі. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезең ата-ананың баласымен «досыңдай»  болып қарым-қатынас қажет ететін кезеңі. Себебі, ата-анасы баласымен сенімді қатынас жасай отыра, баласын толық танып біле алады. Бала бойындағы мінез-құлық қиындықтары пайда болуының себептерінің бірі- оның тәрбиеленіп отырған ортасына, отбасының әлеуметтік тұрмысына, жеке тұлғалық дамуында психологиялық бірізді жүйенің болмауынан да туындалып жатады.

     Абай  Құнанбайұлының он тоғызыншы қара сөзінде «Адам- атадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағды, сондайдан білгені,  көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» делінген. Ата- бабаларымыз тәрбие тал бесіктен деген. Олай болса бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл кеңес айтушысы болған жағдайда ғана  баланы танып біле алады.

                                                                               

                                                           Д.Г Садвакасова,

                                                      Т.Аманов атындағы №16 орта мектебінің                                     педагог- психологы,

Семей қаласы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                Т.Аманов атындағы № 16 жалпы

                орта  білім беретін мектептің

                педагог-психологы

                Садвакасова Дина Ғизатқызына

                әдістемелік бірлестіктегі жұмысына

                                                    ПІКІР

     Садвакасова Дина Ғизатқызы 2007-2008 оқу жылынан бастап қалалық мектеп психологтары бірлестігінің «Релакс» тобының белсенді мүшесі болып жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында өзін педагог-психолог маманадығын жақсы меңгергеріп, тәжірибе алмасып, өзін  маман ретінде көрсете білді. Өзіне жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқара отыра өз ісінде әрдайым белсенділік танытты.

     Мынадай іс-шараларды өткізуге белсене қатысты: 2007 жылы желтоқсан айында «Қиын оқушылардың педагогикалық-психологиялық аспектілері» тақырыбында семинар- тренинг өткізуге өз үлесін қосты. 2009 жылдың қараша айында « Қоғамдағы өзекті мәселе суицид» тақырыбында мұғлімдермен семинар-тренинг өткізді. 2010 жылы « Шылым мен шарап жас өмірді улаушы» атты салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы қалалық семинарға белсене қатысып, семинар барысында топтың мүшелері арасында белсене қатысқан мүшелерінің бірі болды. 2010 жылы қазан айында « Ата-аналармен жетіншектер психологиясы» тақырыбында қалалық-семинар өткізіліп, семинар барысында тренингтер жүргізіп, «А.Маслау бойынша жеткіншектер иерархиясы» жаттығуын ата-аналармен жүргізіп белсенділік танытты.

2010 жылы  қараша айында «Бала біздің болашағымыз» тақырыбында өткен семинарға аса белсенділікпен қатысты. Қалалық өзге де әдістемелік бірлестіктер ұйымдастырған семинарларына жоғары дәрежеде қатысып, іс-тәжірибе жинақтап жүрген маман. Қалалық әдістемелік семинарларына үздіксіз қынасып, «Релакс» тобындағы белсенді мүшелерінің бірі. Садвакасова Дина Ғизатқызының жұмысын жоғары бағалап, 2-ші санатқа өткізуге лайықты деп санаймын. 

№38 мектеп лицей педагог- психологы                                М.С Шакиртова

                Т.Аманов атындағы № 16 жалпы                                                                        орта білім беретін мектептің                                                                         педагог-психологы

                Садвакасова Дина Ғизатқызына                                                                     Мектептегі психолгиялық қызметіне 

ПІКІР

     Садвакасова Дина Ғизатқызы 2007-2008 оқу жылынан  бастап педагог-психолог қызметін атқарады. Осы уақыт аралығында өзін педагог-психолог мамандығын меңгере алған маман ретінде. Мектепшілік және мектептен тыс жүктелген тапсырмаларды қызығушылықпен, жауапкершілікпен  атқарады.

     Дина  Ғизатқызы мектептегі психологиялық  қызметтің барлық бағыттарын қолдана  отырып, оқушылармен, ата-аналармен  алдын-алу ағартушылық, диагностикалық жұмыстар, кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырып байланыс жасайды. Түрлі қоғамдағы өзекті мәселелер  барысында мектебімізде мамандармен, нарколог-дәрігер, психо-терапевтермен өткен дөңгелек стол, отырыстарға қатысты, түрлі тақырыптарда баяндамалар дайындады.

     2010 жылы «Адамның жүйке жүйесіне  кері әсер ететін факторлар» тақырыбында арнайы  мамандармен дөңгелек стол өткізіліп, «Суицид» тақырыбында баяндама дайындады.

     Сынып және мектепшілік ата-аналар жиналысында  жасерекшелік бейімделу кезеңдері  тақырыптарында баяндамалар дайындап, қатысты.  «Жастық-ізденістің бастауы» тақырыбында жас мамандармен  өткізілген семинар-тренингке белсене қатысты. «Мен идеалмын» тақырыбында  мұғалімдермен тренинг өткізіліп, тренинг барысында түрлі жаттығулар жүргізілді.  
 

     Мектеп  директорының

     ғылыми-әдістемелік  істер жөніндегі                      Г.А. Кунафина 
 

                Т.Аманов атындағы № 16 жалпы                                                                        орта білім беретін мектептің                                                                         педагог-психологы

                Садвакасова Дина Ғизатқызының

                жұмыстарының                                                                    

                                                      Есебі

     Садвакасова Дина Ғизатқызы 2007-2008 оқу жылынан  бастап педагог-психолог қызметіндегі атқарылған жұмыстарын көрсетті. Психологиялық қызметтің бағыттарына сүйене отырып, алдын-алу ағартушылық, диагностикалық және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізді.

     2007 жылғы сынып жетекшілерімен жүргізілген  «Қиын оқушылардың психологиялық-педагогикалық  аспектілері», 2009 жылы «Қоғамдағы өзекті мәселе суицид», 2010 жылы жас мамандармен жүргізілген «Жастық- ізденістің бастауы» атты тақырыптарда семинар-тренингтер өкізілді.

     Жасерекшелік  психологиясы негізінде ата-аналар жиналыстарында тыңдалған «3-4 жастағы  балалардың жасерекшелік психологиясы және дамуы», «6-7 жастағы балалардың жасерекшелік психологиясыжәне мектепке бейімделуі», «5-сынып оқушыларының орта буынғабейімделуі және мінез-құлқындағы кейбір өзгерістер» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

     Ағартушшылық  жұмыстары МАБ-қа дайындық алдын-алумақсатында4-сыныптарға өткізілген «Сенімділік күш сыйласың»  
 
 

Информация о работе Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу